Дисплейдің құрамы. Монитордың техникалық сипаттамалары
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі-түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.
Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады. Үстел үстіне қойылатын дербес компьютерлердің көпшілігінде электронды-сәулелік түтікшеден (ЭСТ) тұратын мониторлар қолданылады. Бұндай мониторларда экрандағы кескін электрондардың ағындарынан пайда болады. Бұл электронды ағындарды монитордың ішінде орналасқан электронды зеңбірек өте жоғары жылдамдықпен экранға қарай бағыттайды. Экранның ішкі қабаты люминофор қабығымен қоршалады. Осы қабық электрондардың әсерінен жарқырап, қажетті кескінді экранда бейнелейді. Монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелердің жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған ұсағырақ үш нүктелерден тұрады. Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Дисплейдің экранына орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, сәйкесінше монитордың көрсету сапасы да жоғары болады.
Алғашқы түрлі-түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны CGA-320х200 пиксельді монитор деп атады. Ал 1984 жылы EGA-640х350 пиксельді монитор шықты. Қазіргі компьютерлер VGA(640х480) немесе SVGA(800х600-ден 1248-1024-ке дейін), SX6A(1280х1024), UX6A(1600х1200) мониторларымен жабдықталған.
Соңғы кездері сұйық кристалды (СК) мониторлар танымал болып келеді. Бұрын мұндай жіңішке мониторлар тек портативті және қалтаға салып жүретін компьютерлерде орнатылатын болса, қазір үстел үстіне қойылататын компьютерлер де осындай мониторлармен жабдықтала бастады.
LCD – (Liquid Crystal Display, сұйық кристалды монитор) – сұйық күйдегі заттардың негізінде жасалатын монитор. Бұл сұйықтықтың қатты заттарға тән кейбір қасиеттері болады. Осы сұйықтықтың молекулалары электр кернеуінің әсерінен өз орындарында үнемі қозғала отырып, өздері арқылы өтетін жарық сәулелерінің бойындағы қасиеттерін өзгертеді. Нәтижесінде экраннан өзімізге қажетті түрлі түсті бейнелерді көреміз.
Сұйық кристалды мониторлардың ЭЛТ мониторлардан басты артықшылығы - көлемінің шағын болуы және денсаулыққа зиянсыздығы. Мұндай мониторлар ЭЛТ мониторлар секілді зиянды электромагниттік сәулелер таратпайды және бұл мониторлармен жұмыс істеген адамның көзі әдеттегідей тез шаршамайды.
СК мониторлардың кемшілігі де жоқ емес. Мәселен, бұл мониторлардың түсті жеткізу қабілеті нашар. ЭCТ мониторларды кез келген мақсатта: мәтінді, фотосуреттерді өңдеу үшін, ойын ойнау үшін т.б. қолдана беруге болады, ал СК мониторлардың кейбір модельдері әр түрлі компьютерлік ойындарды ойнауға жарағанымен, фотосуреттерді сапалы түрде өңдеуге мүмкіндік бермейді немесе керісінше түстерді жақсы көрсеткенімен, әр түрлі динамикалық ойындарды өз деңгейінде ойнауға, т.б. кедергі жасайды.
Соңғы кездері сұйық кристалды(СК) мониторлар танымал болып келеді. Бұрын мұндай жіңішке мониторлар тек портативті және қалтаға салып жүретін компьютерлерде орнатылатын болса, қазір үстел үстіне қойылататын компьютерлер де осындай мониторлармен жабдықтала бастады.
LCD – (Liquid Crystal Display, сұйық кристалды монитор) – сұйық күйдегі заттардың негізінде жасалатын монитор. Бұл сұйықтықтың қатты заттарға тән кейбір қасиеттері болады. Осы сұйықтықтың молекулалары электр кернеуінің әсерінен өз орындарында үнемі қозғала отырып, өздері арқылы өтетін жарық сәулелерінің бойындағы қасиеттерін өзгертеді. Нәтижесінде экраннан өзімізге қажетті түрлі түсті бейнелерді көреміз. Сұйық кристалды мониторлардың ЭЛТ мониторлардан басты артықшылығы - көлемінің шағын болуы және денсаулыққа зиянсыздығы. Бұндай мониторлар ЭЛТ мониторлар секілді зиянды электромагниттік сәулелер таратпайды және бұл мониторлармен жұмыс істеген адамның көзі әдеттегідей тез шаршамайды.
СК мониторлардың кемшілігі де жоқ емес. Мәселен, бұл мониторлардың түсті жеткізу қабілеті нашар. ЭCТ мониторларды кез келген мақсатта: мәтінді, фотосуреттерді өңдеу үшін, ойын ойнау үшін т.б. қолдана беруге болады, ал СК мониторлардың кейбір модельдері әр түрлі компьютерлік ойындарды ойнауға жарағанымен, фотосуреттерді сапалы түрде өңдеуге мүмкіндік бермейді немесе керісінше түстерді жақсы көрсеткенімен, әр түрлі динамикалық ойындарды өз деңгейінде ойнауға, т.б. кедергі жасайды. Сондықтан болса керек, көптеген маман иелері, мәселен дизайнерлер ЭCТ мониторларды таңдайды.
Монитор экранының өлшемдері әр түрлі болады.
Экранның диагоналі дюйммен (1 дюйм = 2,54 см) өлшенеді және олар 15,17,19 дюйм немесе одан жоғары болады.
Электронды кітап оқуға арналған құрылғылар бизнесінде танымал Onyx International компаниясы өзінің смартфон моделін жасап шығарды.
Дәстүрлі смартфондарда LCD немесе AMOLED дисплейі қолданылса, бұл жаңа өнімнің ерекшелігі онда сенсорлы E Ink дисплейі орнатылған.
Onyx International компаниясының E Ink дисплейі орнатылған смартфоны әзірге, тек прототип қана. Оның техникалық сипаттамалары жарияланған жоқ. Тек құрылғыға Arm Cortex А5 процессоры орнатылғаны, Wi-Fi және 3G модульдері бары, салмағының 100 грамнан кем екені белгілі.
E Ink дисплейі аз энергия жейтіндіктен (дисплейдегі ақпарат өзгерген кезде ғана) смартфонның батареясы бір аптаға дейін автономды түрде жұмыс істей алады.
Дисплейдің тағы бір артықшылығы күн сәулесі шағылысқан кезде де экрандағы ақпаратты оқу қолайлы. Ал қазіргі смартфондарда бұл өте қолайсыз.
Құрылғы Android операциялық жүйесі бойынша жұмыс істейді.