ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БІЛІМДЕ ПАЙДАЛАНУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Технология-жүйелі әдіс,оқу процесін мазмұнды қызметке асыру құралы.
Ақпараттық технология (Information technologу)-компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау,шығару,тасымалдау және өзгертуге арналған технология .
Инновациялық оқыту-білім берудің ерекше түрі,дәстүрлі оқытуды баламасы.Ол екеуінің арасындағы негізгі айырмашылығы:болашаққа деген көзғарастары әртүрлі.Дәстүрлі оқыту «қайталанатын жағдайларда ережелерді қабылдауға бағытталған»,ал инновациялық оқыту «жаңа жағдайларда даму қабілеттілігін бірлесе шешуді ойластырады».
Инновация — «жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс» деген ұғымды білдіреді.Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді [1]. Инновациялық оқытудың ерекшелігі қандай?
ҚР «Білім туралы» заңының 8-бабында«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Әдіскер С.Кәшімбетова -өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
- дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.
- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
- оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
- саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
- ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқына арналған жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді,біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс,ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» -деп көрсетілгендей –ақ,ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі болашағы-бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту- бүгінгі өзекті мәселесі. Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге негізделеді.
Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың Мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне жеңіл тиеді. Әдетте әдістеме өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойы ұстаздық қызметінің іс-тәжірибесінен күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Сонымен қатар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктеін де пайдалана алатын болады. Бұлардың барлығы,сайып келгенде, әдістемедегі белгілі бір жүйелікті қалыптастырады. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттемелердің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру.
«Қазақстан тағдыры, келешегі мол ел болуы мектептің қандай негізге құрылуына тірелді. Мектебімізді сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуіне болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт»,- деді ұлы ақын, педагог М.Жұмабаев [1].
Сондықтан мектеп –мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның білім беру саласына сұраныстарын қанағаттандыратын қоғамдық мемлекеттік жүйе.Өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесінің дене және жан сұлулығының интеллектуалды әлеуетінің қамын ойлау-тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған ең маңызды мәселенің бірі. «Білім беру заңымызда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың интеллектуалдық дамуы,психологиялық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып,халықтың барлық деңгейіндегі білімге қол жеткізді;…білім берудің зайырлы сипаты;… білім ізгілікті және дамытушы сипаты делінген.
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады:
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады. Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады [2]. Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады:
енгізілген технологияның ерекшеліктерімен;
жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен;
жаңалықты енгізу жолдарымен.
Мысалға: Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. Семей қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2009 жылы ашылды. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы қазіргі заман талаптарына сай физика-математика бағыты бойынша тереңдетілген білім беретін, оқушылардың үш тілділік білімдерін қалыптастыру, сондай-ақ, олардың бойында тұлғалық болмыстан, болашақ Көшбасшылар тәрбиелеуді мақсат еткен білім ордасы. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіміздің заманға сай ең соңғы инновациялық жана технологиялармен жарақталған Мұнда барлық кабинеттер арнайы заман талабына сай. Студенттерге білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған.
Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды. Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты -оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет [3]. Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004
2. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007
3.Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008