Просмотр содержимого документа
«Дидактикалық ойын»
“ Зат неге ұқсайды?”
Мақсаты:
-геометриялық денелер мен фигуралар туралы
білімдерін бекіту;
- айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата
білу дағдыларын дамыту.
Шарты:
Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе геометриялық денені еске
салатын заттар мен суреттер жатыр.Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай
пішінге немесе денеге ұқсайтындығын айтады.Әр суреттің қасына затқа ұқсас геометриялық
пішіннің суретін салады.
Төлдерін тап
Мақсаты: Балалардың төрт түлік малмен және оның төлдерімен таныстыру.
Шарты: Төрт түлік малдың қасына төлдерін сәйкестендіріп қою, оларды сипаттау.
Кім не жейді?
Мақсаты: жабайы жануарлар туралы білімдерін бекіту
Шарты: тақтаға себет ілінеді.Себетте жануарлардың сүйікті тағамдары салынған.Балалар кезек-кезекпен шығып, себеттен кез-келген тағамды алып,оны қай жануар жейтінін атайды және қасына қояды.
Бұтақтағы балалар
Мақсаты: Бір өсімдіктің өзіне ғана тән жемістерін табу.Өзінің жұбын табу.Кеңістікті бағдарлауды үйрету.
Керекті құралдар: жеміс-жидек пен көкөністердің суреттері
Ойынның шарты: Берілген белгіден кейін ғана жұбын іздейді.
Ойынның барысы: Балаларды екі топқа бөліп, біреуіне жеміс-жидектер таратылады,екіншісіне -көкөністер.
Балалар,өздеріңнің жұптарыңды табыңдар деген белгіден кейін ,олар жұптарын іздейді, яғни бірінші бала мен екінші баладағы заттар бір өсімдіктікі болуы керек.Ойынның дұрыстығын “Сиқырлы қақпа” тексереді.(Ол тәрбиеші немесе бала болуы мүмкін).Егер жұптарын дұрыс таппаса,қақпа жабылады (көтеріп тұрған қолдарын төмен түсіреді).
Ойынды жалғастыру үшін балалар, жеміс-жидектер мен көкөністерді бір-бірімен ауыстырады.
Үкі мен тышқандар
Мақсаты: балалардың сөздік сигнал бойынша қимылдауға жаттықтыру.
Көрнекілік: маска
Шарты: Санамақпен балалар ішінен үкіні сайлаймыз.
-Үкі күндіз ұйықтайды, түнде тышқан аулауға шығады.
-Егер мен “күн” десем, тышқандар аулада жүгіріп ойнайды, егер де түн десем орындарыңда қатып қаласыңдар.
-Егер кім қимылдап қояды,соны үкі үйіне алып кетеді.