СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар. Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі, Жүз жасаңдар, қасиетті аналар!

Аяулы арулар, асыл жандар, ардақты аналар, өздеріңізге арналған «Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған...» атты мерекелік кеш

Просмотр содержимого документа
«Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған»

«Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған...»


1 жүргізуші Нұрым

Қайырлы кеш аса мәртебелі ......., құрметті колледжіміздің қонақтары, ұстаз-аналар, арулар, ханымдар мен мырзалар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келіп жетті.

2 жүргізуші Азамат

Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі мерекелік кешіміз аналарға арналады.

3 жүргізуші Нұрбол

Сегодня только для вас, милые женщины, светит весеннее солнце, поют птицы, глабухают цветы, за балконами каждого дома играют серенады в вашу честь. Потому что, сегодня вы являетесь особопочетными, особожеланными гостями колледжа, по случаю праздника весны и возраждения, любви и признания.

1 жүргізуші Нұрым

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар. Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі, Жүз жасаңдар, қасиетті аналар!

Аяулы арулар, асыл жандар, ардақты аналар, өздеріңізге арналған «Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған...» атты мерекелік кешімізді қабыл алыңыздар!!!

2 жүргізуші Азамат

Құрметті аналар, колледжіміздің ұстаздары, қыздары! Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...

Сіздерден өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар. Құттықтау сөз кезегі колледжіміздің бірінші ханымы ........... беріледі.

(директордың сөзі)

1 жүргізуші Нұрым

-Әйел-Ана, Әйел -Өмір, Әйел-тіршіліктің өзегі. Өмір бесігінде іңгәләтып тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры-биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды.

2 жүргізуші Азамат

Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана, құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.

Ана-болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты.

3 жүргізуші Нұрбол

Мужчины всегда будут восхищаться умом, красотой, добротой и очарованием вашим! Примите поздравления от ваших коллег и студентов.

(видеоқұттықтаулар)

2 жүргізуші Азамат

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

Монолог «Шеше» Талшын 21СРк;

Ән «Ана сен бақыттысың» Ардақ А., Наурызжан, Айза, Нұрай;


1 жүргізуші Нұрым

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым...

Сахнада «Факел» үйірме жұмысының мүшелері. Жетекшісі Корженгулова Камал Алишевна

Көрініс қарттар үйі

2 жүргізуші Азамат

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналарға арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.

Ән «Ана» Досхан Қ.

3 жүргізуші Нұрбол

Мамины руки – тепло,
Мамины очи – светло,
Мамина сказка во сне,
Мамины гены во мне,
Мамины мысли со мной,
Маме поклон мой земной. Видео «я неблагодарный ребенок»

1 жүргізуші Нұрым

Мама, мынау жарық жалғанда, сенен асыл жан бар ма? сенен әсем ән бар ма! осынау бір ғаламда, сендей жанды табам ба? Мама, жас алмашы жанарға...

хор «Ана»

1 жүргізуші Нұрым

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары

Өзбек биі

2 жүргізуші Азамат

Анашым саған қарызым,
Бас иемін даңқыңа.
Білемін өтеу парызым, 
Кір келтірмей атыңа.

Ән «Анашым қартаймашы» дуэт Ардақ А. Маншук Т.

1 жүргізуші Нұрым

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерлерін аналарға бағыштайды.

Ринго тобы 31 СРк

1 жүргізуші Нұрым

Азамат, сен білесің бе? Ертеде қыз бала дүниеге келсе ата-анасы ерекше қуанған екен? Неге? Ұл баладан олардың қандай ерекшеліктері бар?

2 жүргізуші Азамат

Нұрым, егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен. Қыз өріс, қыз қонақ. Қонақ келсе құт келеді, ендеше қыздарымызды аялайық, құрметтей білейік. Қыздарымыз көктемдей құлпырып, гүлдей жайнай берсін! Әйелдерді еркектерден көп дейді!

Ойбай, ойбай! Бола берсін көп мейлі.

Әйел деген әдемі ғой, әдемі.

Әдемілік бізге көптік етпейді.

Сән театры

3 жүргізуші Нұрбол

В мире женщины нету желанней,
Чище нет в небесах родника -
Ты рассвет бесконечно-хрустальный,
Аромат неземного цветка...

Танец «Одиссей»

1 жүргізуші Нұрым

Жалғандағы жанашырым, Жалғыз сен ғанасың.

Жаны жайсаң жаны асылым, Жайдарлы анашым.

Қамын ойлап баласының, Күлкісіз күндер өтті,

Ұйқысыз түндер өтті. Білдік пе соның бағасын...

Ән «Тойла» Ардақ, Айнур, Гулнур31 СРк

1 жүргізуші Нұрым

Қиналған, жасымаған, сүт беріп асыраған.

Дүниедегі ең жақының, аяулы асыл анаң.


2 жүргізуші Азамат

Барлық жақсылықты себетін аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

Ән «Ана» Ардақ А., Маншүк Т.

1 жүргізуші Нұрым

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

2 жүргізуші Азамат

Құрметті қонақтар, біздің «Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған...» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет..

Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!!!!

3 жүргізуші Нұрбол

Мы еще раз поздравляем всех женщин, девушек с этим прекрасным весенним праздником!

Поздравляем! Поздравляем!

Счастья, радости желаем!

Больше нежности, любви!

Чтобы все сбылись мечты!













Концерттік нөмірлер:


  1. Директордың құттықтау сөзі;

  2. Видео құттықтаулар

  3. Монолог «Шеше» Талшын 21СРк;

  4. Ән «Ана сен бақыттысың» Ардақ А., Наурызжан, Айза, Нұрай

  5. Көрініс қарттар үйі

  6. Ән «Ана» Досхан Қайырбекұлы

  7. Видео «Я неблагодарный ребенок»

  8. Хор «Ана»

  9. Өзбек биі Жанерке апайымен

  10. Ән «Анашым қартаймашы» дуэт Ардақ А. Маншук Т.

  11. Ринго 31 СРк

  12. Сән театры

  13. Одиссей

  14. Ән «Тойла» Ардақ, Айнур, Гулнур 31 СРк

  15. Ән «Ана» дуэт Ардақ А. Маншук Т.