СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дүниетану пәнінен "Өсімдік мүшелері. Сабақ" тақырыбына ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пәні: дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Сабақ Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыға берілетін тақырыпты тереңдете, жан – жақты әрі жеңіл түрде игерту. Әр оқушының сыныптағы сабақтан тыс білім алуына мүмкіндік жасау. Дамытушылық: Оқушылардың өздігінше ізденуін дамыта отырып, пәнге және жалпы білім алуға қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.  

Просмотр содержимого документа
«Дүниетану пәнінен "Өсімдік мүшелері. Сабақ" тақырыбына ашық сабақ»

Күні:23.01.15ж.

Пәні: дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Сабақ
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыға берілетін тақырыпты тереңдете, жан – жақты әрі жеңіл түрде игерту. Әр оқушының сыныптағы сабақтан тыс білім алуына мүмкіндік жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың өздігінше ізденуін дамыта отырып, пәнге және жалпы білім алуға қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелі материалдар, плакаттар.
Сабақтың өту әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, талдау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану, математика, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кез
еңі:
-Амандасу:

Саламатсыздар ма?

Здравствуйте!

НеІІо!

Психологиялық дайындық:

Оқушылардың көңіл-күйін анықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабағымыздабіз не өттік?

Қане өсімдіктер әлемін үш тілде айтып көрейікші:

Өсімдіктер әлемі, Мир расстений, Flora.

2 – 3 оқушыдан мәтіннің мазмұнын сұрау. Тамырға байланысты сұрақтар қою.

Тамыр өсімдікке қандай пайда әкеледі?
- Тамыр топырақтан суды сіңіріп, оларды сабақ арқылы жапыраққа, бүршікке, жемістерге жеткізеді.
- Тамыр өсімдікті минералды және қоректі заттармен қамтамасыз етеді.
- Неге тамыр өсімдіктің негізгі және жер асты мүшесі деп аталады? (Тамыр – өсімдіктің топырақтағы бөлігі)
- Өсімдіктерге тамыр не үшін қажет? (Өсімдік өсу үшін, өсімдікті топыраққа бекіту үшін т.б)
Үй тапсырмасынқорытындылау.

«Кеттік сәбіз жинайық!» Ойыны.

Сәбіздердің артында жұмбақтар жасырылған.
Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.  (алма, яблоко, apple)
2.Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар?   (мақта, вата, wading)
3.Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығыды.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл әлі.   (қарбыз, арбуз,watermelonз)
4.Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе, жыладық.   (пияз, лук, onion)
ІІІ. Жаңа сабақ.
берілген әріптерден сөз құра. А с қ а б (Сабақ)
«ББҮ» стратегиясы.
Білемін ----------------------Білгім келеді ------------------------Үйрендім

Мәтінмен жұмыс.
Сабақ - өсімдіктің маңызды мүшесінің бірі.
Сабақтың атқаратын қызметі:

1) Ол өсімдіктің барлық мүшелерін бір – бірімен жалғастырып тұрады.
2) Ол тірі ағзаның тіршілігін қамтамасыз етеді.
3) Сабақ тамырдың топырақтан сіңірген қорегін жер үсті мүшелеріне жеткізеді.
4) Сабақта гүлдер, бүршіктер бекиді, жемістер пайда болып, пісіп жетіледі.
5) Сабақ тыныс алуға да қатысады.
Таңқурайдың сабағы тік, қатты. Мұны тік сабақты дейді. Ал жүзімнің сабағы мұртшалары арқылы ілініп, өрмелеп өседі әрі жұмсақ, иілгіш келеді. Бұл өрмелегіш сабақ.

Сабақ - өсімдік тыныс алады – тамыр арқылы қорек жеткізеді
Сергіту сәті
Топтық жұмыс.

Әр топқа берілген өсімдіктің суреті бойынша сабақтың түрін анықтау.
1 – топ. Қияр
2 - топ. Бамбук
3 - топ. қауын

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
1. Сабақтың атқаратын қызметі туралы айт.
2. Сабақтың бойында өсімдіктің қандай мүшелері орналасқанын ата.
3. Биік, жуан сабаққа мысал келтір.

Сабақты қорыту
:
«ББҮ» стратегиясы.
Білемін --------------------------------Білгім келеді ----------------------------Үйрендім

Үйге тапсырма беру.
Мәтіннің мазмұнын айту.
Өзіңнің үйіңнің маңындағы өсімдіктердің сабақтарын байқап, суретін салып келу.
Бағалау.

Қызыл түсті гүл «5»

Көк түсті гүл «4»

Жасыл түсті гүл «3»