№ 1 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
ІІ- кіші топ «Балапан» Күні:10.09.15 ж Білім саласы: «Таным» «Әлеуметтік орта» Тәрбиеші: Ергазина Б.К. Бөлігі: «Қоршаған ортамен таныстыру» «Экология» Тақырыбы: «Судың қасиеті» және «Жағалай су» Мақсаты: Балаларға су туралы мағлұмат беру, тәжрибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру. табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу. Билингвалдық компонент: Суйық –жидкий, су –вода, тазартқыш сүзгі – фильтр Сөздік жұмыс: сұйық ,көлемі жоқ ,ағады. Көрнекіліктер: Зерттеу құралдары, слайд , түрлі стақандар ,Триз тех
Ұйымдастыру кезеңі | Табиғат дегеніміз не? Табиғат қандай екі бөліктен тұрады? Тірі табиғатқа нелер жатады? Ал, өлі табиғатқа нелер жатады? Оларды неліктен өлі табиғат дейміз? Жұмбақтар 1.Жалт –жұлт етеді, Жылғадан өтеді. Бұл не? 2.Аспаннан домалап, Көп моншақ төгілді Бұл не? Слаид: қараңдаршы балалар бізге пингвиндер келіпті. Олар судың қасиеті туралы білмейді екен. Су жайлы сендерден көп білгісі келіп, көмек сұрайды. Көмектесейік пе? Біз сумен не істейміз? Бізге судың қандай пайдасы бар? Иә судың бізге берер пайдасы көп екен. Балалар суға байланысты кім тақпақ, мақал мәтел, нақыл сөздер айтып береді Балалар енді біз пингвиндердің тапсырмаларын орындайық. Ол үшін арнайы халаттарымызды киіп алайық. «Судың қасиетін» зерттейміз. 1. Тәжрибе «Мөлдір су» 1-ші пин: Судың түсі бар ма? Олай болса, стақанда не тұр? 1-стаканда су –қасық салу. Көріне ме? 1-стаканда сүт –қасық салу. Көріне ме? Су қандай екен? 2.Тәжрибе «Судың дәмін жоқ» 2- пин: тапсырмасы: Осы мөлдір суда дәмі барма екен? Түтікшемен ішіп көріңдерші. Судың дәмі жоқ болса, біз судың дәмін өзерту үшін Лимон, тұз, тосапты пайдаланайық. Түсі өзгерді ма? Салған жемістердің түсіне байланысты өзгерді. Тұз салған су мөлдір болып қала береді екен. Бірақ тұз салыңған судың дәмі қандай? Сергіту сәті: 3- пин: тапсырмасы. Су қай кезде мұз болады? Қай кезде бу болады? дейді. 3.Тәжрибе слайд бойынша «Мұз – қатты су, бу да-су» Балалар мұз неден пайда болады? Ал, бу қайдан пайда болады? Видео: Қайнаған су және мұз Мұзды ыдысқа салып қояйық. Шамалыдан кейін келіп қараймыз. 4-пин: тапсырмасы: суда не ериді, не ерімейді? 4.Тәжрибе «суда кейбір заттар ериді, ал кейбірі ерімейді» 1-ст аканға - қант салады 1-стақанға – құм салу Байқап көріңдер суда не еріді, не ерімейді? Егер қант суда ерімесе, онда адамдар тәтті шай іше алмас еді. 5-пин тапсырмасы: Лас суды қалай тазартады? 5.Тәжірбие : «Құм салынған суды сүзгіден өткізіп тазарту» Су мөлдір, құм салған су – лас су. Суды тазарту үшін сүзгіден өткізу. Жер асты суын осылай сүзгіден өткізу арқылы ауыз суға айналдырады. Енді балалар біздің ыдысқа салып кеткен мұзымызды барып көрейік? Жаңылтпаш айтқызу Мұз –тұздай Тұз-мұздай Міне біздің зертхенелық оқу іс-әрекетіміз аяқталды. | Табиғат дегеніміз: Бізді қоршаған орта Тірі табиғат және өлі табиғат деп екіге бөлінеді. Жануарлар, өсімдіктер, ағаштар, құстар. Т,б Өлі табиғатқа Су, тас, тау, құм, күн, жаңбыр, жатады. Өйткені олар өспейді, қоректенбейді, Су Жаңбыр Балалар тақтадағы пингвиндерді қызыға қарайды. Оларға көмектесуге дайын екендерін айтады. Балалардың жауаптары Балалар өздерінің тақпақтары мен мақал мәтелдерін айтып береді. Сылдыр сылдыр сылдыр су, Сылдыр сумен бетіңді жу. Жуынсаң сен әрдайым, Аппақ бетің, маңдайың. Судыңда сурауы бар. Су –тіршілік көзі. Сусыз өмір жоқ. Су тазалықтың досы. Ағынды суға түкірме. Суды ластама. Зертханалық киімдерін киеді. Сүт және су Қасық көрінеді. Қасық көрінбейді. Су мөлдір. Балалар стакандағы суларын түтікшемен ішіп, дәмі жоқ екенін айтады. Суға лимон, тосап, тұз салғызып дәмін ажыратып айтқызу. Әр бала өз зерттеуі жайлы айтып береді. Лимон салған су- қышқыл Тосап –тәтті Тұз салған су–ащы Биік болып өсеміз, Жапырақтай жайқалып. Ағаштарға су құйып, Өсіреміз сая бақ Слаид: Судың өзгерістерін тамашалайды. Су суықта қатып –мұз болады. Қайнаған судан –бу шығады. Мұзды ыдысқа салып ары қарай тәжрибелерін жалғастырады. Суға құм мен қантты салып араластыру арқылы құмның ерімейтінін байқайды. Қант еріді. Құм ерімеді. Құм салынған суды 1неше рет сүзгіден өткізді.не өзгергені туралы айтып береді. Жаңылтпашты қайталайды. Балалар киімдерін шешіп орындарына іліп қояды. |
Рефлексивті-коррекциялау | Балалар бүгін ашық оқу іс-әрекетімізде нені зеттедік? Бүгінгі жұмыстарың ұнады ма? | Балалардың жауабы Өте ұнады. Қонақтармен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Тәжрибе жасау арқылы судың қасиеттерін ұғынды.
Түсінеді: Табиғаты сүйе білу керек екенін және қамқор болуды түсінді
Қолданды: Тәжрибеге қолданатын заттар. Мультимедия
№ 2 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы ІІ- кіші топ: Балапан Күні: 24.09.15ж Білім беру саласы: Таным Тәрбиеші: Ергазина Б.К. Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Аяқ астындағы ғажайыптар Мақсаты: Құрғақ және дымқыл құмның қасиеті туралы білімдерін кеңейту. Білімдерін қалыптастыру және олармен жұмыс жүргізе білу. Балалардың құмның қасиетін білуге деген өзіндік тәжірибе жасауға білімдерін кеңейту. Билингвалдық компонент: Құм –песок , сусымалы- рассыпчитый Сөздік жұмыс : құрғақ , дымқыл . Көрнекіліктер: Су ,ыдыстар , стақандар . Құм терапиясы,
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы | Балаларға Дымбілмес келеді .Өзімен бірге шелек алып келіпті . Шелектегі затты қару . | Балалар Дымбілмеске қызығушылық танытады. Шелектегі затты табады. |
Ұйымдастырушы лық –ізденушілік | Дымбілмес әкелген затты зертханаға апару. Тәжірбие № 1 : «Шашыраңқы құмының қасиеті» Құмды ыдыстан –ыдысқа ауыстырып ,оның шашыраңқы екенін айту. Тәжірбие №2 « Дымқыл құм» Құмға су құю ,судың қайда екенін табу . Тәжірбие №3 «Қандай құм жабысабы?» 2 ыдыстағы құм: шашыраңқы және дымқыл құмды салыстыру. Дымбілмес ойыншық- тарын құмға түсіріп алыпты ,тауып беруге көмектесейік . Ойын:« Құмға тығылған ойыншықты тауып ал» | Зертханаға барып , зерттеуге кіріседі.
Құмнын ыдыстан-ыдысқа құйылатынын , төксе шашырап қалатынын айту.
Ыдыстағы құмға су құю ,суды ағызып көру . Су жоқ . Құм суды өз бойына сіміреді.
Шашыраңқы құм шашылып қалады , ал дымқыл құм жабысады. Қолдарына құм терапиясын жасау. Ойыншықтарды табу. Ойын: «Құмды әріптер» Құмға суреттер ,әріптер салу. |
Рефлексивтік- түзету:
| Дымбілместін достарына арнап тоқаштар пісіреміз . | Балалар қызығушылықпен тоқаштар жасайды. |
Күтілетін нәтиже: Білу : Құрғақ және дымқыл құмның қасиеті туралы Болу: Құм қаситтері туралы білімдерін толықтыру. Жасай алу: Балалардың құмның қасиетін білуге деген өзіндік тәжірибе
№ 3 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы ІІ- кіші топ: Балапан Күні: 08.10.15ж Білім беру саласы: Таным Тәрбиеші: Ергазина Б.К. Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы: Ғажайып магнит Мақсаты: Балаларды магнит деген ұғыммен таныстыру.Магниттің қасиеті туралы түсініктерін қалыптастыру. «Тәжірбиелер мен зерттеулер» магниттің қасиетін көрсету, ой тұжырымын жасауға ,сөздік қорларын дамыту. Билингвалдық компонент:магнит –магнит ,тартады –притягиваеть
Сөздік жұмыс : темір заттарды , өзіне жапсырады. Көрнекіліктер: темір заттар ,жармалар ,магнит ,Сенгвейн әдісі ,Триз тех
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талаптану | Тақтада ертегі желісі ілінген «Күлше қыз» Күлше қыз ханзаданың мерекелік кешіне бармақшы . Бірақ анасы бірнеше тапсырмалар беріпті , орындауға көмектесеміз бе? | «Күлше қыз» ертегісін қызығушылықпен тыңдайды. Күлше қызға көмектесуге ынта білдіреді. |
Ұйымдастыру шылық- ізденіс | 1. тәжірбие: «Магнит қандай заттарды тартады?» Күлшеқыздың анасы жарманың ішіне бірнеше темір заттарды араластырып тастапты, соны жармадан тазарту. 2 тәжірбие: «Магниттің күші неде?» Д/о: «Суретті құра» 3. тәжірбие: «Магнит қалай әсер етеді?» Д/о: «Үй жинау.» 4.тәжірбие: «Судың ішінде болсада тартылыс күшін жоғалтпайды.» Д/о: «Кілт іздеу.» Қимылды ойын: «Қазына іздеу.» Логоритмикалық жаттығу: «Машина: бип!, бип! - дейді, Жолдан былай кет!- дейді»
| Магниттің қандай заттарды тартатының білу . Жарманын ішіне қол салмай ,темір заттарды магниттің көмегімен тарту. Күлше қызға керек заттарды түсіне байланысты жинау. Магниттің өзіне тарпайтың заттарын атау. Магниттің көмегімен судың ішінен кілтті алып шығу. Магниттің көмегімен қағаздың астындағы қазынаны іздеп табу. |
Рефлексивті-коррекциялау | Пласмас ,темір ,резеңке, қағаз заттардың қайсын магнит тартады , әңгімелесу. | Балалар қз жауаптарын айтады. |
Күтілетін нәтиже: Білу : Магниттің қасиеті мен маңызы туралы ұғымды
Болу: Магнит өзіне темір заттарды тартатыны туралы түсінігі
Жасай алу: су,темір заттар ,пласмас ,резеңке заттармен тәжірбие
№ 4 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы ІІ- кіші топ: Балапан Айы :22.10.15ж
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тәрбиеші :Ергазина Б.К. Білім беру саласы: Таным Тақырыбы: Өсімдіктер тыныс алады. Мақсаты: Балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін кеңейту.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, балалардың бөлме өсімдіктерін күтуге деген машықтарын дамыту. Өсімдіктерге деген қамқорлық пен бақылай білуді дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Билингвалдық компонент: Өсімдік –растение , гүл-цветок. Сөздік жұмыс : бөлме өсімдігі , күту Көрнекіліктер: гүлдер, жуа ,суқұйғыш,суреттер. Монтессори , Синквейн
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қызығушылық | Сиқырлы Фея келеді. Балалармен амандасып , сиқырлы елінде қатты жел тұрып ,гүлдерін шашып кеткенін айтады. Гүлдерді жинау. | Феямен амандасады. Қызығушылықтары артады. Гүлдерді жинап береді. |
Ұйымдастыру- ізденушілік | Монтессори әдісі Д/о: «Гүлдерді жина» №1 тәжірибе : « Өсімдіктер үйдегі ауаны тазартады ». №2. Тәжірибе : «Әр гүлдің өзіндік ерекшелігі бар» № 3 тәжірибе: «Өсімдіктерге су мен жарық қажет» № 4 тәжірибе: «Өсімдіктер де тыныс алады». Ойын гүлдерді ажырату. «Не қайда өседі ?» 1. Бақта өсетін гүлдерді жинандар? 2. Дала гүлдерін табыңдар?
3. Бөлме гүлдерін табындар ? Дұрыс бөліп қою | Түстеріне қартай гүлдерді жинау, топтастыру. Өсімдіктің қасиеттерін зерттеу. Гүлдердің бір –бірінен ерекшелігін қарап , ажыратады. Өсімдіктерді қалай суару керегін көрсетеді. Жапырақтың үстіндегі шаң тозандарды сүртіп , тазалау.
Бақша, дала, бөлме гүлдері деп ажыратып ,жинайды. Нарғаз, көкнәр, қызғалдақ, раушан. Раушан, әсел, түймедақ, қызғалдақ, бақбақ.
Бегония ,теңбілгүл ,үй шегіргүлі |
Рефлексивтік-түзету:
| «Пияз тұқымын өсіреміз». Топтағы ыдыстарға пиязды егу, оның пайдасын айту | Балалар пиязды топыраққа отырғызып ,суарады. |
Күтілетін нәтиже: Білу : гүлдердің түрлерін айтайды Болу : танымдық қызығушылықтары Жасай алу : өз беттерімен шешім қабылдау, тұқым отырғызуды
№ 5 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
ІІ- кіші топ: Балапан Айы: 05.11.15ж
Білім саласы: «Таным» Тәрбиеші: Ергазина Б.К.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Ғажайып күз келді. Мақсаты: Балаларға күз мезгілі жыл мезгілдерінің бірі бірі екенін оның белгілері мен құбылыстары туралы білімдерін кеңейту және жүйелендіру. Күздегі табиғат өзгерістері туралы білімдерін тереңдету. Табиғаттағы тірі және өлі табиғатқа көңіл аударту және қоршаған орта сұлулығын көре білу қабілеттерін дамыту. Жемістер мен көкеністер туралы білімдерін толықтыру және байыту.
Билингвалдық компонент: Жемістер –фрукты ,көкеніс –овощ , күз –осень Сөздік жұмыс : күз ерекшелігі ,молшылық ,көрініс. Көрнекіліктер: суреттер ,муляждар ,Триз ,Монтессори ,Сенгвейн әдісі
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талаптану | Бұлттар төніп,ызғар сеуіп , Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып , өні қашып, Дала сұры қашады , Айтындаршы бөбектерім , Бұл қай кезде болады? | Балалар өлең шумақтарын талдап жыл мезгілін атайды. Күз |
Ұйымдастырушы лық- ізденіс | Триз тех- сы бойынша Д/о: «Кім жылдам?» доппен жыл мезгілінің ерекшелігін сұрау. Күз мезгілінде дала қандай болады? Нерліктен күз жомарт дейміз? Сенгвейн әдісі бойынша Д/о: «Сипаттауы бойынша тауып ал.» Жұмбақтау арқылы өткізу. Монтессори тех-сы бойынша Д/о: «Ғажайып дорба» «Не қайда өседі?» Тәжірбиелер мен бақылаулар 1 тәжірбие: Қыркүйек айында біздің аулада не гүлдеп тұрды? 2.тәжірбие: Гүлдердің тұқымын жинап алайық 3 тәжірбие: Басқа ағаштарға қарағанда шырша ағашының ерекшеліктері. 4.тәжірбие: Құстар қайда ұшып кетті. 5. тәжірбие : Жәндіктер неге жоқ? | Сұрақтарға жауап беру. Күз мезгіліне байланысты өз жауаптарын береді. Салқын ,жаңбыр , жапырақтар түседі. Жемістер ,бидай ,көкеністер піседі. Сипатталған заттарды тауып айтады. Жемістерді сипау арқылы ажыратады. Бақта ма ,бақшада ма ажыратып орынды орнына қояды. Битуня , бегония , теңбілгүл ,фиалка . Балалар гүлдердің тұқымдарын ыдысқа жинайды, ерекшеліктерін атайды. Ағаштардың жапырақтарының сарғайуын ,ал шыршаның жапырақтарының сол қалпы тұруынын себебін айту. Құстарды бақылау ,себебін іздеу неге жылы жаққа ұшып кеткенін талқылау. Жәндіктердің жоғалу себебін айту ,талдау. |
Рефлексивті-коррекциялау | Құрастыру: «Күзгі кілем» табиғи заттардан жасау | Серуен кезінде жиналған табиғи заттардан кілем жасайды. |
Күтілетін нәтиже: Білу : Күз мезгіліндегі табиғаттың өзгерістері туралы Болу : Күзгі табиғаттың өзгерістері туралы түсінігі Жасай алу : Табиғи заттардан түрлі бұйымдар
№ 6 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Айы: 19.11.15ж
ІІ- кіші топ: Балапан Тәрбиеші: Ергазина Б.К.
Білім саласы: Таным
Кіші сала: Қоршаған орта
Тақырыбы: «Қағаздың сыры»
Мақсаты: Балаларды қағаздың қасиеті қасиетімен таныстыру, қағаздың пайдасы мен зияны жайлы айтқызу. Балалардың қағаз сапасының әр түрлілігі туралы білімдерін кеңейту. (жұмсақ, жұқа, қатты жұмсақ) және құрамы (жыртылады, ұмаждалады, суланады) Майлық қағаз бен альбом қағаздың құрылымына қарай қолдану туралы балалардың түсінігін кеңейту.
Балалардың танымдық белсенділігін, зерттеу жасауға қызығушылығын ояту.
Билингвалдық компонент: қағаз – бумага ,қатты –твердый ,жұмсақ -мякий
Сөздік сжұмыс: умаждау , сулау, жырту. Көрнекілік: қағаздар ,су ,майлықтар ,Триз , Доман әдісі
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талаптану | Балаларға жұмбақ жасыру Өзі аппақ қардай, Суретті де саламыз, қолды да сүртеміз. Қатты да жұмсақта болады. бұл не? деп ойлайсыңдар? Қағаздардың түрлерімен танысып зерттейміз. | Балалардың жауабы Қағаз Балалар қызыға кірісе бастады |
Ұйымдастырушы лық- ізденіс | Д/о:«Болады, болмайды?» Сұрақ-жауап ойыны. Әңгіме Сұрақтарға дұрыс, тез, толық жауап қайтара білуге үйрету. Қағазды неден жасайды? Қағаздардың қасиетін ата? Триз технологиясымен Саусақ гимнастикасы Қағаздың түрлерімен «Сыйлық» жасау. 1.тәжрибе: «Қандай қағаз тез мыжылады?» 2. тәжірбие: «Қандай қағазға күш жұмсалады?» 3 .тәжірбие: «Қандай қағаз түрі тез суланады және ыдырайды?»
3. тәжірбие: «Қандай қағаз жерге тез түседі?» Сергіту сәті: Ұшады ауада, Қонады жерге де, Жел болса бірақта, Қонарын білмеген Тақпақ айту: | Балалар ойынды қызығушылықпен орындайды. Балалар жауабы. Қағаз ағаштан жасалады. Балалардың жауабы Балалар әр түрлі қағаздың қасиетімен танысып. Бүктеу үлгісі арқылы Альбом қағаз және майлық қағаздармен «Гүл» жасап үйренеді. Жұмсақ, майлық қағаздар тез ұмаждалатыны туралы іс-әрекет арқылы ұғынды. Қатты картон қағазды жырту үшін күш жұмсалады. Әр түрлі қағазды стакандағы суға салу арқылы өзгерген қағаздарды бала өз тәжрибесінде айтады. (ең тез суланатын және ыдырайтын майлық қағазы) Балалар қағаздарды лақтырады. Жерге тез түсетін қатты қағаздар жерге тез түсетінін анықтады. Балалар сергітуді қимылмен орындады. Ұшымен қазық Тор көздi жазық. Үстiне өттiм, Асыл сөз жазып. Қайталайды, үйренеді |
Рефлексивті-коррекциялау | Балалар біз бүгін зерханалық бұрышта нені зерттеп, немен тәжрибе жасап көрдік? Қандай қасиетін үйрендіңдер? | Қағаздардың қасиеттерін білдік. Балалардың жауаптары айтылды. |
Күтілетін нәтиже: Білу : Қағаздардың түрлерін айырмашылығын Болу : Қағаздың қасиетің , шығу тарихын туралы түсінігі Жасай алу : Оригами тәсілімен әртүрлі заттар
№ 7 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы ІІ- кіші топ: Балапан Айы :03.12.15ж
Білім саласы: Таным Тәрбиеші: Ергазина Б.К. Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Аязды күндер -ай Мақсаты: Қысқы мезгіл туралы түсініктерін дамыту. Өз білімдерінен қыс мезгілінің ерекшелігін айту : қар деген не , ол қайдан пайда болады. Қар туралы түсініктерін кеңейту ( сулы,суық , суға айналады ).
Билингвалдық компонент: Аяз –мороз , суық -холодный Сөздік жұмыс : аязды күндер ,жылтырайды. Көрнекіліктер: Қар ,мұз , суреттер ,ыдыстар ТРИЗ тех
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы | Жұмбақ жасыру. Өзі аппақ қант емес , Ұстасаң қолын тонады. | Жұмбақтың жауабын айтады. Қар |
Ұйымдастырушы лық -ізденушілік | Триз тех Д/о: «Жақсы –жаман » Ал енді қарымызды алып зертханаға барайық . Тәжірбие №1. « Судың булануы». Суды отқа қойып ,булану тәсілін көрсету. Тәжірбие №2. « Қардың құрлысы». Қар кесегін алып ,жылы жерге қою . Тәжірбие № 3. «Қар неге таза» Ақ парақпен қарды салыстыру. Тәжірбие №4 « Неге қар кірлейді.» Суреттермен жұмыс :«Ең әдемі қар мүсін» Қардан жасалған мүсіндерді қарап , талдау. | Балалар қардың жақсы-жаман жақтарын айтады. Қарды ұстап ,зертханаға келеді. Будың пайда болуын қарайды, түсінеді.
Қар жылы жерде еритінін білу. Қар судан құралған Таза қарды айту.
Қарға құм ,тастар араластыру .Қарды ластау. Балалар өз ойларымен бөліседі. |
Рефлексивтік- түзету: | Қ/о: «Қаршықтар жинау. » | Бала шығып қаршықтарды кім көп жинайды , жеңеді. |
Күтілетін нәтиже: Білу : қар деген не , ол қайдан пайда болады Болу : Қысқы мезгіл туралы түсініктері. Жасай алу: Өз білімдерінен қыс мезгілінін ерекшелігін айту
№ 8 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы ІІ- кіші топ: Балапан Айы : 31.12.15ж
Білім саласы: Таным Тәрбиеші: Ергазина Б.К. Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Кішкентай шыршаға қыста суық. Мақсаты: Біздің жақта өсетін қарағай мен шыршаның өсуін қорғау.Дьенеш пішіндерін қолдана отырып шырша құрастыруға дағдыландыру. Осы аймақта өсетін шырша ,қарағай ағаштарының өсіуін , оны қорғау керегін түсіндіру.Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі табиғатқа және қылқан жапырақты ағаштарға деген қамқорлыққа , қорғай білуге тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: қарағай – сосна ,шырша – елка. Сөздік жұмыс : Қылқан жапырақты , табиғатты аялау. Көрнекіліктер: Суреттер , жапырақтары, Дьенеш тех
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы | Жасыл ине киемін , Жайлаймын тау биігін . Жаңа жылды тойласаң , Төріндемін үйіңнің. | Балалар жұмбақтың жауабын айтады .
Шырша. |
Ұйымдастырушы лық -ізденушілік | Бізге орман аруы шырша қонаққа келді . Слайд көрсету. Шырша мен қарағай туралы көріп тамашалайды. 1. тәжірбие: «Тірі шыршаның инелері қандай?» 2. тәжірбие: «Шырша қанша уақыт өседі? »
3 .тәжірбие: «Қылқан жапырақты ағаш не үшін қажет ? » Орман аруы бізге сыйлық тастап кетті . Мерекеге арнап шырша берді . Біз шыршаны ойыншықтармен әсемдейік . Дамыту ойыны: «Айырмашылығы мен ұқсастығын тап? » , «Қандай ағаш екенін ата.» Д/о: «Шырша құрастыр» Дьенеш таяқшаларынан . Шыршамызға арнап моншақ жасаймыз. | Балалар қызығушылық танытады. Орман аруын көріп таң қалады. Слайд қарайды. Тірі шыршаның жапырағымен жасанды шырша жапырақтарын салыстырады. Слайд арқылы шыршаның өсу денгейін қарайды . Баяу өсіун қадағалайды.Қарағай 100жыл өмір сүретінің айту. Табиғаттың көркі ,мәңгілік жасыл болып тұратынын . Ауаны дұрыстауға қолқабыс тигізетінін айту. Орман аруынын берген сыйлығы шыршаға қуанады. Суреттермен жұмыс .Қарағай мен шыршанын айырмашылығын айтады. Ұқсастығын айтады. Дьенеш таяқшаларынан шырша жасайды. Жолақ қағаздардан моншақ жасап ,шыршаға іледі. |
Рефлексивтік- түзету: | «Шыршаны қорғаңыз.» тақырыбына сурет салу. | Өз ойларынан суреттер салып ,бояйды. |
Күтілетін нәтиже: Білу : Қарағай мен шыршанын айырмашылығын Болу : Өлкемізде өсетін ағаштарды қорғау керегі туралы түсініктері. Жасай алу: Шыршаға арнап моншақтар
№ 9 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы ІІ- кіші топ: Балапан Айы :21.01.16ж
Білім беру саласы: Таным Тәрбиеші: Ергазина Б.К.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Көрінбейтін ауа
Мақсаты: Ауа туралы түсініктерін кеңейту. Тәжірбие-зерттеу жасау арқылы ауаның құрамын білу. Өлі ,тірі табиғатқа тигізер пайдасы туралы
жеке зерттеулер жасау арқылы, қортынды жасау, ойлану, өз ойын айту, түсіну «ауа» (мөлдір, көрінбейді, иісі жоқ, ауамен адамдар ,жануарлар , өсімдіктер дем алады) Билингвалдық компонент: ауа-воздух, мөлдір-прозрачно Сөздік жұмыс : Көрінбейтін ауа Көрнекіліктер: Сабын көпіршіктері, иіс су , апельсин , желдеткіш,шар, су құйылған стақандар,желпуіш,доптар,резеңке ойыншықтар,т.б Триз тех
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы | «Сабын көпіршіктері»атты ойынды ұсыну. Көпіршіктер не істеуде? Олардың түстері қандай? Көпіршіктер неге ұқсайды? | Балалар ойынға деген қызығушылықтарын арттырады.Ұшып жүрген көпіршіктерге қарап, оларды қолдарымен ұстайды, сұрақтарға жауап береді: дөңгелекке ұқсайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік | Жұмбақ: 1.Бар ма,жоқ па,оны анық білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ал осы біздің топта ауа бар ма? Қане бәріміз тереңірек ауа жұтып,біраз демалмай тұрайық. Байқайық ауаның бізге қаншалықты қажет екенін. Балалар сендер қалай ойлайсыңдар,ауаны көріп,естіп,сезуге бола ма? 1. Тәжірбие: «Ауа». Кім ауаны естіп,сезгісі келеді, қолдарына желпуішті алып, бетімізге желпиміз.Сендер нені сездіндер?Бұл не жел? 2. тәжірбие : «Жел ауаны ұшырады» Енді қолымызға резеңке ойыншықты алып,қысамыз қолымызбен,сендер не естідіңдер,бұл не дыбыс екен? 3 .тәжірбие : «Шарды ауамен толтыру». Шарларға ауаны үрлеп толтыру. 4. тәжірбие : «Ауаны іздеу». Ауаны целофан пакетпен ұстап алу. Сендер ауаны көрдіндер ме? Егер сендер ауаны көрмесеңдер,ауа қандай? 5 . тәжірбие : «Жұмбақ көпіршіктер». Су құйылған стақандарға түтікше арқылы үрлеу. Судан не байқадындар? 6 . тәжірбие: « Ауанын иісі бар ма ?». Ауаны желпеуішпен өздеріне қарай үрлеу айту . Иіссуын сеуіп , үрлеу. Иіс келді ме ? ТРИЗ тех бойынша Д/о: «Кімге ауа қажет?» Үстел басына жайғасып , кімге ,неге ауа керек , соларды белгілеңдер. | Ауа Өз ойларын айтады. Дем алу әдістерін жасайды. Қаншалықты шыдай алатындарын көрсетеді. Ауаны көреміз сеземіз дейді.
Желпеуіштін көмегімен өздеріне желді тұрғызады. Жел
Резеңке ойыншықтарды қысып ,ішінен ауаны шығарады. Ауа ысқырады.
Әр бала өздеріне шар алып ,үрлейді. Целофан қапшықтармен ауаны ұстап алады ,ауа көрінбейді . Мөлдір . Әр бала түтікшелер алып стақандағы суға үрлейді .Көпіршіктер пайда болды. Желпеуіштін көмегімен ауаны өздеріне тартып иіскейді . Иіс жоқ . Әтір иісін сеземіз . Ауаны қажет ететін заттарды сызады. |
Рефлексивтік-түзету:
| Тыйым,нақыл сөздер Ауаның қасиеттерін айтып беріңдер. | Ауаны ластамау керек. Ауасыз өмір жоқ. Таза ауада көп серуендеу керек. |
Күтілетін нәтиже: Білу : Ауа кімге , неге керек? Болу: Ауа қаситтері туралы білімдерін толықтыру. Жасай алу: тәжірибе жасау арқылы қортынды
№ 10 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы ІІ- кіші топ : Балапан Айы : 04.02.16ж Білім беру саласы: Таным Тәрбиеші: Ергазина Б.К. Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Тоқ қайда тұрады? Мақсаты: Балаларды тоқпен және тоқтың статистикалық пайда болу жағдайымен таныстыру. Өздігінен тәжірбие жасай білуін және қортынды жасай білуге үйрету. Табиғат құбылыстары жайлы білімдерін дамыту. Балалардың зерттеу іс- әрекетіне деген қызығушылықтарын ояту және арттыру. Билингвалдық компонент: тоқ –электричество ,қауіпті –опасно . Сөздік жұмыс : қайырымды тоқ . Көрнекіліктер: Суреттер , шар ,қағаз , Синквейн әдісі , Лилия дөңгелегі
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс -әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талаптану | Жұмбақ жасыру Төбемізде тұрады. Пайдасы мол ұққанға . Түнде жанып тұрады. Күндіз сөніп тұрады. | Балалар жұмбаққа қызығушылық арттырады. Тоқ. |
Ұйымдастырушы лық - ізденіс | Тоқ ол әр үйде бар . «Тоқ» деген не екенін зерттеп білетін боламыз. Пезентация қарау. «Тоқ біздің досымыз ба әлде жауымыз ба? » Тоқтың қауіптілігі жайлы айту. Ой тастау. 1. тәжірбие: «Сиқырлы зат» 2. тәжірбие: «Қауіпті заттар» 3. тәжірбие: «Қайырымды тоқ қайда?» Қайырымды тоқ деген не?
Д/о: «Қауіпті заттар» игровизор арқылы сызып көрсету. Д/о: «Тоқ бізге қандай көмек береді» | Тоқтың пайдасы туралы айту. Презентация қарайды. Тоқ туралы өз ойларын айтады. Тоқтың не себепті қауіпті екенін талдау. Тоқпен жұмыс істейтін заттардың пайдасын айту. Балаларға тоқпен ойнауға болмайтынын , оның адам өміріне қауіпті екенін ескерту. Қайырымды тоқ ол қайда болады. Шашты үйкелеу арқылы тоқ шығару. Қайырымды тоқтың қағаз қиқымдырын өзіне тартатынын әңгімелеу , зерттеу. Қауіпті заттарды сызып көрсетеді. Тоқтың пайдасы қандай екенін Лилия дөңгелегі арқылы айту , табу. |
Рефлексивті түзету | Тоқтың пайдасы бар ма? Тоқ неге қауіпті? | Балалар өз ойларына түйгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже: Білу : Тоқты пайдаланар алдында қауіпсіздікті сақтау керегін Болу: Балалардың тоққа көп жақындамау керектігі туралы түсінігі Жасай алу: өздігінен тәжірибе жасау арқылы қортынды
№11 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы ІІ- кіші топ : Балапан Білім беру саласы: Таным Айы: 18.02.16ж Бөлімі: Экология негіздері Тәрбиеші: Ергазина Б.К. Тақырыбы: Жасыл дәріхана Мақсаты: Балалардың емдік шөптер мен өсімдіктер туралы білімдерін дамыту . Біздің аймақта кездесетін емдік өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту. Танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру . Ойлау қабілетін, бақылауды, білуге деген құмарлығын дамыту . Қоршаған ортаға деген эстетикалық қабылдауын қалыптастыру. Билингвалдық компонент: емдік шөп – лечебные травы ,өсімдік-растение Сөздік жұмыс : жасыл дәріхана , емдік шөптер. Көрнекіліктер: суреттер ,дәрілер ,сауысқан , ТРИЗ тех
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қызығушылық | Үнтаспадан сауысқанның шықылықтаған дауысы естіледі. Тақтаның бұрышында сауысқан суреті. | Қызығушылықтары артады. Дыбысты тыңдайды. Сауысқан құсына қарайды. |
Ұйымдастыру- ізденушілік | «Сауысқан шықылықтаса, қонақ келеді» деуші еді .Шынында да қонақ келе жатыр. Дәрігер кіреді, амандасады. Балалардың денсаулықтарын қарайды ,тексереді. №1 тәжірибе: «Өсімдік құрылымы» Дәрілерді шөптен жасайтынын айтады. Бақбақ гүлін көрсетеді. Гүлі қан қысымын реттейді Тамырынан да қайнатпа жасайды. Ол дене қызуын басады. Қалақай өсімдігін көрсету. Қалақайдың жапырағынын пайдасы көп. Жас жапырағынан жасалған сорпа, салат өте пайдалы. Жапырағынан жасалған қайнатпа жөтелді тоқтатады. №2 тәжірибе: «Емдік шәйді қалай дайындаймыз?» ТРИЗ тех бойынша. Д/о: «Иісінен таны» Тыйым сөздер: Көк шөпті жұлма. Ағашты сындырма. Сурет боя : «Емдік шөп » | Қызығушулықтары арта түседі. Дәрігермен амандасады. Дәрінің адам ағзасына тигізер пайдасы жөнінде айтады. Бақбақ- емдік шөп. Өсімдіктің құрлысымен танысады. Бақбақ гүлі. Бақбақ гүлі туралы тыңдайды. Тамырынын пайдасын біледі. Қалақай (крапива) өсімдігі. Жас жапырағынан жасалған сорпа, салат өте пайдалы. Жөтелге қарсы екенін тыңдайды. Назар қойып тыңдайды.
Емдік шәйдің пайдалы жағын білу ,қалай дайындауын көреді. Балалардың көздерін жұмып , жуа ,лимон иістерін ажыраттыру. Тыңдайды, қайталайды, есте сақтайды. Емдік қасиеті бар өсімдіктердің суретін бояйды. |
Рефлексивтік-түзету:
| Дәрігер белсенділік танытқан балаларды мадақтайды. Қоштасып кетеді. | Қуанады. Алған әсерлерін ортаға салады. Дәрігермен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже: Білу : дәрілік шөптердің түрлерін, аттарын Болу : танымдық қызығушылықтары Жасай алу : өз бетімен жұмыс істеу, сурет бояуды
№12 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы ІІ- кіші топ : Балапан Білім беру саласы: Таным Айы: 03.03.16ж Бөлімі: Қоршаған отра Тәрбиеші: Ергазина Б.К. Тақырыбы: Жалынды от Мақсаты: Балаларға оттың пайда болуы тарихымен таныстыру. Балалар үйдегі және балабақшадағы өрт қауіпсіздік ережелері туралы білуге . От қауіпсіздіктері туралы түсініктерін жүйелеп ,сақтық шараларын қалыптастыру.Өрт сөндіру мамандығы туралы білімін кеңейту. Билингвалдық компонент: өрт –пожар , қауіпті –опасно . Сөздік жұмыс : қауіпсіздік шаралары ,өрт сөндіруші . Көрнекіліктер: суреттер ,майшам ,құралдар , Дьенеш әдісі.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қызығушылық | Балалармен видео фильм қарау. Ежелдегі адамдар отты қалай алғаны және қалай от шыққаны туралы. | Қызығушылық танытып , видеофильмді тамашалады. Ежелгі адамдар өмірін қызығушылықпен қарады. |
Ұйымдастыру- ізденушілік № | От туралы зерттеу. 1. тәжірбие: «Қандай материалдан жасалған заттар тез тұтанғыш келеді?» 2. тәжірбие: «Нерліктен өрт кезінде жарылыс болады?» 3. тәжірбие: «Өртті немен сөндіруге болады?» 4. тәжірбие: «Өрт ауаны ластайды.» Балабақша ішіндегі экскурсия (Өрт қауіпсіздік бұрышымен танысу) Әңгімелесу: Нерліктен от пайдалы және қауіпті. Дьенеш әдісі арқылы қима суреттерді құрастыру «Отпен ойнауға болмайды?» |
Қағаз ,целофан ,жүннен жасалған бұйымдар ,ағаш заттар тез жанады. Шифр , газ қатты ыстықта жарылады. Өртті май ,тез тұтанғыш заттармен сөндіруге болмайды. От жағу кезінде шыққан түтінге назар аударту. Өрт сөндіру бұрышын қарап талдайды .Нерліктен күрек ,құм ,өрт сөндіргіш болатынын айту. Суреттер құрап ,оларды талдайды. |
Рефлексивтік-түзету:
| Презнтация қарау «От дос па, қас па?» Сұрақтарға жауап беріп қортындылау. | Презентация қарап ,өз ойларымен бөліседі. |
Күтілетін нәтиже: Білу : ежелде оттың қалай пайда болғанын Болу : Өрттің қауіпсіздік шаралары туралы түсінігі Жасай алу : іс –тәжірбие жасау , сақтық шарасын
№ 13 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Таным Айы :17.03.16ж
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тәрбиеші: Ергазина Б.К. Тақырыбы: « Мейірімді күншуақ» Мақсаты: Адам өміріндегі күн шуағының пайдасы туралы ұғымдарын кеңейту. Балаларды таныстыру: күн сәулесі, біздің өміріміздегі күннің пайдасы (Күн – жарық пен жылудың көзі). Жыл мезгіліндегі күннің өзгерісін білу. Күншуағымен ойындар . Күншуағының адам денсаулығына тигізер пайдасы
Билингвалдық компонент: Күн шуақ –солнечный луч Сөздік жұмыс : қайырымды күншуақ Көрнекіліктер: жер шары ,күн ойыншығы ,айналар ,түрлі-түсті қағаздар, өсімдіктер , Доман тех
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы | Күн шуағы қонаққа келеді . Ойын ойнайды. Ойын : «Күн қояны» | Балалар күн шуағын қарайды. Ойынды қызығушылықпен ойнайды. |
Ұйымдастырушы лық -ізденушілік | Күн дегеніміз не? 1. тәжірбие: «Күн қайда тұрады». Жер шарымен күннің достығы. Практикалық көрсету. 2 . тәжірбие : «Өсімдіктерге неге күн керек». Өсімдіктердің күнге қарап өсетінін зерттеу. 3. Тәжірбие: «Күн түскен жерде су жылы, көлеңкеде салқын» Ыдыстағы суларды салыстыру. 4 . тәжірбие : «Күн ауаға әсер етеді» Бөлмедегі ауанын жылылығын зерттеу. 5 . тәжірбие : « Күн зертханасы». Күннің қараңғы жағы , жарық жағын түсіндіру Ақ ,қара қағаз бен жұмыс .Екі қағазды әйнекке қоямыз.Қара қағаз тез жылынады ,ақ қағаз салқын болып қалады. Доман тех бойынша Д/о: «Суретшілер » | Аспанда тұратын дөңгелек зат .
Жерді күн айналады. Күн мен түн болуын түсінеді.
Күн сәулесі түсетін жаққа өсімдіктер қисайып өсетінін көреді.
Ыдыстын ішіндегі сулардың ерекшелігін табу.
Күн шуағы мол түсетін бөлме мен күн сәулесі аз түсетін бөлмені салыстырады. Балалар тұжырым жасайды. Ақ қағаз күн сәулесін өткізбейді ,қара қағаз күн сәулесін жақсы қабылдайды
Балалар суретті есте сақтап ,орынына орналастыру керек. |
Рефлексивтік- түзету:
| «Біз күн балаларымыз » суреттер бояу | Балалар күн суретін бояйды. |
Күтілетін нәтиже: Білу : Адам өміріндегі күн шуағының пайдасы туралы Болу: Жыл мезгіліндегі күннің өзгерісін . Жасай алу: Күншуағымен ойындар
№ 14 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
ІІ- кіші топ: Балапан Айы: 31.03.16ж
Білім саласы: Таным Тәрбиеші: Ергазина Б.К.
Кіші сала: Қоршаған орта
Тақырыбы: « Өлкемізге көктем келді »
Мақсаты: Балалардың көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістері туралы білімдерін дамыту. Көктем өзімен бірге тамаша мерекелерді ала келетіні туралы айтып түсіндіру. Алғашқы көктем күндерінің ерекшеліктерін (ауа райының өзгеруі , өсімдіктер, табиғат бұрышына егілген бидай, сұлы, пиязды бақылау) Жануарлар мен құстарды бақылау. Ағаш бүршіктерін тамашалап әңімелеу
Билингвалдық компонент: бидай – пшеница , сұлы –пшено , пияз –лук.
Сөздік жұмыс: ағаш бүрі , құстар ұясы , көктеді.
Көрнекілік: Суреттер ,дақылдар ,ыдыстар ,Сенгвейн әдісі ,Дьенеш таяқша
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талаптану | Балаларға жұмбақ жасырамын Таңнан көзін ашады әлемге нұрын шашады. Ол келгенде Жерде, тіпті әлем жаңарып қалады | Балалар өйланып тақтаға қарайды Суреттегі көктем мезгілі екенін біліп Көктем деп жауап береді. |
Ұйымдастырушы лық - ізденіс | Бақылау жұмысы: Ауа- райын бақылау Аспанды бақылау Қарды бақылау Ағаштарды бақылау Құстарды бақылау көктемдегі мұзды бақылау (мұз, сырғанақ, батпақ) Алдын ала өткізілген: Тәжрибе: Судын үш қасиетімен танысу (Су, қар, мұз) Тәжрибелер: №1. Қалай құрғақ шығуға болады? №2 Кеме суда жүзеді? №3 тамшылар жиынтығы? №4 Су өсімдіктерді қорғайды? №5. Мұздың еруі? №6 Қар неге су болады? Д/о және Қ\ойын «Жыл мезгілі» «Бұл қай кезде болады?» «Не қайда тұрады?» Стол үсті ойыны: (Сенквин тех-сы бойынша) «Қима суреттер» үлестіру Жылдың қай мезгілі? Ненің баласы? Ненің үйі? «Жабайы және үй жануарлары» «Төлдерін тап» Суретке қарап: «Мұзжарғыш» «Құстарды қарсы аламыз» Көктем туралы тақпақ: Презентация «Табиғат оянады» Қауіпсіздік: әңгімелеу «Қауіпті мұз» «Суда тұрма, аяғыңды сулама» Мұзды бақылау (қатты, өткір, суық) Мұз ілініп тұрған шатырдың астынан өтпеу Дьенеш таяқшаларынан «Алғашқы гүл» құрастыру | Балалар ойынды қызығушылықпен орындайды. Балалар жауабы. Қағаз ағаштан жасалады. Балалардың жауабы Балалар әр түрлі қағаздың қасиетімен танысып. Бүктеу үлгісі арқылы Альбом қағаз және майлық қағаздармен «Гүл» жасап үйренеді. Жұмсақ, майлық қағаздар тез ұмаждалатыны туралы іс-әрекет арқылы ұғынды. Қатты картон қағазды жырту үшін күш жұмсалады. Әр түрлі қағазды стакандағы суға салу арқылы өзгерген қағаздарды бала өз тәжрибесінде айтады. (ең тез суланатын және ыдырайтын майлық қағазы) Балалар қағаздарды лақтырады. Жерге тез түсетін қатты қағаздар жерге тез түсетінін анықтады. Балалар сергітуді қимылмен орындады. Ұшымен қазық Тор көздi жазық. Үстiне өттiм, Асыл сөз жазып. Таяқшалардан гүл құрастырады. |
Рефлексивті-коррекциялау | Балалармен мнеотехника көмегімен көктем туралы түсініктерін бекіту. | Жыл мезгілінің ерекшелігін айтады. |
Күтілетін нәтиже: Білу : Ауа райынын өзгерістерін бақылай Болу: Табиғат бұрышындағы өсімдіктер туралы түсінігі Жасай алу: Табиғат бұрышына дақылдар егу , таяқшадан гүл
№ 15 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Таным Айы: 14.04.16ж Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тәрбиеші:Ергазина Б.К. Тақырыбы: Құстарды аялайық Мақсаты: Құстарға деген адамгершіліктерін қарым – қатынастарын дамыту. Балалардың құрастыру қабілеттерін дамыту, нәтижеге жету үшін тиімді түрлерді қолдана білуге үйрету. Алдарына қойған мақсатқа жете білуге дағдыландыру. Құстарды аялауға, көмектесуге деген жауапкершілік сезімдерін, адмагершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Билингвалдық компонент: Құс-птица , аялайық- оберегать Сөздік жұмыс : құстарды аялайық Алдын-ала жұмыстар: Құстар туралы ведео фильмдер қарау. Көрнекіліктер: Құстар суреттері , жұмбақтар шешу ,мақал-мәтелдер, Синквейн әдісі , ТРИЗ тех
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қызығушылық | Жүрекпен ойын : «Менің көңіл күйім» | Балалар өз көңіл-күйлерін айтады. Менің көңіл-күйім жақсы. |
Ұйымдастыру- ізденушілік | Көзерін жұмып ,құстардың үнін есту. Біз нелердің әндерін тыңдадық? Құстар туралы «Виктарина» өткізу. 1. Орман дәрігері қандай құс ? 2. Таңертең оятатын құс? 3.Ұша алмайтың құс? 4. Ең сұлу құс ? Құстардың суретін ілу тақтаға. №1 тәжірибе «Құстарға қыста жылы ма, суық па?». №2 тәжірибе «Құстар қалай тіршілік етеді?. №3 тәжірибе «Құстардың ұяларында тамақ бар ма, Жоқ па?».
Сергіту сәті:
Синквейн әдісі арқылы ойын Д/о: «Мен не білемін?» | Балалар ойға шомылады.
Құстардың әндерін .
Жарыс сұрақтарына жауап береді. Тоқылдақ . Әтеш Пингвин Аққу
Құстар туралы суреттер қарау ,өз ойларын айту.
Қысқы тіршіліктен хабардар ету,оларды қамқорлыққа алу керегін ескерту. Серуен кезінде құстарға жем сауытқа шеміске ,нан қоқымын салғызу.
Құстар болып ұшайық , Аю болып қорбаңдап , Түлкі болып қашайық ,
Құстар туралы шағын әңгіме құрау.
|
Рефлексивтік-түзету:
| Аз қимылды ойын: «Мысық пен торғайлар» | Балалар мысықты санамақ арқылы таңдап алып , ойынды ойнайды. |
Күтілетін нәтиже: Білу : құстардың тіршіліктері туралы Болу : құстарға деген адамгершілік қарым – қатынастарынын Жасай алу : құстарды аялауға, көмектесуге деген жауапкершілік сезімдерін
№ 16 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
ІІ- кіші топ: Балапан Айы: 28.04.16ж
Білім саласы: Таным Тәрбиеші:Ергазина Б.К.
Кіші сала: Қоршаған орта
Тақырыбы: Бізге жаз қонаққа келді.
Мақсаты: Балаларды күннің және жылудың адам өмірі мен жануарлар және өсімдіктер үшін маңызы туралы білімдерін дамыту. Танымдық қабілеттерін дамыту. Зерттеу машықтарын қалыптастыру. Балалардың мезгілідік өзгерістері туралы білімдерін кеңейту. Күнделікті өмірде белсенділікке тәрбиелеу. Балалардың денсаулықтарын табиғат факторлары арқылы нығайту және сақтауда қамтамасыздандыруға жағдай жасау.
Билингвалдық компонент: жаз –лето , ыстық - жара
Сөздік жұмыс: күннің нұры ,шуақты ,денсаулыққа пайдасы. Көрнекілік:
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талаптану | Ауада шынығу «Күн ауа және су –біздің досымыз» Балалармен әңгіме жүргізу Алаңды ойынға әзірлеу, Құмға ыстық су құйып, бесетканы сыпыру. «Жайдарлы жаз» өлеңді айту | Таза ауада шынықтыру шараларын жасады. Жыл мезгілінің жаз айырмашылығы туралы айтып берді Өлеңді айту арқылы балалар топқа оралады. |
Ұйымдастырушы лық- ізденіс | Тәжрибелерге дайындық. №1. «Гүлденген бақ –бақ гүлі» №2 «Бақшаны бақылау» №3 «Жәндіктерді бақылау» Презентация тамашалау «Қыс пен жаз» «Мен неге ыстықтаймын» Сурет жарысы «Мен жаздың суретін саламын» «Жаз» өлеңін жаттау Сюжеттік рөлдік ойын: «Емхана» жәндік шағып алған кездегі «Алғашқы көмек.» Дене тәрбиесі: «Шынықсаң шымыр боларсың» | Табиғат бұрышындағы егіп қойған өсімдіктерді қанша өскенін бақылау. Суару, топырағын қопсыру, гүлдің түстерін ажырату. Атауы да әр түрлі екенін айтып беру. Гүлдің жапырағын ,сабағын , тамырларын бақылау. Ауаны тазартады. Ол шаң тозаңды өзіне тартып алатындығы жайлы әңгімелеу. Қыс пен жаз туралы суреттен көру. «Күн ыстықта –адамдар ыстықтайды» Суретті тамаша салады. Бояуларды таңдай біледі «Алғашқы жәрдем туралы» балалар топқа бөлініп ойнады. Серуен кезіндегі ойындар ойнады. |
Рефлексивті-коррекциялау | Балалар біз бүгін қай мезгіл туралы әңгімелесіп, ауа райын бақыладық? өсімдіктер, жәндіктер, құстар туралы не білдіңдер? | «Жайдарлы жаз мезгілі» туралы Балалардың түсінігі бойынша толық жауаптары |
Күтілетін нәтиже:
Болу : жаз мезгіліндегі таза ауадағы өтетін таңғы шеңбер жасалуы.
Білу: «Жайдарлы жаз» мезгілі жылудың күннің әсері туралы
Жасай алу: суреттер, табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен гүлдер, дәптермен жұмыс
№ 18 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы ІІ –кіші топ: Балапан Білім беру саласы: Таным Айы: 26.05.16ж Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тәрбиеші: Ергазина Б.К. Тақырыбы: Аяқ астындағы ғажайыптар Мақсаты: Балалардың жәндіктер туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру (көбелек, құмырсқа, қоңыз, шегіртке, ара); Тіршілік көзіне деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу; Эмоциалық көңіл күйлерін дамыту; Зерттеу іс-әрекетін жүргізуге деген машықтарын қалыптастыру; Билингвалдық компонент: жәндіктер –насекомы , көбелек –бабочка Сөздік жұмыс : көршіміз жәндіктер Алдын-ала жұмыстар: Әңгімелер оқу Көрнекіліктер: ойыншықтар , лупалар ,суреттер, ТРИЗ тех ,Монтессори
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қызығушылық | Балалар шеңбер бойымен дөңгеленіп отырады. Көбелек қонаққа келеді. ТРИЗ тех бойынша Д/о: «Менің досым...» | Шеңбер бойымен дөңгелене отырады . Көбелекпен амандасады. Достарын айтады. |
Ұйымдастыру- ізденушілік | Саяхатқа шығу 1.аялдама: Құмырсқамен кездесу. Құмырсқа тіршілігінен әңгіме айту. 2.аялдама . Ара туралы сыр шерту. 3. аялдама. Өрмекші туралы мағлұматтар алу. 4. аялдама. Көбелектер өмірімен таныстыру. Сергіту сәті: Монтессори әдісі бойынша Д/о: «Көбелектерді гүлге қондыр.» | Құмырсқалар туралы тыңдайды. Ара туралы қызықты мағлұматтар алады. Өрмекшілер тіршілігінен хабардар болу. Көбелектер тіршілігінен мағлұмат алады. Көбелектер оянды , Жерден шықтың суын алды . Бетін жуды , Қанаттарын сулады. Қанаттарын сілкіп-сілкіп алады. Аяқтарын тарсылдатып алады. Түстерге байланысты көбелектерді гүлге қондыру. |
Рефлексивтік-түзету:
| Оригами тәсілі арқылы көбелектер жасау. | Балалар қызығушылықпен орындайды. |
Күтілетін нәтиже: Білу : жәндіктер туралы қарапайым түсініктерін Болу : Эмоциалық көңіл күйлерінің Жасай алу : Тіршілік көзіне деген қамқорлық сезімдерінің
№ 17 Қосымша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы ІІ – кіші топ : Балапан Білім беру саласы: Таным Айы: 12.05.16ж Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тәрбиеші: Ергазина Б.К. Тақырыбы: Бізге жаз қонаққа келді. Мақсаты: Балалардың табиғатқа деген қамқорлығын кеңейту. Балаларды ағаштармен, ағаштан жасалған заттармен таныстыру. Өзіміздің табиғатымызға деген қызығушылықтарын дамыту. Өз аймақтарының ерекшеліктерін көбірек білуге ынтығу. Табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін қалыптастыру. Ормандағы қауіпсіздік ережесін сақтауды үйрету. Билингвалдық компонент: орман –лес , байлық -богатство Сөздік жұмыс : орман –біздің байлығымыз Алдын-ала жұмыстар: Әңгімелер оқу Көрнекіліктер: жиһаздар,суреттер, Синквейн әдісі. Доман тех
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қызығушылық | Тосын сый: Орманшы келеді Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің кім екенімді білесіңдер ме? Мен орман атасымын. Орман деген не? Онда болып көрдіңдер ме? | Балалар қызығушылық танытады. Орманшы атаймен амандасады. Орман туралы түсініктерін айтады. Ия болдық |
Ұйымдастыру- ізденушілік | Тақтаға орман бейнесін көрсету. Биік ағаштар макетін, арасына бұталар, төменге шөптерді, саңырауқұлақ муляждарын қою, түсіндіру. 1. тәжірибе: «Ағаштың сапасы мен қасиеті», 2.тәжірибе: «Жүзеді - батады». Доман тех бойынша ойын Д/о: «Аталған ағашқа бар» Кез келген ағашты атау. Тыныштық сәті: Үнтаспадан құстардың дыбысын тыңдату. Жұмбақ жасыру: 1.Шықса жасыл, түссе сары. 2. Өз қалпағын басынан Тастамайды басынан. | Орман ішіндегі әр бөлшегін атайды. Ағаш ,шөп , саңырауқұлақ , гүлдер болады. Ағаш қасиетің зерттеу ,сынау Ағаштың қатты затқа жататынын атау. Ағаш заттар мен қатты заттарды суға салып зерттеу. Ағаштардың ішінен бір ағашты көрсетіп жауып тастау .Бала көрсеткен ағашты тауып алады. Қиялдау кезеңі Жапырақ Саңырауқұлақ |
Рефлексивтік-түзету:
| Мақал-мәтелдер: 1. Ағаш көркі –жапырақ, Адам көркі- шүберек. 2. Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз. Орманшы атай орманда өздерін қалай ұстау керегін айтады. | Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіну . Талдау. Балалар қызығушылықпен тыңдайды. |
Күтілетін нәтиже: Білу : ағаштармен, ағаштан жасалған заттарды Болу : Өзіміздің табиғатымызға деген қызығушылықтарының Жасай алу : Ормандағы қауіпсіздік ережесін сақтауды