СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілі сабағында диалог арқылы коммуникативтік құзіретілігін дамыту жолдары / Пути развития коммуникативных компетенций через диалог на уроках казахского языка

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данное статья рекомендавана для учителей казахского языка.В ней дан теоретический и практический материал.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі сабағында диалог арқылы коммуникативтік құзіретілігін дамыту жолдары / Пути развития коммуникативных компетенций через диалог на уроках казахского языка»

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Сарсенбаева Айслу Бахтиярқызы

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

«Мектеп-лицей» КММ

Лисаков қаласы



Мектепте көп тілді кеңістік енгізу әртүрлі мәдениеттің бір-бірімен араласуына, алмасуына әкеледі. Мектепке қазақ тілін оқытудың жылдар бойы тәжірибеден өтілген дәстүрлі оқытумен қатар бүгінгі күннің шындықтарын көрсете алатын жаңа технологиялар қажет.

Сабақтағы жұмыстардың негізгі бағыттары – тілдің эмоционалдық, ақпараттық және коммуникавтік жақтарын көрсететін ауызша диалогтық тілді дамыту болып табылады. Қоғам алдында білім беру саласындағы көпмәдениетті және көптілді тұлғаны тәрбилеуде қазақ тілі сабақтарында ерте жастан диалогтықттілді дамыту үлкен рөл атқарады.

Зерттеу мақсаты – диалогтық тілді дамытудың тиімділігін арттыратын әдістемелік жүйе құру.

Бұл мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді орындау қажет:

бар әдебиетті сараптау, білім берудің әртүрлі саласындағы негізін ұғымдарды аңықтап алу;

қоғам тапсырысының, оқушының жас және жеке ерекшелігіне сәйкес жұмыс бағыттарын аңықтау;

өз жұмысын енгізу үшін жарамды әдістемелік жүйе, материалдық база іздестіру;

әдістемелік тәсілдерді тағайындау, апробациялау, олардың тиімділігін сараптау,түзету жұмыстарын жүргізу.

Зерттеу тақырыбына – қазақ тілі пәні бойынша мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас кезіндегі маңызды құзіреттіліктер мен тиімді әдістемелік тәсілдерді меңгерту үрдесі.

Зерттеу әдістері:

- әріптестер тәжірибесін, оқушылар жұмысын, әдебиеттерді сараптау;

- сабақта әртүрлі әдістемелік тәсілдерді апробациялау;

- оқыту барысында оқушыларды бақылау.

Әріптестер тәжірибесін, бар әдебиеттерді сараптама өткізу арқылы төмендегідей қорытындыға келдік:

Қазіргі қазақ тілі оқыту әдісі тілдік дағдыларды түрлі жағдайларда қолдану сияқты коммуникативтік құзіреттілік негізінде құрылған.

Коммуникативтік құзіреттіліктің маңызды компоненті диалогтық тіл және онымен байланысты дағдылар болып есептеледі.

Диалогтық тіл тек оқытудың мақсатына ғана емес, сонымен қатар оқыту әдісі де, оқушыларды дамыту мен тәрбиелеу де.

Қарым-қатынас жағдайн ұйымдастыру дидактикалық ойын түрінде көрнекіліктер мен соңғы үлгідегі техникалық оқыту құралдарын қолдану арқылы жүргізілгені дұрыс.

Бұл жұмыстың практикалық бөлімінде біз әлеуметтік психологиялық қарым қатынаста сабақтағы белсенді іс-әрекетке оқушыны таным субьектісі ретінде тартудың негізгі әдістерін көрсеттік:

Сезім тәжірибесін өзектілендіру (Сен не көрдің, естідің, айттың?)

Оқиғаға эмоционалдық баға беру мен материалды логикалық тұрғыдан баяндады байланыстыру (Неден басталды? Қайда? Қашан, Неге?, Қалай?, Қандай?);

Метафораларды құру, жаңа мағыналармен толықтыру, ертегі,аналогия;

Жеке тұлға арасындағы қарым-қатынасты өзектендіретін ойын жағдайлары;

Рөлдік ойындар, драматизация, сәйкестендіру;

Сыныптан тыс іс-шараларды қолдану (КТК,концерт,спектакль,т.б.);

Оқушылар шығармашылығын, өнер туындыларын пайдалану.

Таным үрдесін басқару мақсат қою және оқушылар қарым-қатынасын үйлестіру арқылы жүргізіледі.

Диалогтық тілді дамытудың әрбір кезеңінде әртүрлі тәсілдер мен қарым-қатынас жағдайларын қолданамыз:

1.Үлгі бойынша көрсету

Жаңа сөздер мен тіркестерді қайталауда келесі өлшемдерді қолданамыз:

- Есте сақтауды өзектендіру, міндеттер қою;

- Алғашқы қабылдау үшін аудиобаспаны тыңдау;

- Түсініктерін тексеру (таныс емес сөздер мен тіркестер);

- Жаңа сөздерді енгізу;

- Дыбысталуын қайталау;

- Диалог үлгісін көрсету (мұғалім- оқушы);

- Жұптарға бөлу;

- Ойын жағдайына бөлу.

2. Диалогты өзгермелі бөлімімен құрастыру.

Әдетте бұл сұрақ-жауап ретінде жай диалогтар. Әр жұптың бірі-біріне сұрақтары бірдей, жауаптары ғана әртүрлі.

3.Ынталандыру жауабына жауап беруге жаттықтыру.

Сабақта жауап берудің әртүрлі нұсқаларын құрастыру үшін қосымша жағдай жасаймыз:

- Көрнекіліктер пайдаланамыз ( пәндік немесе сюжеттік суреттер);

- Бірнеше оқушының бір сұраққа жауап беруін талап етеміз;

- Сұраққа жауап беру мүмкіншілігін туғызатын ойын жағдайын таңдаймыз;

- Балалардың өмірдегі тәжірибелерін қатыстырамыз;

- Алдын ала контекстке қатысты мазмұнын таңдауды ұсынамыз.

Мысалы, «Ойыншықтар» тақырыбын өткен кезде оқушыларды өздеріне ұнаған ойыншықты сатып алу үшін «дүкенге» шақырамыз.»Саған қандай ойыншық ұнады?» Деген сұраққа, оқушы бірнеше ойыншықтың ішінен біреуін алып, жауап береді: «Маған мысық ұнайды»

4.Жауапты кеңейту.

Бұл жерде көмекке тірек сызбалар немесе басқа көрнекіліктер келеді.Қазақ тілі үйренудің бастауыш кезеңінде диалог-сипаттаулар құрумен шектелуі мүмкін. Ойын жағдайларында оқушылар өз сөйлемдерінде қолдану үшін заттың сын-сипатына көңіл аударады. Мысалы, ойыншықтар туралы әңгімелескенде, оқушыларға затты мүмкіндігінше көбірек сипаттау тапсырылады.

Жобамен төмендегідей диалог шығады:

Сенде қанша ойыншық бар?

Менде үш ойыншық бар: ит,кеме және доп.

Сенде машина бар ма?

Иә, менде көк, қызыл, және жасыл машина бар.

5.Басынан бастап балаларды ынталандыру жауаптарын беруге үйретеміз.

Бұл әдетте бір нәрсені істеуді сұрау. Балалар бүкіл сыныпқа белгілі бір іс-әрекетті бірнеше қайталап істеуді талап ету арқылы өте қуанышты көңілмен сергіту сәтін өткізеді.

Кейінірек ынталандыру жауабы сұрақ – жауап ретінде диалог құру болып күрделенеді. Оқушылардың біреуі мұғалім болып, сынып ішінде жүріп, кез келген сұрақтарды сұрайды. Сол сияқты оқушыларға біліп табу жағдайлары, берілген сұраққа не болымды, не болымсыз жауап беру жағдайлары өте ұнайды. Ең соңында келесі кезеңде бұндай жауаптар күрделі диалогтың бөлігі болады.

6.Өткен сөздерді өолдана отырып, өз құрылымдарын құрастыру диалогтық тілдің дағдыларын пайдаланудың шығармашылық кезеңі болып табылады.

Оқытудың алғашқы жылында бұл жауаптың кейбір элементтерін өзгертумен ғана шектеледі. Мысалы: өлең жаттаған кезде, оқушылар кейбір сөздерін өзгерту арқылы жаңа сөз тіркестерін жасайды. Балалар шешу ойындарын өте жақсы көреді: ертегі кейіпкерін тап, түсін анықта, оқушыны тап,т.б. Бұл жерде оқушы-топ жұмысы жүзеге асырылады.

Белсенді оқушыларды марапаттау ретінде оқушы-сынып ойынын өткіземіз.Бір оқушы «мұғалім» болады.Ол сыныпта еркін қозғалып,өз сыныптастарына қазақ тілінде кез келген сұрақтарды қоя алады. Әдетте мұндай оқушы өз білімін жоғары деңгейде көрсетуге тырысады, түрлі-түрлі сұрақтар қояды.

Оқушы-оқушы жағдайында жұмыс диалог түрінде жүргізіледі.Жауап сұрақ схемасын үйренгеннен кейін әңгіменің қиынырақ құрылымына көшеміз, 2-3 сұрақ қою арқылы. Әдетте бірінші кезең суретке қарай отырып, үнтаспаны тыңдау болады. Одан кейін мықты оқушылардың бірімен диалог жүргіземіз.Ойын жағдайы әртүрлі болуы мүмкін: танысу, шетел қонағының келуі( қазақ тілі+ ағылшын тілі ), жаңа сөздерді үйрету, т.б. Сосын қалған оқушыларға өз беттерінше осыған ұқсас диалог құрастыру ұсынылады. Әдетте алдымен мықты оқушылар жауап береді, сосын әлсіздері.

Сюжеттік ойындар құрылымына қарай қиынырақ, бірақ оқыту барасында көп еңбекті қажет етеді. Диалогтық тіл дағдыларын қалыптастыру үшін сюжеттік ойындарды, тілдік біліктіліктерін жаңа жағдайда қолдану үшін дағдыландыруға ықпал жасау ретінде пайдаланамыз. Мысалы, әртүрлі жұп үшін танысу жағдайы бірнеше нұсқада ойланады ( дүкенде, мектепте, аэропортта,т.б).Әр түрлі жағдайларда рөлдерді ауыстыру қажет: әртүрлі жас, ел, отбасы мүшелерінің саны, ойыншықтар, т.б. Өздерінің әртістік қабілеттерін қолдана отырып, балалар ертелегерде өте жақсы ойнайды.

Іс-әрекеттің ассоциативтік-рефлекторлық қағидаларын қолдана отырып, қиын қабылданатын элементтердің қабылдануын образды ойлау арқылы жеңілдетеміз.

Оқу материалын беру арқылы оқулық тілдік әрекеттердің барлық түрлерін қабылдауға көмектеседі.Бірақ кейібір элементтерді сабвқтың нақты тапсырмаларына сәйкестендіріп қайта жасаймыз. Мысалы, жаттығу тапсырмалары оқулықтағыдан өзгеше болуы мүмкін. Сонымен қатар оқулық жеке оқушымен жұмысты ұйымдастырғанда, әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды дайындағанда көмектеседі. Сабақта кең тараған жұмыс түрлері болып карточка, тақтамен жұмыс, мұғалім көмекшілері, бірігіп жасалған жобалар, жарыстар, жұптық жұмыстар қалады. Оқушылар үшін өзекті болып сөз диктанттарын бірігіп тексеру қалады, олар жауапкершілік пен өздік сезімдеріне ие болады. Жобалау әдісі мықты оқушылардың оқуға қызығушылығын қолдау және біліктіліктерін арттыру үшін бастапқы буында бөлшектеліп қолданылады. Деңгейлік тапсырмалар әр оқушыға өзін табысты сезінуіне жол ашады.

Біз әр тақырыпты өткенде оқушы жұмысының мүмкіншіліктерін барынша жоғары пайдалануға тырысамыз. Модульдік оқыту принциптеріне сәйкес белгілі бір жұмыс аясында бір білім модулін құраймыз. Мысалы, отбасы суреті бірте-бірте өз айналасында «Отбасы», «Елдер», «Түстер», «Ойыншықтар» және т.б. тақырыптар бойынша құрылымдар көбейтеді. Балалардың жаңа сөздермен өз жұмыстарын толықтырып, солар негізінде сөйлемдерінің көлемдерін ұлғайтуларын бақылаудың өзі өте қызық. Суретке қарай отырып, әңгіме тірегін құрау – диалогты қалыптастыруда бұл өте маңызы фактор.

Коммуникативтік құзіреттілік бұл жағдайда сай қарым-қатынас кеңістігін ұйымдастыра білу болып табылады.

Сондықтан да кеңістікті ұйымдастырғанда әр кезендегі сынып ішіндегі қозғалыс сызбасын да ойланыстырамыз. Ол тақта алдындағы жауап (қорқу сезімі жоқ па?), парта жанында тұрып жасалған жұптық жұмыс, бір оқушының сынып ішіндегі қозғаласы , тақта алдындағы топ. Сонымен қатар сергіту сәтін өткізуге оқушыларды қатыстырамыз. Сонымен, диалогтық тілді дамытудағы біздің жұмысымызды құзіреттілік көзқараспен қорытындылай келіп, төмендегі негізгі сәттерді анықтауға болады:

Диалогтық тіл тілдік іс- әрекеттің бір бөлігі деп қарамай, оқытудың мақсаты ғана емес, әдісі тәсілі ретінде қолданылатын құзіреттілік дағдының белгілі бір бөлігі ретінде құралуы керек.

Диалогтық тілге үйрету шығармашылық өнімді деңгейде ойын жағдайларында, оқушылардың белсенділігін қолдау және оқытудың жағымды мотивациясында жүзеге асырылады.

Сабақта тәрбиелік оқыту оқу- әдістемелік кешен мазмұнының Қазақстанның шынайы өміріне бейімделуіне сәйкес сөйлесу мәдениетін қолдау арқылы жүзеге асады.

Көрнекіліктер мен техникалық құралдарды қолдану біліктілік үрдісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, оқушының ой-өрісін кеңейтуге көмектеседі.

Оқу үрдісін менеджемент қағидасымен басқару және сабақта кеңістікті диспозиция жолымен ұйымдастыру жалпы оқыту дағдыларын қалыптастыруға өзіндік тәртіпке және жалпы коммуникативтік құзіреттілікке әкеледі.

Әр сабақта тәрбиелік және жеке тұлғаға бағытталған әдіс қолданылады.Сабақта табыстылық жағдайын және мейірімділік ахуалын жасау арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың өзіндік баға беруін жоғарылатады.

Осылайша диалогты тілді кешенді дамыту оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруға көмектеседі.

Диалогтық тілді игерту үшін оқушыға қажетті дағдылар:

  • Сөйлем құрау кезінде сөздік қор мен грамматикалық ережелерді қолдану;

  • Оқиғалар мен фактілерді сипаттау, оларға көзқарасын айта білу;

  • Серігін әңгімеге тарту (өтініш, сөз,сұрақ арқылы ынталандыру ;

  • Контекстегі серігінің сөзіне тез жауап беру, сөйлем құрау;

  • Тірек материалын пайдалана отырып, сөйлем мазмұнын екшелеу және т.б.





5