СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Құрметке лайық! мақаласы

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Хасенова Айзада -1946 жылы дүниеге келіп, 8 баланы дүниеге әкеліпті. Әрбір баласын тәрбиелі етіп өсіріп, бүгінде ұлын –ұяға, қызын-қияға қондырған. Қазір әжеміздің 25 немересі, 3 шөбересі бар. Есіл ауданына көшіп келгеніне 17 жыл өтіпті.

Просмотр содержимого документа
«Құрметке лайық! мақаласы»



Құрметке лайық!

8-наурыз Халықаралық әйелдер, ақ жаулықты әжелер, сұлу қыздарымыздың мерекесі. Ана – өмір, ана-гүл,ана-бақыт. Әрбір жанның кішкентай ғана жүрегін елжірететін, санасына сансыз ойлар ұялататын, көздеріне күн нұрындай сәуле төгіп, езуіне жиылмас күлкі сыйлайтын «Ана» сөзінің мән-мағынасы зор. Бізге осы жарық дүниені сыйлап, түн ұйқысын төрт бөліп, әр басқан қадамын мұқият қадағалап, сүріне қалса лезде жанынан табылатын, жыласа жаны ауыратын, қуанса бақытқа кенелетін, аналар ғаламдағы асыл қазыналардың ең құндысына әбден лайықты жандар. Ал біздің міндетіміз ананың ақ сүтін ақтап, абыройын асқақтатып, еңбегінің жемісін көрсету, қартайған шағында әрдайым жанынан табылып, мейірімге бөлеу. Анамыз үшін қаншалықты жақсылық жасасақ та, бұл олардың бізге берген тәрбиесі мен жылулығының орнын толтыра алмасы сөзсіз.

Осындай қуанышты мерекелердің қарсаңында, дәлірек айтсақ 7 -наурыз күні Жастар саясаты орталығының директоры Лаура Казбековна, орталықтың арнайы маманы Гүлден Сүйірбай, жас көшбасшылардың арасынан мен Алмас Жангүл - Айзада апамыздың шаңырағында болып қайттық. Күнделікті тынымсыз өмірде өз күнін жақсы өткізіп, жарты ғасырдан ұзақ өмір сүрген апамыз жастарды жылы жүзбен, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Есіл ауданының жастары сыйлаған кішігірім сыйлыққа апамыз риза болып, дастарханға шақырып, қою шаймен, көтеріңкі көңіл-күймен өз тарихын, өмірбаянын айтуды бастап та кетті. 2 сағатқа созылған әңгіме жүйелі, әрі күрделі, қызықты, тәрбиелі, мағыналы болды.

Хасенова Айзада -1946 жылы дүниеге келіп, 8 баланы дүниеге әкеліпті. Әрбір баласын тәрбиелі етіп өсіріп, бүгінде ұлын –ұяға, қызын-қияға қондырған. Қазір әжеміздің 25 немересі, 3 шөбересі бар. Есіл ауданына көшіп келгеніне 17 жыл өтіпті. Сонымен қатар өзінің 17 жасында отау құрғанын атап өтті. Анасының -16 баласы болғанын, қазір осылардың ішінен жалғыз екенін айтты. Жастық шағында түрлі мамандық иесі, аспаз, техничка,комбаиыншы сияқты қиын мамандықтарымен айналысқан. Жұбайы 54 жасында қайтыс болыпты. Күйеуі механизатор болып жұмыс атқарған. Биыл жазда 70 жасқа толады екен. Айзада апамыздың алтын және күміс төсбелгілері бар,сонымен қатар көптеген алғыс хаттарға ие. Күміс төсбелгі 6- балаға берілсе, алтын төсбелгі 8-балаға берілген . Ең қызығы апамыз Мұхитбек атты ағамызды сөзінде көп айтты. Екі төсбелгіде осы ағамыздың әкім болған кезінде өз қолынан берілген екен. Қазір апамыздың 3-немересі теміржолда жұмыс жасайды. Қазір уақытын өткізу үшін әжеміз теледидарды өзінің серігі етіп алыпты. Айтуынша қызықты бағдарламаларды сүйіп көреді екен. Соның ішінде үнді, түрік сериалдарын жиі көреді. Өзі жылапта, күліпті фильмнің қандай түрде өтетініне байланысты көңілі солай өзгереді екен. Осы әңгімені айтып отырғанда «Жетім жүрек» атты фильмнің қалай өтіп жатқанында айтып берді. Сүйікті жұлдыздары Төреғали, Саят, Заттыбек, Тұрсынбектер екен. Әрбір сөзін кешегімен бүгінгі өмір, бүгінгі анамен, кешегі ананы салыстыра отырды. Айзада апаның айтқан сөздерін ұйып тыңдаған біз аз баладан қарағанда, көп балалы отбасы болғанның жақсы екенін түсіндік. Біреуі, екіншісіне демеу болады, ал екіншісі қиын кезде көмектеседі.Сонымен қатар өзінің әрбір сөзінде Елбасымыз Нұр ағамызды мақтап, оған үлкен сенім артатынын айтты. Отбасының сүйікті мерекелері жаңа жыл және 8-наурыз мейрамы екенін, отбасымен түгел тойлайтынын айтып өтті. Осындай аналарымыздың, апаларымыздың болғаны қандай жақсы. Қонақжай отбасы деп осыны айт!

Алмас Жангүл,

Ақмола облысы, Есіл ауданы

№3 орта мектептің 9 сынып оқушысы,

«Болашақ» БШҰ Ұланбасшысы