Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 26.02.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : Бізді қоршаған әлем
Апталық тақырып: Барлық мамандық маңызды
Бөлімі: ІІ.Еңбек гигиенасын құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау
Бөлімше: 2.1. Қайшымен жұмыс әдістері.
Оқу мақсаты: 0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию
Білім беру саласы:Шығармашылық
Оқу іс-әрекеті: Аппликация
Тақырып: Дүкен сөресінде
Мақсаты: Балаларға мамандықтар жайында түсінік беру. Қайшымен жұмыс істеу дағдыларын арттыру
Міндеттері:
Білімділік- Түстің ашықтығын са
лыстыруды қолдана отырып, безендірудің түрлі элементтерін қиып алып, біріктіру дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық – Балалардың сөздік қорын молайтып, ой-өрісін, тілін, қиялын дамыту
Тәрбиелік- Ұқыптылыққа үйрету, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.
Полилингвальды компонент: дүкен-score
Тіл дағдылары: майда, сөрелер
Технологиялық қамтамасыз ету: түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы,тұрғылар мен сүлгілер, тақырып мазмұнына байланысты суреттер. т.б
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | Есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім | (ұ) ұОқ-де оң көңіл күй туғызу. «Досыңа жақсы көңіл күй сыйла» тренинг-ойын. | Музыкалық сүйемелдеу. | | |
Негізгі бөлім | (ұ) Педагог тәрбиеленушілерге сұрақ қояды: Нан алу керек болса, Сыйлық алу керек болса, Өзімізбен сөмке алып, Біз далаға шығамыз, Сөрелер жанынан өтіп, Қайда біз барамыз? (Дүкенге) Педагог балалардан сөренің не екенін сұрайды. Ол қайда орналасады және не себепті қажет? Балаларға ҰОҚ-нің тақырыбын түсіндіреді. (ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс. Педагог балаларға суретті көруді ұсынады. Балалар жұптасып суреттегі азық-түліктердің пайдалы-пайдасыз екендігін және оның себебін талқылайды. Сөреде сатып алушыларға дүкеннен не сатып алуға болатыны көрсетіледі. Сөреде өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік және киім-кешек көрсетілуі мүмкін. Педагог сабаққа дайындықты тексереді. Балаларға жапсырмада қандай сөрені бейнелейтіні туралы ойлануды ұсынады. Дүкен сөресін жасау үшін қарындаш пен сызғышты қолдану жөнінде кеңес береді. (ұ) саусақтарға арналған жаттығу (ұ) Аппликация жасау технологиясы. Әзірлеме-негізде қалам мен сызғыштың көмегімен дүкен сөресін сызып алу керек. Тәрбиеленушілерге сызғышты қолдану ережесін еске салыңыз: сызғышты қағаз бетіне жатқызып, сол қолмен (егер бала солақай болса, оң қолмен) үстінен басып тұрады. Қарындашты сызғышқа қарай тігінен орнатып, қарындашты да тігінен ұстап, сызғыштан ажыратпай, сызық сызамыз. Сөре дайын болғанда, балалар оны толтыруға кірісе алады. Педагог, балаларға жоспар бойынша жапсырманы жасауға мүмкіндік бере отырып, қию техникасын қадағалап отырады. Қағазды түзу сызық бойымен қию кезінде оны төмен қарай түсіріп, біруақытта қайшыны жоғары қарай жылжыту керек. Домалақ және сопақ пішіндерді қию кезінде қайшы оң қолда бір орында қозғалыссыз ұсталады, ал сол қолмен қағаз сурет сызығының бойымен жылжытылады. Педагог балалардың дәл қиюын және бөлшектерді бүлдірмеуін қадағалайды. Өзіндік жұмыс кезінде педагог тапсырма берудің орнына, балаға кеңестер, жанама сұрақтар қойып, оның өз бетімен жұмыс жасауына қолдау көрсетеді. Қию сызығының анық, бұдырсыз болуын қадағалау қажет. Қиған кезде қағазды ойып алмауға тырысу қажет. (ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі Педагог ҰОҚ барысында қауіпсіз жұмыс ережелерін еске салады | Сұрақтарға жауап береді Альбомдағы суретке қарайды Қарындаш пен сызғыштармен сөре салады Бостан-босқа тұрмайын, Алмұрттарды жинайын! (Сол қолды кеуде тұсында иіп ұстайды – «себет», оң қолмен ағаштан алмұртты жұлып алып, себетке салған қимыл көрсетеді.) Алманы да терейін, Досым келсе, берейін. (Қолдарын ауыстырады.) Бананды аршып, оны да, Ұстатам достың қолына! («Банан» ұстаған қолын алға созады.) Өз жұмыс орныңда тәртіп сақта. Түзу құралдармен жұмыс жаса. Жұмыс барысында құрал жүзінің қозғалысына назар аудар. Қайшының сақинасын өзіңе қаратып қой. Қайшымен ойнама, бетке жақындатпа. Қайшыны мақсатына сай пайдалан. | | |
Қорытынды бөлім | « 5 саусақ» рефлексиясы. Балалар ҰОҚ алған әсерлері мен білімдерін қорытындылайды. Дайын үлгілерден көрме ұйымдастырылады. | Балалар қз ойларын білдіреді. | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: жапсырмада композиция жасай алады;
Түсінеді:. геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттарды қия алады; жапсырма материалын тиімді пайдалана алады.
Қабылдайды : жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретпен қолдана білді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 26.02.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»
Апталық тақырып: Барлық мамандықтар маңызды
Бөлімі: 1.Жанды табиғат
Бөлімше: 1.2.Өсімдіктер әлемі
Оқу мақсаты: 0.1.2.1. Өсімдіктің жанды табиғат бөлігі екендігін анықтай отырып, өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтау
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану
Тақырып: Өсімдік өсу үшін не қажет?
Мақсаты: Тірі табиғат бөлігі ретінде өсімдіктерді анықтау. Өсімдіктер өмірі үшін қажетті жағдайларды білу.
Міндеттері:
Білімділік - Өсімдіктердің дамуы мен өсуі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық – Ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік - Өсімдік әлемі не деген ұқыпты қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Полилингвальды компонент: гүл- flower, тәжірибе- experiment
Тіл дағдылары: флора, күтім жасау.
Технологиялық қамтамасыз ету: әліппе дәптер, су, топырақ, күннің суреттері; бөлме өсімдіктері; үрмебұршақ тұқымдары; қораптар.
Кіріспе бөлім Негізгі бөлім | Тәрбиешінің әрекеті Кіріспе тапсырма. Балаларға пантомимамен сау өсімдікті көрсетуді сұраңыз. Содан кейін солып бара жатқан өсімдік қандай болатынын сұраңыз. Ол неге осындай болды? Оған не жетпеді? Өсімдіктерге өсу үшін не қажет? Д/ойын: «Суреттерді салыстыр» Екі суреттегі өсімдіктерді салыстыру. Қандай айырмашылықтарын байқадыңдар? Балалардың назарын әліппе-дәптердегі суретке аударыңыз. Тағы қандай жерлерде шөп аз өсетінін, ал қай жерде өте жақсы өседі? Неге бұлай екен? Салыстыру үшін алаңқай немесе жапырақты орманның суретін көрсету. -Өсімдіктерге өсу үшін не керек екен? Шөл. Педагог шөлді жерлердің, орманның суреттерін көрсетеді. Зерттейік. Жұмысты еркін құрылған топтарда ұйымдастырыңыз. Үрмебұршақ немесе асбұршақтың тұқымдарын, бөлме өсімдігін (немесе өніп тұрған үрмебұршақты), 3 құты (пластикалық стақандар), топырақ, қорап және “су, жарық”; “су, жарықсыз”; “жарық, сусыз” деген жазулары бар қағаздарды пайдаланыңыз. Нұсқаулар Құтыларға жазулары бар қағаздарды жабыстырып, сол күнді, топтың атауын немесе баланың атын жазып қою. Құтыларға топырақ салу. Тура осыны бөлме өсімдіктері немесе алдын ала өнген тұқымдар арқылы да жасауға болады. | Баланың әрекеті Қимылмен ыммен қураған өсімдікті көрсетуге тырысады. Екі суретті салыстырады. Сұрақтарға жауап береді. Күн керек Әрқайсысына бір үрмебұршақ тұқымын отырғызу. Тұқымды сабаққа бір тәулік қалғанда сулап қойған дұрыс. Құтыларды терезенің алдына қою. Бірінші құтыдағы топырақты суарып, қақпағын ашып қою. Екінші құтыдағы топырақты суарып, қораппен жабу. Үшінші құтыдағы топырақты ашық қалдырып, суармау. | Есеп |
|
|
Қорытынды бөлім | -Әліппе дәптердегі суреттерге қарай отырып өз ойларыңды айт. - Әліппе дәптер шетіне өзіңнің тапсырманы қалай орындағаныңды өзің бағала. | Балалар тапсырманы орындайды Өздерін бағалайды | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: тәжірибе жасау арқылы қорытынды жасау
Түсінеді: болжам жасауды үйренеді
Қабылдайды : тәжірибе жасайды
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 26.02.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»
Апталық тақырып: Барлық мамандықтар маңызды
Бөлімі: 4. Математикалық модельдеу
Бөлімше: 4. Математикалық модельдеу
Оқу мақсаты: 0.4.1.2. Таңбаларды тану ( =, ,
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ
Тақырып: Менің достарым. Заттар тобын салыстырамын.
Мақсаты: Бірнеше белгілерге бағдарлана отырып, үлгі бойынша нысан дарды іріктей алуға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік - Заттарды салысты руын білу
Дамытушылық – Геометриялық фигуралар мен дене лерді ажыратып, атауға және модельдеуге жаттықтыру
Тәрбиелік - Есеп шығаруға тәрбиелеу
Полилингвальды компонент: аз-Few , көп- A lot of
Тіл дағдылары: -- Есеп, «көп», «аз», «сонша» ұғымдары .
Технологиялық қамтамасыз ету: жиынтық пототносы, үлестірмелі карточкалар
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім | Ынталандыру. ҰОҚ-нің тақырыбына кіріспе ретінде педагог ойын ойнауды ұсынады. Өзектендіру. Педагог балалардан өткен сабақта қандай белгілермен танысқанын сұрайды. Заттар тобын қалай салыстыруға болатынын айт. Заттардың екі тобын салыстыру жазбасына қандай белгі қоюға болатынын түсіндіре аласыңдар ма? Заттар тобын қалай салыстыруға болатынын айтуға саған қандай сөздер көмектескенін жəне мұны математика тілінде жазуға қандай белгілер көмектескенін түсіндір. Балалар бөлменің ортасына шығып, педагог атаған белгі бойынша (ұлдар, қыздар) топпен сапқа тұрады жəне кімнің көп немесе аз екенін салыстырады. Бұдан əрі педагог екі топтағы балалардың «көп», «аз», «тең» екенін көрсететін таңбаны табуды сұрайды. Бүгін біз белгілерді (=, , Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Жиынтық полотномен жұмыс. Жағдайдың үлгісін келтіреді. Сырым мен Əлия ыдыс-аяқты қойып шығады (немесе шарларды санайды), оларға заттардың санын салыстыруға көмектесу керек. Өздік жұмыс. (Ж) Педагог жұппен 1-тапсырманы талқылап, орындауды ұсынады. | Ойын ойнайды Заттар тобын салыстырудың әдістерін ойлайды Үлестірмелі материалдан саны бар карточканы тауып, топта қанша адам бар екенін көрсетеді. Балалар бір-біріне суреттерге қандай жазбалар келетінін түсіндіреді. | | |
Негізгі бөлім | Меңгерген нəрсені қолдану. 2-тапсырманы орындау ұсынылады. (Ө) Балаларды бір уақытта белгілердің атауларын дауыстап айту арқылы оларды қоршап жаттықтырыңыз. Алдыңғы ҰОҚ-дегі белгілер туралы ертегіні қайталап айтып беріңіз. Жақсырақ есте сақтау үшін белгілерді шынтағынан бүгілген қолмен көрсетуді ұсыныңыз. Əдетте адамдардың көпшілігі оң қолмен жазады, демек оң қолды бүксек, артық белгісін көреміз. Өздік жұмыс (Ө)3-тапсырма жеке жұмыс істеуге арналған, кейіннен жұппен тексеріледі. Тапсырмаларды тексерген кезде əрбір бала міндетті түрде жазбаға дауыстап түсінік береді жəне оның таңдау себебін айтады. Мысалы: 1-нұсқа: Мен сол жақтағы гүлдер санын санадым жəне санын жаздым. Сосын оң жақтағыларын санадым да, санын жаздым. Мен сандардың қатарына қарап, сол жақтағылардың саны оң жақтағылардың санынан көп (аз, тең) екенін анықтадым. Мен үлкен таңбаны таңдадым. 2-нұсқа. Мен оң жақтағы жəне сол жақтағы суреттердің арасына сызық жүргіздім, кейбір суреттер жұпсыз қалды. Демек, заттардың бұл тобында олар көп. Мен сол жақтағы жəне оң жақтағы суреттердің санын санап, таңба қойдым. (Т) Топтық жұмыс. Қорапшаларға немесе дорбаларға фигуралар салынған. Балалар таңдамай бірнешеуін шығарады жəне заттардың топтарын салыстырады. Белгілерді шығарып, топтардың арасына қояды. Цифрлар бейнеленген карточкаларды шығарып, теңсіздік құрады. Жұмыстың басқа нұсқасы. «Жаңбыр» қимылды ойыны. Музыка естіледі. Балалар бөлмеде секіріп жүреді. Педагог музыканы тоқтатқан кезде балалар еденде жатқан «үйшіктерге» жасырынады. Ол үшін шеңбер сызуға немесе кеңістікті қоршауға болады. Енді үйшіктердің əрқайсысындағы балалар саналады. - Қайда артық, қайда кем? Қалай салыстыруға болады? Қандай белгі қою қажет? Қалай жазуға болады? | | | |
Қорытынды бөлім | Рефлексия. Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Жетістік ағашы » арқылы бағалауды ұсынады. | Балалар өз ойларын айтып, жемістерді ағашқа орналастырады. | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: Белгілерді таниды ( =, ,
Түсінеді: суреттерге ( =, ,
Қабылдайды : 5 затқа дейін суреттерге ( =, ,
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 27.02.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»
Апталық тақырып: Барлық мамандықтар маңызды
Бөлімі: 4. Математикалық модельдеу
Бөлімше: 4. Математикалық модельдеу
Оқу мақсаты: 0.4.1.1. «+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «–»
таңбасын заттар тобынан кеміту таңбасы ретінде түсіну жəне оларды пайдалану.
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ
Тақырып: Мен мектепке барамын. Қосамын жəне азайтамын.
Мақсаты: «Есеп» түсінігімен, оның құрылымдық элементтерімен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік - Сурет бойынша есеп құрастыруды жалғастыру.
Дамытушылық - Заттарды азаю және көбею тәртібі бойынша орналастыру біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік - Толық жауап беруге тәрбиелеу
Полилингвальды компонент: мектеп-School, оқушы-Pupil
Тіл дағдылары: --қосу, азайту (алу).
Технологиялық қамтамасыз ету: үлестірмелі қағаздар. Əліппе-дəптер Жиынтық полотно, Суреттер
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім | Ынталандыру. Педагог балалардан олардың мектепке барғысы келетін- келмейтінін сұрайды. Оларға елімізде барлық адам білім ала алатынын айтады. Бірақ мектепке бару үшін көп нəрсе үйрену керек. Сосын педагог 1-сыныпқа сəтті көшу үшін балаларға не керек екенін сұрайды. Өзектендіру. – Бүгін біз көптеген нəрсе үйренеміз. ҰОҚ-нің тақырыбына кіріспе ретінде педагог заттардың топтарын есептеу ойынын ұсынады. Балалардың қозғалу белсенділігін пайдалануға болады. Оқу бөлмесі кеңістігінің бір бөлігін орындықтармен қоршаңыз. Педагог бабаларға орындықтардың артында «үй» бар деп елестетуді ұсынады. Бірнеше адам «үйге» кіріп, қалған балалар оларды санап, саны бар карточканы көрсетеді. Сосын «үйге» тағы да бірнеше адамды кіргізеді де, қанша адам кіргенін санайды. Сосын қанша болғанын санайды. Осыған ұқсас ойынды азайтуға дайындалғанда да өткізеді. | Үлестірмелі материал мен жиынтық полотноға назар аударады. «Үйден» бірнеше бала шығады. Мұның барлығы керекті саны бар карточканы іздеумен жəне оны тақтаға немесе үстелге қоюмен қатар болады. | | |
Негізгі бөлім | Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Осы ойыннан кейін педагог балалардың бұл жағдайды математика тілінде қалай жазуға болатынын білетін- білмейтінін сұрайды. – Бүгін біз адамдарға сандардың бір бөлігін қосқан жəне алған кезде сандар қалай болатынын жазуға көмектесетін жаңа таңбаларды білеміз. Жаңалық ашу. (Ұ) Əліппе-дəптердегі 1-тапсырма бойынша жұмыс істеуге болады, не «үй» ойынымен ұжымдық жұмысты жалғастыруға болады. Педагог «+» жəне «–» таңбаларын алып, балаларға көрсетеді. Оларды суреттегі немесе ойындағы белгілі бір жағдайда сандардың арасына қоюды ұсынады. Сосын жиынтық полотнода заттар санайтын материалмен (бұл жағдайда екі түстегі шаршылармен) ауыстырылады: Жазбалар шығады. Педагог мұндай жазбаларды дұрыс оқуға үйренуді ұсынады. Хормен оқу тəсілі қолданылады. Бұл жазбаларды түрліше оқуға болатынына балалардың назарын аударыңыз. (Ж) Жұппен бұл жерге қандай сандарды жəне неге қою керектігін талқылауды ұсыныңыз. Қолданылатын сөздер: қосу, жиынтықтау, плюс, ... арттыру, азайту, шегеру, минус. Педагог оқу үлгісін ұсынады, балалар оның артынан қайталайды (Ө) № 2 тапсырмада белгілерді айналдыра бастырып сызу берілген. (П) (Т) Топтарда ұқсас жағдаят жасаңыз. Олар бір-бірінен ұстайды. «Аялдамада» бір бала «шығады», ал қалғандары: «бесті бірге азайтқанда төрт қалады» дейді. Одан кейін қозғалыс жалғасады. Аялдамада тағы бір бала шығады. Ойын осылай жалғасады. Сонымен қатар сабақтарда алу мен қосу мысалдары үшін №7-9 полотно қолданылады. Одан кейін балалар орындаған жұмыс түрлерін естеріне түсіреді. Нені жеңіл жəне сəтті орындағанын, неден қателескендерін немесе қиналғандарын талдайды. | Əліппе-дəптердегі тапсырмаларды орындайды Балалар пойызбен жүріп бара жатқандарын бейнелейді. . Одан кейін балалар мысалдарды түрліше оқиды. Жұп болып № 3 тапсырмада қандай сандарды жəне неге қою керектігі талқыланады Смайликтердің немесе басқа шартты белгілердің көмегімен өз жұмысының нəтижесін көрсетеді.. | | |
Қорытынды бөлім | Рефлексия. Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады. Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады. | Балалар өз жетістіктерін бағалайды. | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: -фигуралар (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен
денелер (шар, текше, цилиндр) біледі.
Түсінеді: -- «+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «–» таңбасын заттар тобынан алу (азайту) таңбасы ретінде түсінеді.;
Қабылдайды : --«+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «–» таңбасын
заттар тобынан алу (азайту) таңбасы ретінде түсінеді жəне оларды пайдаланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 27.02.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»
Апталық тақырып: Барлық мамандықтар маңызды
Бөлімі: 1. Мен -Адаммын
Бөлімше: 1.5 Мен және менің тәрбиешім
Оқу мақсаты: Адамгершілік тұрғыдан баға беру,адами құндылықтар туралы бастапқы түсініктер ие болу.
Білім беру саласы: Әлеумет
Оқу іс-әрекеті: Өзін-өзі тану
Тақырып: Менің тәрбиешім
Мақсаты: Өз тәрбиеші жайлы түсініктерін балалардың бойларына қалыптастыру.
Білімділік: - Тәрбиеші, ересек, дос, мұғалім туралы білімдерін жетілдіру
Дамытушылық: - Ересектердің балабақшдағы еңбегі туралы білімдерін дамыту
Тәрбиелік: - Тәрбиешінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Полилингвальды компонент: тәрбиеші- The teacher , балабақша- Kindergarten
Тіл дағдылары: қастерлеу, сыйлау
Технологиялық қамтамасыз ету: иллюстрациялық материал, əліппе-дəптер,түрлі түсті қарындаштар, суреттер,
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім | Педагог «Балабақша» өлеңін оқып береді. | Балалар мұқият тыңдайды. | | |
Негізгі бөлім | Балалар, өлеңнен не түсіндіңдер? Ой қозғау: Әңгімелесу Тәрбиеші мен шәкірт арасындағы сыйластықты қарым-қатынастарын дамыту мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады. — Тәрбиеші деп кімдерді айтамыз? — Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз деп санайсыңдар? — Тәрбиешілерінді қалай қуантар едіңдер? Жүректен-жүректе: ( Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Саусақтарды біріктіре. Жүректі біз құрайық, Жүректегі жылулықты. Досымызға сыйлайық. Тәрбиеші ой пікірлерді толықтыру және оқушылардың өз ойларын пайымдауларын байқау үшін «Суретке қарап, ұстаздық еңбек туралы айтып беріңдер» Жаңа сабақ. «Жаңа тапсырманы» талдау арқылы тәрбиешінің балалардың өміріндегі маңызы орын алатыны түсіндіріледі. Балаларға тәрбиеші еңбегінің маңызын аша түсетін жаңа оқу іс-әрекетімен танысу ұсынылады. Дәптермен жұмыс Тапсырма: Балаларға тәрбиеші еңбегінің маңыздылығы мен мән-мағынасын түсіну үшін «Менің тәрбиешім» негізінде әңгімелеу ұйымдастырылады. | Тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді. Сурет бойынша әңгімелейді, бояйды. Ойынға қатысады. Балалар өз сезімдерін бейнелейтін суретті салады. | | |
Қорытынды бөлім | Оқу іс- әрекеті атқарылған жұмыстың нəтижесін қорытады. Балаларды мақтайды, білуге деген құштарлықтарын ынталандырады. Тәрбиеші балалардың өз жұмысына баға беруін сұрайды | Бала өзінің жұмысын таяқша арқылы бағалайды. | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: тәрбиеші еңбегі жайлы біледі
Түсінеді: үлкендер еңбегін бағалау туралы білімдерін молайтады.
Қабылдайды : тәрбиешілерге құрмет көрсету т.с.с қасиеттерге баулу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 02.03.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»
Апталық тақырып: Барлық мамандықтар маңызды
Бөлімі: 2.Қимыл үйлесімділігінің дағдылары
Бөлімше: 2.1 Ырғақ сезімі және қимыл үйлесімділігі
Оқу мақсаты: 0.2.1.4 Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау.
Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу іс-әрекеті: Драма
Тақырып: Үлкенге құрмет, кішіге ізет
Мақсаты: Үлкен адамдарды құрметтеуге үйрету
Міндеттері:
Білімділік - Қария ата-әжемен ,өзінен үлкен адамдармен дұрыс амандасу керек екенің түсіндіру.
Дамытушылық - Жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік- Әдептілікке тәрбиелеу.
Полилингвальды компонент: ересек адам - Adult
Тіл дағдылары: ізет, құрмет көрсету
Технологиялық қамтамасыз ету: суреттер, үлестірмелі қағаздар, әліппе - дәптері
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | Есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім | Балалар, біз шеңбер бойына жиналып бір - біріміздің қолымыздан ұстағанда нені сезіндік ? Балалардың жауабы: - Достық. - Жылулық. - Бәріміз бірге екенімізді. Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? | Сұрақтарға жауап береді | | |
Негізгі бөлім | Демонстрациялық құралмен жұмыс. Тәрбиеші: Балалар, мына суретке қарап әңгіме құрайық. Суретке қарап көргендеріңді өз қиялдарыңмен толықтырып, әңгіме құрап көріңдер. Жақсы, ал енді осы суреттердегі жақсы әрекеттерді жылы түсті текшелермен, жаман әрекеттерді суық түсті текшелермен белгілейік. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген сөзді қалай түсінеміз? Тәрбиеші: Әрқашан үлкенді сыйлап, кішіге ізеттілік көрсетуіміз керек.Балалар біз бүгін сіздермен « Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында оқу іс-әрекет жүргіземіз. - Кәне, балалар ізеттілік туралы қандай тақпақтар білеміз? Ойын: «Жақсы, жаман» Мақсаты: жаман әдеттен аулақ болуға, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу. Тәрбиеші төмендегідей әрекеттерді кезекпен айтып тұрады, ал балалар дауыстап ол әрекеттің жақсы, жаман екенін айтады. - ағаштың бұтағын сындыру, - гүлдерге су құю, - қарт адамға күлу, - әжеге көмектесу, - бауырыңды ойнату, - құстарға ұя жасау, - ағаш бұтағына қонған торғайды таспен ату, - өзіңнен кішкентай баланы қорқыту, жылату, - үлкен кісіге орын беру. Сергіту сәті: Біз әдепті баламыз, Айтқан тілді аламыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз. Тәрбиеші: Ал, енді балалар, тақтадағы суретке назар аударайық. Бұл күліп тұрған күннің көзі. -Не жетіспейді? Балалар: Күннің шуағы жетіспейді. Тәрбиеші: Олай болса, жылы сөздер айтып, күннің шуағын жапсырайық. Балалардың жауабы: - қарт адамдарға құрмет көрсету, - кішіге қамқор болу. - әрқашанда мейірімді болу, - үлкеннің айтқанын тыңдау. - әдепті болу. Тәрбиеші әрбір жауапқа күн шуағын іліп отырады. -Ал, енді балалар, сендердің бойларыңда өздерің айтқандай қасиеттер болса мына күннің шуағындай бойымызда жылулық болады да, біз бәріміз күн нұрын қалай жақсы көрсек, бізді де айналамыздағылар солай жақсы көретін болады. Сондықтан да мен сендердің күн шуағындай болуларыңды тілеймін. « Ана алдында - құрмет, Ата алдында - қызмет. Сыйлап үлкен кісіні, Аялағын кішіні » - деген нақыл сөздерді әрдайым есімізде сақтаған жөн. | Назар салып тыңдайды Балалар берілген суреттерді әңгімелеп, жетекші сұрақтар арқылы неліктен жақсы, жаман әрекетке ажыратқандарын дәлелдейді, тәрбиешінің нұсқауы бойынша текшелермен белгілейді. Карина: Алдымыздан кезіккен, Көп танысты білеміз. Бәріне де ізетпен, Иіліп сәлем береміз. Мейрамбек: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлем бердік сіздерге, Құрметпен біз. Диана: Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Бәріне де ізетпен, Иіліп сәлем береміз. Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. | | |
Қорытынды бөлім | Тәрбиеші тақырыпты қорытып, балаларды мадақтап, алғыс айтады. | | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: «Құрмет» - деген сөздің мағынасын
Түсінеді:. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін
Қабылдайды : тапсырмаларды орындайды, әңгімелейді