Ересек топтарға арналған жол жүру ережесі бойынша
«Бағдаршамда қонақтамыз»
атты спорттық мереке
Жүргізушілер: Дене тәрбие нұсқаушысы, топ тәрбиешілері.
Бағдарламалық мазмұн: Балалардың жол жүру ережесі туралы білімдерін бекіту, жол ережелерін сақтау туралы түсініктерін қалыптастыру;
Жол жүру ережелері бойынша бағдаршам және оның белгілері туралы , жол жүру ережелері, «Жаяу жүрушілердің өтпе жолы», «Балалар», «Бірінші медициналық көмек көрсету пункті», «Автобус және (немесе) троллейбустың тоқтау орны», «Тамақтану пункті», «Телефон», «Тұру орны» жол, қызмет көрсету белгілері бойынша білімдерін бекіту;
«Бағдаршам белгілері», «Зебра», «Жүк көліктер», «Медициналық қорапшада не жатыр?» «Әр белгі өз орнында» атты тапсырмаларды орындағанда логикалық ойлауды, есте сақтау, кеңістікте бағдардауды қалыптастыру;
Көшедегі қауіпсіз тәртіп сақтау ережелерін бекіту және де жолда жүру ережелері бойынша қызығушылықтарын қалыптастыру;
Эстафета ойындарында балалардың ептіліктерін, шапшаңдықтарын дамыту, қозғалыстағы белсендіктегі қызығушылықтарын ояту;
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар: Ата-аналарға арналған «Трамвай, троллейбус, автобусты пайдалану Ережелері» атты жаднама, «Абай болыңдар: жол!» сауалнамасы
Балалармен жүргізілетін жұмыс: «Жол белгілерін жина» атты пазлды жинау, «Өз түсіңді тап», «Қызыл, сары, жасыл» атты қозғалыс ойындары, бағдаршамға саяхат.
Материал: ЖЖЕ бойынша плакат, бағдаршам, жол белгілері, эстафета мен ойындарға арналған жеңіл де ырғақты әуендер, «машина шуылы», қапшық, 3 түрлі кішкенге доптар, ақ картоннан жасалған жолақтар «зебра», рөлдер, құм толтырылған кішкене қапшықтар, «Медициналық қорапшада не жатыр?» атты ойынға керек құралдар: бинт, дәке, салфетка, лейкопластрь, қайшы, йод, термометр, түрлі түсті қарындаштар, бояулар, альбом, доп, қуыршақ.
Қатысушылар: балалар, жүргізуші, Бағдаршам, Қызыл телпек.
Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты достар! Сендермен бүгінгі спорттық мерекеде кездескенімізге қуаныштымыз. Біздің балабақша, яғни біздің үйіміз жолға жақын орналасқан. Егер қлақ салып тыңдасақ, онда машнаның гуілін (шуын) естиміз. Көше жолы таңғажайыпқа толы. Бүгін біз сендермен жол жүру ережелерін еске түсіреміз және қайталаймыз, ол үшін біздің қатысушы топтар сендерге көмектеседі. Оларды ортаға шақырайық.
Музыка әуені. Балалар залға кіреді (әр топтың футболкасында 3 түстің біреуінен жұлдызша), 3 қатарға сап түзейді. (қызыл, жасыл, сары)
Қызыл телпек кіреді:
Амансыңдар ма балалар! Мен бүгін бірінші рет үлкен қалаға келдім, өзім ауылда әжеммен бірге тұрамын. Бұл қалада көп нәрсе маған түсініксіз: белгісіз белгілер ілулі тұр, жолдар, көше, машиналар. Маған осыны түсінуге көмектесіңдерші.
Жүргізуші: Әрине, Қызыл телпек, біз саған көмектесеміз, бізбен бірге қал. Бізге Бағдаршам Бағдаршамұлы көмектеседі. Ол қайда екен?
Бағдаршам туралы тақпақтар.
Бағдаршам-біздің досымыз,
Бағдаршам-көмекшіміз.
Жауында да, боранда да,
Қырағы көзімен қарайды,
Бізді пәледен сақтайды.
Қызыл көзі жанды ма,
Тоқта, ешқайда барма.
Ал артынша сары көзі жанды,
Барасың қазір жол ашылады.
«Волга», «Мазда», «КАМАЗ» да,
Тоқтаңдар, жол жабық!
Бағдаршам бізге қарай
Жасыл көзбен қарайды,
«Бара ғой, тұр ма, жарайды».
Бағдаршам Бағдаршамұлы өлеңдетіп кіреді.
Міне, мен де келдім.
Әзер үлгердім. Сәлем бердім, бәріңе.
Мен тәкаппармын, тәкаппармын,
Өжетпін, мен батылмын,
Жүк машинаны тоқтатамын,
Трамвайды өткіземін.
Тәртіпті ұнатамын,
Оны мен сақтаймын.
Жүргізуші: - Сіз қайда болдыңыз?
Бағдаршам Бағдаршамұлы: Балабақшаға келе жатсам, жолдың бойында балалар доп ойнап жүр. Балалар, олардың бұл ісі дұрыс па?
Балалардың жауабы:
Бағдаршам Бағдаршамұлы: Сол балаларға тоқтап, жол жүру ережелерін айтып, міне сол үшін кешігіп қалдым.
Қане, балалар менің белгілерімді естеріңе түсіріңдерші.
«Бағдаршам» жаттығуы. Балалар шеңбер бойына тұрып, жүреді.
Қызыл шамым жанып тұр. Жол жоқ, шофер тоқтай тұр. ( бір орында тұрады)
Сары шам жанды, күте тұр, Жасыл шам одан алда тұр. (балалар жартылай отырып, жүреді)
Міне, жанды жасыл шам, Қане, шофер, жүргін, бейғам. (балалар шеңбер бойымен адымдап жүреді)
Тоқ-тоқ-тоқ, Күн-күн-күн, Жүреміз біз күнбе-күн. (балалар шеңбер бойымен жыланша ирелеңдеп, музыка әуенімен жүгіреді)
«Бағдаршам белгілері» ойын. Балалар 3 топқа тұрады.
Үш топқа үш –үштен кедергі қойылады. Әр топтың капитаны жүргізушінің қапшығынан белгілер алады. Сол белгілер бойынша өз орындарынан мәреге дейін жетуі тиіс. Ойнайтын топ бірінің артынан бірі қолдарын алдыңғы ойыншының иығына қойып тұрады. Ал жүргізушінің қапшығында үш түрлі түсті доптар салынған. Әр топ капитаны сол қапшықтан қандай түс алса, сол белгі бойынша ойын ойнайды.Қызыл түсті таңдаса, онда тыныштық сақтап тұрады, сары түс түссе, онда қолдарын шапалақтап тұрады, жасыл түс түссе, келесі кедергіге дейін жүреді. Қай топ бірінші мәреге жетсе, жеңіс сонікі.
Бағдаршам Бағдаршамұлы:
-Жарайсыңдар, балалар! Менің барлық белгілерімді біледі екенсіңдер. Ал енді жол белгілерімен таныссыңдар ма? Қане, тексерейік? Мен белгіні көрсетемін, сендер қандай белгі екенін айтып бересіңдер.
Белгі: «Жаяу жүрушілердің өтпе жолы».
Қызыл телпек: Егерде бағдаршам болмаса, мен жолдан қалай өтемін.
Балалардың жауабы:
Қызыл телпек: Мына белгі қандай, балалар? (балалар баспалдақтан төмен түсіп бара жатқан адамы бар белгіні көрсетеді)
Балалардың жауабы: «Жер асты өтпе жолы»
Тақпақ. Жаяу жүруші, Өтпе жолды ұмытпа, Оны есіңе сақта.
Жерасты, жерүсті, Зебраға ол ұқсаған.
Талай халықты апаттан ол сақтаған.
Жүргізуші: Ал, балалар, енді ойнайық. «Зебра» ойыны.
Барлық топ мүшелеріне ақ картоннан жолақтар тартылады. Бірінші ойыншы өзінің жолында жолақты қойып, оның үстіне тұрады да, кері қайтады. Ал, екінші ойыншы сол жолақтың үстімен жүріп, өзінің жолағын қояды, ойын жалғаса береді. Ең соныңда капитан сол жолақтардың үстімен жүріп, кері қайтқанда жолақтарды жинап алып келеді. Бұл ойын уақыт пен шарттың дұрыс орындалуына сәйкес ұпай қосылады.
Бағдаршам Бағдаршамұлы: «Балалар» деген белгіні көрсетеді.
Әй, шоферлар, қараңдар,
Мына жерде, тоқтаңдар.
Мұны жұрттың бәрі біледі:
Бұл жерде жүреді тек, «балалар».
Жүргізуші: Қане, тағы да ойнайық. Ойын «Жүк көліктері»
Бұл ойынды жүргізуге рөлдер керек, құм салынған қапшықтар және екі кедергі қойылған. Қолдарыңда рөл, ал бастарыңа құм салынған қапшықты қояды. Өз орнынан белгіленген межеге дейін, рөлді ұстап, басына қапшықты қойып, жүгіріп келеді де, келесі ойыншыға рөл мен жүкті береді. Қай топ, жүкті түсіріп алмай, дұрыс орындаса, және тез бітірсе, сол топқа ұпай саны қосылады.
Бағдаршам Бағдаршамұлы «Медициналық көмек көрсету пункті» жайлы белгіні көрсетіп, айтып өтеді.
«Медициналық көмек көрсету пункті» - жолда келе жатып басы ауырғанда немесе іші ауырғанда, қандай бір жағдай болғанда көмек көрсететін, жәрдем беретін пункт.
«Медициналық қорапшада не жатыр?» ойыны.
Үш топқа үш қорапша беріледі жән үш бала шығып, тапсырманы орындайды. Үстел үстіндегі заттардан медициналық керек-жарақтарды жинайды. Қай топ баласы тез, мүлтіксіз орындаса, ұпай саны сол топқа қосылады. «Медициналық қорапшада не жатыр?» атты ойынға керек құралдар: бинт, дәке, салфетка, лейкопластрь, қайшы, йод, термометр, түрлі түсті қарындаштар, бояулар, альбом, доп, қуыршақ.
Қызыл телпек: Менің сендермен ойнағым келіп тұр. Үш топқа үш пазлы беріледі. «Тұру орны» белгісі пазлын кім тез жинайды. Берілген уақыт 1 минут.
«Әр белгі өз орнында» ойыны.
Топтарға «Тамақтану пункті», «Телефон», «Тұру орны» белгілері таратылады. Балалар сол белгі бойынша түсінік береді. Музыка әуені ойналып, балалардың барлығы билейді. Олар билеп жүрген кезде, белгілердің орындары өзгертіліп қояды. Әуен біткен кезде ауысқан белгілерді тауып, әркім өз белгісінің жанында жиналып, шеңбер болып тұра қалады.
Қызыл телпек:
Рахзмет, балалар! Сендер маған жол белгілері туралы ғажайып саяхат көрсеттіңдер.
Рахмет, Бағдаршам Бағдаршамұлы. Жол әліппесі туралы көп білім бердіңізү Енді мен үлкен қалада енді адаспаймын. Балалар, мына сендерге сыйлыққа «жолда жүру ережелері» атты жаднаманы беремін. Жолда жүру ережелерді естеріңе сақтап жүріңдер.
Сау болыңдар, балалар! Кездескенше!
Жүргізуші:
Жол жүрудің тәртібін-
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден
Сау-саламат жүреміз.
Әділқазылар алқасына сөз беру. Марапаттау.
Бағдаршам Бағдаршамұлы мен әділқазы мүшелері балаларға мадақтамалар мен сыйлықтар таратады, барлығы бірігіп, суретке түседі.