СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Биология пәні бойынша "Судың маңызы"атты шығармашылық жұмыс

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биология пәні бойынша "Судың маңызы"атты шығармашылық жұмысымды табыстаймын.

Просмотр содержимого документа
«Биология пәні бойынша "Судың маңызы"атты шығармашылық жұмыс»

«Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Сосновка негізгі мектебі» ММ

















Реферат





Тақырыбы: Судың өмірдегі маңызы















Орындаған: Есмаганбетова Ж.К.





















2016-2017 жыл

Су- тіршілік нәрі.Адам суссыз өмір сүре алмайды.Ғалымдардың айтуынша,адам организімінде 86пайыз судан тұрады екен.Егер организмде судың мөлшері азайса,онда адам әртүрлі ауруға шалдығады.Статистикаға жүгінетін болсақ,әлемдегі барлық аурулардың 85 пайызы сумен байланысты көрінеді.Ал жыл сайын 25млн адам сумен таралатын аурулардың салдарынан көз жұмады екен.

Бүгінгі таңда халықтың ішіп отырған суының сапасы әртүрлі.Бір жерде су тұзды,екінші жерде суда хлордың мөлшері көп,енді бір жерде су құбырларының ескіруіне байланысты су лас болып келеді.Сондықтан да мекемелер қызметкерлері үшін сүзгіден өткізіліп,тазартылған суды күнделікті сатып алып,отырады.Алайда сол сүзгіден өткізілген судың пайдасы мен зияны жайлы бәріміз біле бермейміз.

Мамандардың айтуына қарағанда,табиғи ішімдік суының құрамында адам ағзасына қажетті түрлі микроэлементтер мен минералдар болады.

Адам организі бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалтады.Сондықтан адам күніне сонша су ішіп отыруы қажет.Жалпы,организмдегі су құрамының тепе-теңдігін сақтау үшін адам дене салмағына қарай бір киллограмға 30-40 грамм су ішу керек.

Таңертең бір стақан су ішуді әдетке айналдырған жөн.Зиянды микроорганизмдер болмауы үшін суды қайнатып ішкен абзал.Қайнаған судың құрамында кальций,магний,сияқты элементтер –ағзаға ерекше пайдалы.Қайнатылған қатты су жүрек – қан тамыр ауруларының алдын алуда пайдалы.

Тұзды су зиян.Тұзды су ағзаны сусыздандырады және қан қысымының көтерілуіне ықпал етеді. Сондай-ақ таңертең ерте тұрғанда мұздатқыштағы суық суды да ішуге болмайды.Таңертең аш қарынға суық суды ішу ішектің, асқазанның жұмысын тежеп,ауру пайда болуына ықтимал.Ең дұрысы,таңертең тұрғанда үй температурасымен бірдей қайнаған су ішкен жөн.

Су- біршама инертті биологиялық еріткіш сұйықтық,одан көптеген органикалық және бейорганикалық заттар ериді,бірақ олардың ерігіштіктері әртүрлі.Судың ортасының өззіндік оттегі режимі де бар.

Жалпы суссыз тіршілік жоқ,ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар.Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады,ал суссыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес.Адамның сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің 4/5-і судан тұрады.Жер бетінің тек 1/3-ін құрлық,ал 2/3-ін су алып жатыр.Мұхиттар мен теңіздерді,өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да,топырақта да су бар.Мұздақтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады.Су атмосферада да аз емес,онда бұлт ,тұман,бу және жаңбыр мен қар түрінде кезігеді.

1

Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жылдар бойы судың қасиетін зерттеген екен. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқы жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа,  бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген. Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілдері көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп біздің бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Ендеше, ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.
Судың біз біле бермейтін жиырмадан астам өзге де қасиеттері бар:
1. Иммунитет жүйесінің негізін салатын жілік майының түрлі ауруларға қарсылығын күшейтеді. 
2. Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші.
3. Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.
4. Эритроциттың жұмыс өнімділігін артырады.
5. Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды. 
6. Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді.
7. Буын қуыстарын негізгі майлаушы зат болып табылады.
8. Омыртқа дискілеріндегі шокты су көпшіктеріне айналдырады.
9. Ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.
10. Дене температурасын реттейді.
11. Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі. 
12. Жүрек ауруы мен сал болу (параллич) ауруынан сақтайды. 
13. Мидан бөлінетін гормонардың жасалуы үшін қажет.
14. Су адам зейінін ашады.
15. Жұмыс өнімділігін арттырады.
16. Ешқандай жанама әсері жоқ.
17. Стресс пен депрессияны басады.
18. Ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды кеті-реді, теріні жұмсартады.
19. Көздерге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді.
20. Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді.
21. Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады.
22.Етеккірден бұрын келетін сырқат пен дене қызуын басады.
23.Қанды сұйылтып, қатты заттардың шөгуіне кедергі жасайды.
2

Ал, әлемдегі ең таза су – зәмзәм суы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2004 жылғы мәліметі бойынша, бұл су әлемдегі ішуге пайдалы ең таза су. АҚШ- та жасалған тест нәтижесінде жер бетінде құрамында микроорганизмдер мен бактериялар кездеспейтін бірден-бір таза су – осы зәмзәм екендігі ғылыми негізде дәлелденіп отыр. АҚШ-та әртүрлі сусындар мен жемістерді елге әкелуге тиым салынғанымен, зәмзәм суына тиым салынбайды. Зәмзәм суының басқа суларға қарағанда құрамында күкірті аз, құнарлы, минералы көп. Тойыну үшін ішкен адамның қарны тояды, шөлдеген адам ішсе, шөлі қанады. Қала суынан айырмашылығы – құрамында кальций мен магний тұздары мөлшерінің көптігі. Шаршаған адам зәмзәм суын бетіне жақса, ол қатты рахаттанады. Тағы бір ерекшелігі, зәмзәм суының құрамын да түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұратын фтор бар. Өмірде судың дәмін бұзатын биологиялық құбылыстар зәмзәм суына ешқандай әсер етпейді. Бұл да ғылыми тұрғыда дәлелденген. 
Еліміздің де әр өңірінде тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір және т.б.) әр түрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-санаторийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар, әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды ем үшін пайдалануда.

Енді жалпы міне біздің табиғатымыздағы су айналымына тоқтала кететін болсақ ол күннің жылуынан мұхиттар мен теңіздердің бетіндегі су буланып,бу түрінде жоғары көтеріледі.Ал жер бетінен биіктікте,жоғарыда суық болады.Температура ұдайы төмен болатындықтан,тау басындағы қар ерімейді.Жоғары биіктікке көтерілгенде су буы салқындап,қоюлануынан бұлт пайда болады.Оны жел құрлықтың үстіне айдап алып барады.Бұлттағы су тамшылары бір-бірімен қосылып,ауырлайтыны соншалық,өзінің салмағымен төмен қарай құлап,жауын-шашын түрінде жауады. Тағы бір түрі жерасты сулары болып табылады.Құрлық бетіне түскен сулардың біразы жерге сіңіп,жерасты суын құрайды.Судың тереңге сіңуі тау жыныстарының қасиетіне байланысты.Құм,малта тас және қиыршық тас ірі түйіршіктен тұратындықтан,суды жақсы өткізеді.Олар су өткізгіш қабат құрайды.Гранит және құмтас сияқты қатты тау жыныстарынан да су өтпейді.

Жер бетіне түскен жауын-шашын суы ең алдымен топыраққа сіңеді.Одан әрі су өткізгіш қабаттары бойлап,тереңге қарай жылжи береді.Су өткізбейтін қабатқа жеткенде су іркіліп сулы қабат құрайды.Ал, жерасты суы су өткізбейтін қабаттың еңіс жағына қарай қозғалады.Кейде қыраттың беткейінде,сайдың түбінде сулы қабат ашылады.Міне,осылайща қысқаша жерасты суларына да тоқтала кеткен едік.Сонда жерастына да су керек екенін байқадық.Су үйлер мен көшелерді таза ұстау,мал суару,егін егу,металл қорыту,қағаз және басқа заттар өндіру үшін де қажет.

3

Пайдалану мөлшерінің осыншама тез өсуіне байланысты адам баласы қазірдің өзінде судан тапшылық көріп отыр.

Біздің елімізде суқоймаларын қорғау туралы арнаулы заң қабылданды.Ол заң бойынша барлық сарқынды су өзендер мен көлдер жіберілер алдында міндетті түрде зиянды қоспалардан тазарту керек.

Адам баласы суды қорғаумен бірге ауыз су қорын молайтудың басқа да жолдарын іздестіруде.Бірқатар елдерде теңіз суын тұщытатын қуатты қондырғылар жұмыс істейді.Біздің мұндай қондырғы тұңғыш рет Каспий теңізі жағалауындағы Ақтау қаласында яғни Маңғыстау облысының орталығы іске қосылды.Бұл жерде теңіз суын тұщытатуға атом электр станциясының энергиясы пайдаланылды.Суқоймаларды таза сақтау және суды ысыраптауға жол бермеу-барша жұрттың ісі.

Жалпы су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады.Қорта айтқанда, су - өмірдің нәрі, ол - өмірдің өзі, сондықтан да оны аялау, оны көзіміздің қарашығындай сақтау – бәріміздің табиғат алдындағы азаматтық борышымыз. Табиғат тепе-теңдігі табиғаттың міндетті заңдылығы, оны оқып-үйрену, танып білу әрбір адамның жоғары саналы, экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға екендігінің белгісі болып қалыптасады.

Енді қысқаша химиялық және физикалық жобасы жағынан қарайтын болсақ,Судың бір адамға қажет мөлшері дегеніміз - адамның суға физиологиялық сұранысын толық қамтамасыз ететін және гигиеналық, шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік мақсатқа қажет су мөлшері.

Судың сапасының үлкен гигиеналық маңызы бар. Судың сапасы оның органолептикалық қасиетімен, химиялық құрамымен, эпидемиологиялық және радиациялық қауіпсіздігімен анықталады.

4

Судың органолептикалық қасиеті мөлдірлігімен, дәмімен және иісімен сипатталады.

Судың химиялық (минералдық) құрамы 85%-ға дейін кальций, магний, натрий катиондарынан, гидрокарбонат, хлорид, сульфат аниондарынан тұрады. Қалған бөлігі аммоний, калий, нитрат, нитрит, фосфат аниондарынан және микроэлементтерден ( фтор, йод, цинк және т.б.) тұрады.

Химиялық құрамы бойынша табиғи сулар арасында айырмашылықтар болады. Минералды тұздардың көп концентрациясы суға жағымсыз дәм береді, ас қазан – ішек жолдарының қызметіне теріс әсер етеді, ол суларды тұрмыста және өндірісте қолдану мүмкін емес. Кейбір тұздар адамның ағзасына улы әсер етуі де мүмкін.Ішуге қолданылатын су ашық су көздеріне өндірістік мекемелердің тазартылмаған қалдық сулары жіберілсе судың құрамында химиялық заттардың: сынап, мышьяк, қорғасын, хромның улы концентрациясы пайда болады.

Су көптеген жұқпалы ауру қоздырғыштарының көбеюіне және таралуына жақсы орта болып саналады. Адамдар арасында жұқпалы аурулар туындамас үшін, оларды сапалы судың жеткілікті мөлшерімен үздіксіз қамтамасыз ету керек. Ол туралы кейінірек айтылады.Елдімекендерді сумен қамту екі түрлі жолмен іске асады: орталықтандылырған және орталықтандырылмаған немесе оны жергілікті сумен қамту деп те атайды.Орталықтандырылған сумен қамту кезінде құбыр арқылы су бүкіл елді мекенге немесе бір бөлігіне беріледі.

Кейбір елді мекендерде, көбіне ауылды жерлерде, сумен қамту тікелей су көзінен алынады (құдық, бұлақ). Мұндай сумен қамту түрін – орталықтандырылмаған немесе жергілікті сумен қамту деп атайды. Қолданылатын судың мөлшері суды алудың оңайлылығына және елді мекеннің көркейтілуіне байланысты. Көркейтілуі жоғары болған сайын, суды қолдану мөлшері де артады.

Елдімекенге орталықтандырылған су көзін жобалаған кезде сол елге қажет судың мөлшерін анықтайды. Осы мақсатта белгіленген сумен қамту нормативтері қолданылады.Жаңадан жобаланып жатқан су құбыры елдімекен сұранысын қанағаттандыру үшін, белгіленген нормативке сай оның қуаттылығын және елдімекендегі адам санын анықтау керек.

Суару үшін кететін су мөлшері бөлек саналып, содан кейін жалпы барлығы қосылып, ол елдімекенге қанша су мөлшері қажет екені анықталады.

Орталықтандырылмаған сумен қамту кезінде бір адамға қажет судың мөлшері 30-50 л / тәулігіне, ал орталықтандырылған, ыстық суы бар сумен қамту кезінде бір адамға 250-300 л / тәулігіне деп есептеледі.Алдын ала санитарлық қадағалау кезінде санитарлық мекеме қолданылған нормативтің дұрыстығын және қажет су мөлшерінің дұрыс есептелгенін қадағалайды.

5

Орталықтандырылған су құбырын орнату тек елдімекеннің санитарлық жағдайын ғана жақсартып қоймады, ол ішек жұқпалы ауруларын азайтуда да маңызды шаралардың бірі болып табылады. 
«Орталықтандырылған сумен қамту кезіндегі судың сапасына қойылатын талаптар» сай ауыз су ретінде қолданылатын су эпидемиологиялық және радиауионды жағынан қауіпсіз, химиялық құрамы жағынан зиянды емес және органолептикалық қасиеті жақсы болу керек.Ауыз су ретінде қолданылатын судың сапасының стандартта көрсетілген нормативтерге сай екенін суға химиялық - бактериологиялық зерттеу жүргізіп анықтайды.

Судың мөлдірлігі судың құрамындағы қалқып жүрген заттарға байланысты. Ауыз су ретінде қолданылатын судың мөлдірлігі 30 см тереңдікте судың астына қойылған белгілі шрифтпен жазылған жазу көрінетіндей болу керек. 
Судың түсіне ашық және терең емес жер асты суларынан алынған судың құрамында топырақтан жуылған гуминді заттардың болуы, су гүлденген кезде және ашық су көздері қалдық сулармен ластану әсерінен болуы мүмкін. Судың түсі нормада 20˚ -дан көп болмауы керек. 
Судың дәмі мен иісі судың құрамындағы өсімдік тектес органикалық заттардың болуына байланысты, олар суға батпақтың, шөптердің иісіндей иіс береді. Сонымен қатар судың иісіне және дәміне судың өндірістік қалдықтармен ластануы да әсер етеді. Ал жер асты суларының иісі мен дәміне көп мөлшерде еріген минералды тұздар мен газдар да әсер етеді, мысалы хлоридтер мен күкіртсутектер. Олар су тазалау стансасында тазалаудан өткеннен кейін иісі мен дәмі кетеді.

Суды зерттеу кезінде иісінің қарқындылығын және сипатын анықтайды. Ол балмен анықталады. 0 балл - иісі жоқ, 1 балл - өте әлсіз иіс, 2 балл - әлсіз иіс, 3 балл- анықталатын, 4 балл – айқын иіс, 5 балл - өте қатты білінетін иіс. Ауыз су ретінде қолданылатын судың иісі мен дәмінің қарқындылығы қазіргі кезде қолданылып жүрген нормативтерге сай 2 балдан көп болмауы керек.

Судың химиялық құрамы. Санитарлық норма мен ережеге сай су химиялық құрамы жағынан зиянсыз болу керек және табиғи судың құрамында кездесетін заттар, суға өңдеу процесінде қосылатын реагенттер, адамдардың іс әрекет нәтижесінде суды ластайтын заттардың мөлшері стандарттағы нормативтерге сай болу керек. 

Судың химиялық құрамына зерттеу жүргізген кезде оның табиғи химиялық құрамына және оны өңдегенде қолданылатын заттарды ескеру керек. Гигиеналық жағынан маңызы жоғары болып келесі көрсеткіштер саналады. 
Ауыз судың құрамына улы заттар су көзіне өндірістен шығарылған тазартылмаған қалдық суларды жіберген кезде пайда болады. Бұл кезде өндірістің технологиялық процесімен танысып, қосымша суға қандай зерттеулер жүргізу керектігін анықтау керек.

6

Ашық су көздеріне жаңбыр, қар суымен бірге топырақтан ауылшаруашылығында қолданылатын қоршаған орта әсеріне төзімді пестицидтер де түсуі мүмкін. Гигиенистердің зерттеулерінің нәтижесінде судың құрамындағы бірнеше жүз зиянды заттардың шектеулі рұқсат етілген концентрациясы анықталған.Егер ауыз судың құрамына жұқпалы ауру қоздырғыштары түссе, су эпидемиологиялық жағынан қауіпті болады. Су арқылы мынандай жұқпалы аурулар тарайды: іш сүзегі, тырысқақ, дизентерия.Ауру қоздырғыштары ашық су көзіне тұрмыстық қалдық су арқылы, өндірістік мекемелердің тазартылмаған қалдық сулары арқылы түседі. Ал адам ағзасына ол қоздырғыштар тазартылмаған өзен суын ішкенде, суды өңдеу технологиясы сақталмағанда түсуі мүмкін.

Суға байланысты эпидемиялар бірқатар ерекше белгілермен сипатталады:

- аурудың бірден көтерілуі,

- ластанған суды ұзақ уақыт пайдалану кезінде аурудың жоғары деңгейінің

сақталуы,

- ластану көзін жойғаннан кейін аурудың бірден төмендеуі,

-су көзінің әсер ету аймағының тұрғындары арасындағы бұрқ етпелердің

шектелуі,эпидемияның созылмалы ағымда өтуі аз ластанған суды тұрақты тұтыну кезінде болады. Құрамында инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар залалсыздандырылмаған нәжіс немесе ағынды сулардың су нысандарына түсіп, оны ластауы. 

  • сумен қамтамасыз ету көзінде санитарлық қорғау аймағының нашар ұйымдастырылуы; 

  • су құбырындағы судың нашар тазартылуы және залалсыздандырылуы; 

  • су құбырларының ескіруі себебінен судың екіншілік бактериалды ластануы; 

  • ашық су көздерінен алынатын суды өңдеусіз шаруашылық және ауыз су мақсатында пайдалану; 

Сонымен, қоздырғыштардың су арқылы берілу жолы инфекциялық аурулардың таралуында басты фактор болып табылады.


7

Жұқпалы ауру қоздырғыштары (вирустар және бактериялар) және гельминт жұмыртқалары ашық су көздеріне елдімекеннен шыққан тұрмыстық және өндірісітік қалдық сулардан, емдеу - сауықтыру ұйымдарынан тазартылмай түскен қалдық сулар, адамдар мен жануарлардың нәжістері арқылы түсуі мүмкін.

Жұқпалы ауру қоздырғыштары адам ағзасына тазартылмаған суды ішуге қолданғанда немесе суды тазалау технологиясы сақталмаған кезде түседі.

Жер асты суларының ластануы егер қоқыстарды тастайтын жер, дәретхана дұрыс орналастырылмағанда немесе суы ластанған құдықтың суын ішкенде болуы мүмкін.

Бруцеллездің де су жолы арқылы берілу мүмкіндігі бар.

Бұл аурулардың қоздырғыштары жергілікті су көзіне ірі қара мал, кеміргіштердің шығындылары арқылы түсуі мүмкін.

Қазіргі таңда сумен қамту жағдайының жақсаруына байланысты, су арқылы таралатын жұқпалы аурулар саны едәуір азайды, бірақ әлі күнге дейін жұқпалы аурудың су арқылы таралуының маңызы бар, сондықтан ішетін судың сапасына қатаң қадағалау жүргізілу керек. 
Мөлдірлендіру- суды майда қалқып жүрген заттардан тазалаудың ең негізгі әдісі болып табылады, ал мөлдірлендірудің негізгі операциясына тұндыру жатады.


Суды тұндыру. Тұндырғыштар сүзгіштердің жұмысын жеңілдетеді, судағы заттарды литріне 10-12 мг-ға дейін азайтады және суды мөлдірлендірудің бірінші сатысы болып табылады. Судың қозғалыс бағытына байланысты тұндырғыштардың үш түрін ажыратады: көлденең, тік, радиалды тұндырғыштар. 

Суды сүзу. Суды тазартудың екінші сатысына жатады. Сүзгіш материалы ретінде жиі қолданылатындар: кварц құмы, құм және қиыршық тас. Сүзу материалы ретінде қолданылатын затқа Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсаты болуы керек. Сүзгілердің жұмыс тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіш – сүзу жылдамдығы болып табылады. Сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде әр түрлі құрылымдағы сүзгі қолданылады. Сүзу жылдамдығына байланысты оларды: баяу сүзгілер (сағатына 0,1- 0,2 м), жылдам сүзгілер (сағатына 6-8 м) және өте жылдам ( сағатына 100 метр) деп бөлінеді. 

Тазартудың арнайы әдістері. Жоғарыда айтылған судың сапасын жақсартудың қарапайым әдістерімен қатар, ауыз судың сапасын стандарттарға жеткізетін арнайы әдістері қолданылады.Суды арнайы өңдеу әдісі дегеніміз- судың құрамындағы белгілі бір химиялық заттың мөлшерінің нормадан көп немесе нормадан аз болған жағдайда, оны нормаға дейін жеткізуін айтамыз. Оларға келесі әдістер жатады: суды жұмсарту, суды тұщыландыру, суды фторлау.

8

Адам қолданатын су эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз болу керек, яғни құрамында микроорганизмдер мүлдем болмауы керек, әсіресе патогенді микроорганизмдер, сондықтан ауыз су ретінде қолданылатын су тұтынуға жіберілер алдын міндетті түрде залалсыздандырылу керек.


Күміспен залалсыздандыру және суды консервациялау мақсатында қолдану бір жүз жылдыққа ғана белгілі емес, өйткені күміс иондары, тек қана бактериялардың ғана емес, сондай-ақ вирустардың да белсенділігін тежей отырып, кең спекторлы микробқа қарсы әсерге ие болады. Әсерінің механизмі күміс иондарының жасушаға еніп, оның ферменттік жүйесін тежеуде болып табылады.

Бірақ күміс спорацидті әсер көрсетпейді, ал оның вирулицидті белсенділігі тек жоғары концентрацияда (0,5-10 мг/л) байқалады. Сонымен қатар, күміс қымбат реагент болып саналады, ал оның ШРЕК-і суда 0,05 мг/л-ді құрайды. Залалсыздандырылған суды стандарт деңгейіне дейін жеткізу үлкен қиыншылықтар туғызады. Сондықтан, күмісті залалсыздандыру және суды консервациялау үшін қолдану кіші көлемдегі автономды сумен қамтамасыздау жүйесімен шектеледі.

Ішер суды залалсыздандырудың болашақтағы жолдарының бірі жоғары бактерицидті, вирулицидті, сонымен қатар паразитоцидті әсері бар йод препараттарын қолдану болып табылады. Хлордан айырмашылығы, йод жылдам әсер етеді және судың органолептикалық қасиеттерін нашарлатпайды. Оның микробқа қарсы әсері 0,3-2,0 мг/л мөлшерде 20-30 минут бойы көрінеді. Йод препараттары судың аз көлемін залалсыздандыру үшін қолданылады. Йодты мөлшерлеу күрделі аппаратураны қажет етпейді және дала жағадайында қолдануға болады. Ауыз суды залалсыздандырудың физикалық әдістеріне: ультракүлгін сәулелендіру, иондаушы сәулесі, ультрадыбыс, электрлік зарядтар, термиялық өңдеу жатады. Бұл әдістердің химиялық әдіспен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар: 


Сонымен бірге микробқа қарсы әсері толығымен өңделетін судың тазалық дәрежесіне (лайлылық, түстілік) мироорганизм түріне, олардың мөлшері мен сәулелену дозасына байланысты. Сондықтан суды ультракүлгін сәулеленумен залалсыздандыру белгілі бір жағдайларда ғана таңдап алынады. Олардың ішінде негізгісі - судың төмен лайлылығы және түстілігі.

Ультракүлгін сәулесімен сәулелендіру су ағысының үстінде сондай-ақ оның ағын қабатында шамдарды орналастыру арқылы жүргізіледі. Сондықтан сәуле түсіру көздерінің жүктелген және жүктелмеген түрлерін ажыратады.

Бірінші рет ультрадыбысты залалсыздандыру әсері 1928 жылы көрсетілген, оны суды өңдеу үшін, кешірек қолдана бастады. Бактерицидті әсер негізінен электрондық микроскоппен анықталған бактериялардың механикалық бұзылуымен түсіндіріледі.


10

Ультрадыбыс барлық микроорганизмдерді өлтіреді: патогенді және патогенді емес, вегетативті және споралы, анаэробты немесе аэробты, сондай - ақ оның тіршілік өнімдері де жойылады. Ол судың химиялық және органолептикалық көрсеткіштеріне мүлдем әсер етпейді, бірақ кемшіліктері де жоқ емес. Сонымен қатар, әдіс ультракүлгін сәулелендіруден 4 есе қымбат және үлкен өнімді ультрадыбыстық қондырғылар құрылысының өзі қиындықтар тудырады.

Ауыз суды залалсыздандырудың ең қарапайым және ең көне әдісіне термиялық өңдеу әдісі, қайнату жатады. Біраз минут қайнатқанда микроорганизмдердің вегетативті формалары өледі, ал олардың споралары белсенділігін жоғалтады. Ең негізгі фактор – ол бактериялар мен вирустардың өлуі қайтымсыз, осыдан олардың реактивациясы болмайды, ал ізінше залалсыздандыру тиімділігін бақылауға болады. Бұл әдістің сенімділігі - судың көрсеткіштеріне мүлдем тәуелсіз, бірақ ол энергияның көп жұмсалуын талап етеді, сондықтан бұл әдіс үй жағдайында, жеке нысандарда, сондай ақ эпидемиялық жағдайларда қолданылады.

Суды залалсыздандырудың физикалық әдістерінің қатарына оның сүзуін жатқызуға болады. Ол қарапайым, қолдануда үнемді және өңделетін судың физикалық - химиялық көрсеткіштерін нашарлатпайды. Суды физикалық тәсілмен залалсыздандыру үшін электр тогы қолданылады.

Суды залалсыздандырудың физикалық факторларының арасында электромагнитті өрістер мен лазерлік сәулеленуді қолдануды айтуға болады, бірақ бұл әдістер әлі тәжірибелік өңдеу сатысында болып отыр.

Көрсетілген бағыттардың бәрі әр түрлі химиялық немесе физикалық әдістердің қосылуы болып табылады. Осылай араласқан химиялық тәсілдердің қатарында хлор мен озонның, хлор мен сутегі пироксидінің, хлор мен күмістің, хлор мен мыстың, сутегі пироксиді мен озонның, күміс иондары мен мыстың қолданылу зерттелді.

Міне,енді жалпы судың адам баласы ,жан-жануарлар,өсімдіктер болсын немесе басқа да өмірге қажетті заттар болсын барлығына да судың қажеттілігі байқалады.














11