Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен сабақ жоспары "Суықта не киемін"»
Тексерілді:
Сабақтың тақырыбы: Суықта не киемін?
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Суықта не кию керек екенін түсіндіру. Қалай киіну керек екені жайлы білмідерін толықтыру
Дамытушылық: Тақырып бойынша сөздік қорларын байыту
Тәрбиелік: киімдерін таза ұстап, мезгілге сай киінуге , ұқыптылыққа тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, айтылым,сұрақ-жауап, жазылым, оқылым.
Көрнекіліктер: суреттер
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Интеграциялық бөлігі: орыс тілі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Түгендеу.
Психологиялық дайындық:
Соғылды қоңырау ,
Шақырып сабаққа.
Көп білгім келеді
Бүгінгі сабақта.
СТО тех.
Ой шақыру
Жаңа сабақ:
Сөздерді сөздік дәптерге жазып алу
Дауыстап оқу (мұғалім оқиды, оқушылар хормен қайталайды, тізбектеп оқу)
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құру
Жаңа сөздер:
Кию-
Жылы-
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. Мақсаты: суреттер бойынша сөйлемдер құра.
Үлгі: қыста тон киемін. Менде жылы тон бар. Мектепке костюм киемін. Менің етігім қызыл. Мен жасыл пальто киемін.
2-тапсырма. Мақсаты: сөйлемдерді толықтырып айт.
Үлгі: қыста жылы құлақшын кию керек.
Жұптық жұмыс
3-тапсырма. Диалогті досыңмен оқы.
Сергіту сәті:
(Қимыл-әрекетпен орындау)
Бір, екі,үш,
Бір, екі,үш,
Ал, қанеки,ұш.
Төрт,бес, алты, жеті,
Төрт,бес, алты, жеті,
Мынау-ауыл шеті.
Сегіз, тоғыз,он,
Сегіз, тоғыз,он,
Ал, қанеки, қон.
Асықпа да, саспа,
Бірден қайта баста
5-тапсырма. Сұраққа жауапты оқы.
3-тапсырма. Бір сөйлем жаз.
4- тапсырма. Үш сөйлем жаз.
Рефлексия
«Кім жүйрік?»
Кері байланыс
Үйге тапсырма
Сөздерді жаттау.6-тап.144 бет.
Бағалау.