Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні / Дата проведения: 13.11.2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация
Пән / Предмет: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып /Сквозная тема:Теңіздер мен мұхиттар әлемі
Тақырыбы / Тема: « Қара теңізде».Жұмағали Саин (өлең)
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная : Төрт шумақ өлеңді бірнеше рет балаларға қайталатып, мағнасын сұрау.
2.Дамытушылық – развивающая : Баланың ой-өрісін кеңиту, .Есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Оқыту – обучающая Екі-үш мақалды жатқа айта білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, , сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,кубикпен жұмыс.
Көп тілділік полиязычие: теңіз- море-, мұхит-океан- ocean, балық-рыба- fish
Жеке жұмыс: Николаева Линара
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
1.Туған жердiң белбеуi,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуi,
Тасты тесiп, жарыпты. (өзен)
2.Бұйра жасап сан қилы,
Сұйық жазық шалқиды. (теңіз)
Балалар біз бүгін сендермен теңіздер мен мұхиттар туралы танысамыз
2.Негізгі бөлім.
Балалар жер шарының 70 пайызын су басып жатыр екен. Жер бетінде 4 Мұхит бар. Жер бетінде көптеген теңіздер бар. Теңіздің суы ащы болады.Қазақстанда Каспий теңізі бар.
Теңіз, көл, өзендер де нелер өмір сүреді екен? білесіңдер ме?
Балықтар, шаяндар,қолтырауындар,акула, кит,сегізаяқ,жылан,тасбақа лар өмір сүреді.
Судың астында да шөптер, жәндіктер мен балдырлар өмір сүреді.
Суреттермен жұмыс:
балаларға суда өмір суретін жануарлар дың суретін көрсетіп аттарын атату.
Көп тілділік полиязычие: теңіз- море-, мұхит-океан- ocean, балық-рыба- fish
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
Балалар сендерге Жұмағали Саинның "Қара теңізде" өлеңін оқып берейін. өлеіңнің үш шумағын оқып беріп, балалардан өлеңде ақын не туралы жазғанын сұрау. Балалармен өлеңнін бір шумағын қайталау.
3.Қортынды
Балалардан бүгін не жөнінде әңгілегенімізді сұрау. Суда өмір сүретіндерді қайталап айту. Балаларды мақтап-мадақтау.