СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Еуразияның физикалық географиялық орны

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өздері өмір сүріп отырған материктің физикалық-географиялық орнымен,өзіндік ерекшеліктерін анықтату.

-Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерінің,топта және жұпта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау

Просмотр содержимого документа
«Еуразияның физикалық географиялық орны»

«Еуразия материгі» тарауы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары.



Сынып

Күні: Пән: География

Сабақ тақырыбы

«Еуразияның физикалық-географиялық орны.Пішіні мен мөлшері.»

Сілтеме

География.Ә.Бейсенова,С.Әбілмәжінова,К.Каймулдинова

Мақсаты

-Өздері өмір сүріп отырған материктің физикалық-географиялық орнымен,өзіндік ерекшеліктерін анықтату.

-Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерінің,топта және жұпта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже

-Еуразия материгінің физикалық-географиялық орны,материктің ерекшелігі туралы білім алады.

-Жұппен,топпен жұмыс істей отырып географиялық орнын ажыратады.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта,оқулық,карталар,постерлер.

Әдіс-тәсілдер

Жұптық, топтық жұмыс, диалог, сын тұрғысынан ойлау, топ басшысының бағалауы.


Сабақтың барысы

І.Ұйымдастырыу

Сәлемдесу

Түгендеу

Алдыңғы таныстыру сабағында бөлінген топ бойынша отырады.

Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін анықтап алу

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1.Диалог.Әр топ 2сұрақтан дайындап,бір-біріне сұрақ қояды

Жаңа білімді игеру







Тапсырмалалар


Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.

Оқушылар бүгінгі күнді және жаңа тақырыпты

дәптерлеріне жазып қояды.

Миға шабуыл

1.Материк дегеніміз не?

2.Еуразия материгі қандай жарты шарда орналасқан?

«Еуразия» материгі сөзін айтқанда көз алдымызға не келеді?

Еуразия материгі туралы білетіндеріңді «Білемін» бағанына толтырамыз.

Жеке жұмыс.Оқушы Еуразия материгі жөнінде не білетінін дәптерге жазады.

Алдымен жұпта,сосын топта талқылап,әр топтан бір оқушы жазғандарын оқиды.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім





Қызығушылықты ояту

Осы тақырыпты білуіміз үшін нені меңгеруіміз керек?Қазір «Білгім келеді» бағанын толтыра қойыңыздар.

Дәптерлеріне кестені толтырады.Сосын топта талқылап,топтан бір оқушы ойын айтады.

-Еуразия материгі туралы не білгіміз келеді екен ?

- Қандай мақсат қояр едіңдер ?

- Осы мақсаттарға жету үшін тапсырмаларды орындайық.

-Материк туралы не білгілері келетіндігін айтады.

-  Материктің орнын,өзіндік ерекшелігін  түсіну.

-  Кескін картаға Еуразия материгінің орнын,шеткі нүктелерін түсіреді.

Мағынаны тану

Енді оқулығымызды ашып,тақырыпты оқиық.

Оқулықпен жұмыс.

Картамен жұмыс.Еуразия материгінің ерекшеліктерін интерактивті тақтаға түсірту.

Еуразия материгі туралы бұрыннан білетіндеріміз бар,бүгінгі сабақтан алған жаңалықтарымыз бар барлығын ой елегінен өткізіп Еуразия материгі туралы постер жасайды.

Топ мүшелері әрқайсысы өз ойларын жазады.Топта талқылап,постер жасап,бір оқушы шығып қорғайды.

-Еуразияматеригі қандай жарты шарда орналасқан?

-Материктің оңтүстіктегі,солтүстіктегі,батыстағы,

шығыстағы нүктелерін ата.

-Еуразияның ең суық жерін картадан көрсет.

-Еуразияның ең биік тауы,оның ең биік шыңы қалай аталады?

Қорытынды:

-Балалар,бүгінгі сабақта өз білімдеріңді көрсеттіңдер.Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер?

Үйге тапсырма

Үйге тапсыр §14.Еуразияның физикалық-географиялық орны.Пішіні мен мөлшері.

Бағалау

Топ басшыларының топ оқушыларын бағалаған парағы негізінде оқушыларды бағалау.


Кері байланыс

Сауалнама толтырады.