СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Data компоненті. Visual Basic программасын Access бағдарламасымен байланыстыру.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Data компоненте. Деректер қоры файлын жасау. Visual Basic және Access.

Просмотр содержимого документа
«Data компоненті. Visual Basic программасын Access бағдарламасымен байланыстыру.»

Лабораториялық жұмыс №16


Деректер қорын жасау.


Дискіге тұрақты файл түрінде сақталатын ақпараттар жиынтығы деректер қоры деп аталады. Деректер қоры арқылы кез-келген уақытта кез-келген қажетті ақпаратты шығарып алып, оқуға немесе редакциялауға болады. Деректер қорын бір немесе бірнеше компьютерлер пайдалана алады. Әдетте деректер қорында белгілі бір салаға байланысты мәліметтер сақталады.

Деректер қорында сақталатын ақпарат бірлігі ретінде кестелер қарастырылады. Кесте деп қатарлар мен бағандарға бөлінетін мәліметтер жиынын айтады. Деректер қоры терминінде қатарларды жазу деп, ал бағандарды өріс деп атайды. Кез-келген деректер қорының мәліметтер жазылатын кемінде бір кестесі болуы тиіс. Кестелерді қатарлары белгілі бір жазу, ал бағандарды жазу өрістері болып табылатын екі өлшемді массив ретіндеде қарастыруға болады.

Қазіргі кезде деректер қорын жасайтын және олардың элементтерін басқаратын көптеген жүйелер мен программалық орталар бар. Солардың ішінде Paradox, Access және dBase жүйелері кеңінен қолданылады. Бұл құралда VisData, Access жүйелері мен Visual Basic ортасында программалау барысында деректер қорын жасау жолдары мен олардың элементтерін басқару әдістері қарастырылған.


Деректер қорын файлын VisData

программасында жасау.


Visual Basic ортасының құрамына кіретін VisData программасын ашу үшін Бас мәзірден Add-ins-Visual Data Manager командасын орындау қажет. Нәтижесінде шыққан VisData терезесінде жаңа деректер қоры файлын жасау үшін File-New-Ma-Ver7.0 командасын орындау керек. SelectMAccess DataBase to Create терезесінде қажетті буманы ашып, файлға ат беріп сақтағаннан кейін, жаңа деректер қоры файлы mdb-типті болып сақталады. (мысалы C:\Base\Keste.mdb).

Жаңа деректер қоры файлының ішінде кесте жасау үшін DataBase Windows терезесінің кез-келген жеріне курсорды апарып, оң жақ батырманы басқанда шығатын контексті мәзірден New Table командасын орындау қажет. Нәтижесінде шыққан Table Structura терезесінің Table Name алаңында жаңа кестенің атын жазу керек (мысалы Кесте1, Кесте2,...).

Жаңа кестенің өрістерін жасау үшін Add Field терезесінде кесте өрістерінің параметрлері орнатылады. Name алаңына өріс аты жазылады, Type алаңында өріс элементтерінің типі көрсетіледі, ал Size алаңында өрістің өлшемдері жазылады. Кесте өрісінің параметрлері орнатылғаннан кейін Ok батырмасы басылады. Дәл осылай кестенің барлық өрістері толтырылғаннан кейін Close батырмасын басу арқылы Add Field терезесін жабу қажет.

Кесте жасап болғаннан кейін Table Structura терезесінен Biuld the table батырмасын басып шығу қажет.


Жаттығу. VisData

программасында деректер қорын жасау.


  1. Бас мәзірден Add-ins-Visual Data Manager командасын орындаңыз.






  1. Шыққан VisData терезесінде жаңа деректер қоры файлын жасау үшін File-New-Ma-Ver7.0 командасын орындасын орындаңыз.





  1. SelectMAccess DataBase to Create терезесінде қажетті буманы ашып, файлға ат қойып сақтаңыз, нәтижесінде деректер қоры файлы ашылған буманың ішінде mdb-типті файл болып сақталады(мысалы C:\Табель\tabel.mdb).










  1. Жаңа файылдың ішінде жаңа кесте жасау үшін DataBaseWindows терезесінің кез-келген жеріне курсорды апарып, оң жақ батырмасын басқанда шығатын контексті мәзірден New Table командасын орындаңыз.

  2. Нәтижесінде шыққан Table Structure терезесінің Table Name алаңында жасалатын кесте атын жазыңыз.

  3. Add Field батырмасын басқанда шығатынAdd Field терезесінде кесте өрістерін орнатыңыз. Name алаңында - өріс аты, Type алаңында - өріс шамаларының типі, Size алаңында - өлшемі жазылады.











  1. Кестенің бірінші өрісінің параметрлерін толтырғаннан кейін Ок батырмасын басып,











кестенің келесі өрісінің параметрлерін дәл осы сияқтытолтырыңыз. Кестенің барлық өрістерін орнатқаннан кейін Close батырмасын басу арқылы AddField терезесін жабыңыз.

  1. Содан соң Table Structure тересесінен Build the table батырмасын басып шығамыз.

  2. Содан соң File-Exit командасын орындау арқылы немесе жабу батырмасын басу арқылы VisData программасынан қайтадан VB ортасына шығыңыз.


Data компоненті

Data компоненті қосымша элементтерін деректер қорымен байланыстыру үшін қызмет атқарады.



Негізгі оқиғасы: - Validat.




Data компонентінің негізгі қасиеттері мен әдістері.



DataBaseName – деректер қоры файлының жолын орнату.

Connect – деректер қоры файлының типін анықтау.

EOFAction – кесте қрісінің шекараларын шыққан жағдайда жазуларды басқару ( 0 – пайдаланушы төменгі шекарадан аса алмайды, 1- соңғы жазуға келгенде MoveNext батырмасы ажыратылып, пайдаланушы келесі жазуға өте алмайды, 2 – соңғы жазуда тұрған AddNew әдісі іске қосылып, келесі жаңа жазуға өте алады ).

RecordOnly – оқуға ғана орнату.

RecordSourse – кестелермен байланыс орнату.

RecordSet – деректер қорын басқару, негізгі әдістері:

RecordSet.AddNew – кестеге жаңа жазу енгізу.

RecordSetUpDate – жаңа жазуды сақтау

RecordSet.Fields – ( өріс аты ). Value - өрісінің мәнін анықтау.

RecordSet.AbsolutePosition – жазудың реттік нөмерін анықтау.

RecordSet.RecordCount – кестедегі жазулар санын анықтау.

RecordSet.MoveFirst – бірінші жазуға өту.

RecordSet.MoveLast – соңғы жазуға өту.

RecordSet.MoveNext – келесі жазуға өту.

RecordSet.MovePrevious – алдыңғы жазуға өту.


Жаттығу. Деректер қры файлын толтыру.


Формаға Data1, Text1, Text2, Text3, Text4, Text5, Text6 және түсініктемелер ретінде қолданылатын Label1, Label2, Label3, Label4, Label5 және Label6 элементтерін орналастырыңыз.

Text – элементтерінің Text қасиеттерін тазалаңыз, Label элементтерінің Caption қасиеттеріне ретімен “ Нөмері”, “ Аты-жөні”, “Туған жылы”, “Мекен жайы”, “Телефон”, “Қызметі”

мәндерін беріңіз.


Data1 объектісінің DataBaseName қасиетіне (c:\База\db1.mdb) файлын жолын көрсеткеннен кейін RecordSource қасиетіне шыққан кестелер тізімінен кесте атын орналыстырыңыз. Содан соң EOFAction қасиетіне 2-AddNew мәнін орнатыңыз.


Текстік объектілерінің DataSourse қасиеттеріне Data1 объектісін таңдап көрсетіңіз және әрқайсысының DataField қасиеттеріне сәйкес өрістеріның аттарын орнатыңыз.











Қосымша іске қосып, әр тестік алаңды толтырғаннан кейін, “келесі жазуға өту” батырмасын басқанда, текстік алаңдарға енгізілген мәліметтер деректер қоры файлының кестесінің өрістеріне сәйкес толтырылып сақталады. “келесі жазуға өту” батырмасын басқанда шығатын таза текстік алаңдарға жаңа мәліметтер енгізіп қайтадан “келесі жазуға өту” батырмасын басқанда кестеге келесі жазу жазылады. Барлық мәліметтерді кестеге толық жазылғанша дәл осы процестерді қайталаңыз.