Жүргізілу барысы Көк Ту - ән.(Ту ұстаған оқушылар залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.) Залдағы қонақтарды тұрғызу. Мемлекеттік әнұранын айту. 1-жүргізуші Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады. 2-жүргізуші: Бар әлемге шын танылдық міне, біз, Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз. 1-жүргізуші: Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп, Елдің даңқы бар жаһанға естіліп. Елбасыны құрметтейтін ерекше Армысыздар, ақ пейілді көпшілік! 2-жүргізуші: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ, Қазақ елін мойындауда дос таңдап. Елбасының еңбегімен нұрлана Қазағымның мерейі тұраспандап. 1-жүргізуші: Елі үшін олжа салып қиырдан, Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан. Мерекеңіз құтты болсын көпшілік Елбасының құрметіне жиылған! 2-жүргізуші: Бүгінгі мереке 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналып отыр. Сөз кезегін мектебіміздің директоры Тлеукулов. К.Т беріледі. 1-жүргізуші: Елбасының жүрген жолына саяхат жасау барысында экранға назар салайық(1-слайд) Раушан Қазақстан дейтін менің бар елім . Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған, Сынып оқушыларының «Егемен ел » атты әнін тамашалайық 1-жүргізуші:Аружан Қазақ елі желбіреп көк байрағың, Гүлге оранды ауылың мен аймағың. Нұрсұлтаның биіктерге бастады, Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын! 2-жүргізуші: Сағит Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн Артта қалды бодан болған азап күн Елім, жерім қазағым деп тебіренем Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын. Қазақ халқының тұтқасын Нұрсұлтандай ер ұстағаннан кейін Қазақ елінің тарихының жаңа парақтары жазылды. 1-жүргізуші:Аружан Ия, Елбасымыз жаңа тарихымызды асқан сүйспеншілікпен және зор жауапкершілікпен жалғастырды. Елбасымыздың төл туындыларының бірі- елордамыз, жас қаламыз, бас қаламыз – Астана. Астана туралы тақпақтар Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы. Жаңарып ай,жылдарым, жаңарып күн, Жаңғырып есімдері сан алыптың. Күн шуақты Астана бой көтерді, Белгісіндей бейне бір даналықтың. Астанам - бағы биік асқарымсың, Астанам – мәнгі жарық аспанымсың, Астанам пейіш қалам,ел арманы, Астанам – қайда жүрсем мақтанышым. Зарина Ғұмыр ойы күресіп қайран бабам, Осы күнді аңсаған, армандаған. Сарыарқаның төсінде бой көтерді. Қазақтың Астанасы – арман қалам! Асет Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді Отан дейміз туған жер, атамекен Биік тау, орман, тоғай көлімізді 2-жүргізуші: Біздің Отанымыз қазір қалыптасу кезеңінде. Ал, біз жарқын болашақтың ұрпақтарымыз. Олай болса, біз - «Мен Қазақпын» -, деп мақтанатын ұрпақтармыз деп айта аламыз. Келесі кезекте ортада Шалқарұлы Ертөстіктің орындауында «Жаным Қазақ!» әнін қабыл алыңыздар. 1-жүргізуші: 2 сынып оқушыларының биін тамашалайық 2-жүргізуші: 1, 2-жүргізуші:Елімде бейбіт тыныш заман болсын, Тілеймің әр адамға бақыт қонсын! Елімнің ел ағасын халқы қолдап, Қазақстан жеріміз аман болсын! Ән «Атамекен». 1, 2-жүргізуші: (Аружан. Сағит) Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар! |