Сабақтың басы 8 мин | Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу. «Кубик» әдісі бойынша жағымды психологиялық ахуал орнатады « Лампа түстері » бойынша топқа бірігуді ұсынады «Ыстық орындық» тәсілі арқылы үй тапсырмасын сұралады «Миға шабуыл» әдісі тәсілі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды. | « Кубик» әдісі бойынша жағымды психологиялық ахуал орнатады « Лампа түстері» бойынша топқа бірігеді «Ыстық орындық» тәсілі арқылы кестені толтырады, өткен тақырып бойынша білімдерін өзектендіреді. «Миға шабуыл» әдісі тәсілі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды. | Кері байланыс: Мадақтау арқылы бағаланады. | Қағаз қиындылары Окулык Химия 9-сынып |
Сабақ ортасы 15 мин | Жаңа сабақ. Тақырып бойынша қысқаша ақпарат береді. Оқулықтан талдайтын тапсырманы бөліп береді, топтық жұмыс ұйымдастырады 1-топ « Күкірт қышқылы молкуласының модельі мен құрылымдық формуласы» 2-топ «Күкірт қышқылының физикалық қасиеті» 3-топ «Күкірт қышқылының химиялық қасиеті» 4-топ «Күкірт қышқылының тұздары» туралы оқулықтағы ақпаратты оқып, танысып, топта талдап, өздері қалаған форматта қорғауды ұсынады | Оқушылар мұғалімнің түсіндіруін тыңдайды. Топтық жұмыс орындайды. 1-топ « Күкірт қышқылы молкуласының модельі мен құрылымдық формуласы» 2-топ «Күкірт қышқылының физикалық қасиеті» 3-топ «Күкірт қышқылының химиялық қасиеті» 4-топ «Күкірт қышқылының тұздары» туралы ақпаратты оқып, танысады, топта талдайды, өздері қалаған форматта қорғайды. | Кері байланыс: Мадақтау арқылы бағаланады | Экран Окулык Химия 9-сынып А4 парағы Маркер флипчарт |
15 | Сабақты бекіту тапсырмалары Оқушылармен жеке, жұптық жұмыс ұйымдастырады, бақылау жасайды, ЕБҚ оқушыға қолдау көрсетеді «Ойлан тап!» тәсілі арқылы жұптық жұмыс ұйымдастырады, бақылау жасайды, ЕБҚ оқушыға қолдау көрсетеді «Кім жылдам!» тәсілі тәсілі арқылы жұптық жұмыс ұйымдастырады, бақылау жасайды, ЕБҚ оқушыға қолдау көрсетеді | №5 практикалық жұмыс «Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу» 1-тапсырма а) Сұйытылған күкірт қышқылы бейорганикалық қышқылдардың бірі болып табылады. Мыс карбонаты мен күкірт қышқылы арасындағы реакция теңдеуін жазып теңестіріңіз. b) Алынған ерітіндіде сульфат иондары бар екенін қалай дәлелдеуге болады: Тест: ______________________________________________________________________ Нәтиже: ___________________________________ 2-тапсырма Күкірт қышқылы берілген заттардың қайсысымен әрекеттеседі: мырыш, барий нитраты ерітіндісі, натрий хлориді, кальций хлориді, мыс (II) хлориді. Реакция теңдеулерін жазып теңестіріңіз. 3-тапсырма Мына айналымдарды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар. 4-тапсырма 1-есеп Массасы 12.8 г мыс күкірт қышқылының артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілетін күкіртті газдың көлемін (қ.ж)есептеңдер. 2-есеп Реакция толық жүруі үшін массасы 500 г массалық үлесі 20%-дык күкірт қышқылының ерітіндісіне қанша грамм магний оксидін қосу керек? | Дескриптор : күкірт қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттейді; сульфат ионын анықтайтын катионды көрсетеді. Жалпы балл-4 Дескриптор: жүзеге асатын реакция теңдеулерін жазып теңестіреді; Жалпы балл-2 Дескриптор : жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазады; Жалпы балл-1 (әр тізбекті орындағаны үшін) Дескриптор : түзілген күкіртті газдың көлемін (қ.ж)есептейді; Жалпы балл-2 Дескриптор : реакция жүруі үшін қанша грамм магний оксидін қосу керек екенін есептейді; Жалпы балл-2 | Тапсырма жазылған парақтар |