Бекітемін
Мектеп директорының оқу
ісі жөніндегі орынбасары Г.Әшірова
Сабақтың тақырыбы: «Кемеңгер клубы» интеллектуалды ойыны Күні:18.09.2019ж Уақыты:16.00
Сабақтың мақсаты: Оқушыдардың ой-қиялын ұштап, білімдерін арттыру. Үйлесімді және жан-жақты дамыған тұлғаның, Қазақстанның болашақтағы интеллектуалды элитасын қалыптастыру.
Білімді дарынды, озық болуға жетелеу, пәндерге деген қызығушылығын ояту. Ұжымдық ж ұмыс жасауға, топтасып ақылдаса білуге, шешім қабылдауға машықтандыру.
Сабақтың түрі: Топтық сайыс
Көрнекілігі: Суреттер, слайд,плакат, түрлі-түсті шарлар, ұяшықтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сайысқа қатысушыларды тіркеу
2. Сайыстың өтілу барысымен таныстыру
ІІ. Негізгі бөлім
Логикалық есептер
Бейне сұрақтар
Есепке кім жүйрік? (Басқатырғылар бөлімі)
«Сен маған, мен саған»? (Топтар бір-бірен дайындап келген логикалық сұрақтарын қояды)
«Математика» өмірде постермен жұмыс
1-айналым. Бұл кезеңде оқушылардың логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілеттері сыналады. (Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі)
2-айналым. Бейне сұрақтар кезеңі.Оқушыларға ардагер математик ұстазымыз Сайдалиева Перуза апай және математика пәнінің мұғалімі Әшірова Гүлнара апайлар бейнесұрақ қояды,оқушылар 1 минут ішінде ойланып жауап берулері тиіс.. (5 ұпай)
3-айналым. Берілген есептерді барлығы орындайды.Қай топ бірінші орындап болса және барлық есебі дұрыс шығарылса 15 ұпай иеленеді.
4-айналым «Сен маған, мен саған»? (Топтар бір-бірен дайындап келген логикалық сұрақтарын қояды) .
Қорытынды
«Кемеңгер клубы» интеллектуалдық ойынының жүргізілу сценарийі:
Салем, салем бүгінгі «Кемеңгер клубы» ойынына қатысушы жас достар және құрметті қонақтар! Бүгінгі ойынға қош келдіңіздер! Бүгінгі ойынымыздың мақсаты : Оқушыдардың ой-қиялын ұштап, білімдерін арттыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Білімді,дарынды,озық болуға жетелеу, пәндерге деген қызығушылығын ояту. Ұжымдық жұмыс жасауға,топтасып ақылдаса білуге, шапшаң шешім қабылдауға машықтандыру.
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Олай болса бүгінгі ойынға қатысушы топтарға қазылық ететін:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Олай болса бүгінгі ойынға қатысушы топтармен таныстырып өтсем
I топ: « » тобы. Топ мүшелерімен таныстырып өтеді.
Олай болса ойыншылар «Білімді ұрпақ жарқын болашақ кепілі» - дей келе сайысымыздың 2-айналымын бастаймыз.
ІІ.Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз –дей келе логикалық есептерге кезек берсек
1. Егер екі таңбалы санның цифрларының орнын ауыстырса,одан 45-ке кем сан шығады.Бұл қандай сан (27)
2.10 тақ санның көбейтіндісі қандай цифрмен аяқталады?
3.Мерекеге арнап қызыл,жасыл,көк,сары түсті барлығы 123 шар сатып алынды.Қызылдан басқа шарлар-94,жасылдан басқа шарлар -81, көкен басқа шарлар-89.Сары шарлар нешеу?
4.Марк екі сан ойлады.Бұл екі санның қосындысы 13,ал бірінші санның үш еселенгені,екінші санның екі еселенгенінен 4-ке артық.Марк қандай сан ойлады?
5.10 тақ санның көбейтіндісі қандай цифрмен аяқталады?
6. Биологтар оны тірі ағзалардың өмір сүру ортасы дейді.Экономистер оны негізгі өндіріс факторы санайды.Ал тарихшылар үшін ол мұрагерлік жолмен берілетін жеке меншік.Ол не?
1.Лифтге 12 үлкен адам немесе 20 бала сияды.Лифтге 9 үлкен адаммен бірге неше бала орналаса алады?
2. дана өзіне келген қонақтарға бірдей тарту әзірлемекші болды.Ол тарту салған пакеттерге барлығы 30 сары өрік,24 қара өрік,18 шабдалыны үлестіріп салды.данаға қанша қонақ келегн?
3.Жай бөлшектің алымы бөлімінен 2-ге кем.Егер алымын 1-ге,бөлімін 3-ке арттырса,берілген бөлшекке тең бөлшек шығады.Бастапқы бөлшекті табыңыз?
4.тізбектес екі натурал санның көбейтіндісі 182-ге тең.Осы сандардың қосындысын табыңыз? (27)
5.Жұмысшы 15 сағатта істеген жұмысы үшін 195тг алады.Егер жұмысқарқыны осындай болса,ол 8сағатта қанша ақша табажы? (104)
6.Автомобиль дөңгелегі оңға бұрылғанда оның ішкі жиегі сағат тілі бойынша айналады.Ал резеңке дөңгелектің ішіндегі ауа бағыты қалай қозғалады?
Келесі кезеңімізі «Бейне сұрақ» кезеңі экранға назар аударайық.
ІҮ.Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
Берілген есептерді
барлығы орындайды
Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебі
«Кемеңгер клубы»
Интеллектуалдық ойыны
(10-11 сыныптар)
Ұйымдастырушы: Математика пәнінің мұғалімі Ж. Омарова
2019-2020 оқу жылы
«Жұлдызды сәт» математикалық сайысының
Анықтамасы
28.03.2018ж математика пәнінің мұғалімдері Ж.Омарова мен Д.Түгелбайдың ұйымдастыруымен «Жұлдызды сәт» математикалық сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты : Оқушыдардың ой-қиялын ұштап, білімдерін арттыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Білімді,дарынды,озық болуға жетелеу, пәндерге деген қызығушылығын ояту. Ұжымдық жұмыс жасауға,топтасып ақылдаса білуге, шапшаң шешім қабылдауға машықтандыру.
Сайысқа 5-7 сынып оқушылары арасынан І топ «Үшбұрыш» тобы, ІІ топ «Координата» тобы ІІІ топ «Жиын» тобы болып үш топ қатысты.Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сайыс кезеңдерінде оқушыларға логикалық сұрақтар қойылып мақал-мәтелде кездескен сандарды тауып сол сандарды орыс,ағылшын тілінде аудырып отырды. Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек – дегендей сайыс барысында берілген есептерді топтардың барлығы орындады.
Сайысқа математика пәнінің мұғалімі Г.Наукебаева, биология пәнінің мұғалімі Ж.Сатылғанова, қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Омарова қазылық етті. Сайыс нәтижесінде «Жиын» тобы мен «Үшбұрыш» тобы 60 ұпай иеленді. «Координата» тобы 59 ұпай алды.
Хаттама
Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінің математика және информатика
пән бірлестігінің кезектен тыс отырысы болып өтті
Қатысқаны-7
Күн тәртібінде
Математика пәнінің мұғалімі Омарова Жайнаның ұйымдастыруымен 6-7 сынып оқушылары арасында 21.11.2017ж «Зерде» тақырыбында өткізілген зияткерлік сайыстың жүргізілуі жайлы
Тыңдалды: Математика пәнінің мұғалімі Ж. Омарова өз сөзінде 6 «А» сыныбына «Қатынас және пропорция» тақырыбында өткен ашық сабағында жоспарланған жұмыстардың барлығы орныдалғанын,қойылған мақсаттарына тоқтала отырып, мақсатына толық жеткендігін ашып айтты.
Шығып сөйлеушілер:
1. Г.Әшірова-/мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары/
Мұғалімнің сабақ өтуде теориялық білімі бар екенін көрсете білді. Есептер шығару барысында қайталау сабағы боғаннан кейін өткен тақырыптармен байланыстырып отырды. Электронды оқулықтан есептер шығарту барысында уақытын тиімді пайдалана білді. Есептер шығарылуында қателіктер кездескен жоқ. Сабақта «жақсы» деп бағалаймын.
2.А.Кубекова-/информатика пәні мұғалімі/
Бүгінгі Омарова Жайнаның күнтізбелік жоспарға сәйкес сабағы жақсы өтті. Мұғалім сабағына тыңғылықты дайындалған.Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнады.Оқушылар белсенділігі өте жоғары болды. Сабақ өтетін орын талапқа сай.Сабақ уақытында басталып, уақытында аяқталды.Оқушыларды бағалауда бағалау парақтарын алып қатысқан мұғалімдер көзінше бағаланбай қалды. Сабақ барысында дәптермен, тақтамен, электронды оқулықтармен жұмыс болды. Сабақты «жақсыға» бағалаймын
3.Д.Түгелбай-/математика пәнінің мұғалімі/ :
Сабақ жоспары сауатты құрылған. Оқушыларды топқа бөлуде тақырыпқа сәйкес АД және ВС тобы етіп бөлді. Оқушылар сабаққа белсене араласып отырды. Әсіресе электорнды оқулықпен есептер шығаруда оқушылар белсенділіктері артты. Мұғалім сабаққа жақсы дайындалған. Сабақ маған ұнады. Сабақты «өте жақсыға» бағалаймын.
4. М.Батырбекова-/сурет-сызу пәнінің мұғалімі/
Бүгінгі Жайна апайдың сабағы жақсы өтті. Мұғалім сабақ өту барысында түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланды. Кеше өтілген тақырып болса да оқушылар толық меңгерген. Есеп шығару барысында оқушылардың қатесін мұғалім де, оқушылар да дер кезінде тауып отырды. Оқушылар сабаққа белсене араласып отыр. Сабақты «жақсы» деп бағалаймын.
5.Ж.Сатылғанова-/биология пәнінің мұғалімі/:
Сабақ маған ұнады. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолдана отырып оқушылардың қызығушылығын арттырып отырды. Сергіту сәті жүргізілді. Оқушылар есептер шығаруда белсенділік танытып отырды. Сабақ барысында оқушылардың көңіл-күйлері де сұралып отырды.Сабаққа ешқандай кемшілік қоя алмаймын. Сабақты «жақсыға» бағалаймын.
6.Д.Әбжәлиева-/география пәнінің мұғалімі/:
Бүгінгі сабақ жақсы өтті. Оқушылар алдымен топқа бөлініп өз топтарына отырды. Содан соң «Өрмекші торы» арқылы өткен сабақтардан сұрақтарға жауап берді. Содан соң есептер шығаруға көшті. Мұғалім мен оқушыла арасында тығыз қарым-қатынас орнады.Оқушылар сабаққа белсене араласып отыр. Сабақта әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып отырды. Сабақ маған ұнады, сабақты «өте жақсыға» бағалаймын.
7.А.Қайруллаева-/бастауыш сынып мұғалімі/:
Сабақтаың құрылымы өте жақсы құрылған.Оқу үдерісінде әрбір оқушының жеке
ерекшеліктерін ескереді. Сабақ барысында «Өрмекші торы», «өзін-өзі бақылау» , «иә немесе жоқ» әдіс-тәсілдерін және жұптық, топтық тапсырмалар орындатты. Тақтамен дәптермен жұмыс болды. Әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білді.Алдағы уақыттарда оқушылар сабақ барысында бір-біріне сұрақтар қойып отырса деген ұсынысым бар.Сабақ маған ұнады, «өте жақсыға» бағалаймын.
Күн тәртібіндегі мәселені тыңдай және талқылай келе қаулы етеді
Математика пәнінің мұғалімі Омарова Жайнаның 6 «А» сынып оқушыларына математика пәнінен «Катынас және пропорция» тақырыбында өткен сабағы «жақсы» деп бағалансын.
Бірлестік жетекшісі: Г. Наукебаева
Хатшысы: Ж. Омарова
(1Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?
10 (2)Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар?
10 (3) Егер 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, онда 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге?
20(1) Фермада 10 сиыр мен бірнеше тауық балапандары бар.Сиырлар аяқтарының жалпы саны барлық балапандардың аяқтарының санына тең. Фермерде неше үй жануары бар?
20(2) Егер а санын 3-ке көбейтсек 6 санын табамыз. Егер 6-ға 2 қоссақ с санын табамыз. Бұдан а+с=?
20(3) Анасы 16 мандарин сатып әкелді. Жартысын Думан жеді, Айша 2 мандарин жеді, қалғанын Дина жеді. Дина неше мандарин жеді?
30(3) 300.х-тің ең үлкен мәнін табыңыз.978
30(2) Қандай санның 4тен 1 бөлігі 3-ке тең?
30(3) 64 санының 8 ден 3 бөлігі қанша?)
Жосалы кенті,
2015 жыл
Аудандық оқушылар үйінің «Математика» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Қосымша білім беру ұйымдарында әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету тақырыбындағы облыстық семинар барысында «Зерде» зияткерлік ойынының
АНЫҚТАМАСЫ
Аудандық оқушылар үйінде 20 ақпан 2015 жылы «Математика» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Қосымша білім беру ұйымдарында әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету тақырыбындағы облыстық семинар барысында «Зерде» зияткерлік ойыны болып өтті. Ойынның мақсаты: Оқушыдардың ой-қиялын ұштап, білімдерін арттыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Білімді,дарынды,озық болуға жетелеу, пәндерге деген қызығушылығын ояту. Ұжымдық жұмыс жасауға,топтасып ақылдаса білуге, шапшаң шешім қабылдауға машықтандыру.
Ойынға үш топ, әр топта бес оқушыдан 15 оқушы қатысты. Олар «Зерде» тобы, «Зейін» тобы, «Зерек» тобы. Зерде тобының басшысы – Уалиханов Р, мүшелері- Көшербаева Н, Серік А, Мырзағұлқызы Г, Сапабек Б. Зейін тобының басшысы – Берікбаев С, мүшелері – Шамша А, Ибрагимов Б, Сүйнова Н, Қайырбекова А. Зерек тобының басшысы – Шаухатбеков Д, мүшелері- Сламова А, Алтынбекова Д, Сағындықова Ж, Шамша А.
Ойын кезеңдері мына айналымдардан тұрды.
1-айналым. Түрлі-түсті 4 ұяшықта әр-түрлі тақырыптар жасырылған. Топтан бір ойыншы шығып теріс қарап тұрып қолындағы асығын тастау арқылы өздеріне қойылатын сұрақтар тақырыбын таңдайды. Ойыншылар 1 минут ішінде жүргізуші қойған сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
2-айналым. Бұл кезеңде оқушылардың логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілеттері сыналады. Әр тапсырманың ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты орындау уақыты сол кезде нақтыланады. Тапсырманы дұрыс орындаған топқа 50 ұпай беріледі.
3-айналым. 1 минут ішінде жүргізуші қоятын 3 сұраққа жауап беру керек. Жауаптарын кубиктерде жасырылған әріптерден құрастырады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
4-айналым. Басқатырғыштар бөлімі. Әр топқа шырпылардың орындарын ауыстыру арқылы басқатырғылар беріледі. Белгіленген уақыт ішінде тапсырманы дұрыс орындаған топқа 20 ұпай беріледі.
Ойын кезеңдеріндегі тапсырмаларды алғырлық танытып орындай келе топтардың ұпай сандары есепке алынды. «Зерде» тобы 125 ұпай, «Зейін» тобы 120 ұпай, «Зерек» тобы 110 ұпай жинады. Ұпай сандарын есептей келе І орын «Зерде» тобы, ІІ орын «Зерек» тобы, ІІІ орын «Зейін» топтарына бұйырды.
Жеңімпаз топтар аудандық оқушылар үйінің дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Анықтама беруші «Математика» үйірмесінің жетекшісі: Ж. Омарова
Аудандық оқушылар үйінің «Математика» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Қосымша білім беру ұйымдарында әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету тақырыбындағы облыстық семинар барысында «Зерде» зияткерлік ойынының
ХАТТАМАСЫ
Өткізілген орны: Аудандық оқушылар үйі
Өткізілген уақыты: 20.02.2015 жыл
Қатысуға тиіс оқушылар: 15
Қатысқаны:15
Қатыспағаны:0
Мақсаты: Оқушыдардың ой-қиялын ұштап, білімдерін арттыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Білімді,дарынды,озық болуға жетелеу, пәндерге деген қызығушылығын ояту. Ұжымдық жұмыс жасауға,топтасып ақылдаса білуге, шапшаң шешім қабылдауға машықтандыру.
Әділ қазылар:
1. Ауданық оқушылар үйінің әдіскері - А. Әбдіреева
2. Аудандық оқушылар үйінің психологы – М. Аяшова
3. «Математика» үйірмесінің жетекшісі - Ж. Омарова
Әділ қазылар шешім етті:
І орын «Зерде» тобы
ІІ орын «Зерек» тобы
ІІІ орын «Зейін» тобына бұйырды.
Хатшы: Ж. Омарова