Ұйымдастырылған ізденіс | Ал енді балалар сабағымызды бастайық! Алдымен өткен тақырыпты қайталап жіберейік. Қандай бетпердемен таныстындар? Слайд көрсете отырып, сұрақтар қою. Бүгін біздің тақырыбымыз карнавалға жиналамыз. Карнавал дегеніміз не? Кім қалай ойлайды? Карнавал дегеніміз ол адамдар немесе балалар неше түрлі әдемі киімдер киіп, беттерін әдемі бетперделермен жауып би билеп, ән шырқайды. 1.Тапсырма: Компьютерлерімізде карнавалға арналған бетперде салу. Ал енді гр.редактор Paint –ты ашамыз, сурет саламыз. Саусақтарға арналған жаттығулар: Санайық жаңаша Бір, екі, үш! Желбіре жалауша, Достықта біздің күш. Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Оларды атап шақырар, Әрқайсысының аты бар. Бас бармақ, Балаң үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек. Сергіту сәтті: слайд арқылы интерактивтік тақтада сергіту сәтін өткізу. | Балалар мұғалімді мұқият тыңдайды. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Балалар тапсырманы орындайды. Балалар жаттығуларды орындайды. Балалар сергіту сәтін орындайды. |
Рефлексия | - Сабақты қорыту: -балалар бүгін сабақта нені меңгеріп үйрендік? -қандай бетпердені салдық? - қандай жаттығулар жасадық? -қазір қандай жыл мезгілі? Балалардан сұрақтар арқылы жауап алу. | Балалар сұраққа жауап береді. |