СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Cөз таптары туралы өткенді қайталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

3 сынып қазақ тілі пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы "Сөз таптары туралы өткенді қайталау"

Просмотр содержимого документа
«Cөз таптары туралы өткенді қайталау»

Алматы облысы Балқаш ауданы

«№1 Бақанас орта мектебі» мкм

бастауыш сынып мұғалімі

Нурекеева Альфия Канатовна


Пән мұғалімі

Нурекеева Альфия Канатовна

Сабақтың тақырыбы

Сөз таптары туралы өткенді қайталау

Сілтеме

Оқулық 3-сынып, қазақ тілі

Жалпы мақсаттар

Сөз таптары туралы берілген білімді кеңейту. Байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын дамыту. Оқушының өз ойының жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыланады.

Оқыту нәтижесі

Сөз таптары туралы түсініктері дамиды. Сөздерді мағынасына қарай сөз таптарына талдай алады. Сурет бойынша әңгіме құрап жазуға дағдыланады.

Түйінді идеялар

Байланыстырып сөйлеуі, сөздік қорлары, танымдық қабілеттері дамиды.

Тапсырмалар

1. Сұрақтар арқылы миға шабуыл. 2. Сөздікпен жұмыс. (№1 слайд) 3. Ойнайық та, ойлайық.Кесте толтыру.(№2слайд) 4. «Кім жылдам?» (№3 слайд) 5. Тест

Сыныптың психологиялық ахуалын көтеру:

2-де сабаққа келеміз Сабақтан қалмаймыз дегенбіз 4-пен 5-ке оқып біз Жарыста өзгені жеңеміз

Топқа бөлу. (Суреттер арқылы топқа бөлу. 4 мин.) Оқушылар доптың, алманың, жапырақтың, шардың суреттерін таңдау арқылы топқа бөлінеді.

  1. Сұрақтар қойып миға шабуыл жасау арқылы сөз таптары туралы білімдерін еске түсіру. (4мин.)

Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан-жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттың атын білдіретін сөздерді ... дейміз.

Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер ... деп аталады.

Заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер ... және ... арқылы беріледі.

Олай болса бүгінгі сабағымызда төрт топ төрт сөз табы болып сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз.

Әр топ өз сөз таптарына ереже құрып және соны дәлелдейтін мысалдар келтіруі керек.

2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс (8 мин. №1 слайд, кесте толтыру) Интерактивті тақтада сөздер жазылып тұрады. Әр топ өз сөз табына келетін сөздерді теріп жазып, кестені толтырады.

Жұлдыз, тау, ата, көк, екі, оқыды, үлкен, ақын, жуынды,жеті, отыз, адам, құс, жүзді, биік,жасыл

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

 

 

 

 













3-тапсырма. (8 мин. №2 слайд, кесте толтыру) Ойнайық та, ойлайық.Кесте толтыру Сөз табына байланысты сөздерді тіркеп жаз

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

оқушы

 

 

 

кітап

 

 

 

алма

 

 

 



4-тапсырма (8мин. №3 слайд) «Кім жылдам?» (№3 слайд) Берілген әріптерден әр топ өздеріне қатысты сөздер құрайды А, Е, К, Ш, і, Ү, С, Л, Б, Ж, Г, Р, О, Д, Ы, Ө, Қ, Ң, Р, И, П, Н, Т 1-топ. Зат есім 2-топ. Етістік

3-топ. Сын есім 3-топ. Сан есім

5-тапсырма.(8 мин.№4 слайд) Тест 1. Зат есімнің сұрақтары 4. Сан есімнің сұрағын тап

а) Кім? Не? а) Кім? Қандай?

ә) Қандай?Қай? ә) Қанша? Неше?

б) Қанша?Кім? б) Неше? Не істеді?

в) Не істеді? Не? в) Нешінші? Кім?

2. Сын есімді тап 5. Етістіктің сұрақтары

а) бор а) Қанша? Қалай?

ә) жеті ә) Кімдер? Не істеді?

б) алма б) Не істеді? Қайтті?

в) қызыл в) Не? Нелер?

3. Етістікті тап 6. Зат есімді тап

а) қызыл а) жеті

ә) ағаш ә) жазды

б) отырды б) биік

в) жапырақ в) оқушы

Үйге тапсырма: 50- бет. 5-жаттығу. Ребус құрау

Кері байланыс. Оқушылар не білгенін, не үйренгенін

стикерге жазып жабыстырады. (2 мин.) Қорытынды. Өз-өздерін бағалайды. Критерийлер арқылы бағаланады. (3 мин)