«Тез ал, тез қой» Алаңға іші толтырылған кубиктер орналастырылған. Балалар алаңмен кедергілерге тимей, шашыраңқы жүгіреді. «Тез ал!» деген кезде бәрі тездетіп кубик алып, қолдарын жоғары көтеріп қатып қалады. «Тез қой!» деп бұйрық берілгенде кубик жерге қоя салып, қозғалысты жалғастырады. «Екі аяз» ойын. Екі аяз залдын ортасымен жүгіріп жүреді, қалған оқушылар аяздан қашып жүгіреді бір үйден екінші үйге қашуға тырысады. Аяз қолмен ұсталған оқушы ойынан шығады. Эстафета жарыс: екі топқа бөлу. 1 Допты жоғардан беру: қолдарын жоғар көтеріп допты жоғардан беру, соңғы оқушы допппен жүгіріп келіп алға тұрады. 2 Допты жанымен беру: қолдар жаныңда ұстап бір біріне допты беру. 3 Допты доматып жүру: допты саусақ ұшымен домалату, допты жарға тегізіп кері-қарай жүгіріп, допты келесі оқушыға беру. 4 Допты соғып алып жүру: допты бір немесе екі қолмен соғып жүру, допты жарға тегізіп кере домалатып жіперу. 5 Доппен кедергімен өтіп жүру: бір немесе екі қолмен допты соғып жүру, допты жарға тегізіп кері-қарай жүгіріп, допты келесі оқушыға беру. Сайысты қорытындылайды. Команданың жеңілу себептерін анықтайды. «Аңшылар мен үйректер» ойын. Ойыншылардың бәрі тепе-тең жағдайда «аңшыларға» және «үйректерге» бөлінеді. Алаңда «Ұзынкөл» атты көл қалыптасады. «Аншылар»сызықтың сыртында, ал «үйректер» сызықтың ортасында. «Аңшылар» лақтырған добын «үйректерге» тигізуге тиіс. Доп тиген «үйректер» ойыннан шығады. Барлық «үйректер» ойыннан шығарылғаннан кейін командалар рөл алмасады. Қысқа уақытта барлық «үйректерге» доп дарытқан команда жеңіскер саналады. Көңіл күйді қалпына келтіру: Допты өр. Бір оқушы насос, екінші оқушы доп болады қарама қарсы тұрып насоспен допты өрйіді. Сабақты қорытындылаңыз: сабақтағы өз жұмысын алма ағаш көмегімен бағалауды ұсынады. |