Іздену-ұйымдастырушылық | -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Тірек сызбамен жұмыс. -Күзде дала қандай болады? -Күз мезгілі туралы қандай тақпақтар білесіңдер? - Балалар сендер ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше бүгін көп ойындар ойнайық. -Балалар тақтаға назар аударамыз. Күз мезгілі болғандықтан біз бақша мен баққа саяхатқа шығайық. Сендермен 1. «Жемістер мен көкөністер» д/о ойынын ойнайық. Мақсаты: өткен тақырып бойынша жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс айту, тілдерін қызықты суреттер арқылы дамыту. 2.Жемістердің көлеңкесі арқылы, жемістерлердің түрлерін табу. Динамикалық үзіліс: Теледидардан ағылшын тілінде видео көрсету арқылы. 3. «Жемістердің қиынды суреттері арқылы, бейнеленген суретті табу» д/о ойнайық. 4. Балалар енді сендермен «Луллия шеңбері» «Жыл мезгілдері» д/о ойнайық. Мақсаты: Шеңбердегі әр - түрлі суреттер арқылы сөз тіркестерін, жай сөйлемдер құрап үйрену. Шарты: Берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, суреттерді стрелкамен қосу. Қыста қандай табиғат құбылыстары болады? 2. Көктемде қандай табиғат құбылыстары болады? 3. Жазда қандай табиғат құбылыстары болады? 4. Күзде қандай табиғат құбылыстары болады? 5.Жыл мезгілдеріне байланысты қыстырғыштың көмегімен киімдерді қыстырады. 5. Балалар «Төртіншісі артық» д/о ойнаймыз. Мақсаты: Суреттегі артық заттарды табу арқылы тілдерін дамыту. Шарты: Артық затты тауып атын айту, бір сөзбен қалай атауға болатынын айтқызу. Балалар артық затты табады. Демалу гимнасткасы. 6. Балалар енді сендермен «Түрлі - түсті текшелерді түтікшемен жинау» д/о ойнаймыз. Мақсаты: Түстерді ажырата білу, шапшаңдық- қа баулу, білуге құштарлық сезімдері оянды. Шарты: Түстерді ажырата отырып, берілген текшелерді түтікшемен ішке қарай демалу арқылы берілген тәрелкелерге орналастыру. 7. Балалар енді сендермен «Түрлі - түсті суреттер» д/о ойнаймыз. Мақсаты: Түстерді ажырата білу, әр түрлі суреттер арқылы тілдерін дамыту. Шарты: Түстерді ажырата отырып, берілген суреттерді түстері арқылы мольбертке орналастыру. Берілген суреттерді түстеріне қарай кезекпен - кезек келіп мольбертке орналастырады. 1. Қызыл - қызанақ, алма, көйлек, көлік. 2. Жасыл - шырша, бақа, алма, жапырақ. 3. Көк - көйлек доп, шар, гүл. 4. Сары - банан, күн, балапан, лимон | -Күз Сызба бойынша балалардың жауаптары Даяна: Алтын,сары,қызыл,көп. Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Махамбет: Қарашы күз келді, күз келді. Сары алтын жауып іздерді, Құс біткен керуен тізеді, Көңілсіз еткен күз енеді. -Иә, ойын ойнағымыз келеді. Қызықты суреттегі жемістер мен көкөністердің атауларын айтады. Жемістердің көлеңкесі арқылы, жемістерлердің түрлерін табады Теледидарға қарап іс -қимылдарды жасайды. Жемістердің қиынды суреттері арқылы, бейнеленген суретті табады. Луллия шеңберімен жұмыс жасайды. -Қар жауады, аяз болады, боран болады. -Жаңбыр жауады,күннің көзі қаза бастайды. -Күн қатты ыстық болады, кемпірқосақ шығады. -Күн ала бұлтты болады, жаңбыр жауады, жел болады. -Қыстығыштарды тауып қыстырады. Артық затты табады Қандай заттың қасында тұрғанын айтады. Түстерді ажыратып алдарндағы тәрелкелерге орналастырады. Суреттерді түстеріне қарай кезекпен - кезек келіп мольбертке орналастырады. |