СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дәруменге толы жемістер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дәруменге толы жемістер тақырыбына технологиялық карта

Просмотр содержимого документа
«Дәруменге толы жемістер»

7 технологиялық карта

Топ: «Гномики» орта тобы

Күні: 15.11.2018

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу әс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: Дәруменге толы жемістер

Мақсаты: Сөздік қорларын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды айыра білуге жаттықтыру; сөз тіркестерін айту дағдысын қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Жаңа сөздерді үйрету, жемістердің түстерін ажыратып, дұрыс атай білуге жаттықтыру. Тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын көрнекілік құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, жемістер муляжы, тірек сөйлемдер, суретті сөйлемдер.

Билингвальді компонент: жемістер-фрукты, алмұрт-груша, өрік-урюк, шие-вишня, жүзім-виноград, шабдалы-персик.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қызығушылық

-Қайырлы күн, балалар! Қалдарың қалай?

Өткен сабақтарда үйренген сөздерді еске түсіру үшін балалармен допты лақтыру арқылы диалог жүргізеді:

-Сені бүгін бақшаға кім әкелді?


-Біз қазір қайда отырмыз?

-Топтың аты қандай?

-Ойыншықтарды қазақ тілінде ата?

-Өткен сабақта қандай ыдыс түрлерімен таныстық?

-Мынау қандай қасық?

Амандасады.

Педагогтың сұрақтарына жауап береді.




Мені(әкем,анам,атам,әжем) әкелді.

-Біз топта отырмыз.

-Топтың аты «Гномики».

-Қоян, ит, доп,мәшине.

-Қасық, шелек, шанышқы, тәрелке, шәйнек.

-Үлкен, кішкентай

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалардың назарын үстел үстіндегі жеміс толы себетке аударады. Не көріп тұрғандарын сұрайды.

-Жемістер. Жемістер күзде піседі.

Дыбыстық жаттығу өткізеді.

-Ө-ө-ө-өсті.

-І-і-і-пісті.

-Себетте қандай жемістер бар екен?

Жаңа сөздермен таныстырады.

Мынау-алмұрт. Ал-мұрт

Алмұрт қандай?

Мынау-өрік. Ө-рік.

Өрік қандай түсті?

Мынау-шие. Ши-е

Шие қандай түсті?

Мынау-жүзім.Жү-зім

Жүзім қандай түсті?

Мынау шабдалы. Шаб-да-лы.

Шабдалы қандай түсті?



Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық,

Қолымызды созайық.

Жапырақ болып дөңгелеп,

Жерге келіп қонайық.

1-2-3

Жапырақ болып ұш.

«Жалғастыр» дидактикалық ойыны арқылы сөздерді қайталатқызады.

-Ши.., - өрі.., - жү.., - ал..., шаб....,


Сабаққа зейін қойып, педагогтың сұрақтарына жауап береді.



Қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға жаттығады.



Жаңа сөздермен танысады.

-Алмұрт (үлкен,кішкентай)

-Сары алмұрт

-Өрік жеміс.

-Өрік-тоқсары.

-Шие-жеміс.

-Шие-қызыл.

-Жүзім-жеміс.

-Жүзім-көк.

-Шабдалы-жеміс.

-Шабдалы-тоқсары.


Өлең жолдарын педагогпен бірге қайталайды.





Шие,өрік,жүзім,алмұрт,

шабдалы жемістерін қайталайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Тақпақ рефлексия арқылы жеміс атауларын бекітеді.

Эту лампу можно скушать!

Ведь она АЛМҰРТ – ГРУША.

Абрикосик невелик:

Просто он УРЮК – ӨРІК.

Когда высушат-изюм.

Спелый ВИНОГРАД – ЖҮЗІМ.

Лишь когда тепло – жылы

Зреет ПЕРСИК – ШАБДАЛЫ.

Өлең жолдарын алмұрт, өрік, жүзім, шабдалы сөздерімен жалғап, жаңа сөздерді бекітеді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: жеміс, алмұрт, жүзім, өрік, шие, шабдалы сөздерін біледі.

Игереді: қазақ тіліне тән дыбыстарды анық, дұрыс айту дағдысын игереді.

Меңгереді: жемістердің түстерін дұрыс ажыратып айтуды меңгереді.