СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қарама-қарсы cандар. Бүтін сандар жиыны. Рационал сандар жиыны»

Категория: Алгебра

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: «Қарама-қарсы cандар. Бүтін сандар жиыны. Рационал сандар жиыны»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қарама-қарсы сандар және рационал сандарға түсініктеме беру және дәлеледеуді білу. Формулаларды дұрыс қолданып есептер шығару. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушының жеке қасиетін дамыту, білім дағдысын, ойлау белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасау, өзара қарым-қатынасты нығайту, реттілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты

Просмотр содержимого документа
««Қарама-қарсы cандар. Бүтін сандар жиыны. Рационал сандар жиыны»»

Күні: 16.10.2017 ж

Сынып: 6 Пәні: математика


Сабақтың тақырыбы: «Қарама-қарсы cандар. Бүтін сандар жиыны. Рационал сандар жиыны»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қарама-қарсы сандар және рационал сандарға түсініктеме беру және дәлеледеуді білу. Формулаларды дұрыс қолданып есептер шығару.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының жеке қасиетін дамыту, білім дағдысын, ойлау белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасау, өзара қарым-қатынасты нығайту, реттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру және жаңа тақырыпты таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру: № есептің шарты бойынша ауызша талдау. 
3. Жаңа білімді меңгеру кезеңі: Координаталық түзу сандар,онда 4 және -4; -2,5 және сандарын кескіндейік.
-4 -2,5 0 1 2,5 4
Координаталық түзуде 4 саны мен -4 санын; -2,5 саны мен 2,5 санын кескіндейтін нүктелер санақ басынан (0 нүктесінен) бірдей қашықтықта және қарама-қарсы бағытта орналасқан.Бір-бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар қарама-қарсы сандар деп аталады. Қарама-қарсы сандар координаталық түзуде санақ басынан бірдей қашықтықта, бірақ қарама-қарсы бағытта кескінделеді. 4 саны мен -4 саны – бір-біріне қарама-қарсы сандар, 2,5 саны мен 2,5 саны – бір-біріне қарама-қарсы сандар.
Қандайда да бір санға бір ғана қарама-қарсы сан бар. Қарама-қарсы сандардың бірінің таңбасы «+» болса, екіншісінің таңбасы «-» болады. Сондықтан «+» таңбасы мен «-» таңбасы қарама-қарсы таңбалар деп аталады. Ал «+» таңбасы мен «-» таңбасы; «-» таңбасы мен «-» таңбасы бірдей таңбалар деп аталады. Демек қарама-қарсы сандардың таңбалары қарама-қарсы таңбалар болады. Әріппен белгілесек, -а саны а санына қарама-қарсы сан.
1. Оң санға қарама-қарсы сан теріс сан болады.
Мысалы, а=15,7 болса, онда оған қарама-қарсы сан -а=-15,7.
2. Теріс санға қарама-қарсы сан оң сан болады.
Мысалы, -а=15,7 болса, онда оған қарама-қарсы сан –(-а) =-(-15,7) =15,7. Демек, -(-а) =-а. 
3. 0 саны өзіне-өзі қарама-қарсы сан.
Натурал сандар жиыны: 1, 2, 3, 4, 5, 6, ..., оған қарама-қарсы сандар жиыны: -1, -2, -3, -4, -5, -6, ...
Натурал сандар жиыны және оған қарама-қарсы сандар жиыны мен 0саны бүтін сандар жиынын құрайды. Бүтін сандар жиыны Z әрпімен белгіленеді. Бүтін сандар: ...,-6, -5, -4, -3, -2, -1, 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, ...
Демек, N натурал сан жиыны, Z бүтін сандар жиынының ішкі жиыны: N Z. Бүтін сандар жиыны шектеусіз жиын. Бүтін сандар жиыны, оң және теріс бөлшектер жиыны рационал сандар жиынын құрайды. Рационал сандар жиыны Q әрпімен белгіленеді. Рационал термині латын тіліндегі «ratio»деген сөзден шыққан. Қазақшаға аударғанда «қатынас», «бөлінді» дегенді білдіреді.  Натурал сандар жиыны (N) бүтін сандар жиынының (Z) ішкі жиыны, ал бүтін сандар жиыны рационал сандар жиының (Q) ішкі жиыны екені Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы көрсетілген, N Z Q.  Жақшамен берілген рационал санды жақшасыз жазғанда таңбалар ережесі пайдаланылады.

Таңбалар ережесі. Жақшаның алдында «плюс» (+) таңбасы бір санды жақшасыз жазғанда санның өз таңбасы сақталады.
Мысалы, +(+6)=+6; +(-7)=-7.
Жақшаның алдында «минус» (-) таңбасы бір санды жақшасыз жазғандасанның таңбасы қарама-қарсы таңбаға өзгереді.
Мысалы, -(+4)=-4; -(-9)=+9.
Таңбалар ережесінің кестемен берілуі:
+(+)=+ +(-)=-
-(+)=- -(-)=+
Кез келген рационал санды қатынасы түрінді жазуға болады. Мұндағы т – бүтін сан, п – натурал сан. Есептеулерде рационал сан ретінде оның қысқартылмайтын бөлшекпен берілген түрі алынады.

№320

1)

2)

3)

4)

5)

6)

№323

Б.(17-8,5:3,4)*0,6=8,7

Т. (5,4:3,6-1,3)*8,5=1,7

О. (1,8*3,4+0,88):0,35=20

А. (9,6*0,4-1,24):1,3=2

Р. (4,9+8,4:5,6):1,6=4

И. (2,8*3,5-7,4):0,8= 3

ОРБИТА

Үй жұмысы: №319, №320





























Күні: 16.10.2017 ж

Сынып: 6 Пәні: математика

Сыныбы:

6 «А »

Пәні: математика

Күні: 16.10.2017ж.

Сабақтың тақырыбы


Оң әне теріс сандар. Координаталық түзу

Сабақтың мақсаты

Оң және теріс сандарды координаталық сәуледе кескіндеу, математикалықсөйлеуге машықтану, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Сілтеме

Оқулық «Математика» 6 сынып, Т.А.Алдамұратова – Атамұра 2015ж

Сабақтың әдіс – тәсілдері

Диалогтық оқыту, Сыни тұрғыдан ойлау, Оқытуды бағалау(формативті), АКТ-ны пайдалану

Сабақтың типі

Топпен жұмыс, жұппен жұмыс

Түйінді идеялар

Оң және теріс сандарды координаталық түзуде кескіндей біледі

Күтілетін нәтиже





  • Оң және теріс санды жаза, оқи біледі;

  • Оң және теріс сандарды координаталық түзуде кескіндей біледі;

  • Қойылған сұраққа сыни ойлана алады;

  • Өз дәлелдемесін келтіре алады;

  • Өзіне және топқа деген жауапкершілігі жоғары;

  • Топ ережесіне бағынады;

  • Өзгенің пікірін тыңдай алады;

  • Қалыптасқан білімдерін көрсетеді;

  • Өз-өзін және бір-бірлерін бағалай біледі.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері


1. Ұйымдастыру

(3 мин)

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, оқушыларды сандар бойынша топқа бөлу

2. Үй тапсырмасы

(3 мин)

Үй жұмысының дұрыс орындалуын тексеру

№ 293, № 294, № 296

№293 А В С O D E

-5 - 4 -3 -2 -1 0 1 2 3 4 5

А(-4), В(-2,5), С(-1), D(2), Е(3).

№294

А(-5), В(-3,5), С(-2), D(3), Е(-4,5)

А Е В С D

-5 - 4 -3 -2 -1 0 1 2 3 4 5

№296

  1. Байкал көлінің тереңдігі -1620 м.

  2. Жер шарындағы ең биік нүкте - Гималай тауларындағы Джомолунгма (Эверест) шыңының биіктігі +8848 м.

  3. Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Тынық мұхиттағы Мариан шұңғымасы, оның тереңдігі – 11 02 м.

  4. Тянь-Шаньдағы Хантәңірі шыңының биіктігі + 6995 м.

3. Білу

(5 мин)

«Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақтар

  1. Теріс сандар қандай таңбамен жазылады? Мысал келтіріңдер.

  2. Оң сан мен теріс санды қалай ажыратамыз?

  3. Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?

  4. Координаталық түзу дегеніміз не?

  5. Бірлік кесінді дегеніміз не?

  6. Оң бағыт және теріс бағыт қалай орналасады?


4. Түсіну

(9 мин)

«Аялдама» әдісі

1-топ . Бірлік кесінді ретінде 1 см кесіндіні алып, координаталық түзу сызыңдар. Оның бойынан А(-3,5); В( 3); С( 1,2); Е( -2) нүктелерін белгілеңдер.

2-топ. Бірлік кесінді ретінде 1 см кесіндіні алып, координаталық түзу сызыңдар. Оның бойынан А(-2,5); В( 2); С( 1,5); Е( -3,5) нүктелерін белгілеңдер.

3-топ. Бірлік кесінді ретінде 1 см кесіндіні алып, координаталық түзу сызыңдар. Оның бойынан А(-0,5); В( 1); С( 3,5); Е(-3) нүктелерін белгілеңдер.

4 топ. Бірлік кесінді ретінде 1 см кесіндіні алып, координаталық түзу сызыңдар. Оның бойынан А(-1,5); В( 2,5); С( 4,5); Е( -4) нүктелерін белгілеңдер.

5 топ. Бірлік кесінді ретінде 1 см кесіндіні алып, координаталық түзу сызыңдар. Оның бойынан А(-4,5); В( 4); С( 0,5); Е( -3,5) нүктелерін белгілеңдер.


5. Қолдану

( 9 мин)

«Жигсо» әдісі

1-топ № 297

2-топ № 299

3-топ № 303

4-топ №309 (1)

5 топ №309 (2)

1-топ № 297

А В С О Е F


-1 0 1

A(-1); B(-0.7); C(-0.3); O(0); D(0.1); E(0.5); F(0.8)

2-топ № 299

A B O C D

-5 -4 -3 -2 -1 0 1 2

A(-5); B(-4); O(0); C(2) ; D(4)

3-топ № 303

П Р О Ц Е Н Т

-7 -4 0 2 5 7 9

П(-7), Р(-4), О(0), Ц(2), Е(5), Н(7), Т(9)

4-топ №309(1)

А В

-3 -2 -1 0 1 2 3

6 бірлік кесінді

5-топ №309(2)

А В

-4 -3 - 2 -1 0 1 2 3 4 5

9 бірлік кесінді


6. Талдау

(4 мин)

Жұппен жұмыс

№302

K F P N T

-5 -4 -3 -2 -1 0 1 2 3 4 5

; К(-2), ; ;

7.Жинақтау

(2 мин)

Мозайка әдісі

№298, 304. Шамаларды мағынасына қарай 0, оң немесе теріс санымен жазыңдар.

20 м биіктік +

16 м тереңдік -

5 ұпай ұтыс +

12 градус жылы +

Шығын 28 000 тг -

Кіріс 175 000 тг +

3 ұпай ұтылыс -

9 градус суық -

Су асты қайығы 500 м тереңдікте жүзіп жүр -

Олар ойынды 2 ұпай ұтыспен аяқтады +

Олар ойынды 1 ұпай ұтылыспен аяқтады -

Автобус аялдамада тоқтады 0

Автобус аялдамаға 30 м жетпей тоқтады -

Автобус аялдамадан 15 м өтіп(асып) барып тоқтады +

8. Бағалау

(2 мин)

Бағалау парағы арқылы

9.Рефлексия

(2 мин)

Смайлдар арқылы





Мен түсіндім Түсіндім, бірақ сұрақтарым бар Мен түсінбедім

10. Үйге

Тапсырма

(1 мин)


№307, № 310