© 2018, id62503910 7939 59
СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
"Химия пәнінен есептер шығару" атты факультатив жұмысының сабақ жоспарлары толығымен салынып отыр.
Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты: Алюминий металының периодтық жүйедегіорны, физикалық және химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы, алынуы және қолданылуы туралы түсінік беру.Сабаққа белсенділіктерін арттыру,өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.Қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру. Оқушыларды ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдық көзқарастарын тереңдету,ұйымшылдыққа, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, суреттер, деңгейлік тапсырмалар, тест, тірек-сызбалар.
Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті тақтамен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: география – металдың кездесетін жерлерін, биология – металдың адам ағзасындағы маңызын, әдебиет – бес жолды өлең, тарих –ежелгі металдан жасалған бұйымдар.
Сабақ барысы.
«Миға шабуыл»
А) Металдарға байланысты мақал-мәтелдер беріледі.
1. Темірді ... кезде соқ.
2. ... тас екен, арпа – бидай ас екен.
3. Жылтырағанның бәрі ... емес.
4. ... – халық, тұзсыз тағам болмайды.
5. Ақыл арымас, ... шірімес.
6. Мылтықтың ... айтпа, атысын айт.
7. ... еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген шірітер.
Ә) Металдардың қасиеттерін еске түсіруге арналған сұрақтар:
«Жорға сұрақтар»
1. Металдар деген сөздің ежелгі атауы?
2. Қазақстан жерінде ежелде металдан жасалған бұйымдар?
3. Металдардың периодтық жүйедегі орны?
4. Металдар неше топқа жіктеледі?
5. Электрөткізгіштігі жоғары металдар қатары?
6. Ең қиын балқитын металдар?
7. Ең оңай балқитын металдар?
8. Ең жеңіл металдар?
9. Ең ауыр металдар?
10. Түсті металдар?
11. Сирек кездесетін металдар?
12. Қазақстанның қазба байлықтарының металогендік картасын жасаған ғалым?
Мағынаны тану
«Қызығушылықты ояту»
Болмаса да айтарлықтай салмағым,
Мен көбіңнен ардақтымын, алдамын.
Ұшақ болып, аспанға ұшып қалықтап,
Жердің жүзін, аспанды да шарладым.
Дюралюминий дейтін менің қоспамды,
Әспеттейді химияның достары.
Осыларға төсек, үстел, ыдыспен,
Бағандардың бұйдаларын қос тағы
Қағаз да мен қант пен шайды сәндеген.
Тоққа балқып келіп тұрған әнде мен.
Атом құрылысы:АІ +13. 2е 8е 3е
ІІІ топ, ІІІпериод. Тотығу дәрежесі +3
Атом массасы 27г/моль
Боксит АІ2О3*Н2О
Корунд АІ2О3
Табиғатта таралуы Ақ саз АІ2О3*2SiO3* H2O
Далалық шпат K2O* АІ2О3
Нефелин Na2O*K2O* АІ2О3
Слюда K2O* АІ2О3*2SiO3* H2O
Жер қыртысында таралуы: диаграмма
Физикалық қасиеттері. Күміс түстес ақ металл. Тығыздығы 2,7г/см3. Балқу температурасы 650С0. Температурасы 2500С. Электроткізгіштігі және жылуөткізгішітігі өте жоғары (күміс пен мыстан ғана кем).
Алынуы.
Боксит рудасынан электролиз әдісімен алынады. (Қызылжарда)
2АІ2О3 электр ток 4АІ+3О2
Химиялық қасиеттері.
Жай заттармен әркеттесуі. АІ – АІ4С3, АІ2О3, АІР, АІСІ3
Күрделі заттармен әркеттесуі: АІ – AI2(SO4)3 , AI(OH)3 , AI(NO)3 , AICL3.
Алюминий және оның құймаларының қолданылуы.
Алюминий құймалары
Магналий
Дуралюмин
Алюминий марганецті қола
силумин
Құйманың құрамы
АІ+Мп+Мg
AI+Mg+Si+Cu
AI+Cu+Mn
AI + Si+Na
Қолданылуы
Кеме, ғарыш кемесін жасау
Ұшақ жасау
Машина тетіктерін жасау
Құрылыс
Тікұшақтардың бұрмалары
Машина жасау
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
Зерттеңіз | Алюминийдің табиғатта таралуын |
Салыстырыңыз | Алюминийдің б асқа металдармен айырмашылығын |
Сипаттаңыз | Алюминийдің құймаларының құрамын |
Сандық және эксперименттік есептер шығару. Есептер жинағы 9 сынып
Ә.Темірболатова.2009ж
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.
Сабақтың тақырыбы: Металдардың периодтық жүйедегі орны. Адам өміріндегі маңызы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың металдар туралы, олардың қасиеттері, адамға қажеттілігін, алған білімдерін қорыту, бір жүйеге келтіру, оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге баулу. Ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Оқушылардың ой-өрісін, белсенділік пен қабілеттілігін, танымдық қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі. Сайыс сабақ
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1 кезең. «Ойлы болсаң, озып көр»
2 кезең. «Мықты болсаң, тауып көр»
3 кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр»
4 кезең. «Зерек болсаң, шешіп көр»
5 кезең. «Химик сараман»
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Химия пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды.
1 кезең. «Ойлы болсаң, озып көр»
«Сырларым бар химиктерге аян, таба алсаң қасиетімді етем баян» жұмбақтарды шешу арқылы, сөзжұмбақты шешу.
1. | м |
|
|
|
|
|
| ||||||||||||||||||||||||
2. |
| е |
|
|
|
|
|
|
|
| |||||||||||||||||||||
3. |
| т |
|
|
|
|
|
| |||||||||||||||||||||||
4. |
| а |
|
|
|
| |||||||||||||||||||||||||
5. |
|
| л |
|
|
| |||||||||||||||||||||||||
6. |
|
|
| д |
|
|
| ||||||||||||||||||||||||
7. |
|
| а |
|
|
|
| ||||||||||||||||||||||||
8. |
|
| р |
|
|
|
|
|
1. Күмістей ақшыл, жеңіл металл
2. Мемлекет атымен аталатын элемент
3.Магнитті қасиеті бар металл
4. Сілтілік металл
5. Бағалы металл
6. Радиоактивті металл
7. Ең ауыр металл
8. Оқтың құрамына кіретін металл
Шешуі: 1. Магний, 2. Германий. 3. Темір, 4. Натрий. 5. Алтын, 6. Радий, 7. Қалайы, 8. Қорғасын.
2-кезең. «Мықты болсаң, тауып көр». Металл жөнінде мақал – мәтелдер:
«Қойдың сүті - ...» (қорғасын)
«... көміршіге үйір» (темірші)
«... қызған кезде соқ» (темірді)
«От көмір жейді, тот ... жейді» (темір)
«...-дің бір басы ыстық, бір басы суық» (темір)
«... кессең, қысқы кес, ұзартуың оңай, ағаш кессең ұзын кес қысқартуың оңай» (темір)
«...-ды еріте білмеген, ірітер. Теріні илей білмеген шірітер» (алтын)
«Арпа, бидай ас екен, ...., ... ас екен» (алтын, күміс)
«Мылтықтың ... айтпа, атысын айт» (күміс)
«Өлең ..., сөз ...» (алтын, күміс)
3. кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр» видео ролик тамашалау
Полиглот. Адам ағзасында кездесетін металдар туралы танып-білу.
Натрий (Na)
Көмір жанғанда, қара металлургия кәсіпорындарының қалдықтарында, тұрмыстық тоқтам суларда, көшелерде, жол бойы мұзды, қарды еріту үшін ас тұзын сепкенде және ауыз суды жұмсартқанда пайда болады. Натрий ағзаның өн бойына түгел таралған. Қан сарысуында, арқа жұлын сұйықтығында, көз сұйықтығында, асқорыту сөлдерінде, өтте, бүйректе, теріде, сүйек ұлпаларында, өкпеде және мида.
Зиянды әсері: Na ионының ағзада көп мөлшерде болуы ас тұзын мол пайдалануға байланысты. Бұл су алмасуын бұзады, қанды қоюлатады, бүйрекке әсер етеді және зат алмасуға, жүрек қан тамыр жүйесіне зиянды.
Мыс Cu.
Тірі ағзада, адамда мыс темір тәрізді қан құрамында кездеседі. Мыс элементі аз болса, жануарларда анемия (қаназдық), өсімдіктерде хлороз ауруы пайда болады. Бауыр мен мида мыстың мөлшері көп болады.
Зиянды әсері: мыс улы металдарға жатады. Жүйке жүйесі, бауыр, бүйрек, тіс, асқазанға әсер етіп қызметін бұзады.
Литий . адам ағзасындағы литий элементінің мөлшері орта есеппен 70мг. Жануарлардың ағзасындағы литий қосылыс күйінде бауырда, бүйректе, көкбауырда, өкпеде, қанда және сүтте жинақталады. Литийдің ең көп мөлшері бұлшықет құрамында болады. Литий ионы ағзада асқазан, ішек қабырғалары арқылы қанға өтіп, сонда жиналады.
Кальций. Са.
Цемент өндірісінде,қағаз, шыны, химия-фармацевтика, тері бояу, сыра өндірісі қалдықтарында, цемент-бетон ыдыстарды пайдаланғанда түзіледі. Са хлораты мақтаны жинарда ерте пісру үшін дефолиант түрінде қолданылады.
Биологиялық рөлі: Са ионы ағзада қан тоқтату, зат алмасу әсіресе сүйектерге, тіс құралу үшін қажет. Са фосформен бірге сүйекті және жүйке жүйесін құрайды.
Зиянды әсері: Ағзада Са құрамы көп болып кетсе, цистит ауруына шалдығады. Егер Са ұнтағы түрінде өкпеге енсе, тыныс жолдарына зиянды.
Мырыш. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін зиянды. Ересек дамның ағзасындағы мырыш бұлшықеттерде 65пайыз, сүйектерде 20пайыз жинақталған. Ал қалған бөлігі қан плазмасында, бауырда, эритроциттерде болады. Мырыштың ең көп мөлшері қуық асты безінде кездеседі. Мырыш қанның құрамындағы қанттың мөлшерін реттеп отырады. Негізі мырыш қарабидай кебегінде көп болады. Адам ағзасы мырышты ет, сүт, жұмыртқа, қарабидай ұнынан дайындалған тағамдардан алады.
Зиянды әсері: мырыш ағзада көбейіп кетсе, кальцийдің құрамы төмендеп, остеопороз (сүйек сынғыштығы) ауруы пайда болады. Ағзада мырыш жетіспесе тері аурулары мен диабет ауруларына ұшырайды.
Калий. К.
К ағзаның барлық бүйрек, жүрек, сүйек, бұлшықеттерде, қанда, мида т.б жерлерінде кездеседі. Ағзадағы калий катионы К+ физиологиялық қызметтер атқарады. Бұлшықеттердің жиырылуы, жүректің қалыпты жұмыс істеуі, жүйкелік импульстардың берілуі, алмасу ферменттерінің белсенділігін арттырады. Ересек адам тәулігіне тамақпен бірге 2-3г калий қабылдайды.
Ағзаға калий жетіспеген жағдайда күніне 4-5 рет калийдің КСІ 1,0г мөлшерде пайдаланады.
Магний. Ағзадағы магнийдің ең көп мөлшері сүйек ұлпасында, тіс эмальінің дентинінде жинақталған. Сонымен қатар, магний ұйқы безінде, қаңқа бұлшықеттеріндебүйректе, мида, бауырда және жүректе кездеседі.Ересек адам тәулігіне массасы 0,7г шамасында магний пайдалану керек.
Есепттер шығару. Есептер жинағы.
4 кезең. «Зерек болсаң, шешіп көр» «жуан және жіңішке» сұрақтар стратегиясы. Шапшаң және ұтымды жауаптар беру керек.
1. Адам алақанында балқитын металл. (цезий)
2. Қан құрамына кіретін металл (темір)
3.Қандай металды Чернышевский «социализм металы» д.а (алюминий)
4. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл (калий)
5. Тығыздығы ең көп металл (осмий)
6. Ең қатты металл (хром)
7. Өнеркәсіптің негізгі металы (темір)
8. Сүйекті қаптайтын металл (кальций)
9. Металдардың бүлінуі (коррозия)
10. Консерві қалбыры жасалатын металл (қалайы)
11. Дұрыс пайдалансаң емдейді, дұрыс пайдаланбасаң мүгедек етеді. (мышьяк)
12. Ең қиын балқитын элемент (вольфрам)
13. Асыл металдар (алтын, күміс)
14. қару-жарақ жасайтын металл (темір)
15. Ең сұйық металл (сынап)
16. судан екі есе жеңіл металл (литий)
5 кезең «Химик сараман» Қызықты тәжірибелер
І топ. Сүттің суға айналуы
Кальций хлориді ерітіндісіне натрий карбонаты ерітіндісін қосқанда ақ тұнба түзіледі. Түзілген ақ тұнбаға 20 пайыздық тұз қышқылын қосқанда «ақ сүт» қайнап түссіз мөлдір сұйықтыққа айналады.
Түсіндірме: кальций хлориді ерітіндісі натрий карбонат ерітіндісімен әрекеттескенде ақ түсті кальций карбонаты тұнбаға түседі. СаСІ2+ Na2CO3 CaCO.+2NaCL
Түзілген тұнбаға тұз қышқылын қосқанда тұнба еріп кальций хлориді, су және көміртек (ІҮ) оксиді түзіледі. Көмірқышқыл газының бөлінуі қайнауды көрсетеді.
ІІ топ.
Мыстың түсі қандай
Сынауықтың 1/3 бөлігіне этил спирті құйылады. Мыс пластинкасын қысқышпен алып, оны жалынға ұстаймыз. Мыс пластинкасы қарайған соң, жалыннан алып, спирт құйылған сынауыққа саламыз. Пластинка ашық қызыл түске енеді.
Түсіндірме: мыс пластинкасын қыздырғанда оттекпен әрекеттесіп, мыс (ІІ) оксидін түзеді. 2Сu + O2 2CuO
мыс (ІІ) оксиді спиртпен әрекеттесіп, альдегид және мыс түзеді.
Қорытынды. Металдардың адамзат қоғамындағы орны ерекше. Оқушылар алдарында тұрған шартты белгілерді тақтада ілініп тұрған қазақстанның картасына өз кен орындарын орналастырады.
Жаңа технологиялық технологияларды пайдаланып химия пәнін түрлендіріп оқыту, оқушының пәнге деген қызығуы мен қабілетін арттырады.
Сабақтың тақырыбы: Химиялық формулалар бойынша есептеулер.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «валенттілік» ұғымын тексеру және химиялық формула арқылы элементті қосылыстардың валенттілігін және валенттілік бойынша формула құру біліктігін, химиялық формула бойынша есептер шығару біліктіліктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Элементтердің таңбаларын, валенттілікті қолданып, химиялық формула жазу және есептер шығару дағдысын дамыту, логикалық есептер шығаруға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға, өзара көмегін қалыптастыра отырып өз біліміне ғана емес, өзге оқушының да біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру, өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: деңгейлік тапсырмалар,
Типі:
Пәнаралық байланысы: биология, медицина.
Көрнекілігі: слайдтар жинағы, периодтық кесте, дидактикалық үлестірмелер, жетондар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Саяхаттың барысы:
І. Саяхатқа шығуға дайындық (оқушыларға саяхатқа шығу үшін бойынша әр қатарға 10 сұрақ беріледі).
1 топқа:
1. Химия пәні нені зерттейді? (заттардың қасиеттерін, басқа заттарға айналып түрленуін қарастырады.)
2. Заттар дегеніміз не? (заттар - денелерді құраушылар.)
3. Физикалық құбылыс дегеніміз не? (дене ретіндегі агрегаттық күйі ғана өзгеріске ұшырап, зат ретіндегі табиғаты өзгеріссіз қалады)
4. Химиялық реакция дегеніміз не? (бастапқы алынған заттың құрамы өзгеріп, жаңа заттар түзілуі.)
5. Молекула дегеніміз не? (молекула - заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі)
6. Күрделі заттар дегеніміз не? (екі немесе одан да көп атом түрлері болатын заттар күрделі заттар деп аталады).
7. Химиялық қосылыс дегеніміз не? (жай және күрделі заттар - химиялық қосылыс деп аталады).
2 - топқа:
1. Химияның басты міндеттері? (заттардың қасиетін зерттеу, адам игіліне жұмсау, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіптерде қолдану мүмкіндігін анықтау).
2. Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа қалай аталады? (Біртекті)
3. Заттардың агрегаттық күйлері? (Сұйық, газ, қатты)
4. Қоспалар дегеніміз не? (қоспа екі немесе одан да көп заттардан тұрады).
5. Химиялық реакцияның белгілері? (тұнбаның түзілуі, еруі, газдың бөлінуі, жарық, жылу бөлінуі, иістің шығуы, түсінің өзгеруі).
6. Жай заттар дегеніміз не? (Заттың құрамына бір ғана атом түрі кіреді).
7. Химиялық элемент дегеніміз не? (заттың құрам бөлігі, жекелеген атомның бір түрі).
3 топқа:
1. Химиялық формула нені көрсетеді? (заттардың құрамын).
2. Валенттілік дегеніміз не? (химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын өзіне қосып алу қабілеті).
3. Салыстырмалы молекулалық масса? ( берілген зат молекуласының массасы көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін білдіреді).
4. Салыстырмалы атомдық масса? (берілген элементтің массасы, көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін сан).
5. Оттегінің салыстырмалы атомдық массасы? 16
6. Химиялық формула дегеніміз не? (заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстері көмегімен шартты түрде бейнелеу).
7. Химиялық формуладағы индекс нені көрсетеді? (заттың құрамындағы элементтердің атом санын көрсетеді).
ІІ. «Менделевий» жазығы
І кезең "Бой сергіту" сұрақтары (3 топқа 2 сұрақтан беріліп оларды талдауға уақыт бөлінеді. Әр топтан бір өкіл жауап береді, ал бәсекелес топ дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең дұрыс жауап берген топ ұтады.).
1. Бұл элементтің ең көп концентрациясы көздің қарашығында жинақталған. Рет саны 56, валенттілігі ІІ. Осы элементтің атын, таңбасын, салыстырмалы атомдық массасын, валенттігін ата. (барий - Ва, 137, 33).
2. Солтүстік орхидеясы осы элементке бай топырақта өседі. Салыстырмалы атомдық массасы 40 - қа тең. Элементтің атын, таңбасын, рет санын, валенттігін көрсет. (кальций - Са, 20 - ІІ).
3. Бұл элемент жетіспеген жағдайда өсімдіктің бойы өспейді, жемісінің жетілуі тежеледі. Рет саны 15 тең. Элементтің атын, таңбасын, салыстырмалы атомдық массасын, валенттігін көрсет. (фосфор - Р - пэ - 15 - ІІІ, V ).
4. Райхан гүлінің қызғылт гүл күлтешесі бұл элемент көп болған жағдайда көкке, тіпті қара түске боялуы мүмкін. Салыстырмалы атомдық массасы 63, 5 - ке тең. Элементтің атын, рет санын, таңбасын, валенттігін көрсет. (мыс - Cu - купрум - 29 - I, II)
5. Бұл элемент тілдің сілекей безінде жинақталған. Салыстырмалы атомдық массасы 119 - ға тең. Элементтің атын, таңбасын, рет санын, валенттігін көрсет. (қалайы - Pb - 50 - II, IV)
6. Ағзадағы қанға қызыл түс береді, гемоглобиннің құрамына кіреді. Рет санын 26 - ға тең. Элементтің атын, таңбасын, салыстырмалы атомдық массасы, валенттігін көрсет. (темір - Fe - 56 - ІІ, ІІІ)
ІІІ. "Формулалар". Деңгейлік тапсырмалар.
А деңгейі: 1 баллдық.
1) Валенттіліктеріне байланысты әр қатардағы бір «артық» элементті көрсетіңдер:
K, Na, Mg, H, Li
Ca, O, Ba, Al, Zn
Cu, O, C, Fe, P
2) Қателерді түзе:
Mg2S2 __ Mg2S ------ Na2S ____------------ NaO _Na2O _
AlO3 __ Al2O3_ -------- PH2 __ PH3__------ Fe2O __ Fe2O3
3) Химиялық формулаларды жаз:
Азоттың екі атомынан тұратын оның бір молекуласы __N2_______
Мыстың бір атомы мен оттектің бір атомынан тұратын мыс оксидінің екі молекуласы ___2CuO___________________
Алюминийдің екі атомы мен оттектің үш атомынан тұратын алюминий оксидінің молекулалық формуласы__ Al2O3________
2 балдық:
1) Күрделі зат Mn2O7 молекуласындағы элементтердің массалық үлестерін тап. Ж: Mn - 49, 5%, О - 50, 4%.
2) «Калий - марганец - о - төрт» - қосылысының формуласын жазып, салыстырмалы молекулалық массасын тап. Ж: 158
3) Күкірт қышқылының формуласына H2SO4 сай элементтердің массалық қатынастарын есептеп шығарыңдар. Ж: 1: 16: 32
3 балдық: Химиялық қосылыстардың формуласын анықтау:
1. Қарапайым теңіз жануары теңіз атының қаңқа сүйегі құрамында 47, 83% - стронций, 34, 78% оттек, 17, 39% күкірт болса, молекулалық формуласы қандай? Ж: 1: 4: 1
2. Сізді құмырсқа шаққанда шаққан жеріңіз құмырсқадан бөлінетін қышқылдың әсерінен ашиды. Ол қышқылдың құрамында: 26, 09% - көміртегі, 4, 35% - сутегі, 96, 50% - оттегі бар болса, қышқылдың формуласы қандай?
1: 2: 3
3. "Барий ботқасы" деп аталатын асқазанды рентген арқылы тексеруде жегізетін препараттың құрамында 58, 80% барий, 13, 73% - күкірт, 27, 47% - оттегі болатыны белгілі болса, формуласы қандай? Ж: 1: 1: 4
ІV. "Шыңды бағындыр".
Мәтін - 1.
Ас тұзы NaCl адам және жануар ағзасындағы негізгі құрам бөлігі. Ересек адамның денесінде 200г. NaCl тұз болады, оның 45г қанда ериді. Тұз ағза мен ұлпаны құрайтын жасуша қызметін қалыптандырады. Адам тәулігіне 5 - 6 грамдай ас тұзын пайдаланса, жеткілікті. Тұз жетіспесе немесе күнделікті мөлшерден артып кетсе ағзаға зиянын тигізеді. артериалдық қысымның көтерілуіне әкеледі.
№1. Тұздың салыстырмалы молекулалық массасын есепте. Ж: 58, 5
№2. Тұздың қандағы массалық үлесін есепте. Ж: 22, 5%
№3. 5г NaCl тұзбен бірге ағзаға түскендегі натрийдің массасын есепте.
Ж: 1, 9г
Мәтін - 2.
Су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.
Денеде болатын күніне 2 - 4 литр су шығынының орнын қайта толтырып отыру қажет. Адам ағзасында орташа есеппен алғанда 15 - 20% – нәруыз, 0, 6% – көмірсу, 19% – май, 5, 8% – минералды тұз және 60% су болатыны есептелген.
Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейді.
№1. Судың салыстырмалы молекулалық массасын есепте. Ж: 18
№2. Құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есепте. Ж: 11, 1%, 88, 8%
№3.. Ересек адамның 70кг салмағында 60% су болса, судың массасы қандай болады? Ж: 42л
V. Қорытынды.
1. Бағалау.
Рефлексия
Бүгінгі сабақта не білдіңдер?
Не қиын болды?
Не қызық болды?
Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: периодтық жүйедегі орны бойынша кальций атомының құрылысы, қасиеттері, оның қосылыстары, күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныса отырып, алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту, тіл шеберлігінбілімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.
Дамыту: химиялық заттармен жұмыс істей білу дағдысын дамыту, өмірден көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: химия пәні талап ететін ұқыптылыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың жабдықтары: спиртшам, ұстағыш, кәрлен табақша, стақан. Сүзгі қағаз, сіріңке қорабы, қарындаш өзегі, зертханалық қасық, араластырғыш шыны таяқша.
Реактивтер: СаО, ғаныш СаSO4*2H2O, HCL, BaCL2, CaCL2.
Сабақтың жоспары:
1. Қайталау - оқу анасы 3. Сен оқысаң, мен тоқығам
2. Білгенге – маржан 4. Іздеген жетер мұратқа
Ұйымдастыру
Оқушыларды түрлі түсті ленталар арқылы 3 топқа бөлу. 1 топ оқушылық, 2 топ эвристикалық, 3 топ шығармашылық.
Жинақылық, қышқыл, сілтімен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесі еске түсірілді.
Жаңа сабаққа кіріспе. Сөзжұмбақ
1. Жер қыртысының негізі
2. Тіршілік тірегі
3. «Металдар» патшасы
4. Улы элемент
5. Францияның құрметіне аталған элемент
6. Жұмсақ металл
7. Аса жеңіл металл
1
|
|
|
|
|
|
| ||||||||||||
2
|
|
|
|
| ||||||||||||||
3 |
|
|
|
| ||||||||||||||
|
4 |
|
|
|
|
| ||||||||||||
5
|
|
|
|
|
|
| ||||||||||||
6 |
|
|
|
|
| |||||||||||||
7 |
|
|
|
|
Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы тақтаға жазылып, әр топтың алдындағы үлестірме қағаздағы тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізіледі.
І бөлім «Қайталау- оқу анасы»
ББК кестесін толтыру
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Кальций элементіне сипаттама |
|
|
Периодтық жүйеде орналасуы |
|
|
Атом құрылысы.Сыртқы электрон қабаты |
|
|
Кальций оксидтері, гидроксидтері |
|
|
Табиғатта таралуы.(бақалшақ құрамында 7 сынып биология) |
|
|
Кальцийдің химиялық қасиеттерін сипаттайтын
«Жылжымалы тақта» логикалық ойыны.
Реакция сипатталады, оқушылар тиісті реакция теңдеулерін жазып, ұластырып отырады.
1) Жай заттармен
Белсенді металл кальцийдің сутегімен қосылып гидрид түзуі
Белсенді металл кальцийдің галогендермен қосылуы
Белсенді металл кальцийдің жану. Оксид түзу
металл кальцийдің нитридтер түзу
металл кальцийдің карбид түзуі
2) Күрделі заттармен
СаSO4 H2SO4 HOH Ca(OH)2
Ca(NO)3 HNO3 Са HCL CaCL2
Сен білесің бе?
Ересек адамның ағзасында 2% кальций болады, оның 99%-ы тістер мен сүйектерде кездеседі. Са2+ ионы қанның ұюына әсер етеді.
ІІ бөлім
«Білгенге – маржан»
«Мозайка» құрастыру «Кальцийдің адам ағзасы үшін маңызы»
Адам ағзасы – 1кг
Тәулігіне - 0,5кг
100г сыр
0,5 литр сүт
Са 2+ - қан құю
Са3(РО4)2 сүйек тіс
Қышқыл сілті
Тағамдар сүт
Сүзбе
Сыр
Жұмыртқа
«Заттың формуласын тап»
Бор – тіс пастасы, бор замаска
? Кәдімгі әк тас, ұлутас, құрылыс, әк
СаСО3 Мәрмәр – театр, ескерткіштер
Энциклопедиялық мәліметтер
Әктас қалай пайда болады?
Бор – мұхит пен теңіздерде тіршілік ететін ұсақ ағзалардың қабыршақтары мен қаңқаларынан пайда болады. Бор бор дәуірінде түзілген. Тау түзілу кезінде әктас қабаттары жер бетінде тұтас жота болып көтерілген. Ақтау жотасы осылай пайда болған. Ұлутас неоген дәуірінде түзілген. Әсіресе ұлутасқа Үст ірт бай.
Мәрмәр керісінше, әктастың жер қойнауына батып, тереңдегі магма ошағына жақындап, жоғары температура мен қысымның әсерінен жымдасуынан пайда болған.
ІІІ бөлім
Сен оқысаң, мен тоқығам
Зертханалық тәжірибелер
І топқа Ғанышты қалыпқа құю
ІІ топқа СаО Са(ОН)2
ІІІ топқа «кальций тұздарын ажырата білу»
Қорытынды
Рефлексия
Не білдім?
Не үйрендім?
Не ұнады?
Смайликтер
Сабақтың тақырыбы: Химиялық тепе –теңдік
Сабақтың мақсаты: химиялық тепе-теңдік туралы ұғымды тереңдету, талдау жасай алуға баулу, жекелей жұмыс жасай алуға, өз көзқарастарын білдіре алуға, іскерлікке, ізденуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру
Жаңа сабақ
Мұғ. Түсіндіруі
Тура және кері бағыттарда жүретін реакцияларды – қайтымды реакциялар д.а.
Химиялық реакциялардың көпшілігі қайтымды реакциялар.
Мысалы, 2NO2 N2O4
CaCO3 CaO + CO2
N2+H2 2NH3
Реакция кезінде уақыт өткен сайын реагенттердің концентрациясы азайып, ал өнімдердің концентрациясы керісінше көбейе береді. Сондықтан әркеттесуші массалар заңы бойынша тура реакцияның жылдамдығы біртіндеп баяулап, кері реакцияның жылдамдығы өсе береді. Бір уақытта тура реакция мен кері реакцияның жылдамдығы теңеледі де, тепе –теңдік орнайды. Бұл сырт көзге реакция тоқтап қалған сияқты болып көрінеді, бірақ тура реакция мен кері реакция бірдей жылдамдықта жүріп жатады. Мысалы, белгілі бір уақыт ішінде қанша диазот тетра оксиді түзілсе, сонша уақыт ішінде ол азоттың диоксидін түзіп жатады. Сондықтан тепе-теңдік жылжымалы немесе динамикалық тепе-теңдік деп аталады. Реакцияға қатысатын заттардың концентрациясын, температураны және қысымды өзгерту арқылы тепе-теңдікті қалаған бағытқа қарай ығыстыруға болады.
аА + bВ сС + dD реакциясының тепе-теңдікке келген күйін тепе-теңдік констансасы арқылы сипаттауға болады.
Кт.т = C c * D d / A a * B b
Мұндағы a. b. c. d – стехиометриялық коэффициенттер, ал A , В , С және D тепе-теңдік орнаған кездегі заттардың молярлық (моль/литр) концентрациялары.
Жүйенің тепе-теңдік констансасын сипаттайтын өрнекте қатты заттар мен сұйық заттар мен сұйық заттар көрсетілмейді.
2NO2 N2O4
N2+H2 2 NH3
CaCO3 CaO + CO2
Реакцияларының тепе –теңдік констансасын жазатын болсақ:
Кт.т = N2O4 / NO2 2
Кт.т = NH3 2/ N2 * H2
Кт.т = CO2
Жүйенің тепе-теңдік констансасы реакцияға қатысқан заттардың тепе-теңдік концентрацияларымен байланысты. Егер тепе-теңдік күйге келген реагенттер мен өнімдердің концентрациялары белгілі болса, онда тепе-теңдік констансасымен есептеп табуға болады.
Сол сияқты, жүйенің тепе-теңдік констансасы мен реакцияға қатысатын заттардың бастапқы концентрациялары берілсе, онда олардың тепе-теңдік орнаған кездегі концентрацияларын есептеп шығаруға болады.
Типтік есептер.
№ 1 есеп
Сутек пен хлордың бастапқы концентрациялары 0,04моль/л, ал хлорсутектің тепе-теңдік кезіндегі концентрациясы 0,06моль/л. Сутек пен хлордың тепе-теңдік орнаған кездегі концентрацияларын және тепе-теңдік констансасын есепте.
Шешуі: Н2+СІ2 2 НСІ
Теңдеуі бойынша 1моль сутек пен 1 моль хлор әрекеттескенде 2 моль хлорсутек түзіледі. Демек, 0,06моль хлорсутек түзілу үшін 0,03моль сутек пен 0,03моль хлор жұмсалады және 0,01моль сутек пен 0,01моль хлор артылып қалады.
Мұндай есептерді кесетенің көмегімен есептеген ыңғайлы.
| Н2 | + | СІ2 | = | 2НСІ |
Бастапқы заттардың концентрациясы, моль/л | 0,04 |
| 0,04 |
| - |
Реакцияға түскені, моль/л | 0,03 |
| 0,03 |
| 0,06 |
Қалғаны, моль/л | 0,01 |
| 0,01 |
| 0,06 |
Ал, тепе-теңдік констансасы: Кт.т = НСІ / Н2 * СІ2 = (0,06)2 / (0,01*0,01) =36.
№ 2 есеп
Н2 + І2(г) = 2Н І жүйесінің тепе-теңдік констансасы 40. Егер сутек пен иодтың бастапқы концентрациялары 0,03 моль/л және 0,01 моль/л болса, онда НІ түзілу үшін қанша пайыз Н2 мен І2(г) жұмсалады.
Шешуі: егер сутектің реакцияға түскен мөлшерін х деп белгілесек, онда реакция теңдеуі бойынша реакцияға түскен йодтың мөлшері де х моль, ал реакция нәтижесінде түзілген йод сутектің мөлшері 2х моль болады. Оны кестеге өрнектесек:
| Н2 | + | І2(г) | = | 2Н І |
Бастапқы концентрациясы, моль/л | 0,03 |
| 0,01 |
|
|
Реакцияға түскені,моль/л | Х |
| Х |
| 2х |
Тепе-теңдік кезіндегісі | 0,03-х |
| 0,01-х |
| 2х |
Тепе-теңдік констансасы:
Кт.т = Н І 2/ Н2 * І2 = (2х)2 / (0,03-х) * (0,01-х ) = 40
Бұл теңдеуден екі мән шығады: х1= 0,0349 моль/л; х2= 0,0096 моль/л7
Жүйедегі йодтың бастапқы концентрациясы 0,01 моль/л болғандықтан, бізге тиімді екінші 0,0096 моль/л мәнін аламыз. Осыған орай сутек пен йодтың концентрациялары арқылы реакцияға түскен бөліктерінің массалық үлестерін тапсақ:
W (Н2)= 0,0096 * 100/ 0,03 = 32%
W (I2) = 0.0096 * 100/ 0.01= 96%.
Есептер шығару.
Үйге тапс.
І. Химиялық есептерді шығарудың жалпы әдістемелік талаптары
Химиядан есеп шығару, жаттығу орындауда химиялық ұғымдар қайталанып, алынған білімдер тереңдей түседі, оқушылардың ой – өрісі дамиды, бұл орайда оларды өз бетімен жұмыс істеуге итермелейді.Есеп шығару арқылы оқушылар еңбекке үйренеді, жауапкершілік артады, мақсатқа жету үшін табандылық пайда болады. Есеп шығаруда пәнаралық байланыста іске асады, ғылым мен білімнің өмірдің байланысын ұштастырады. Табиғаттың тұтастығы туралы көзқарас қалыптасады. Есеп шығаруда оқушылардың ой әрекеті мен іс әрекеті дамиды.Олар ойға тоқу, дәлелдеу, талдау сияқты ойлау элементтерін үйренеді. Игерген білімдерін болашақта мамандық таңдауда пайдалануға бейімделеді.
Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сәйкес сапалы білім алады.
Пәнге қызығушылығы артады
Болашақ мамандық таңдауына жол ашады
Мектеп курсында химиялық есептер негізгі 2 топқа бөлінеді:
сандық есептер
сапалық және сынақ – тәжірибелік (эксперименттік) есептер.
Сандық есептерді 3 – ке топтастыруға болады:
Химиялық формула бойынша есептер шығару;
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару;
Ерітіндіге байланысты есептер шығару;
Әр топтың есептерінің бірнеше түрлері болады.
Бірінші топқа 15 түрлі есеп кіреді:
Қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасын анықтау;
Күрделі заттың формуласы бойынша ондағы элементтер массаларының қатынастарын есептеу;
Қосылыстардағы элеметтердің массалық үлесін анықтау;
Белгілі заттың массасынан элементтің массасын анықтау;
Элементтің массасы арқылы заттың массасын табу;
Салыстырмалы тығыздық арқылы газдардың молекулалық формуласын табу;
Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу;
Заттың белгілі мөлшері бойынша массасын табу;
Заттың белгілі массасына сәйкес зат мөлшерін есептеу;
Қосылыстағы элементтердің массалық үлесі бойынша заттың қарапайым формуласын табу;
Газдардың тығыздығы мен элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың молекулалық формуласын анықтау;
Газ тәрізді заттың мөлшері бойынша қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу;
Газ тәрізді заттың массасы боынша қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу;
14.Жану өнімдерінің массалары мен көлемдері, олардың буларынан салыстырмалы тығыздықтары бойынша заттың молекулалық формуласын табу;
15.Газ тәрізді заттың қалыпты жағдайдағы көлемі бойынша массасын есептеу;
Сандық есептерді С.Г. Шаповаленко бойынша мынадай (7)типтерге бөлуге болады:
1 – Моль ұғымы бойынша есептер шығару;
2 – Элементтердің массаларының арақатынасы мен химиялық формула арқылы есептеу;
3 – Зат құрамындағы элементтердің массаларын формуласы арқылы есептеу;
4 – Салыстырмалық тығыздыққа байланысты және газдың көлемі арқылы салыстырмалы молекулалық массасын анықтау
5 – Химиялық теңдеулер арқылы есептеу;
6 – Ертінділерге арналған есептер;
7 – Қарапайым молекулалық формула құрастыру:
Ю.В.Плетнер,В.С.Полосин бойынша сандық есептер 8 типке бөлінеді.
1- Формула арқылы есептеу
2-Ертіндіге байланысты есептер
3-Реакцияға қатысқан газдардың көлемдік қатынасын анықтауға байланысты есептеулер
4-Заттың салыстырмалы молекулалық массасын табуға байланысты есептер
5-Реакция өнімінің шығымына байланысты есептер
6-Реакцияға қатысқан заттың біреуі артық мөлшерде алынған жағдайда заттың сандық мөлшерін анықтауға байланысты есептер
7- Қоспаға байланысты есептер
8-Реакцияға қатысқан газтәрізді заттардың сандық мөлшерін анықтауға байланысты есептер
Сапалық есептер де бірнеше типтерге бөлінеді.
Заттарды алу әдістері
Заттың сапалық құрамын анықтау әдістері
Химиялық заттарды бір-бірінен ажырата білу
Химиялық құбылыстарды бақылау және түсіндіру
Заттарды жеке кластарға жатқыза білу
Берілген мөлшердегі ерітінділерді дайындау
Берілген заттарды қоспаның бар екендігін анықтау және затты қоспадан тазарту
II. Химиялық есеп бөлімдері
Есептің мазмұны,яғни химиялық бөлімі және математикалық,яғни есептеу бөлімі болады.Есеп шығарғанда оқушылар есептің химиялық бөліміне көңіл бөлмей бірден математикалық есептеу жағына көңіл бөледі,сондықтан есептер жаттанды шығарылады. Оқушыларға заттардың сандық құрамымен қоса сапалық құрамы болатынын ескеру керек.
Мысалы: Мына қосылыстардың
5H2O, O2 , 2Cu, H2SO4, 3NaOH, CaCO3
сандық,сапалық құрамын анықтаңдар.
Шешуі: Сандық құрамы 5H2O
5 молекула су
Қандай элементтен құралған (H, O)
Заттың типі ( күрделі)
Қосылыс түрі (оксид)
Сапалық құрамы:
1.Салыстырмалы молекулалық массасы Mr(H2O)=18
2.Молярлық массасы М(H2O) =18г/моль
3.Зат мөлшері V(H2O)=5моль
4.Зат массасы m=M×V m=18г/×моль×5моль=90г
5.Элементтердің массалық үлестері (W)
W(H)=×100% =11% W(O)=
×100%=89%
6.Элементтердің массалық қатынасы
m(H)/m(O)=2/16=1/8
Есеп шығарғанда ең бірінші есептің химиялық мазмұнына мән беру керек,содан кейін есептің есептеу бөліміне ауысу қажет.
III. Химиялық есепті талдау
Есепті шығарарда оны мұқият оқып және есепте химиялық процесс туралы айтыла ма немесе тек қана зат туралы айтыла ма соны анықтап алу керек.Химиялық процесс болса реакция теңдеуі,ал зат туралы болса химиялық формуласы жазылады.
Есепті талдау арқылы оқушылардың ойлау іс-әрекеттері дамиды.
Есепті талдаудың 2 жолы бар:
А) есептің мазмұнын сұраққа қарай,яғни белгілі өлшемнен белгісіз өлшемге қарай талдау.Бұл талдаудың синтездік әдісі.
Б) ізделініп отырған шамадан белгілі шамаға қарай талдау-аналитикалық әдіс
Синтездік әдісте не берілді,оны қандай өлшеммен анықтауға болады,соңында нені анықтау керек,белгісіз өлшемді анықтау үшін мәліметтер жеткілікті ме,қандай қосымша анықтамалар керек,оны қалай анықтауға болады, міне осыларға мән беріледі. Есеп № 1
1кг 17% аммиак ертіндісін алу үшін аммоний хлоридімен сөндірілген әктің қандай массасын әрекеттестіруге болады?
Синтездік әдіс: Есеп мазмұнынан білетініміз: аммиактың массасы, проценттік мөлшері, сөндірілген әк массасын табу.
Берілгені W =
m (NH3) – 1к m (ер.зат) = W× m(ерітінді)
W (NH3) – 17 m (ер.зат) = 0,17 × 1000г=170г
т/к m Ca (OH)2 2NH4Cl + Ca (OH)2 = CaCl2+2NH3 + 2H2O
Mr (Ca(OH)2=40+(16+1)×2=74
M (Ca(OH)2=74 г\моль
mCa(OH)2=74г/моль ×1моль =74г
Mr (NH3) =14+(1×3) =17
M(NH3) =17г/ моль
m (NH3) =17г/моль×2моль =34 г
=
х=
=370г
Жауабы: m (Ca (OH)2) =370г
Егер оқушыға белгілі өлшеммен белгісіз өлшем арасындағы байланыс түсініксіз болса , онда есептің зерттеудің аналитикалық әдісіне көшу керек. Бұл кезде белгісіз өлшемге көңіл аударады, оны қалай анықтау керек, яғни бұл үшін қандай теориялық ілім, заңдылық керек. Бұл сұрақты шешкеннен кейін , белгісіз өлшеммен белгілі өлшем арасындағы тура және жанама байланыстарды анықтайды.
1.Есептің шарты бойынша Ca (OH)2 массасын анықтау керек болса, реакция теңдеуі бойынша қорытынды жасайды,яғни реакцияға 2 мольNH4Cl мен 1 моль Ca (OH)2 әрекеттесіп 1 моль CaCl2 мен 2моль NH3 және 2 моль H2Oтүзеледі.
2 Ca (OH)2 массасынтабу үшін реакцияға қатысқан заттардың төртеуінің біреуінің массасын анықтауға болады, ондай зат аммиак.Оның массасын формула бойынша анықтауға болады. Олай болса Ca (OH)2 массасын аммиактың массасымен салыстыра отырып, анықталады.
Есеп №2
Құрамы 80 магнитті темірден тұратын әрбір тонна темір рудасынан құрамында 95 темір бар 570 кг шойын алуға болады.
Теориямен салыстырғанда шыққан темірдің массалық үлесінің шғымын анықтаңдар.
Аналитикалық әдіс:
Берілгені Шойындағы темірдің практикалық массасын табу
m (руда) =1m m(Fe) = 570кг × 0,95 = 541,5кг
m ( шойын) =570 кг 1 тонна рудадағы Fe3O4 массасын табу
W ( Fe) = 0,95 m (Fe3O4) =0,8×1000кг=800кг
W ( Fe3O4) =0,8 Fe3O4 құрамындағы темірдің теориялық массасын табу.
т/к (Fe) - ? 800кг Fe3O4 ———Х кг
232кг Fe3O3 ——— 168 кг
х==579
(Fe) = =
= 0,94×100%=94%
IV. Химиялық есептерді шығаруда физикалық математикалық білімдерді пайдалану
Оқушылар химияны оқуға кіріскенде оларда біршама математика мен физикадан алған білімдері болады және есеп шығарғанда сол білімдерін пайдаланады.Оқыту процесінде оқушыларға физикалық шаманы, өлшем бірліктерін пайдалануды үйрету керек.
Есеп шығарғанда қолданатын физикалық шамалардың шартты белгілері, аты, өлшем бірліктері
Шаманың аталуы | Белгіленуі оқылуы | Өлшем бірлігі |
Зат массасы | m | кг,г |
Салыстырмалы атомдық масса | Ar | өлшемсіз |
Салыстырмалы малекулалық масса | Mr | өлшемсіз |
Молярлық масса | M | г/моль |
Зат мөлшері |
| моль |
Көлем | V | л,м3 |
Молярлық көлем | Vм | л/моль |
Тығыздық |
| г/см3 |
Салыстырмалы тығыздық |
| өлшемсіз |
Массалық үлес |
| % |
Зат шығымы |
| % |
Көлемдік үлес |
| % |
Химиялық реакция жылдамдығы |
| Моль/ л сек |
Жылу мөлшері | Q(ку) | Дж |
Қысым |
| Па |
Температура | T T | Кельвин Т = 273 К Цельсий t=15oC |
Есеп шығаруда әр типті есептің алгоритімдік жүйесін сақтаған жөн. Сонда оқушылар іс – әрекеттерін бір бағытта жұмсайды.
Есептің шартын дұрыс жаза білу есепті шығарудағы ең негізгі болып есептелінеді.
Есептегі физикалық шамаларды, оның таңбасын, өлшем бірліктерін дұрыс пайдалана білуге оқушыларды үйрету керек.
V. Типтік есептерді шешу үлгілері
Химиялық есептерді шығаруда мұғалім оқушылардың психологиялық жас ерекшелігін, білім деңгейлерін ескеру қажет. Егер оқушылардың кейбір есеп шығарудың білім деңгейі жоғары болса, кейбір есеп шығарудың әдістемелік бөлімдерін ескермей бірден жазылады.
Мысалы
2Al+3H2SO4=Al2(SO4)3+3H2
Формулаларын пайдаланып алюминий мен күкірт қышқылының массасын сутектің көлемін (қ.ж.)есептеу керек
Mr(Al)=27
M(Al)=27г/моль
m(Al)=M×V=27г/моль2 моль=54 г
Mr(H2SO4)=1×2+32+(16×4)=98
M(H2SO4)=98г/моль
m(H2SO4)= 98г/моль×3 моль=294 г
V = Vm×
V(H2)=22,4 л/моль×3 моль=67,2л
Осы әрекеттерден кейде ескермей бірден жазуға болады, оқушы түсініп, ойы жүйрік болса
2 Al +3H2SO4=Al2(SO4)3+3H2
54г 294 г 67,2л
Есепті шығару алгоритмі
Есептің қысқаша шартын жазу;
Реакция теңдеуін құру;
Формуланың үстіне берілгенін жазу;
Қажетті шаманы тауып формула астына жазу;
Зат массасын табу;
Берілгені 16 г
хг SO2
m(SO2)=16г Na2SO3+ H2SO4= Na2SO4+ H2SO3 64г
т/к m(Na2SO3) - ? 126г H2O
Mr(SO2)=32+(16×2)=64
M(SO2)=64г/моль
m(SO2)= 64г/моль×1 моль=64 г
Mr(Na2SO3 )=(23×2)+32+(16×3)=126
M(Na2SO3 )=126г/моль
m(Na2SO3 )=126г/моль×1 моль=126г
=
x=
= 31,5 г
Жауабы: 16г SO2 алу үшін 31,5 г Na2SO3 керек
VI. Химия сабағында сандық есептерді жаттығуларды пайдалану әдістемесі
Сандық есептерді, және жаттығуларды
Жаңа сабақты түсіндіру кезінде, сабақты бекітуде, үйге тапсырма бергенде, күнделікті білімді тексеруге болады.
Қайталау, қорытынды сабақта, өзіндік жұмыстарда, бақылау жұмысында, таңдау, факультативтіктің курсында пайдаланады.
Химия пәнінен 8 – 11 класс типтік оқу бағдарламасы бойынша сандық есептер шығаруға 8класта – 10 сағат, 9 класта – 11 сағат, 10 класта – 12 сағат, 11класта – 7сағат берілген.
8 класс
Химиялық формула бойынша қосылыстағы элементтің массалық үлесін есептеу.
1 – есеп
Күкірт қышқылы H2SO4 құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер.
Есепті 2 тәсілмен шығаруға болады.
Дайын формула бойынша
Пропорция арқылы.
1 тәсіл
Берілгені Массалық үлесін табу формуласы (1)
H2SO4 W(э) = ×100%
W(э) – элементтің массалық үлесі
т/к W(H)-? (э)-элементтің атом саны
W(S) -?
W(O) -?
1.H2SO4 – салыстырмалы молекулалық массасын табамыз
Mr (H2SO4) = (1×2)+32+(16×4) =98
2.Формула(1) бойынша сутектің, күкірттің оттектің массалық үлесін табамыз.
W(H)=×100%=0,02×100%=2%
W(S)= ×100%=0,327×100%=32,7%
W(O)= ×100%=0,653×100%=65,3%
Тексеру: 2+32,7+65,3=100%
2 – тәсіл
Заттың салыстырмалы молекулалық массасы 100% ке сәйкес деп алып пропорция арқылы элементтердің массалық үлесін табамыз
cутектің массалық үлесін табу
98———100% x=2%
32——— x %
күкірттің массалық үлесін табу
98———100% у= =327,5%
32———у%
оттектің массалық үлесін табу
98———100% =
=65,3%
64——— %
Жауабы:W(H)=2%
W(S)=32,7%
W(O)= 65,3%
Элементтердің массалық үлестері бойынша заттың қарапайым формуласын табу
2 – есеп
Құрамында элементтердің массалық үлестері мынадай:
Na – 42,1 % , P – 18,9 % , O – 39%
Осы қосылыстың қарапайым формуласын табыңдар
Қосылыстағы натрий атомының санын – х,
фосфор атомының санын – у , оттек атомының санын – Z деп белгілейміз, қосылыс формуласын
Nax Py Oz деп жазуға болады. 1) бөлеміз
x :y :z = ÷
÷
=1,83÷0,61÷2,44
2) Зат формуласында атом сандарының қатынасы бүтін сандар болу керек. Сондықтан ең кіші санды бірлік ретінде алып, соған бөлеміз.
х:y:z = ÷
÷
=3÷1÷4
Белгісіз заттың формуласы Na3PO4
Жауабы: Na3PO4 натрий фосфатының формуласы
3 – есеп
Заттың құрамында 80% көміртегі, 20% сутегі бар, оның сутегі бойынша тығыздығы 15 – ке тең. Осы заттың формуласын табыңд
Берілгені:
W (C) – 80% x:y = ÷
=6,6÷20=1÷3
W( H) =20% C H3
D( H2)=15 Mr (Cx Hy)= Mr(H2) ×D(H2)
т/к: Cx Hy - ? Mr (Cx Hy)=2×15=30
Mr (C H3)=12+(1×3)=15
n = =2 (2еселеу)
( C H3)2 C2 H6 этан заттың формуласы
4 – есеп
Қаныққан көмірcутектің малекулалық массасы 86 ға тең. Заттың формуласын табыңдар.
Қаныққан көміртектің жалпы формуласы Cn H2n+2
Mr (Cn H2n+2)=86
12n+2n+2=86
14n=86-2
14n=84
= 84/14
= 6 C6H2×6+2 ------- C6 H14 гексан
Жауабы: Заттың формуласы C6 H14
Жаңа өнімдерінің массасы бойынша заттың малекулалық формуласын табу.
Есеп:
2,3 грамм зат жанғанда 4,4 грамм көміртегі (ІV)оксиді және 2,7 грамм су түзілді. Бұл заттың сутек бойынша тығыздығы 23 ке тең . Осы заттың формуласын табыңдар.
Белгісіз заттың малекулалық массасы
Mr(зат) = D (H2) × M (H2)=23×2=46
CO2 құрамындағы көміртегінің массасын анықтау
Mr (CO2)= 12+(16×2)=44
44г CO2———12г C х==1,2г(С)
г CO2———xг C
H2O құрамындағы сутегі массасын анықтау
Mr (H2O) = (1×2)+16=18
18 г H2O———2 г H х==0,3г(Н)
2,7 г H2O———x г H
Белгісіз зат құрамындағы оттегінің массасын анықтау.
m (зат)= 1,2г+0,3г= 1,5г
m(О)= 2,3г-1,5г= 0,8г(О)
2,3 г зат——— 1,2 гС х ==24г(С)
46г зат ———хг С
2,3 г зат——— 0,3гН у==6г(Н)
46г зат ———у г Н
2,3 г зат———0,3гН z==16г(O)
46г зат——— z г О
х:y:z==2:6:1
СхНуО z С2Н6О
немесе бес амалды былай орындауға болады
х:y:z = =0,1:0,3:0,05
х:y:z==2:6:1
С2Н6О этил спирті немесе диметил эфирі СН3 - О – СН3
Mr (С2Н6О) = (12×2)+(1×6)+16 =46
Теорияның мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымына байланысты есептеулер
а) Бастапқы затпен реакция өнімі бойынша теориялық шығымды есептеу
Есеп:
10кг натрий гидроксидін кремнийдің оксидімен қосып балқытқанда 12,2кг натрий силикаты алынды. Натрий силикатының теориялық шығымын есептеңдер.
Берілгені: 10кг xкг
m(NaOH)=10кг 2 NaOH+ SiO2= Na2SiO3+ H2O
m(Na2SiO3)=12,2кг 80кг 122кг
т/к () Mr(NaOH)=23+16+1=40
M(NaOH)=40кг/моль
m(NaOH)= 40кг/моль×2моль=80кг
Mr (Na2SiO3)=(23×2)+28+(16×3)=122
M(Na2SiO3)=122кг/моль
m(Na2SiO3)= 122кг/моль×1 моль=122кг
=
x=
=15,25кг
15,25кг———100% х==80%
12,2кг———х%
Жауабы: (Na2SiO3)=80%
б) Теориялық шығымы 80% болса, массасы 31 кг кальций фосфатына күкірт қышқылымен әсер еткенде алынатын фосфор қышқылының массасын есептеңдер
Берілгені: 31кг x
m(Ca3(PO4)2)=31кг Ca3(PO4)2+3 H2SO4= 3CaSO4+ 2H3 PO4
(H3PO4)=80% 310кг 98кг
т/к m(H3PO4)=
х= =19,6кг
19,6кг———100% х==15,6кг
х кг———80%
Жауабы: m(H3PO4)=15,68кг
әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілгенде реакция теңдеуі бойынша реакция өнімін есептеу
Есеп: 20кг магний оксиді 94,5 г азот қыщқылымен әрекеттескенде түзілген тұздың массасын есептеңдер
Берілгені: 20г 94,5г xг
m(MgO)=20г MgO+2HNO3= Mg(NO3 )2+ H2 O
m(HNO3)=94,5г Бастапқы заттардың әрқайсысының молярлық массасын, зат мөлшерін, зат
т/к m(Mg(NO3)2-?
мөлшерін табамыз
Mr(MgO)=40 Mr(НNO3)=63
M(MgO)=40г/моль M(HNO3)=63г/моль
(MgO)=
=0,5моль
(HNO3)=1,5моль(артық) сондықтанесептеуді MgO бойынша жүргіземіз
Mr(Mg(NO3)2=148
M(Mg(NO3)2=148 г/моль
Формула бойынша m=M× есептеу
M(Mg(NO3)2=148 г/моль×0,5 моль=74г
немесе пропорция арқылы есептеуге болады.
=
х=
=74г
Жауабы: m Mg(NO3 )2 =74г
Құрамында қоспасы бар заттардан алынған өнімнің массасын табу
Өндіріске байланысты есептерде көбінесе берілген шикізаттың құрамында қоспасы болып келетін мәліметтер болады. Бұл қоспалар өндірістік үрдіс кезінде тиісті өнімге айнала алмайды. Сондықтан да тиісті өнімге айналатын таза заттың массасын анықтау қажет болады.Оны формула арқылы анықтайды.
W(таза заттың)=m(таза зат/ m(қоспа)
m(таза зат/= m(қоспа)×W(таза зат)
Есеп: Құрамында 35% қоспасы бар 50 m фосфорит заводқа әкелінді
Таза кальций фосфатының массасын табыңдар.
Рудадағы таза кальций фосфатының мөлшерін табу.
100 %—35%=65%
W(қоспа)=35% немесе 0,35
W Ca3(PO4)2 =65% немесе 0,65
m Ca3(PO4)2 =50m×0,65=32,5m
m(қоспа)=50 m×0,35=17,5m
m(Ca3(PO4)2)=50m-17,5m=32,5m
Жауабы: mCa3 (PO4)2=32,5m
Ерітіндіге байланысты есептеулер
Ерітіндідегі заттың массалық үлесін есептеуге арналған формулалар
1.Еріген заттың массалық үлесін есептеу
W(еріген)=100%
2.Еріген заттың массасын есептеу
m(ер зат)=W(ер.зат)×m(ерітінді)
3.Ерітіндінің массасын табу
m(ерітінді)=
немесе m(ерітінді)=
немесе m(ерітінді)=m(ер.зат)+m(еріткіш)
5.Еріткіштің массасын табу
m(еріткіш)= m(ерітінді)- m(ер зат)
6.Еріткіштің массалық үлесін табу
W(еріткіш)=100%- W(ер зат)
Есеп: Медицинада массалық үлесі 0,2% калий перманганатының ерітіндісін қолданады. Массасы 800г ерітіндіні дайындау үшін қанша марганцовка және су қажет?
W(KMnO4)=0,2%
m(ері)=800г
табу керек m(H2 O)-?
m(KMnO4)-?
100г ерітінді ———0,2г KMnO4
800г ер-і ———хг KMnO4
х==1,6г
m(KMnO4)=1,6г
m(H2 O)=800-1,6=798,4г (мл)
судың тығыздығы 1 г/мл болғандықтан m(H2 O) = V (H2 O) ×
m(H2 O)=798,4г(мл)× 1 г/мл= 798,4 мл
Жауабы: m(H2 O)=798,4г(мл)
m(KMnO4)=1,6г
Есеп: Массасы 20г тұзды 180г суда еріткенде түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер
1.Ерітінді массасын табамыз.
m(ер-і)=180г+20г=200г
2.Тұздың массалық үлесін табамыз.
W(тұз)=10%
Жауабы: W(тұз)=10%
Сапалық есептер шығару
Берілген мөлшердегі ертінділерді дайындау
І Проценттік концентрациясы берілген ерітінді дайындау
Есеп: Кристаллогидраттар негізінде ертінділер дайындаған кезде оның құрамындағы суды ескере отырып есептеулер жүргізу керек.
Мысалы, мыс купоросын пайдаланып массасы 200г 0,08 мыс (ІІ) сульфатының ертіндісін дайындау
Алдымен қажетті сусыз мыс сульфатының массасын табамыз.
m (CuSO4) = 200×0,08=16
Оған сәйкес мыс купоросының массасын есептейміз.
3.16г хг
CuSO4——— CuSO4×5Н2О
160г 250г
=
х=
=25(г)
3.Қосатын судың массасы
m(H2 O)=200-250 = 175г немесе 175 мл (судың тығыздығын 1г/мл деп аламыз)
Қажетті ертіндіні дайындау үшін 25 г мыс купоросын таразыға өлшеп алып , оны 175 мл суда ерітеміз.
6 – есеп: ІІ Концентрлі ерітіндіден сұйытылған ерітінді дайындау.
Концентрлі күкірт қышқылынан (96 % H2SO4) оның 500 мл 10 %ерітіндісін дайындау.
1.Анықтамалық кестелерден күкірт қышқылының сулы ерітінділерінің тығыздықтары мен оларға сәйкес концентрацияларын табамыз.
Мысалы , анықтамалық кестелер бойынша 96 % H2SO4 ертіндісінің тығыздығы 1,836 г/см3
2.Көлемі 500мл 10% ерітінді дайындау үшін есептеу жүргіземіз
Ертіндінің массасын табу
m(ерітінді) = V ерітінді×500мл × 1,066 г/ мл =533г
Ондағы сусыз H2SO4 массасы
533 г——100% х==55,3г
хг——10 %
Құрамында 53,3 г H2SO4 болатын концентрлі ерітіндінің массасы
100г —— 96г х==55,3
хг ——53,3г
Оның көлемі
V== ==30,23г
3) Шамамен 450 мл суға концентрлі ертіндінің есептелген көлемін 30,23 мл аз – аздан араластыра отырып қосамыз. Ерітінді бөлме температурасына дейін суыған соң оның көлемі 500мл дейін жеткенше дистильденген су қосып араластырамыз сосын ыдыстың сыртына заттың формуласын концентрациясы және дайындалған күні жазылған этикетка жапсырамыз.
III Молярлық концентрациялары берілген ертінділерді дайындау
Есеп: Мыс купоросынан концентрациясы 0,1 моль/л , көлемі 500мыс (ІІ) сульфатының ертіндісін дайындау
Кристаллогидраттың (CuSO4×5Н2О) қажетті массасын есептейміз
m= C×M×V = 0,1 моль/л × 250г/ моль ×0,5 л = 12
Кристаллогидраттың өлшендісін сыйымдылығы 500 мл колбаға воронка арқылы саламыз және дистильденген сумен шаямыз. Шайынды колбаның ішіне бару керек. Үстіне колбаның белгі сызығына сәл жеткізбей су құямыз. Ертіндінің менискісі өлшеуіш колбаның белгі сызығына сәйкес келу керек.
І Ертінділерді сұйылтуға есеп шығару
Ерітінділерді сұйылтуға арналған есептерді шығаруда қолданылатын формула
W(ер.зат)=
Есеп: Натрий гидроксидінің массалық үлесі 10% немесе (0,1) массасы 45г ерітіндісіне 105г су қосылды.Алынған ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесі қандай?
W(NaOH)==
=0,03 немесе 3%
Жауабы:W(NaOH) =3%
V. Ерітінділерді араластыруға есеп шығару
Ерітінділерді араластыруға байланысты есептерді мына формулаларды пайдаланып шығаруға болады.
W(ер.зат) =
Есеп: Натрий хлоридінің массалық үлесі 0,05 массасы 100г ерітіндімен құрамында натрий хлоридінің массалық үлесі 0,15 массасы 300г ерітіндісі араластырылды. Алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер
Берілгені:
W1(NaCL)=0,05 W(NaCl)==
=
=0,125
W2(NaCL)=0,15 Жауабы: W(NaCl)=0,125немесе 12,5%
m1(ері)=100г
m2(ері)=300г
табу керек: W(NaCl)
Есеп: Тұз қышқылының массалық үлесі 15% массасы 300г ерітіндісін дайындау үшін тұз қышқылының массалық үлесі 20% және 12% екі ерітіндісінің қандай массаларын араластыру қажет
Есепті “Крест ережесі,” немесе “Пирсон квадраты,” әдісімен шығару жеңілдеу 1.Диагональдың сол жағындағы жоғары және төменгі бұрыштарына бастапқы есептің шарты бойынша берілген екі ерітіндінің массалық үлестерін W1 мен W2 (20% және 12%) диагональдың қиылысқан ортасына дайындалатын ерітіндінің (3-ерітінді) массалық үлесін W3(15%) жазамыз.
2. Диагональдың оң жақтағы бұрыштарына, диагональдың бойына орналасқан сандардың (массалық үлестердің) айырымдарын(үлкен саннан кішісін алып)жазамыз:
20 3 W1 W3 - W2
15 яғни W3
12 5 W2 W1 – W3
3. Бұл айырым сандар бастапқы ерітінділердің салмақ бөліктерін (c.б.) көрсетеді, яғни 20 ерітіндінің 3 c.б. мен 12% ерітіндінің 5 c.б. алып, барлығы.
3 c.б.+5 c.б.=8 c.б. ерітінді дайындау керек олай болса 8 c.б.=300г
1 c.б.==37,5г
4.Тапқан c.б. мәндерін c.б. санына көбейтіп, бастапқы ерітінділердің массасын табамыз:
m1(ері)=37,5×3=112,5г
m2(ері)=37,5×5=187,5
Есепті тексеру:
m3(ері)= m1(ері)+ m2(ері)=112,5+187,5=300г
Жауабы: m1(ері)=112,5г
m2(ері)=185,7г
Сыныбы: 9 | Күні: Бекітемін: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы
| Газдардың молдік көлемі. Авогадро заңы. Сандық есептер шығару (зат мөлшері, молдік масса, газдардың молдік көлемі, Авагадро заңы формулалары арқылы)
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты
| Оқушыларға химиядан есептерді өздігінен шығара білуге жағдай жасау. 1.Оқушыларды «Ауа. Оттегі. Жану» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдануды үйрету. 2. Оқытылатын ұғымдарды салыстыру, жалпылау, қорытындылауды үйрету, алған білімдерін өз бетінше пайдалана білуге дағдыландыру . Оқушылардың бір-біріне көмек бере отырып, білімдерін нығайту, өз бетімен есеп шығару дағдыларын дамыту. 3. Топпен жұмыс жасауға, бір-бірін тыңдай білуге, сыйлауға, бір-бірін толықтыруға, өздігінен жұмыс жасауға, өз білімін өзі бағалап, тексере білуге тәрбиелеу.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Керекті жабдықтар | Интер белсенді тақта, слайд, күкірт, темір, химиялық стакан, су, ас қасық, флипчарт, маркерлер, стикерлер, бағалау критериясы, түрлі түсті бағыттауыш, бағдаршам | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақбарысы: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кіріспе
| -Сәлематсыздар, ма балалар? -Көңіл күйлеріңіз қалай? Сабаққа дайынбыз ба? Тренинг «Қане танысайық» жаттығуы «Өзіндік таным» -Мен сіздермен алдымен таңысқым келіп тұр. Нұсқау: әр оқушыға әр түрлі түсті стикерлер таратылады. Ондағы «Мен» дегенді ары қарай есімімен жазып жалғастырады. Жазылған стикерін төсбелгісі ретінде төсіне жабыстырады және түс бойынша топтасады. Мысалы, мен ВС, Шежін ОМБ химия пәнінің мұғалімі. - Келесі оқушы орнынан тұрып танысамыз. -Бәріңізбен таныстық. Рахмет. -Балалар алдарыңызда өздерінді бағалайтын бағалау критериясы жатыр, таңысыңыз. Әр сабақ кезеңінде өздеріңізді бағалап отырыңызды сұраймын. | Амандасады, сабаққа дайындалады Тренинг арқылы танысады, топтасады.
Критериямен танысады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тұсаукесер
| Графикалық диктанат (дәптерге жаздырады) -Сөйлем қылады, менің пікірлеріме келіссеңіз «», ал келіспесеңіз « –« белгісін қойясыз 1.Оттегінің латынша аталуы «гидраргирум» 2.Оттек жай зат ретінде атмосферада кездеседі. 3.Атмосферада оттек бос күйінде 40% кездеседі 4.Оттек газы түссіз 5.О2 өнеркәсіпте калий перманганатынан алады 6.О2 зертханада калий хлоратынан алады. 7.Экзотермиялық реакция кезінде жылу бөлінеді. 8.Біреуі оттегі болып келетін екі элементтен түзілген күрделі затты оксидтер -деп, атайды 9. Жану-бұл жарық пен жылу бөле жүретін реакция 10.Заттардың оттекпен әрекеттесу реакциясын тотығу-деп, атайды -слайд арқылы сағаттың бағыты бойынша бір-біріңізді тексеріңіз.(Слайд арқылы) Бағалаңыз.
Проблемалық, ой қозғау сұрақтар -Балаларграфик не үшін құралады? Оның химиямен қандай байланасы бар? Графикте қандай символдар бейнеленді? Неліктен мен бұл сұрақтарды сізге қойдым? -Балалар алдырыңызда жай заттар берілген. Күкірт, темір, стакандағы су. Осы заттарды біз қалай өлшей аламыз?Немен?Өлшем бірліктері не? -Стакандағы судың құрамындағы молекула санын есептеп беріңізші.(судың бір тамшысында 2,3-1021 молекуласы бар. 21 саны-бұл 0 саны) -Дүкенді жұмыртқаны қандай өлшеммен санайды?(ондық) -Шынғысхан әскерлерін ше?(мыңдықпен) -Осы сұрақтарға толық жауапты бүгінгі тақырыптан табасыз. -Бүгінгі сабақ тақырыбы:Газдардың молдік көлемі. Авогадро заңы. Есеп шағару. (тақатаға тақарып жазылады) Мақсатымен таныстырылады
| Оқылған сөйлем арқылы оқушылар график құрады.
Тексереді, бағалайды
Оқушылардың пікілері тыңдалады.
Күн ретін, сынып жұмысын, тақырыпты дәптерлеріне жазады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгібөлім
| 1.Оқулық арқылы тақырыппен танысады, негізгі формулаларды жазып алады. 2.«Пирамида» әдісі (жеке, жұптық, топтық) Ой қозғау сұрақтары. -1 моль затты қалай көруге болады? -1 ас қасық алып, оған су аламыз. Оны химиялық стаканға құямыз. Ол 1 моль деп есептейміз. Стаканға тағы бір қасық су құямыз. Бұл екі моль су.Тағы бір қасық құямыз. Бұл неше моль? Ал қанша молекула су бар бұл стаканда. Оқушылардың есептеуі. Түсіндіруі. N=v*NA Топтық жұмыс І топ; ІІ топ- Газдардың молярлық көлемі ІІІ және ІҮ топ- Авогадро заңы
Есептің шарты беріледі. Топта талдайды қандай формуланы қоланатыны. Әр оқушы өзінің жеке тапсырмасын орындап, көшбасшысына тапсырады. Көшбасшы жалпы топқа берілген есептердің жауаптарын қосып, барлығын жариялайды. Топтық жұмыс картотекасына толтырып отырады. 1-2топ.Көлемі *** оттектің (қ.ж.) зат мөлшерін есептеңдер.
Топтың жауабы:1-топ:15,5 моль 2-топ:15 моль
Топтың жауабы: 3-топ:0,63*1023 4-топ: 0,54*1023 Жұмыстар тексеріледі (шығару барысын мұғалім жұптар арасында шығару жолымен тексереді, топ жетекшісі қорытынды санды айтады | Тақырыппен танысады. Проблемалық сұрақтарға жауап беру арқылы микродүние мен макродүниенің байланысын көреді. Өзідері зат мөлшерімен Авогадро санының байланысын математикалық есептер шығару арқылы дәлелдейді.
Алға ұмтылу, есепті шапшаң, бірінші болып шығаруға тырысады және есептің шығару жолдарын түсіндіреді бір-біріне, содан соң мұғалімге | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды
| Рефлексия: 1.Авогадро заңы мен Газдардың молярлық көлемі арасындағы байланыс қандай?Түрлі түсті бағыттауыш арқылы формулалармен арқылы белгілеу.
Авогадро заңы мен Газдардың молярлық көлем туралы есептеулер өмірде қайда қолданамыз.(стикерлерге жазу, ілу)
Бағалау: оқушылар парақшасы бойынша бағаланады Үйге тапсырма: Деңгейленген тапсырма: А- Массасы 22 г көмірқышқыл газының көлемін ( қ.ж) табыңдар. Жауабы: V=11,2 л В- Қайсысында молекула саны көпекенінанықтаңыз. 1,5 л. сутегіндеме, әлде 1,5 л. оттегіндеме? С-
| Кері байланыс арқылы оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау
Сабақтың табыс критерийлері бойынша бағаланады.
Үй тапсырмаларын дәптерге , күнделікке жазады |