«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Ортаңғы тобы
2019-2020 жж
Мақсаты: Мерекелік көңілкүйін құру; ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; балалардын назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; балалардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту; өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Репертуар:Әндер: «Аппақ қар», Ән-сауық «Кішкентай шырша», Ән-сауық «Жаңа жыл» - хор, «Аққала» - вокал; Билер: «Аққалалар», «Шыршалар», «Ұлпақарлар»; Ойындар:???(2 ойын балалармен, 1 ойын ата-аналармен) .
Кейіпкерлер: Аяз ата, Ақшақар, Мысық. Аққала – үлкендер; Жаңа жыл Ақ тышқан – бала.
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар!
Жүргізуші: Боранымен буып белді ,
Жаңа жылым тағы келді.
Берекесін ала келсін,
Нұрға бөлеп біздің елді.
Келді тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!
- Қәнеки, бәріміз қол шапалақтап, ортаға балаларды шақырайық!
Балалар көңілді әуенмен залға қол ұстаса кіріп, әуенмен жасап
әртүрлі қимылдар жасап билейді. Әуен тоқтап қалғанда,
жартылай шеңберге тұрады.
Жүргізуші: Біздің кішкентай балалар
Қыс мезгілін сағынды.
Қуанып мерекеге,
Тақпақтарын жаттады.
Балалардыкң тақпақтары:
1-бала: Жаңа жыл, жаңа жыл,
Сені күттім елеңдеп.
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
2-бала: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жыл да келеді
Бізге қарай жылыстап.
3-бала: Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Аралап қайтайық
Ақ күміс бақтарды.
4-бала: Тоғай да, баулар да,
Ақ күміс жамылды.
1
Дала да, таулар да.
Өзіңді сағынды.
5-бала: Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел, Жаңа жыл, біздерге,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
6-бала: A happy New Year!
The day is so clear.
The snow is so white,
The sky is so bright!
7-бала: Огоньки кругом горят,
Ждут подарки всех ребят.
Скоро сказка в дом придёт –
Наступает Новый год!
Ән «Аппақ қар»
Балалар: «Жаңа жыл құтты болсын!»
Балалар орындарына отырады.Осы кезде музыка естіледі.
Жүргізуші: Балалар, бір дыбыс естіледі.
Жүргізуші: Мiне, тағы келiп тұр,
Жаңа бiр жыл, балалар.
Жадыратып жер үстiн,
Төрiмiзге ол шыққан.
Ортаға Жаңа жылдың иесі – Ақ тышқан шығады.
Ақ тышқан: Мен де келдім қуанып,
Келе жатқан жыл бойы
Бірге жүремін сендермен
Ойнап, күліп, шаттанып!
Жүргізуші: Төрлет, Жаңа жыл. Аяз атак мен Ақшақарды көрген жоқсың ба? Неге кешігіп жүр?
Тышқан: Білмеймін, көрген жоқпын. Мүмакін менің досым Аққала біледі?
Залға Аққала кіреді.
Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсің бе Ақ тышқан. (Жүргізуші, балалар амандасады) Мен мерекеге кешіккен жоқпын ба?
Жүргізуші: Жоқ, төрлет Аққала. Балалар сені қардан жасауға өте жақсы көреді. Тіпті, сен туралы ән де біледі.
Аққала: Рас па? Алақай! Қандай тамаша!
Жүргізуші: Ортаға вокал тобының балаларын шықырамын. «Аққала» әнін афйтып берсін.
Вокал – ән «Аққала»
Аққала: Қандай тамаша ән!
Жүргізуші: Аққала, сен жолда Аяз ата мен Ақшақарды көрген жоқсың ба?
Аққала: Жоқ, көрген жоқпын. Жолда қар көп жауыпты екен. Қайда менің аққалалар достарым? Келіңдер, Аяз атаға қардан жол тазалап берейік!
2
«Аққалалар» биі
Аққала: Рахмет, достарым! Енді мен барып Аяз атаны арсы алайын.
Аққала жүгіріп кетеді. Мысықтың мияулаған дауысы естіледі.
Тышқан: Ой-ой-ой, Мысық келе жатыр. Мені жеп қояды, қорқамын!
Жүргізуші: Қорықпа, Ақ тышқан, біз сені қорғаймыз. Қане, балалар, шеңбергое тұрайық, мысықты қақпанға ұстайық!
Залға Мысық кіреді, Тышқан шеңбердің ішінде қалады.
Мысық: Мияу, Тышқан, қазір мен мені ұстап аламын.
Балалар қолдарын көтергенде Мысық шеңберге кіреді, Тышқан шеңберден шығады. Ойын 3-4 рет қайталанады. Мысық қақпанның ішінде қалады.
Мысық: Мияу, балалар, жіберіңдерші мені.
Жүргізуші: Тышқанға тимесең, жібереміз.
Мысық: Жарайды, тиспеймін.
Баллар қақпанды ашып, орындаирына отырады.
Мысық: Мияу. Кешіріңдер мен, мен түзелемін, сау болыңдар. Жаңа жылдарың құтты болсын! (кетеді)
Жүргізуші: Аяз атамыз қайда екен? Қане, балалар, дауыстап оны шақырайық.
Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
Аяз ата: Келе жатырмыз! Келе жатырмыз!
Балаларым-балғыным,
Өмір гүлім-шалғыным,
Тілегенім жыл бойы –
Сендердің деңсаулығың.
Аяз ата мен Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата! Ақшақар!
Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! (қонақтар мен ата-аналар амандасады) Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Жүргізуші: Төрлетіңіз, Аяз ата. Сізді көп күттік. Шыршаны да жағатын уақыт келді.
Аяз аата: Дұрыс айтасың, шыршың көңілін жақсы әнімен көтерпейік.
Жүргізуші: Қане, балалар, тұрайық, үлкен шеңбер құрайық, «Кішкентай шырша» әнімізді шырқайық!
Ән-сауық «Кішкентай шырша»
Ақшақар: Ата, шамдары жанған жоқ.
Аяз ата: Сиқырлы сөздерді айту керек. Білесіңдер ме, балалар? Қанекей, ата-аналармен бірге айтайық бәріміз.
Балалар: Қане, шырша, таңырқат – шамдарыңды жарқырат! (2 рет айтады – шыршаның шамдары жағылады)
Жүргізуші: Аяз ата, балалар сізді күтіп, мерекеге көп дайындалды. Сізге, Ақшақарға және Жаңа жылға арналған көңілді ән дайындады.
Аяз ата: Қане, тыңдайық.
Ән-сауық «Жаңа жыл»
3
Аяз ата: Өте тамаша ән!..Ақшақар, мен қатты шөлдеп қалдым, маған су әкелші.
Ақшақар Аяз атаға конфетти толған шелекті әкеледі. Аяз ата су
ішкендей болып тұрады да, шелекті ата-аналарға төңкереді.
Аяз ата: А-ха-ха! Енді, балалар, мен сендерге үрлеймін. Ал сендер қср симяқты ұшып, орындарына барып отырыңдар.
Балалар орындарына «ұшып» барып отырады.
Аяз ата: Сондай жақсы балалар,
Ай, жұлдызға пара-пар.
Бола қоймас маған айып,
Тақпақтарың тыңдайық!
(Ақшақар Аяз-атаны орындыққа отырғызады)
Ақшақар: Отырыңыз, Аяз-ата.
Жүргізуші: Қане, балалар, келiңдер, Аяз-атаға тақпақ айтып берiңдер, - деп, балаларды кезекпен Аяз атаға шақырады.
Аяз-атаға арналған балалардың тақпақтары.
(Аяз-ата балаларды мақтайды)
Осы кезде шыршаның алдына ақшақар-биші қыздарды ақ органзаның астына отырғызып, «қар үйндісын» жасайды.
Ашақар: Аяз ата, қараңызшы қандай үлкен қар үйіндісі! Қане, оның астында не бар екен көрейік, - деп, «қар үйіндісін» ашқанада, биші-ақшақарлар жүгіріп шығып, би билейді.
«Ұлпақарлардың биі» орындалады.
Аяз ата: Рахмет, ұлпақарлар, сондай әдемі би! Қанеки, Ақшақар, балалармен бір ойын өткізейік.
Ойын «???»
Шарты:???
Ақшақар: Аяз ата, ата-аналармен де бір қызықты ойын өткізейік.
Аяз ата: Дұрыс айтасың, Ақшақар. Бұл қандай ойын?
Ақшақар: «???» атты ойын.
Ата-аналармен ойын «???»
Шарты:???
Жүргізуші: Тамаша! Мерекеміз сондай көңілді өтіп жатыр!
Осы кезде Тышқан жан-жаққа қарап жүреді.
Жүргізуші: Тышқан, сен не іздеп жүрсің?
Тышқан: Қазір көресіңдер. Бұл сиқырлы тосынсый.
«Шыршалар» биі
Аяз ата: Тамаша тосынсый! Енді менің де сендерге дайындаған тосынсыйым бар. Келіңдер ортаға – менің Сиқырлы қолғаппен ойын ойнайық.
Ойын «Сиқырлы қолғап»:
Аяз ата балаларға қолғабын береді, олар оған үрлеп бір-біріне қолғаптышеңбер бойымен беру керек. Ойынның аяғында, шыршаның артынан Ақшақар үлкен қолғапты шығарады.
4
Ақшақар: Қарашы, аяз-ата, қолғабың расында сиқырлы екен - үлкен болып өсіпті. Өзі ап-ауыр. Ішінде не бар екен?
Аяз-ата: Оны біз қазір тексереміз. (Қолғапты ашып, балаларға сыйлықтарды көрсетеді.) Қараңдар, балалар, қандай тәтті сыйлықтарым бар сендерге!
Жүргізуші: Рахмет, Аяз-ата!
Көңілдi музыка ырғағымен Аяз-ата сыйлықтарды балаларға үлестiредi.
Ақшақар: Ата, біздің жолға шығатын мезгіліміз келді.
Аяз-ата: Дұрыс айтасың, Ақшақар. Бізді басқа балалар да күтіп қалды. Сау-сәлемет болыңыздар! Кездескенше, балалар! (Балалар қоштасады, Аяз ата мен Ақшақар кетеді.)
Жүргізуші: Тiлеймiз біз бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр!
Тiлеiмiз біз бар адамға,
Жаңа бақыт, жаңа жыр!
-Осымен Жаңа жылға арналған ертеңгiлiгiмiз аяқталды. Жаңа жылдарың құтты болсын! Келесi кездескенше, сау болыңыздар!
Көңілді музыка ырғағымен балалар топқа қайтады
5