Уақыты: | 08.10.2014. |
Сыныбы: | 8 |
Сабақ тақырыбы: | Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе. Гормондар. Бүйрекүсті бездері. Гипофиз. |
Мақсаты: | Эндокриндік жүйе ұғымының мәнін түсінеді. Бездер туралы білімдерін тереңдетеді. Гормондар, гипоталамус-гипофиздік жүйе, акромегалия, соматотропин, вазопрессин, окситоцин, адреналин, эндокринолог сияқты ұғымдармен танысады. |
Оқыту нәтижелері | Бездер туралы білімдерін дамытты. Эндокриндік жүйе ұғымының мәнін түсінді. Гормондар, гипоталамус-гипофиздік жүйе, акромегалия, соматотропин, вазопрессин, окситоцин, адреналин, эндокринолог сияқты ұғымдармен танысты. Осы бездердің қызметінің бұзылуынан болатын ауру түрлерінің белгілерін және алдын алу шараларын білді. |
Әдіс-тәсілдері: | «Миға шабуыл», ДЖИГСО, «Раундробин», «Кубизм». |
Сабақтың түрі: | Жаңа білімді игеру сабағы. |
Көрнекі құралдар, негізгі ресурстар: | Электрондық оқулық, биология оқулығы, А-4 қағаздары, фломастерлер, интернет |
Негізгі идеялар: | Адам ағзасы – біртұтас құрылым. |
Қамтылған модульдер | АКТ. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. СТОү. ОүБжОБ. ТжДБО. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. ОБжК. |
1-сабақ.
Кезеңдері, уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау |
Ұйымдастыру кезеңі(2мин) | Топты анықтау үшін сөздер таратады. 5 топ, атаулары: №1, 2, 3, 4, 5 | Көршісіне қарап, тілек айтады. Өз тобына отырып, топ ережесін қабылдайды | Әр топқа бағалау парақтары таратылады. Аты, жөні | Топ бағасы | Өз бағасы | | | | | | | | | | | | | |
Жаңа сабаққа дайындық (3мин) | Оқушыларды ұйымдастырады. Тақырыппен, мақсатпен таныстыру және оқушылармен бірлесе отырып, табыс критерийлерін белгілеу. «Миға шабуыл», сұрақтар қою арқылы диалогке түсу. | Тақырыпты жазу, мақсат-міндеттерімен танысу. Табыс критерийін жазып қою. Сұрақтарға жауап қайтара отырып,диалогке түседі. |
Жаңа сабақ (20мин) | «ЖИГСО -1 » стратегиясы. Әр топқа жаңа сабақ мәтінін бөліп таратып беру, түсініп оқуға ұсыну және негізгі ойды постерге салуды және жалпы сыныпта постер бойынша қорғау керектігі айтылады. 1-топ. Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі. 2-топ. Гормондар.Гипоталамус-гипофиздік жүйе. Нейрогормондар, олардың қызметі. 3-топ. Гипофиз, оның құрылысы мен қызметі. 4-топ. Гипофиз безінің қызметінің бұзылуынан болатын ауытқулар. Алыптылық, ергежейлілік. 5-топ. Бүйрекүсті бездерінің құрылысы мен қызметі. Кортизон, адреналин. Аддисон ауруы. | Әр топ оқушылары өздеріне берілген бөлікті мұқият оқиды. Оқушылар зерттеушілік әңгіме арқылы топпен материалды талқылайды. Постерга жинақтап, салады. Жалпы сыныпқа топ мүшелері постер арқылы баяндайды (барлық оқушылар қамтылуы назарда болады) | Топ басшысы әр оқушының жұмысқа араласуын, өз ойын білдіруін бағалау парағына түсіріп отырады. Бағалау критерий леріне сай, «1-5» шкаламен өлшенеді. Топтардың жұмыстарын және түсіндірулерін басқа топ оқушылары «Басбармақ» әдісі арқылы формативті бағалау жүргізеді. |
Бекіту (10мин) (5мин) | «Раундробин» әдісін қолдану. 1.Сөйлемді жалғастыр. «Ішкі секреция бездері бөлетін биологиялық активті заттар....» «Гормондар қан арқылы ұлпалар мен мүшелерге барып....» «Соматотропин...» «Кубизм» стратегиясы. Куб қырлары бойынша оқушылар таңдап алған жұмыстар беріледі) №1топ: Гормондар туралы зерттеу жасау (тірек плакатты ұсыну) №2 топ: Гипофиз бен бүйрек үсті безін салыстыру №3 топ. Бездер қызметі бұзылуынан пайда болатын аурулар туралы талқылау жасау. №4 топ. Мәтін бойынша негізгі ұғымдар мен терминдерді анықтау. №5 топ. Жалпы бездер туралы ұғымдарды жинақтау. | Берілген сөйлемдер бойынша топтағы әр оқушы бір-бір сөйлемнен жазып, мәтін құрастыру. «Ішкі секреция бездері бөлетін биологиялық активті заттар....» «Гормондар қан арқылы ұлпалар мен мүшелерге барып....» «Соматотропин...» Кубизм қырлары бойынша тапсырмаларды жасайды. №1 топ. Зерттеу жұмысы №2 топ. Салыстыру жасау №3 топ. Талқылау жүргізу №4 топ. Терминдерді анықтау. №5 топ. Жинақтау жасау. | Екі жұлдыз, бір тілек Бағалау парағына топ басшысы жұмыстар үшін келесі бағаны түсіреді. |
Рефлексия (2мин) | Кері байланыс парағын толтыруға ұсыну. «Маған ұнаған жұмыс... «Маған түсініксіз ұғым... «Менің мұғалімге сұрағым... | Оқушылар кері байланыс парағын толтырады. | Бағалау парақтарына оқушылар өз бағаларын қояды. |
Бағалау(2мин) | Бағалау парақтарындағы бағаларды сұрау | Өз бағаларын айту | Жиынтық баға |
Үй тапсырмасы (1мин) | Параграф 9, 11 (51-52 бет). 10 сұрақ жауаптарымен құру. | Күнделікке жазу. | |