СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Дыбыстарды айтайық а-ә, о-ө"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөйлеуді дамыту: "Дыбыстарды айтайық а-ә, о-ө" тақырыбында тех.карта

Просмотр содержимого документа
«"Дыбыстарды айтайық а-ә, о-ө"»

«Жұлдыз» ІІ кіші тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 21.09.2016ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылғаноқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Дыбыстарды дұрыс айтайық (а-ә, о-ө)»

Мақсаты: балаларға дауысты дыбыстарды (а-ә, о-ө) дұрыс айтуға үйрету. Артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Үй құстары мен үй жануарларынаи қамқор болуға тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: №5демонстрациялық материал (әріптердің дыбысталуына байланысты суреттер). Төлдердің суреттері.

Қостілділік компонент: әтеш-петух, лақ-козленок.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға шаттық шеңберіне тұруды ұсынады.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

(Е.Өтетілеуұлы)


Шаттық шеңберіне тұрады, тәрбиешімен бірге қайталайды.





Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Демонстрациялық көрнекілікті қолдану.

Тәрбиеші балаларға кішкентай бюаланың суретін көрсете отырып:

Келгенше апам жұмыстан,

Бесікте ойнап жатады.

Әрнені ұғып дыбыстап,

«А-а-а»- деп үн қатады.

Бұл кім?

-Кішкентай бала «а-а-а» -деп ән салады екен. Кәне, бәріміз қайталайықшы. Кейбір балалардан жеке-жеке сұрайды.

Тәрбиеші бұзау, лақ, әтештің суреттерін көрсетеді. Олардың қалай дыбыстайтынын айтады.

Ақ бұзауым ұнайды,

«Мө-мө»-деп сүт сұрайды.

Ақ бұзау жақсы фермада,

Апарамын көрмеге.

(Е.Өтетілеуұлы)

-Бұзау қалай дыбыстайды? («Мө-мө-мө» деген дыбысты қайталату).

-Балалар бұзауды еркелетіп, «әукім-әукім-әукім» деп шақырады.



Суретке қарайды, жауап береді.





-Сәби.

«А-а-а-а»деп хормен және жеке-жеке қайталайды.






-Бұзау сиырдың төлі.



-Мө-ө-ө

.



Тәрбиеші лақтың суретін көрсетеді.

Лағым-ау, лағым,

Естімей-ме құлағың?

Айтқан сөзді ұқпайсың,

Келмей ме әлде тіл алғың?

(Н.Меңгітаев)

-Ал мынау ешкінің төлі-лақ

-Лақ қалай дыбыстайды?

Тәрбиеші әтештің суретін көрсетеді.

Оятпа, әтеш, сен бізді,

Өзім де сездім, таң атты.

Сенсіз-ақ білем мезгілді,

Танимын енді сағатты.

(А.Сопыбеков)

-Бұл –әтеш. Әтеш қалай дыбыстайды?

-Әтеш «қо-қо-қоқ» деген дыбыс шығарады.

Қостілділік компонент: әтеш-петух, лақ-козленок.

Сергіту сәті

Лағым, лағым, лағым,

Шошаңдаған шұнағым.

Секіресің секеңдеп,

Ойнағандай еркелеп.

Дидактикалық ойын

«Төлдер қалай дыбыстайды?» ойыны арқылы әр малдың төлдерінің қалай дыбыстайтынын айту.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан төлдердің қалай дыбысталуын қайталату.







-Лақ-ешкінің төлі.

-Мә-ә-ә.







«Қо-қо-қоқ» деп балалар қайталайды.

Әтеш-петух, лақ-козленок сөздерін қайталайды.


Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.




Мал төлдерінің дыбысталуын қайталайды.



Балалар қайталайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Тәрбиеші балалардың іс-әрекетін бағалайды.

-Қандай жануарлардың төлдерін білесіңдер?

-Үйлеріңде қандай үй жануарлары бар?

Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қорытындылайды.



Балалар сұрақтарға жауап береді.








Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй құстары мен үй жануарларына қамқорлық жасауды.

Игерді: есте сақтау қабілетін жетілдіріп, дыбыстарды дұрыс айтуды.

Меңгерді: үй жануарларының төлдерін дұрыс атап, олар туралы білетіндерін әңгімелеуді.