Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»
Екінші кіші тобындағы «Шәй күніне» өткізілген ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
«Жұлдыз» тобы
Тәрбиеші: Ержанова А.Ж
Костанай қ. 2018 – 2019 оқу жылы
Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе
Өткізу күні/Дата проведения: 19.12.2018
Тәрбиеші/ Воспитатель: Ержанова А.Ж.
Білім беру саласы/Образовательная область: Таным
Пән/Предмет: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Сәлем,жаңа жыл!»
Тақырыбы/Тема: «Қуыршақтар қонаққа келді»
Мақсаттары/Цели:
Тәрбиелік - воспитательная: Білімділікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу, салыстыра білуге, дәлелдей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық - развивающая: Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қолданылған көрнекіліктер арқылы балалардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқытушылық - обучающая: Екі затты көлеміне қарай салыстыруды жалғастыру. «кең, , «тар», «бірдей» сөздерін пайдалану
Педегогикалық технологиялар/пед.технолии: сөздік, көрнекілік,ойын әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті
Ресурстармен қамтамасыз ету /Ресурсное обеспечение: интерактивті тақта, тақырыпқа сай суреттер, дидактикалық ойын
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: шәй –чай, жаңа жыл- новый год
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең/организационный момент: Ғажайып сәт. Балалар бүгін бізде «Әлем бойынша шай күнін » атап жатыр. Сол себепті бүгін біздің тобымызға Айгерім мен Динара қуыршақ қонаққа келеді. Балалар үйге қонақ келген кезде сендер қонақтарды қалай қарсы аласыңдар?
Балалардаң жауабы: шәй береміз, дастарханға кәмпит қоямыз
Қуыршақ Әйгерім: Балалар, ал сендер қазір тағы қандай мереке тойлап жатырсыңдар?
Балалар: Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.
Қуыршақ Әйгерім: Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Қуыршақтарды салыстыру. (киімдерінің түстерін, шаштарын, бойларын)
− Балалар қонақтар келгенде оларды қалай күтеміз?
− Дұрыс, дастархан жаямыз, тәтті тағамдар береміз. Ендеше балалар, қонақтарымызға кәмпит берейік.
− Балалар қараңдаршы, Айгерімнің кәмпиттері Динараның кәмпиттерінен аз ба көп пе?
− Егер біреуіне аз, біреуіне көп кәмпит берсек қонақтарымыз ренжіп қалады ғой. Ендеше балалар оларға кәмпиттерді теңдей етіп бөліп беруді үйренейік.
Балалар бүгінгі сабақта «теңдей», «сонша» ұғымдарымен танысамыз.
Балаларға бірнеше заттарды бірдей етіп бөлуге үйрете отырып, түсіндіру.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть: Үлестірмелі материалдармен жұмыс:
Балалар алдарындағы кәмпиттерді қуыршақтарға теңдей етіп бөліп орналастырады.
Кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырма:
−Балалар, қуыршақтар серуенге шыққанды ұнатады екен. Балабақша ауласына серуенге шығару.
− Айгерімнің сол жағында нелер бар?
−Динараның оң жағында нелер бар?
−Балалар енді, өздеріңнің оң жақтарыңда не бар? Ал сол жақтарыңда не бар?
Геометриялық пішіндерді ажыратуға арналған тапсырма:
−Балалар Динара мен Әйгерім серуеннен қайтып келе жатып, кішкентай күшік тауып алыпты, оның үйшігі жоқ, жаурап жүр екен. Қуыршақтар бізден күшікке үйшік жасап беруімізді сұрап тұр, көмектесеміз бе?
Геометриялық пішіндерден үйшік құрастыру.
Сергіту сәті:
Ал балалар, тұрмайық
Би билейік, ойнайық
Аяз ата қуансын
Дөңгеленіп зырлайық.
Тәулік бөліктерін ажыратуға арналған тапсырма:
−Балалар, қуыршақтардың үйлеріне қайтатын уақыты болған сияқты, қане мына суреттерге қарап тәулік бөліктерін атайықшы.
Таң, түс мезгілі, кеш, түн.
Жеке жұмыс: Ойын барысында қиналып қалған Айдынға көмектесу.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: шәй –чай, жаңа жыл- новый год
3.Қорытынды бөлім/итоговая часть:
Балалардан бүгінгі сабақтан алған әсерлерін сұрау.
Қандай ұғымдармен танысқандарын сұрау.
Заттың түсі, пішінін ажыратуға арналған «Дәл соны тап та, себетке сал» жаттығу ойынымен сабақты аяқтау.

