СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қазақстанның жануарлар әлемі" тақырыбында ІІ кішілер тобына арналған ҰОҚ технологиялық картасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елімізде мекен ететін жануарлар туралы нақты мәлімет беріп, өмірімен таныстыру.

Просмотр содержимого документа
«"Қазақстанның жануарлар әлемі" тақырыбында ІІ кішілер тобына арналған ҰОҚ технологиялық картасы»


ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Мерзімі: 21.11.2019ж.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Қазақстанның жануарлар әлемі»

Мақсаты: Қазақстан жануарлары туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: аюдың басқа жануарлардың қыстау ерекшелігі туралы айту.

Дамытушылық: аңдарға деген қамқорлық аяушылық сезімдерін ояту.

Тәрбиелік: жабайы жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Үштілдік компонент: жабайы жануарлар – wild animals,аю-медьведь-bear, түлкі-лиса-a fox, касқыр-волк-wolf

Керекті құралдар: жабайы жануарлардың суреті

Әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық-

Қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Амансың ба, алтын Күн!

Амансың ба, Жер Ана!

Амансың ба, Достарым!

Сендерді көрсем, қуанам!

Ғажайып сәт:

Топқа қонаққа қонжық келеді. Ол балаларға хат әкеледі.

  • Балалар, орман тұрғындарын Мыстан кемпір сиқырлап тастапты.

Хатты оқиды:

Мыстан келді орманға,

Қашып шықтым қорбаңдап.

Қалған аңдар қалды,

Барлығы естен таңды.

Оянғанда бар аңдар,

Өздерін ұқпай қалды.

Не дейтінін білмейді,

Не жейтінін білмейді.

Қыс келгенде орманға,

Не істерін де білмейді!

(Автор: Акмарал Темирбековна)

  • Балалар, бұлай болмайды! Орман тұрғындарына тезірек көмек көрсетуіміз керек! Көмектесеміз бе?

Жарты шеңберге кілем үстіне отырады.






Таңдана қарсы алады, үш тілде амандасады.

  • Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Hello!


Қызыға, мұқият тындайды.







Көмектесуге ынта білдіреді.

  • Иә!




Ұйымдастыру– іздестіру

Әңгімелесу:

  • Біз қай елде тұрамыз? Біздің республикамыз қалай аталады?

  • Дұрыс айтасыңдар! Қазақстанда тұрамыз. Біздің Қазақстанымыз өте бай ел. Қазақстанда көптеген өзен – көлдеріміз, дала – шөлдеріміз, асқар тауларымыз, ормандарымыз көп. Бүгін біз сендермен Қазақстанның орман тұрғындары туралы әңгімелесетін боламыз.

  • Орманда қандай аңдар тұрады?





  • Егер, біз аңдар туралы айтып беретін болсақ, Мыстан кемпірдің сиқыры қайтады, аңдар бәрін естеріне түсіретін болады.

  • Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін тауып көріңдер.

Жұмбақ жасырады:

Өзі айлакер, өзі бір қу,

Жүрген жері айқай мен шу

Ол не?


Әңгімелесу.

Экраннан Түлкінің суретін көрсетеді.

  • Түлкі қайда өмір сүреді?


  • Түлкі орманда өмір сүрсе, ол жабайы аң ба, әлде үй жануары ма?



  • Иә, балалар, түлкі жабайы аң. Ол өте қу. Түлкі өз аяғына, құлағына қатты сенеді. Ол тез жортады, құлағы жақсы естиді. Тіпті, қалың қардың астындағы інінде жасырынған тышқандардың шиқ – шиқ еткен дыбысын естіп қояды. Оның тұмсығы да иісті жақсы сезеді. Түлкі қу ғана емес, ол жақын маңдағы ауылдардың тауық қораларына ұрлыққа түсетін ұрлықшы да екен. Бірақ түлкіні ұстау қиын, себебі ол өзінің құйрығымен жүрген ізін жауып отырады екен.

  • Түлкі орысша «лиса», ағылшынша «fox».

Тыныс алу жаттығуы:

  • Балалар, мына түлкілер сендермен дос болғысы келеді екен. Қане, түтікшелерді үрлеп көрейікші. Сол кезде түлкілер тілдерін шығаратын болады.

Жұмбақ жасырады.

  • Келесі жұмбақты тыңдайық.

  • Қорбаң – қорбаң жүреді,

Балды жақсы көреді.

  • Ол қай аң?

  • Дұрыс айтасыңдар! Бұл – аю.

Әңгімелесу.

Экраннан Аюдың суретін көрсетеді.

  • Аю қайда өмір сүреді?


  • Аю қандай?

  • Ал, аюдың түсі қандай?


  • Аю не жегенді ұнатады?




  • Жақсы ! Біз жабайы аңдар туралы көп әңгімелескен болатынбыз.

  • Аю қыста не істейтін еді?


  • Дұрыс айтасыңдар. Аю жаз бойы құнарлы тамақтанып, бойына көп май жинайды. Қыс жақындағанда апанының ішіне кіріп, тәтті ұйқыға жатады. қыс бойы ұйықтап, көктемде қар еріп, күн жылынғанда ғана ұйқысынан оянады.

  • Аю орысша «медведь», ағылшынша «bear».

Жұмбақ жасырады.

  • Үлпілдеген ақ томпақ,

Қорқақ, әрі сақ құлақ.

Ол не?

Әңгімелесу.

Экраннан Қоянның суретін көрсетеді.

  • Қоян қайда өмір сүреді?


  • Қояндар қысқа қалай дайындалады? Аю сияқты қояндар да ұйықтап қалады ма?


  • Иә. Қояндар тонын ауыстырады. Жазда қояндар : сұр болса, қара болса, қыста ақ тонын киіп алады.

  • Ақ тон, қояндарды жауларынан қорғайды. Қалай ойлайсыңдар, қояндарды жаулары нелер?

  • Ақ қоян, қасқыр мен түлкіден қашып, аппақ қардың арасына тығылып қалады екен. Ақ қардың арасынан жаулары таба алмай қалады екен.

  • Қоян орысша «заяц», ал ағылшынша «hare»

Тәжірибе.

  • Ендеше, қызықты тәжірибе жасап көрейік.

  • Жаз мезгілінде қоян міне мынадай сұр тонын киіп жүреді. Ал қыс мезгілінде қоян үстіндегі тонын ақ түске ауыстырады. Себебі қыс мезгілінде далада көп қар жауады.

  • Қардың түсі қандай?

  • Дұрыс, қардың түсі ақ, міне қоян да ақ қардың арасынан көрінбей қалу үшін өзінің тонының түсін ақ түске ауыстырады. Бірінші сұр қояндарыңды алдарыңдағы қардың суретіне қойып көріңдерші.

  • Сұр қоян қағаздың бетінен бірден көрініп тұр ма?

  • Иә! Біз көріп тұрғандай басқа да аңдар көріп қояды екен. Енді ақ қояндарымызды ақ қағаздың бетіне қойып көрейікші. Қатты көріне ме?

  • Жоқ, көрінбей қалады. Басқа аңдар да аппақ қоянды аппақ қардың арасынан көре алмай қалады екен.

Қорытынды:

  • Ақ қарда ақ қоян көрінбейді!

  • Жабайы аңдар орманда өмір сүреді, оларға ешкім тамақ тауып бермейді. Жабайы аңдар өз тамақтарын өздері тауып жейді. Адамдардан көмек қажет етпейді.

Сергіту сәті:

Қорбандаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп- теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

«Көлеңкесін тап?» дидактикалық ойыны:

Шарты: аңдардың көлеңкесін тауып , маркердың көмегімен өзара қосу керек.

Тақпақ айту.

Балалардың аңдар туралы тақпақтары.

Түлкі, түлкі, түлкімін.

Көрдің бе түсін тонымның?

Қара етік киемін,

Бойымда жоқ бір мінім!

*

Иә,біраз айлам бар,

Айладан түсер пайдам бар.

Жолап кетсем қораңа,

Тауықтарың жоғалар.

*

Сезіп қалсам бір пәле,

Табалмастай қашамын.

Үлпілдеген құйрықпен,

Ізімді әркез жабамын.

(автор:

А. Темирбековна)



«WHATZIZZ??» дидактикалық ойыны

What is this?» «Интелектум» бойынша ойын)

Балаларға теріс қаратылып жасырынған бір аңның суретін айнаға қарап табу керек. Әр бала өз бұрышынан қарағанда, аңның бір дене мүшесінің бөлігін ғана көре алады. Сол бойынша қай аң екенін келісе отырып тауып, кейін ашып көріп тексереді.



  • Біз Қазақстанда тұрамыз.



  • Иә!






  • Орманда жабайы аңдар тұрады. Қасқырлар, қояндар, түлкілер, аюлар, кірпілер.









Жұмбақты тыңдайды, ойланып шешуін табуға тырысады.

  • Бұл түлкі!



  • Түлкі орманда тұрады.

  • Түлкі – жабайы аң.



Қызыға қарайды, ақпаратты мұқият тыңдайды.












Жаңа сөздерді жаттауға тырысады.



Тыныс алу жаттығуларын орындайды.





Ойланып, жауап береді.

  • Ол – аю.




  • Аю орманда өмір сүреді.

  • Аю жабайы аң.

  • Аюдың түсі қоңыр.

  • Аю балық, бал, жейдектер, саңырауқұлақ жейді.


  • Аю қыста ұйықтайды.

Мәліметті қызыға, мұқият тыңдайды.






Жаңа сөздерді есте сақтауға тырысады.


Ойланып, жауап береді.


  • Ол – қоян.



  • Қоян орманда өмір сүреді.

  • Қояндар тонын ауыстырады. Олар ұйықтамайды.


Жаңа мәліметті тыңдайды. Қызығушылық танытады.

  • Қасқыр, түлкі, жыртқыш құстар.





Жаңа сөздерді есте сақтауға тырысады.






Мұқият тыңдайды, тәрбиешімен бірге тәжірибе жасап көреді.

Қорытынды шығарады.

















  • Ақ қарда ақ қоян көрінбейді!





Барлығы бірге өлең жолдарын, қимыл қозғалыстарымен бірге орындайды.



Аңдардың көлеңкесін тауып , маркердың көмегімен өзара қосады.


Ақ, қоян – ау, ақ қоян,

Ұзын құлақ, сақ қоян.

Қаша берсең орманға,

«Қорқағым» деп ат қоям.

*

Ұзын құлақ қорқақпын,

Үлпілдеген томпақпын.

Сәбізді жақсы көремін,

Үнемі қашып жүремін.

*

Big paws,

Big black nose,

Stubby tail,

And growl he goes.

What is he?

Well, who knows?

He sleeps all winter

When, it snows.



Суреттерге мұқият қарайды, қай аң жасырынғанын табады.

Мысалы:

- Мынау, түлкі, өйткені құйрығы көрініп тұр.

- Мынау, қоян. Оның құлақтары көрініп тұр.



Рефлексивті– түзетушілік


Қорытынды:

  • Балалар, біз нелерге көмектестік?

  • Қандай жабайы аңдарды білеміз?



  • Аю қыста не істейді?


  • Қоян неге тонын ауыстырады?


  • Біз қай елде тұрамыз?

  • Иә, біз Қазақстанда тұрамыз, және еліміздің ормандарында мекен ететін аңдар туралы көп мәлімет алдық.

  • Қонжық қайтадан келіп, балаларға сыйлық әкеліп тастайды.

Мақтап, мадақтап, қонжықтың сыйлығын балаларға таратады.


  • Жабайы аңдарға

  • Қоян, қасқыр, түлкі, аю, тиін, кірпі.

  • Аю қыста ұйықтайды.

  • Қоян тонын ауыстырады.

  • Біз – Қазақстанда тұрамыз.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: жабайы аңдардың қысқы тіршілігі , дайындығы жайында;

Болу керек: аңдардың ерекшеліктері туралы түсінік;

Істей білу керек: сөйлем құрастыра білу, өз ойын толық жасқанбай жеткізе білу

Тәрбиеші: А. Т. Тусипжанова – Шагирова

Тексерілді: ____________











Сюжетті – рөлдік ойын орталығы

Тақырыбы: «Оливье жасау»

(Қоян бейнесінде безендізіп, бетін сырмен жабу)

Мақсаты: Балаларды салат жасауға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: көкөністерді, жұмыртқа мен шұжықты пышақпен турауға, оларды біріктіріп, майонезбен араластыруға үйрету;

Дамытушылық: ұсақ қол бұлшықеттерін дамыту;

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу.

Үштілділік компонент: жұмыртқа – яйца – egg (эг),қияр – огурец – cucumber (кукумбә), картоп – картошка – potato (патэйтоу), сәбіз – морковь – carrot (кәррот), шұжық – колбаса – sausage (со сидж) , көк бұршақ – зеленый горошек - green peas (грин пииз), қаймақ – сметана – sour cream (соо криим).

Кіріспе әңгіме.

  • Балалар, үстелдің үстінен не көріп тұрсыңдар?

  • Қалай ойлайсыңдар , біз бүгін не істейміз?

  • Дұрыс! Біз бүгін салат жасаймыз. Біз ең дәмді және ең тойымды «Оливье» салатын жасайтын боламыз.

  • Неге бұл салат тойымды деп ойлайсыңдар?

  • Ендеше тыңдап алыңдар, бұл салатқа жұмыртқа және ет сияқты адамды тез тойғызып жіберетін өнімдер салынады. Оған қоса түрлі ақуыздарға бай көк бұршақ та бар.

  • Бұл салатқа ересек адамдар пияз қосып жасағанды жақсы көреді.

  • Мен сендерге осы пияз туралы біраз айтып бергім келеді. Пияз адамға өте пайдалы, пиязда тұмауға қарсы тұратын көп дәрумендер бар. Пиязды тазалағанда көзіміз ашып, жас ағады ғой, міне осы өткір иістен микробтар да қорқады екен.

  • Ал, енді салатымызға кірісеміз. (Дастарханда тұрған көкөністерді, пісірілген өнімдерді ататып шығу)

Қауіпсіздік ережесін ескерту.

  • Біз пышақпен жұмыс жасайын деп отырмыз. Сол себептен абай болуымыз керек. Пышақпен ойнауға, бір – бірімізге сермеуге, жүзінен ұстауға болмайды. Тек арнайы қолшығынан, сабынан ғана ұстаймыз. Жұмыс жасап болған соң, орнына қоямыз.

(жүзі домаланған пышақты қолдану)

Сергіту сәті:

Қорбандаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп- теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Жұмыс барысы:

  • Алжапқыштарымызды киеміз, ең алдымен картоп тураймыз. Тақтайшаға қоямыз, қолымызға пышақты дұрыстап ұстаймыз. Міне былай көлденең дөңгелектер турап аламыз, енді осы дөңгелектерімізді ұзыншақ етіп тураймыз. Осы ұзыншақтарымызды енді кішкентай шаршылар етіп тураймыз.

  • Енді дәл осылай сәбізді тураймыз.

  • Келесі тұздалған қиярды , жұмыртқаны, шұжықты тураймыз.

  • Енді осы қоспалардың барлығын біріктіреміз де, оған жасыл бұршақ пен тұз - бұрыш, қаймақ қосып араластырамыз.

  • Енді, қонаққа келген апайларымызға да ұсынайық.

  • Жұмыстарыңды аяқтасаңдар, қолдарыңды майлықпен сүртіп, қоқыс салғышқа тастаңдар.

Қорытынды:

  • Бүгін біз не істедік?

  • Сендерге салат жасаған ұнады ма?

  • Біз салатқа не қостық?

  • Маған бүгін сендердің салат жасағандарың өте ұнады.

Жұмыс барысында:

  • Балалармен әрекет бойы тақырып төңірегінде әңгімелесіп отыру

  • Үш тілде әрбір өнімнің атауын айтқызып отыру. Мысалы: жұмыртқа – яйца – egg (эг),қияр – огурец – cucumber (кукумбә), картоп – картошка – potato (патэйтоу), сәбіз – морковь – carrot (кәррот), көк бұршақ – зеленый горошек - green peas (грин пииз), қаймақ – сметана – sour cream (соо криим), шұжық – колбаса – sausage (со сидж).

  • «Оливье» салатының тарихын айта отыру. Негізінде бұл салатты Франция елінде ойлап тапқан, ең әуелде бұл салатқа құс еті қосылатын болған, ал қазір түрлі шұжық түрлерін қосып та жасайды, ал біз сиыр етінен жасап отырмыз.

  • Тақырып төңірегінде сұрақтар қоюды ұмытпау

  • Көмек керек балаларға бағыт беріп , көмектесіп отыру (балаларға өздігінен жұмыс жасауға мүмкіндік беру, балалар үшін олардың орындарына ештеңе мүмкіндігінше жасамау)

  • Жұмыс соңында келесі айналымда келетін балаларға жұмыс орындарын тазалап, әзірлеп кету.

















Таңғы жиын


Тәрбиеші балаларды ортаға жинап алады.

Балалардың білетін өлеңдерін (тақпақ) қимылдарын келтіре отырып айтады.

  • «Мишка косолапый»

  • «Қоян»

  • «Big paws»

Күз мезгілі туралы бағыттау сұрақтар қою арқылы әңгімелесу:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Табиғатта не өзгерістер байқадыңдар?

  • Құстарымыз қайда екен?

  • Адамдар қалай киінетін болды?


Тәрбиеші: - Бүгін, менің орталығымда болатын балалар, «Қазақстандағы жабайы аңдар» туралы әңгімелесіп, тәжірибе жасап көретін боламыз. Ал, Анель апаймен бірге «Аңдарға үй» жасап үйренесіңдер. Дәмеш апаймен сендер дәмді «Оливье» салатын жасайтын боласыңдар.

Таңдау жасату:

  • Балалар, таңертең сендерге өздеріңе ұнаған гүлдерді таңдап алғансыңдар. Енді, осы гүлдерге қарап бөлінеміз.

Әрбір айналым біткен соң:

  • «Мишка косалапый» әні

  • Қаражорға биі

  • «Bus» әні






























































Сөздік жұмыс: жабайы жануарлар, апан, құйрық, жыртқыштар, ағаштың қуысы, ін,























қасқырдың апаны.

Жұмбақты шешеді жəне түлкінің қасында

нелер тұратынын айтады:

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (Қоян)

Сұрғылт тартқан түсi бар,

Ақсиған көп тiсi бар.

Тыным таппай жүгiрiп,

Сiлекейi шұбырған,

Қыстау маңын ториды,

Ауылдың өш бар итi. (Қасқыр)

26

Балаларды алдағы жұмысқа

дайындайды.

Жауымнан мен қашқанда,

Ағаштарға самғап бағам.

Ал қарным ашқанда,

Отырып ап жаңғақ шағам. (Тиін)

Санай алмай шаршадым –

Найзасы бар қанша мың.

Батыр емес бірақ та,

Қашып жүрер жыраққа. (Кірпі)

.