СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

?ызы?ты математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

3-сынып?а арнал?ан ?ызы?ты математикадан саба? жоспарыны? ?лгісі

Просмотр содержимого документа
«?ызы?ты математика»

Пәні: Қызықты математика Сыныбы: 3 Күні: Тексеруші:

Сабақтың тақырыбы: «Телефон ойыны. Қосу мен азайтуға берілген есептер..»

Мақсаты: 1000 көлеміндегі сандардың қосындысы мен айырмасын табу дағдыларын жетілдіру; есептің дұрыстығын тексеру үшін қосу және азайту кезінде сандар арасындағы байланыс туралы білімдерін саналы түрде пайдалануға үйрету.

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. Балалар көздерін жұмып, мұғалім сөзіне мұқият құлақ салады, оның әрбір сөйлемінің соңындағы сөзді хормен дауыстап айтады.

- Сабақта біздің көздеріміз ықыласпен қарайды және бәрін ...көреді.

Құлақтарымыз мұқият тыңдайды және бәрін ... (естиді).

Басымыз өте жақсы ... ойлайды.

ІІ. Жаңа сабақ

Құрама есептерді шыраруға дайындық үшін математикалық диктант түрінде бірнеше жай есептерді шешіп, тек қана жауаптарын жазуды ұсынған жөн:

  1. 3 «А» сыныбында 25 оқушы бар, ал 3 «Б» сыныбында олардан 7 оқушы артық. 3 «Б» сыныбында неше оқушы бар?

  2. Сыныпта 15 ер бала бар, ал олардан 4 қыз бала артық? Сыныпта неше қыз бала бар?

  3. Сыныпта 12 ер бала және 13 қыз бала бар. Сыныпта барлығы неше бала бар?

4) Серікболдың портфелінде 6 оқулық бар, ал Айсәуленің портфелінде одан екі оқулық кем. Айсәуледе неше оқулық бар?

5) Султан өткен оқу жылында 98 «бестік» баға алды, ал «төрттік» бағасы одан 18-ге кем. Сұлтан өткен оқу жылында неше «төрттік» баға алды?

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу, жылдамдықтарын арттыру үшін мынадай тапсырмалар ұсынылады:

- санды 2 санға жіктеп жаз, ол сандардың біреуі берілген.

340 = 100 +  570 = 310 +  100 = 90 + 

231 = 101 +  190 = 150+  440 = 320+ 

- мына сандардың тек бірліктерін ғана қосыңдар:

11 46 42 12 98 63 97

- Мына сандардың тек ондықтарын ғана қосыңдар:

49 25 14 63 61 35 17 29

- Ең кіші санды ата; ең үлкен санды ата; ол сан ең кіші саннан неше артық? Әр санды ондықтар мен бірліктерге жікте.

«Телефон» ойынын ойнату

32 + 8-5 + 7-12 + 6-18 + 50

75-14 + 9-20 + 5 + 26-9 + 20

80-20 + 5-25 + 3-17 + 41-5

Қорытынды

Өздік жұмыс ұйымдастыру үшін қосымша материал.

Кестені толтыр:

Сан

Жүзд

Онд

Бірл

Разр қосылғ жікте

326

3

2

6

300 + 20 + 6

785





82





548





2.Жаз:

Ең кіші үш таңбалы сан - _ _ _ _ _ _ _

Ең үлкен екі таңбалы сан – _ _ _ _ _ _

Ең үлкен үш таңбалы санның алдында тұрған сан - _ _ _ _ _ _