СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әдебиеттік оқу. Мәдіхат Тұрманжанов "Өз ізі".

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әдебиеттік оқу.М.Төрежановтың із туралы әңгімесінің мазмұнын біліп, түсінеді. Әңгімеде қолданған көркем сөздің мағынасын ажыратып, жазады. Адамның ізгілік іздері туралы ой тұжырымдайды

Просмотр содержимого документа
«Әдебиеттік оқу. Мәдіхат Тұрманжанов "Өз ізі".»

Пәні: Әдебиеттік оқу

Пән мұғалімі: Абдиканиева А

Сабақтың тақырыбы

Мәдіхат Тұрманжанов Өз ізі

Жалпы мақсаты

М.Төрежановтың әңгімесі арқылы адамның артында қалатын ізгілікті іздері туралы түсінік қалыптастырып, адамгершілікке баулу

Күтілетін нәтиже

М.Төрежановтың із туралы әңгімесінің мазмұнын біліп, түсінеді. Әңгімеде қолданған көркем сөздің мағынасын ажыратып, жазады. Адамның ізгілік іздері туралы ой тұжырымдайды

Әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, эссе жазу

Көрнекіліктер

Суреттер, үлестірмелі қағаздар

Қажетті құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта

Бағалау түрлері

Қол сигналдары, смайлик, бағдаршам, үш шапалақ, от шашу

Тапсырмалар


1. Серпілген сауал

2. Топтық жұмыс

3. Жеке жұмыс

4. Шығармашылық тапсырма

5. "Мағжан ата" ағашын толтыру

6. Рефлексия "Бүгінгі сабақтан не түйдің?"

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары (мұғалім және оқушы немен айналысады.)

І. Психологиялық дайындық:

Әрбір сабақ

Үйрену, оқу, ұлағат.

Әрбір Ісім

Тірлік, бірлік, адалдық.

Әрбір сөзім

Шындық, теңдік, адамдық.

Әр жүректе

Туған елге махаббат.

2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызып алу.

Көңіл-күйлерін смайликтер арқылы көрсету

Үйден бөлу әдісі

3. Аяз ата, ақшақар, шырша, аққала суреттерін тарату арқылы топтарға бөлу

ІI. Өтілген тақырыпты пысықтау

"Серпілген сауал"

1. Біз оқып жатқан тарау қалай аталады?

2. Қазір жылдың қай мезгілі?

3. Қыс мезгілінің белгілері қандай?

4. Қардан не жасаймыз?

5. Аққала жасағанда нені қолданамыз?

6. Қыс мезгілінде қандай мерекелер болады?

7. Сендер шырша жыры әнін өттіңдерме?

Бұл әннің авторлары кімдер?

8. Шырша жырындағы басты кейіпкерлерді ата.

III. Жаңа сабақ

1. Ой ашар

Жаңылтпашты жаңылмай айту

Ізшілер іздесті,

Түз кезді, із кесті.

2. Ізге түсті Ізмұрат,

Ізмұратты біз бірақ

Іздеп-іздеп таппадық.

Ізі-қайым, қызық-ақ.

3. Із дегенді қалай түсінесің?

4. Суретпен жұмыс

Суреттегі кімнің, ненің ізі екенін анықтау

5. Мәдіхат Төрежанов туралы мағлұмат беру

6. Мәтінді іштей оқу

Жұпта талқылау

7. Топьық жұмыс

1 топ : Мәтінді мазмұндау

2.топ :Мәтіндегі оқиға жылдың қай кезеңінде болған? Оны неден аңғардың?

3 топ: Қарға қатысты жазушы қолданған көркем сөзді тап?

4 топ:Мәтін бойынша сұрақ құрастыру

8. Сергіту сәті

9. Жеке жұмыс

"Өмірде де өз ізің , өз белгің болсын!" Осы тілекті қалай түсінесің?

12. Тұлғалар туралы айту

13. Шығармашылық тапсырма

"Менің ізім" тақырыбында эссе жазу

IV.Қорытындылау: Бүгінгі сабақтан не түйдім?

V.Үйге тапсырма беру: Өз ізі әңгімесін түсініп оқу

Іздердің суретін салып келу.

VI.Бағалау