СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ертеңгілік "Жеңіс күні"

Нажмите, чтобы узнать подробности

утренник на тему "Жеңіс күні".  Для детей дошкольного возраста

Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік "Жеңіс күні"»

9-мамыр Жеңіс күні ашық сабақ балабақшада

Тақырыбы: 9-мамыр Жеңіс күні

Мақсаты: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру білімдерін жетілдіру. Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, Отан үшін шайқасқа түскен аға-апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге- ізет, кішіге-қызмет етуге адамгершілікке тәрбиелеу. Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.

1-жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен домасында қайсарлықпен шайқасқан. Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Жүргізуші: Аз емес зар жылаған, етілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан,

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.

Қирады талай арман көңілге алған

Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдиновт.б. және де өз жерлестерімізде бар. Осы кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағалармыз бен апаларымыздың рухына бас иіп еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

(1 мин үнсіздік)

Жүргізуші: 1941жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге дума болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Ұлы отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.

Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды., қанша ана жесір қалды, қаншамақыршын боздақтарымыз Отан үшін өмірін қиды. Биыл міне, сол жеңіске де 74 жыл толыпты. Қазір біздің балалардың жеңіс күніне арнап дайындаған ертеңгілігін тамашалаңыздар.

Тоғызыншы мамырда

Гүл қоям алау-қабырға

Еске алып атамды

Үн қосамын добырға

Біз Отанның бақытты баласымыз

Ертең елдің қорғаны панамыз.

Айым


Жеңіс, алақай жеңіс!

Жасасын жеңіс

Болмасын соғыс

Болмасын соғыс Болмасын

Ақжүрек


Бауыржан, Мәлік, Талғаттар

Сүйікті болып қалды аттар

Олар аттас қаншама

Сәби бар, шәірт, солдат бар

Амина


Би: «Сарбаздар»

Жүргізуші: Осы сұрапыл соғыста ер азаматтар мен біздей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, Отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. .... соғыстың өзі өрімдей жап жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа келгенде соғысқа аттанды. Ол пулметші, мерген болған Мәншүк ерлікпен қаза болды, ел үшін отқа түсіп, жас өмірін Отан үшін қиды.

Алаулап гүл тұрады

Туған жер құлпырады

Бейбітшілік болса

Түрленіп бақша-бағы

Тірлік те жақсарады

Бейбітшілік болса!

Үйлер де құламайды

Ешкімде жыламайды.

Бейбітшілік болса!

Балалар болады аман,

Бейбітшілік болса! –деп дана халқым тегін айтпаған.



Атамнан да сұрадым

Көкемнен де сұрадым

Ағамнан да сұрадым

Апамнан да сұрадым

Тосты бәрі құлағын,

Дұрыс десті сұрағың!

Бейбіт күні бәрі де,

Жеңіс күні шырағым

Нұрым


Достық бізге тым ыстық

Бірлік байлық, ырыс-құт

Жарқырасын күніміз

Жаса-жаса тыныштық!

Айғаным




Үйлер де құламайды

Ешкім де жыламайды

Бейбітшілік болса

Балалар болады аман

Аналар болады аман

Бейбітшілік болса

Бірғаным


Тастар көкке атылды

Орман шулап тау құлап

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ

Алихан


Жамылды жер тұманды

Өрт імінде қалды бақ

Жиырма сегіз қыранды

Жеңе алмады жау бірақ.


Қазақтың қамы үшін

Жүрегі ауырған

Елінің намысы

Қорғаған Бауыржан

Өр бөбеш Бауыржан

Бенар


Өлең: «Катюша»

Жүргізуші:

Елге қауіп төнбесін,

....... адам өлмесін!

Есен аман болайық

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!


Жүргізуші: Балалар, біз аға-апаларымыз үшін қарыздарымыз. Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру сіздердің және біздердің парызымыз!


Ешқашанда енді соғыс болмасыншы


Тек қана елге амандық бейбіт болып әрбіз күніміз береке тола берсін жылымыз биіктерге тұрсын мәнгі желбіреп көк аспанмен түстес біздің туымыз деп құрметті мекеме қызметкерлері, балалар осымен мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз!

Сау болыңыздар!