СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілі. Одағай сөздер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Одағай сөздер. 4 сынып    

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі. Одағай сөздер.»

Пәні: қазақ тілі

Сабақ: №117

Тақырыбы:

Мектеп: Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы№2 арнаулы гимназиясы

Одағай сөздер

Күні: .04.2017

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4 « »

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Оқушылар Одағайдың ережесін біледі

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Одағайдың сөйлем мүшесі бола алмайтынын біледі

Оқушылардың басым бөлігі: Одағайдың ережесін біледі

Кейбір оқушылар: Ауызша таба алады

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: Шылау


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар: Одағай сөздер

Оқылым:

Жаттығуларды оқиды

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Жаттығуларды жазады

Алдыңғы меңгерілген білім

Шылау түрлерін қайталау

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Оқыту ресурстары

Басталуы


Психологиялық ахуал.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рақмет!

Ендеше сабағымызды бастайық.


Үй тапсырмасын тексеру. 46- жаттығу Сөйлемдерді оқыту


Білімдерін тексеру. Қандай сөз таптарын білеміз? Шылау дегеніміз не? Шылау мен шылау тұлғалас сөздер қалай жазылады екен?

Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын табу үшін әріпті жұмбақ шешіп көрейік. 
1.Оқу да бар,  2.Дала да бар,  3 .Шегеде жоқ, 
Жазуда жоқ  (О)  Жаға да жоқ (Д)  Таста бар. (А) 
4.Ғарышта бар,  5.Шанада бар,  6.Торғайда бар, 
Сайыста жоқ. ( Ғ ) Әнде жоқ (А)  Алауда жоқ ( Й)
Бәрекелді, өнерлі бала екен! Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл күйін білдіретін сөзді одағай сөздер деп атайды. Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспейді, сөйлем мүшесі бола алмайды. Одағай сөздер таңырқау, қуану, ұнату, ренжу, өкіну, шошыну, жекіру сияқты көңіл күйлерді білдіреді немесе жан-жануарларды, малды шақыру, қуу үшін айтылады. Мысалы: Шіркін, демалысқа ерте шықсақ Сөйлеуші адамның назарын өзіне аудару үшін қолданылатын одағайлар: уа, әй, е, ой, а, э, оһ, т.б.  Мысалы: Уа, халайық, наурыз құтты болсын! Өкінішті білдіретін одағайлар: қап, дүние-ай, апырмай, пай-пай, оһ, әттеген-ай, т.б. Мысалы: Қап, сабақ оқығанда нашар баға алмас едім. Таңдану, сүйсінуді білдіретін одағайлар: бәсе, бәрекелді, пәлі, пай-пай, шіркін, уа, ахау, айхай т.б.  Мысалы:  Пай-пай, мына суреттің әдемісін-ай! Жан-жануарларды, малды шақыру, қуу үшін айтылатын одағайлар: моһ-моһ, құрау-құрау, шөре-шөре.  Мысалы: Құрау-құрау, құлыным, шөп берейін. Шуу, жануар, шуу,- деп атқа отырды. Одағайлардың тыныс белгілері. Қосарланған одағайлар дефис арқылы жазылады.Мысалы: шөре - шөре, пай-пай. Одағайлар сөйлем мүшесінен үтір немесе леп белгісімен бөлінеді. Мысалы: Алақай, алақай! Атам ауылдан келді! Одағайлар сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Пай-пай, ауылдың кереметін-ай! Одағайлар сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Сөйлей беріп, түу, басымды ауырттың. Одағайлар сөйлемнің соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы: Даусың қандай тамаша, пай-пай!

Көңіл – күй одағайы: алақай, шіркін, әттең.....

Жекіру – бұйыру одағайы: тәйт, тек, жә .......

Шақыру одағайы: шөре – шөре, көс – көс, құрау - құрау

Айтылым









Тыңдалым


Ортасы


1-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздердің мағынасына, тыныс белгісіне назар аудар. Пай-пай, мына аттың жүйрігін - ай! Бәрекелді, келгендерің жақсы болды! Алақай, алақай, ауылдан әжем келді! Апырай, атақонысым еді!  2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Одағайларды тауып, қандай мағынада жұмсалып тұрғанын түсіндір. Шіркін, мына атқа мінер ме еді! Бәрекелді, Сүйіндік аға, оныңыз жақсы ақыл.Әттеген-ай, көре алмай қалдым-ау! Е,тәйір, күзектің шөбі бітуші ме еді? Түу, қандай тымырсық түн! 3-жаттығу. Берілген одағайларды қатыстырып сөйлем құрап жаз. Па, шіркін; әттең; ойпырай.

Сергіту сәті

4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті одағайды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. . ..., емтиханнан бес алдым! ..., сенің жайбасарлығыңнан қалып койдық! ....., киноактер болсам! . ..., сен қашан, келдің?