СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Мақсат-жетістік желкені»

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды өз болашағының бағытын айқындап, мақсат қоя білуге тыүйрету. Мақсатқа жетудегі үміт пен сенімділікті ояту. Оқушыларды өз болашағына сенімділікке тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
««Мақсат-жетістік желкені»»

Сабақтың тақырыбы: «Мақсат-жетістік желкені»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өз болашағының бағытын айқындап, мақсат қоя білуге тыүйрету. Мақсатқа жетудегі үміт пен сенімділікті ояту. Оқушыларды өз болашағына сенімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Қанекей амандасайық

Мақсаты: Өзара қарым- қатынастың жайлылық жағдайын құру.

Шарты: Қатысушылар шашырап жүреді. Бір шапалақ- бас изеу, Екі шапалақ- қол беру, Үш шапалақ- иықтарымен , Төрт шапалақ- арқаларымен амандасу.

2. Стол үстінен фигуралар таңдау. Өздерің таңдап алған түстер бойынша топқа бөлінесіңдер. Қызыл түс- өте ерекше сұрақты көп қоятын, ойларын еркін айтатын белсенді адамдар.Бұл топ «Сәттілік» тобы. Таныс болыңыздар! ( Қошемет көрсетіліп,қол шапалақтайды) Сары түс- оптимизм. Бейбітшілікпен шешуді жақтайтын, ақжарқын адамдар. Бұл топ «Жетістік» тобы. Таныс болыңыздар!( Қошемет көрсетіліп, қол шапалақтайды)

3. Тренинг ережесін құру.

4. Кіріспе сөз: Мақсат- адамның өз мұратына сәйкес өмірін өзгертуге бағытталған әрекеті. Ол адам өміріне бағыт береді, қызығушылығын арттырады, болашағын көз алдына елестетеді. Ендігі кәсіби таңдауларыңыз айқын, қандай да бір мақсатты көздеп жүрсіздер, тек өз мақсаттарыңызды жүзеге асыру ғана алда тұр.Бүгін сіздермен бірге бірнеше жаттығу түрлерін орындаймыз.

5. Ғибратты әңгіме. «Жүзіктегі жазулар»

Баяғыда бір хан болыпты. Оның перзенті болмапты. Хан қартайып, өлер шағына жеткен соң: - Мен өлгеннен кейін, менің ауламның есігін бірінші болып ашқан адам менің орныма хан болсын,-дейді уәзірлеріне. Хан өлген соң уәзірлері қақпа алдында тұрса, бірінші болып қақпаның есігін бір диуана ашыпты. Диуананы хан етіп сайлайды. Басқа диуаналар оны көре алмайды. – Сендер мні күндемеңдер. Менің өмірімнен сендердің өмірлерің жақсы. Өз пайдаларыңды өздеріңе жұмсайсыңдар, өз бастарыңды ойлайсыңдар. Ал мен болсам, халқымды ойлаймын, халқым үшін қызмет етемін дейді. Осыны айтып хан диуаналарды шығарып салады. Уақыт өте келе хан диуаналарды ұмытып кетеді. Диуаналар жиналып; - бұл бізді менсінбей барады. Барлық жинаған ақшамызды қосып, үш жүзік жасатайық.Бетіне үш өсиет жазып, сыйлайық. Сол өсиетті оқығанда хан өз мақсаттары жөнінде ойланатын болады,- дейді. Диуаналар жазған өсиет қандай еді. Әр топ өздері жазған сөздерін оқиды.

  1. Ұлық болсаң кішік бол

  2. Мансап биігі – бір күндік,

Мақсат биігі – мың күндік

  1. Мақсат- жетістік желкені.

Адам өмірін мақсатпен елестетсе, ол мүмкін бірдеме алар- ақ. Ештеңе алмауы да мүмкін-ау. Мақсат адам жетістігін арттырады, адамды табысты етеді екен.

6.«Тексеріп көрейік» жаттығуы

Мақсаты: Өз-өзіне деген сенімділігін арттыру. Мақсатқа жетудегі іс-әрекетінің қаншалықты екенін байқау.

Шөл далаға мақта ектің. Бірнеше жұмыстар атқардың,еңбек еттің. Суды жеткіздің, енді өнім алатын уақытың да жетті. Әрқайсың өзіңнің неше пайыз өнім алатыныңды айта қойшы.

7.«ОЖСБ-ға дайындық» постер қорғау

Екі топқа тапсырма беру. 1. ОЖСБ-ға қалай дайындалу керек? 2. ОЖСБ туралы не білеміз?

8. Логикалық ойлауды дамытуға байланысты сұрақтар

1. Бір адамның орташа неше туған күні болады? (1)

2. Сиыр неге жатады, содан соң тұрады, біраздан соң қайта жатады? ( Өйткені отыра алмайды)

3.Төрт бұрышты үстелдің бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады? (5)

4.Кім барлық тілде сөйлейді? ( Жаңғырық)

5. Терезе мен жақтаудың арасында не тұр? ( Мен жалғауы)

6. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алады. Олардың қаншасы қалды? ( Түйеқұс ұшпайды)

7. Қандай сағат бір күнде 2 мезгілді де дәл көрсетеді? (Сынған сағат)

8.Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? ( Мысық)

9. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? ( Аспан суреті судан көрінген кезде)

10.Сізді аю қуып келеді және жетуге аз-ақ қалды. Алдыңнан бір бөшке қара май мен бір бөшке бал кездесті. Қайсысына тығыласың? ( Ешқайсысына, өйткені аю сізді не қылады, бал толы бөшке тұрғанда)

11. Кейбір айда 31 күн, кейбірінде 30, ал қанша айда 28 күн бар? ( 1 айда, ақпан)

9. Сергіту жаттығуы

Өзіңді келесі категорияға жатқызатын болсаң қолыңды шапалақта

  • Ұйықтағанды жақсы көретіндер

  • Дәмді тамақты ұнататындар

  • Сабаққа кешігетіндер

  • Жазғы демалысты жақсы көрмейтіндер

  • Тәттіні жақсы көретіндер

  • Футбол ойнағанды жақсы көретіндер

  • Көңіл-күйі көтеріңкілер

  • Жалқаулар

10. «5 минуттық тест»

11. Қорытынды. Мақсатқа қойылатын талаптарды бірге тұжырымдалық

- Мақсатыңды нақтылап алуың- жетістікке жасаған алғашқы қадамың

- Ұсақ мақсаттарға уақытыңды бос шығындама

- Мақсатыңның не үшін, кімнің игілігіне бағытталғанын анықтап ал

- Егер кедергілер өрістей берсе, кідіріс жасап, басқа жолын қарастыр

- Егер кедергілер кездеспесе, жолың сәтті болғаны, қарқыныңды күшейте түс

12. «Портрет» ойыны

Жұптасып, қағазды төбесіне қойып, қасындағы адамның суретін салады. Салып болған соң тілек жазып береді.

«Бағдаршам» ойыны арқылы кері байланыс алу