СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

?ліппемен ?оштасу сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Таныстыр?ан 42 ?ріппен ?ош бол мені? ?асиетті ?ліппем»

Ма?саты:

О?ушыларды? ?ліппеден ал?ан білімдерін тияна?тау. ?р о?ушыны?

Іс-?рекеттері ар?ылы икемділігін, ?абілеттерін к?рсету, шы?армашылы? м?мкіндіктерін ашу;  Ата-аналар?а балаларды? 3-4 айда ?андай білім игергенін іс ж?зінде к?рсету.

Жа?а о?улы?пен таныстыру, ?ызы?ушылы?ын арттыру;  О?ушыларды? ата-ана, Отан, ел, болаша? алдында?ы борышын сезінуге, елін, Отанын с?юге, оны ?ор?ай білуге т?рбиелеу.  К?рнекілігі: ?аза? ?ліпбиі, суреттер, «?ліппе», «Ана тілі», «Математика» о?улы?тарыны? м??абасы, шарлар.  Саба?ты? барысы:  Ж?ргізуші : Балаларды? ?олдарына т???ыш рет ?стап, бетін аш?ан о?улы?ы - «?ліппе». Б?л кітап - б?кіл ?лем д?ниесіні? ал?аш?ы есігі, білімге бастайтын ал?аш?ы со?па?.С?йікті ?ліппені? ар?асында сауатты адам ?атарына енді.  Білім бізді ?ыз?алда?тай г?лдетті.  ?ліппені т?м?мдайтын к?н жетті

 ?ошеметпен ша?ырамыз орта?а  ?адам бас?ан ш?кірттерін ??рметті  (орта?а екі - екіден о?ушылар шапала?тап шы?адыда, отырады)  А?бота:Намыспенен биік ?стап жалауды,  С?ндірмейміз ?стаз жа??ан алауды.  Бойымыз?а білім н?рін беретін  Армысыздар, ?стаздарым аяулы!  Аруна:?лкен адам болсыншы - деп жан - жа?ты  Ата - аналарымыз балапандай сам?атты  Мейірімімен м?пелеген біздерді,  Ата - аналар аманбысыз, арда?ты!

Н?расыл:

К?з салып ?ара?ызшы бойымыз?а

Орта? боп б?гінгі ?скен ойымыз?а

?ош келіпсіз ?стаздар, ата-аналар

?ліппемен ?оштасу тойымыз?а

 

 М??алім: «Таныстыр?ан 42 ?ріппен ?ош бол мені? ?асиетті ?ліппем» атты ерте?гілігіміз ашы? деп жариялаймыз  Жа?сы білім - к?рімдік  Болсын сізге халайы?   Не ?йрендік, не білдік  К?не орта?а салайы?! 

М??алім: Айты?даршы, балалар,  Болаша??а жол ашар.  Іші тол?ан ?ріпке  Білімдегі жары? не?  Балалар хормен. Ол с?йікті ?ліппе! 

Хор: «?ліппе»

Меруерт:

 ?згеріп жатыр б?гін ?ала ?ырым.  ??п алып а?аларды? даналы?ын  Бет алып болаша??а бара жатыр,  Аяулы жеті жасар балалы?ым. 

Аяг?з:

Міне, б?гін б?рын?ыдан саналымын,  ?о?ырау болып к?мбірлейді жа?а к?нім.  Д?птерді? жазылма?ан а? пара?ы -  Алда?ы арманда?ан балалы?ым. 

М??алім:– Балалар, бізге кім келді?  Балалар: ?ліппе!  ?ліппе: С?леметсі?дер ме, балалар!  Балалар: С?леметсіз бе, ?ліппе!  М??алім: ?ліппе, сіз балалармен ?оштас?алы келді?із бе?  ?ліппе: И?, ?оштас?алы келдім  ?ліппе: Армысыздар жас достар!  Армысыздар ата – ана!  Болаша??а жол бастар  ?ліппе? келді орта?а.  Білім деген ?ажапты?  ?ліппесін ме?герген  Келешегі ?аза?ты?  Басталады сендерден  Таудай болса талабы?  Айтары к?п ?ріпті?  ?уанышы баланы?  ?уанышы халы?ты?.  М??алім: Би : Ділназ бен Арунаны? орындауында «                  » биі  - Ал енді кезекті ?ріптерге берейік..............  (?ріптер тізіліп т?рады ?ле?дерін о?ып береді)  А?бота: Бар кітап?а бас бол?ан  ?ліппе – ?ылым анасы.  ?ліппеден бастал?ан  Даналы?ты? данасы.   

Шахин: ?ане бері ?арайы?

Зейн ?ойып ты?дайы?

?ріптермен танысу

Та?па?тардан бастайы?

?діл: Алфавитті?  А т?рады басында.  ?р?ашанда  ? т?рады ?асында.  Бай?ады? ба?  Б т?рады ?шінші  Ал осысыны? сыры неде?  Т?сінші  Назым: А деген ол – аналар ?ой арда?ты  ? деген ал - ?келер ?ой салма?ты,  Б деген ол балалар ?ой ?демі.  Бізді? елде ?шеуі де ?адірлі.  Алша? кетпей  Сонды?танда, расында  Т?рады олар алфавитті? басында.   

Сымбат: ?ліппем мені? ?ліппем

Сені ?ол?а алып мен

Есігін аштым мектепті?

Ерте?гі с?уле жары?пен

Мирас: ?ліппе деген алтын жол

Апарар сені алыс?а

Же?іл емес ауыр жол

Тырысып ба? намыс?а

?сет:  ?ліппе да??ыл жол ашты

Жа?адан п?ндер жал?асы

?ліппе сырын ??тыр?ан

Рахмет ?стаз ал?аш?ы

Ба?н?р:

Келгенде ал?аш мектепке

Білмеуші едік ?ріпте

О?имыз ?азір ертек те

?йреткен оны ?ліппе

 

М??алім: Балалар есікті? сыртына бізге біреу хат ?алдырып кетіпті ?ане кім о?ып береді

 

Ділназ: ??рметті о?ушылар мен ана тілімін жолда кедергіге ?шырап ?алдым ?ліппені? дайында?ан тапсырмасын жа?сы орындаса?дар мен кедергіден шы?амын.  

Просмотр содержимого документа
«?ліппемен ?оштасу сценарийі»

Тақырыбы: «Таныстырған 42 әріппен қош бол менің қасиетті әліппем»

Мақсаты:

Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының

Іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; 
Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету.

Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру; 
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, шарлар. 
Сабақтың барысы: 
Жүргізуші : Балалардың қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы - «Әліппе». Бұл кітап - бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ.Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына енді. 
Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті. 
Әліппені тәмәмдайтын күн жетті

Қошеметпен шақырамыз ортаға 
Қадам басқан шәкірттерін құрметті 
(ортаға екі - екіден оқушылар шапалақтап шығадыда, отырады) 
Ақбота:Намыспенен биік ұстап жалауды, 
Сөндірмейміз ұстаз жаққан алауды. 
Бойымызға білім нәрін беретін 
Армысыздар, ұстаздарым аяулы! 
Аруна:Үлкен адам болсыншы - деп жан - жақты 
Ата - аналарымыз балапандай самғатты 
Мейірімімен мәпелеген біздерді, 
Ата - аналар аманбысыз, ардақты!

Нұрасыл:

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға


 Мұғалім: «Таныстырған 42 әріппен қош бол менің қасиетті әліппем» атты ертеңгілігіміз ашық деп жариялаймыз 
Жақсы білім - көрімдік 
Болсын сізге халайық 
Не үйрендік, не білдік 
Кәне ортаға салайық! 

Мұғалім: Айтыңдаршы, балалар, 
Болашаққа жол ашар. 
Іші толған әріпке 
Білімдегі жарық не? 
Балалар хормен. Ол сүйікті Әліппе! 

Хор: «Әліппе»

Меруерт:

Өзгеріп жатыр бүгін қала қырым. 
Құп алып ағалардың даналығын 
Бет алып болашаққа бара жатыр, 
Аяулы жеті жасар балалығым. 

Аягөз:

Міне, бүгін бұрынғыдан саналымын, 
Қоңырау болып күмбірлейді жаңа күнім. 
Дәптердің жазылмаған ақ парағы - 
Алдағы армандаған балалығым. 

Мұғалім:– Балалар, бізге кім келді? 
Балалар: Әліппе! 
Әліппе: Сәлеметсіңдер ме, балалар! 
Балалар: Сәлеметсіз бе, Әліппе! 
Мұғалім: Әліппе, сіз балалармен қоштасқалы келдіңіз бе? 
Әліппе: Иә, қоштасқалы келдім 
Әліппе: Армысыздар жас достар! 
Армысыздар ата – ана! 
Болашаққа жол бастар 
Әліппең келді ортаға. 
Білім деген ғажаптың 
Әліппесін меңгерген 
Келешегі қазақтың 
Басталады сендерден 
Таудай болса талабың 
Айтары көп әріптің 
Қуанышы баланың 
Қуанышы халықтың. 
Мұғалім: Би : Ділназ бен Арунаның орындауында « » биі 
- Ал енді кезекті әріптерге берейік.............. 
(Әріптер тізіліп тұрады өлеңдерін оқып береді) 
Ақбота: Бар кітапқа бас болған 
Әліппе – ғылым анасы. 
Әліппеден басталған 
Даналықтың данасы. 

Шахин: Қане бері қарайық

Зейн қойып тыңдайық

Әріптермен танысу

Тақпақтардан бастайық

Әділ:
Алфавиттің 
А тұрады басында. 
Әрқашанда 
Ә тұрады қасында. 
Байқадың ба? 
Б тұрады үшінші 
Ал осысының сыры неде? 
Түсінші 
Назым:
А деген ол – аналар ғой ардақты 
Ә деген ал - әкелер ғой салмақты, 
Б деген ол балалар ғой әдемі. 
Біздің елде үшеуі де қадірлі. 
Алшақ кетпей 
Сондықтанда, расында 
Тұрады олар алфавиттің басында. 

Сымбат: Әліппем менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен

Мирас: Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа

Әсет: Әліппе даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасы

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз алғашқы

Бақнұр:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз өазір ертек те

Үйреткен оны әліппе


Мұғалім: Балалар есіктің сыртына бізге біреу хат қалдырып кетіпті қане кім оқып береді


Ділназ: Құрметті оқушылар мен ана тілімін жолда кедергіге ұшырап қалдым әліппенің дайындаған тапсырмасын жақсы орындасаңдар мен кедергіден шығамын.
Мұғалім: ендеше балалар ана тілін кедергіден шығару үшін тапсырма орындайық.

Ана Отан Әліппе сөздерін буынға бөлу және жазу .\

Оң қолымда 5 алма,
Сол қолымда 5 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма ?

5 алманың үшеуін ,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады ?

Балалар алдағы келе жатқан қандай мереке «Жаңа жыл » ендеше жаңа жыл шыршасын безендіру үшін математика бизге тапсырма беріпті ендеше соны орындайық

(шыршаны безендіру)

Айгүлім:

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық тойладық

Ерасыл: Барлық әріп бағалы 
Айттық әділ бағаны 
Әріпсіз сөз болмайды 
Буын онсыз толмайды 
Адам барлық әріпті 
Ардақтайды қолдайды. 
Қалижан: Біз жазамыз ана деп 
Біз жазамыз дана деп 
Біз жазамыз қала деп 
Біз жазамыз дала деп. 
Биік - биік таулар деп 
Қызыл - жасыл баулар деп 
Қаһарман ел қазақ деп 
Болашаға ғажап деп. 

Хор: «Әліппе»

Дінислам: Алфавитті үйрендік

Онда жүйе қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.


Ділназ: Үйретіп жазудың да өрнектерін. 
Ойымды әліппемен тербеткенім 
Зор қуаныш маған да, ұстазға да 
Тілін біліп кітапты сөйлеткенім. 
Гүлім: Бізді үйреткен білімге жалықпастан 
Рахмет ұстазыма көзімді ашқан 
Біз шәкірт, біз отанның болашағы 
Білімнің басқышына қадам басқан. 
Ералы: Әріптерді жаттаймыз

Есте мықты сақтаймыз

Ұмытпаймыз бәрінде

Атын затын түрін де

Мақпал: Әліппені құрметте

Күтіп ұста кірлетпе

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке


Осы кезде есік қағып ана тілі келеді

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің жаңа оқулықтарын «Ана тілі» боламын. Мен сендермен дос болғым келеді. Сендердің одан әрі жақсы оқуларыңа өз көмегімді тигіземін! Ақын ағаларың мен дана бабаларың туралы сыр шертемін. 
Ақыл-ойын дананың 
Ана тілден аламын 
Ана тілім ардақты 
Ақ сүтіндей анамның. 
Әліппе : Оқуда зейінді болыңдар, 
Еңбекке бейімді болыңдар. 
Кір шалмасын қабақты, 
Ақ жол болсын балалар, 
Оқығандарың есте болсын, 
Күнделіктерің беске толсын 
Қош сау болыңдар, кішкентай достарым! 

(әліппе сыйлықтарын ұсынады)

Мұғалім: Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін әліппе достарыңа не айту керек? 
Балалар: таныстырған 42 әріппен қош бол менің қасиетті әліппем

Елмира: өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассақ

Әліппемен қоштаспақ

Медғат: Келгенімде алдыңа

Қызыл арай гүл алып

Жақын тарттың жаныңа

Шәкіртім дер қуанып

Сыйпадыңда басымнан

Әліппені ұсындың

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім

Жүргізуші:Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық. 
Бәрі: Рахмет саған ата-ана! . 
Жүргізуші: Қыздардың орындауында биді тамашалаңыздар 
Жасулан: « Әліппем» менің «Әліппем» 
Сені қолға алып мен 
Есігін аштым мектептің, 

Би: Әсем қыздардың орындауында би

Ана тілі:Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген. Әрқашан жаұсы оқып биіктен көрініңдер. Мен сндерге сенемін. Жақсы оқуға уаде беріңдер 
- Әліппенің бетін жарық ет, 
Ұл-қызды түгел білімді ет! 
Келесі оқу жылына, 
Аман-есен түгел жет! 
«5» болсын алар бағамыз, 
Біліммен бақыт табамыз, 
Өнер-білім көп тоқып, 
Өсе берсін санамыз! Әумин

Жүргізуші: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар, 
Балалардың есімі әулеттерге таралар. 
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында 
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар. 

Жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз,Енді қолға Ана тілін аламыз.Ана-ана қуанышқа ортақ бол,Сауатты боп шықты міне балаңыз! Әліппені бітірді балаларым,. Әліппеден нәр алған даналарым 
Өзі жазып – оқитын халге жетті, 
Құтты болсын қадамы балалардың! 
Балалардың білімі құтты болсын, 
Денсаулығы әрқашан мықты болсын. 
Білімдерін әрі қарай дамытатын, 
Ерінбейбін еңбекқор мықты болсын. 
Уақыттарыңызды бөліп қунышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар!