Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 12.03.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: Қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : Салт және фольклор
Апталық тақырып: 2.Нұр төккен, гүл көктем
Бөлімі: Аппликация бағыты
Бөлімше: 1.1 Заттық аппликация
Оқу мақсаты: 0.2.1.2. Симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін салынған немесе қиялдағы контур бойынша сұлбаларды қию.
Білім беру саласы:Шығармашылық
Оқу іс-әрекеті: Аппликация
Тақырып: Көктем
Мақсаты: Матамен аппликация жасау дағдыларын жетілдіру.Әртүрлі матадан сәндік коллаж жасауды балаларға таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік- Қағазды әртүрлі тәсілмен бүктеуге үйрету.
Дамытушылық – Балалардың шығармашылық қиялын, дамыту
Тәрбиелік-. Адамгершілікке тәрбиелеу
Полилингвальды компонент: көктем- Spring
Тіл дағдылары:
Технологиялық қамтамасыз ету: түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы,тұрғылар мен сүлгілер, тақырып мазмұнына байланысты суреттер. т.б
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | Есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім | Шаттық шеңберге тұрғызады . Сәлем көздер, оянындар! Сәлем құлақтар, оянындар! Сәлем қолдар, оянындар! Сәлем аяқтар, оянындар! Көздер, көреді! Құлақтар, естиді! Аяқтар, топылдайды! Ал қолдар ,шапалақтар соғады! | Балалар шаттық шеңберге тұрып шаттық шеңбердің тақпағын қимылмен қайталайды. | | |
Негізгі бөлім | Балалар, қазір жыл мезгілі ? Көктем жыл мезгілінде неше ай бар? Қазір қай ай? Наурызда қандай мерекелер бар? Дұрыс балалар, ал көктемде қандай өзгерістер болады? қандай құстар ұшып келеді? Сергіту сәті: Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз, Кейде оны жұлуға да қимаймыз. Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде, Шын жүректен аналарға сыйлаймыз Балалар, бүгін біз сендермен көктемгі пейзаж жасаймыз. Сол үшін мен сендерге көктем мезгіліне сай сурет таратып беремін, желім және түрлі түсті қағаз беремін. Біздің суретіміз әзірше көңілсіз, сондықтан ол көңілді болу үшін біз оны жапсырамыз. Суретті бейнелеп шығу. Қағазды жырту әдісі бойынша жырту Қағазбен суретті әшекелеп жапсыру | Қазір жыл мезгілі көктем! Көктем жыл мезгілінде үш ай бар: Наурыз, сәуір және мамыр. Наурыз айы . Аналар мен наурыз мерекесі. Көктемде күн жылына бастайды,қар ереді,құстар жылы жақтан келеді, ағаштар бүршік жарады,біз жылы киімдерді шешіп, жеңіл киімді кие бастаймыз, құстар жылы жақтан келеді. Сөздерді еске сақтайды. Балалар тақпақты айтып жаттығуды қимылмен көрсетеді. Қағазды ұсақ бөліктерге бөліп, Оны суреттің боямаған жерлерге жабыстырады. | | |
Қорытынды бөлім | « 5 қалпақ» рефлексиясы. Балалар ҰОҚ алған әсерлері мен білімдерін қорытындылайды. Дайын үлгілерден көрме ұйымдастырылады. | Балалар қз ойларын білдіреді. | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: Бейнелерді қию, құратыру, жапсыруды үйренеді.
Түсінеді:. Көктем туралы түсініктерін кеңейтеді.
Қабылдайды : жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретпен қолдана білді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 12.03.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: Қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : Салт және фольклор
Апталық тақырып: 2.Нұр төккен,гүл көктем
Бөлімі: 4.Табиғатты қорғау
Бөлімше: 4.1. Табиғатқа қамқорлық
Оқу мақсаты: 0.4.3.3. Өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың тәсілдерін түсіндіру, оларды атай білу
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану
Тақырып: Табиғат бұрышында еңбектің қандай түрлерін атқаруға болады?
Мақсаты: Жануарлар және өсімдіктерді дұрыс күту ережелерімен танысу. Жануарлар мен өсімдіктерді күту әдістерін білу, оларды атап шығу
Міндеттері:
Білімділік - Жануарлар және өсімдіктер тіршілігіне қажетті, жағдайлар туралы білімді кеңейту.
Дамытушылық – Жан-жануарлар жайында білімдерін дамыту.
Тәрбиелік - Қоршаған әлемге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Полилингвальды компонент: табиғат- nature
Тіл дағдылары: флора, күтім жасау.
Технологиялық қамтамасыз ету: әліппе дәптер, бөлме гүлдері, тәжірибеге арналған құрал-жабдықтар.
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | Есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім Негізгі бөлім | Алдымен, жылдың қай мезгілі екенін еске түсірейік. Қазір жылдың көктем мезгілі. Көктемде күн жылынып, қар, мұз еріп су көбейеді. Адамдар қалың тондарын тастап, жеңіл киінеді. Ағаштар бүршік жарады, құстар жылы жақтан ұшып келеді. Құстар сайрап, дала жайнап, малдар төлдейтін шақ. Енді мына суретке назар аударайық. Сурет бойынша көктем мезгілі туралы сөйлеу.
Олай болса көктем туралы тақпақтарды есімізге түсірейік.
Енді мына суретке зер салайық. Нені көріп тұрсыңдар?
Жарайсыңдар, бұл Раушан гүлі. Мынау гүлдің тамыры, сабағы, жапырағы ал мынау гүлдің күлтелері. Күлтелерінің түсі қызыл, сабағы жасыл, ал тамыры ақ. Бұл дала гүліне жатады. Мына суретте бөлме өсімдіктері бейнеленген. Өсімдік адамдарға пайдалы, олар бөлмені әдемі етіп тұрады, ауаны тазартады. Кейбір өсімдіктердің емдік қасиетттері де бар. Егер бір жерімізді абайсызда жарақаттап алсақ, онда мына алоэ өсімдігін жарақаттың тез жазылуына пайдалана аламыз. Ал келесі суретте балалар гүлге су құйып, оны сүртіп жатыр. Бұл гүлді күтіп, баптаудағы маңызды әрекет. Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
Ертегі айту: Ерте, ерте ертеде , ешкі жүні бөртеде, бұрынғы өткен заманда бір кішкентай Айжан есімді қыз болыпты. Айжан өте көңілді қыз және гүлдерді сондай жақсы көріпті. Оның түрлі түсті әрі гүлді көп көйлектері бар екен. Ол күн сайын сол көйлегіндегі гүлдердің суретін салғанды ұнатады екен. Айжан бір күні бақта серуендеп жүрсе, өзі әдемі, өзі қып қызыл гүлге кезігіпті. Гүлге қызыққаны сонша оны үзіп алмақ болады. Сол сәтте гүлге тіл бітеді. Гүл айтады: Үзбеші мені, Мен жақсылық кені. Мен денсаулық емі, Мен еркелетем сені, – деп жалынады қызға. Айжан мұңайып қалды: «Енді қайттім, мен өз бөлмемде гүлдер болғанын қалап едім, ал мына гүл мені үзбе деп жылайды.» Гүл: «Сен мұңайма, бүгін «Балбөбек» тобының балалары өсімдіктерді күтіп баптауды үйреніп жатыр. Солардан көмек сұрап көр.» Балалар, Айжанға көмектесеміз бе? Балалар: Иә, Айжанға көмектесейік. Ендеше балалар сендер де, Айжан сен де мұқият қарап ал. Тәжірбиелік жұмыс Бөлме гүлін отырғызу үшін алдымен гүлді тамырландырып аламыз. Тамырланған соң бізге ыдыс қажет болады. Оған жәй топырақ емес, құнарлы топырақты гүл отырғызатын ыдысқа саламыз. Содан соң топырақ ортасында құдықша жасап, гүлді отырғызамыз. Өскен гүлді де күтіп, баптау керек. Ол үшін оған жылы жер керек және су құю қажет (Еркенұр гүлге су құюға көмектеседі). Суды жапыраққа емес, топырағына құямыз, жапырақтарын сүртіп (Шәмші гүлдің жапырақтарын сүртуге көмектеседі), топырағын қопсытып тұру қажет (Ерхан топырақты қопсытады). Сонда ғана гүл әдемі болып өседі. Көрдің бе Айжан, бөлмеңде гүл болғанын қаласаң, сен де осылай жаса. Ал, мына гүлді саған сыйға береміз. Айжан: Рахмет сіздерге! Балалар, ертегі ұнады ма сендерге? Балалар: «Иә ертегі бізге ұнады.» Олай болса, бойымызды сәл сергітіп алайық Сергіту сәті:Гүлдей болып өсеміз, Күндей болып күлеміз. Қарлығаш боп ұшамыз, Көбелек боп қонамыз. Жарайсыңдар! Сонымен, біз бүгін не туралы сөйлестік? — Өсімдіктер туралы сөйлестік. -Гүлдің сырт келбеті қандай? -Тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі болады. -Гүлдердің бізге қандай пайдасы бар екен? -Гүлдербізге қуаныш сыйлайды, бөлменің ауасын тазартады. -Өсімдіктерді күтіп, баптау үшін не істейміз? -Оған су құямыз, жапырақтарын сүртеміз, топырағын қопсытамыз. -Жарайсыңдар. Ендеше сендерге жұмбақ жасырайын: Адамдардың бәрі қызығады, Су құймасаң, сәні бұзылады. -Гүл -Дұрыс таптыңдар. Олай болса, гүл туралы тақпақ айтайық. Арасында гүлдің Ойнап бүгін жүрдім Қызыл, көкшіл, сары, Әп әдемі бәрі.
| Балалар суретке назар аударады Дала гүлге толыпты, Аққу көлге қоныпты. Алақай ау, алақай Көктем қандай көрікті. Көктем күні шуақты, Көктем күні қуатты. Мал жағалап суатты, Сай саламен су ақты. - Гүлдерді | | |
Қорытынды бөлім | Балалар, бүгінгі оқу іс әрекеті сендерге ұнады ма? Балалар: Иә Сендерге де көп рахмет. Ал мына көңілді гүлдің суретін , жақсы қатысқандарың үшін сендерге сыйға беремін . Сау болыңдар! | Балалар тапсырманы орындайды Өздерін бағалайды | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: Табиғат құбылыстарын сипаттайды
Түсінеді: Тәжірибені ереже бойынша жасауды
Қабылдайды : Өзекті мәселені шешуге тырысады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 12.03.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: Қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : Салт және фольклор
Апталық тақырып: 2.Нұр төккен, гүл көктем
Бөлімі: 4. Математикалық модельдеу
Бөлімше: 4. Математикалық модельдеу
Оқу мақсаты: 0.4.1.1. «+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «–»таңбасын заттар тобынан алу таңбасы ретінде түсіну жəне оларды пайдалану.
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ
Тақырып: Менің елімнің мерекелері. Қосуды жəне азайтуды үйренемін.
Мақсаты: Сурет бойынша есеп құрастыруды жалғастыру
Міндеттері:
Білімділік - білімдерін молайту
Дамытушылық – Есте сақтау, ойлау қабілеттерін санамақтар, мақал - мәтелдер, ауызша есептер шығару арқылы дамыту.
Тәрбиелік - Қамқорлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Полилингвальды компонент: мереке- celebration , көктем- Spring
Тіл дағдылары: -қосу, алу (азайту).
Технологиялық қамтамасыз ету: әліппе дәптер, қаламдар, суреттер
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім | Ынталандыру. ҰОҚ-нің тақырыбына кіріспе ретінде педагог «Наурыз», «1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» фотосуреттерін қарауды ұсынады. Балаларға мынадай сұрақтар қояды: – Ата-аналар мереке күндері сендерді қайда апарады? | Мереке күндерінің фотосуреттері, Санамақ өлеңдер | | |
Негізгі бөлім | Өзектендіру. Педагог балаларға жиынтық полотнода қосу мен алуға жазбалар құрастыруды ұсынады. Педагог сұрайды: Заттарды қосқанда не болатынын айт. «+» жəне «–» таңбалары бар жазбаларды əртүрлі оқи аласыңдар ма? Суретте, бұл жағдайда не болғанын жазуға саған қандай таңбалар көмектесетінін түсіндір (заттарды біріктірді, қосты, алып тастады, азайтты). Санаған кезде сандардың тəртібін бекіту үшін орысша Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Бүгін біз кейіпкерлеріміз Əлия мен Сырымға олардың мерекеде не көргенін санап, жазуына көмектесеміз. Алдыңғы ҰОҚ-де үйренген таңбалардың көмегімен санайық жəне жазайық. Мысалдардың үлгілерін жасау үшін жиынтық полотноларды пайдаланыңыз. Одан кейін оларды түрліше оқыңыз. 2- тапсырма қолдың моторикасын дамытуға арналған – өрнектерді бастырып жазу. (Ж) Педагог балаларға жиынтық полотнода жəне əліппе- дəптерде 3- тапсырмаға ұқсас тапсырманы орындауды ұсынады. Балалар бір-бірін бақылап, көмектеседі. (Ж) Алдын ала жұппен жұмыс жүргізгеннен кейін балалар (Ө) 3- тапсырманы өздері орындауы керек. (Ж) Шаршылар бойынша суреттерді қайталау үшін педагог алдыңғы сабақтағы құралды пайдаланады. Жұптарда балалар бір біріне маркерді файл үстімен қалай жүргізу керек екенін айтады. Одан кейін суреттің кескінін қайталаған файлға салады. | Сұрақтарға жауап береді Таңбалаларды қайталайды, жазады | | |
Қорытынды бөлім | Рефлексия. Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Жетістік ағашы » арқылы бағалауды ұсынады. | Балалар өз ойларын айтып, жемістерді ағашқа орналастырады. | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: -сурет немесе жағдай бойынша қосу мен алуды белгілеу үшін «+» жəне «–» таңбалары бар жазбалар құрастырады.
Түсінеді: -«+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «–» таңбасын заттар тобынан алу таңбасы ретінде түсінеді жəне оларды пайдаланады.
Қабылдайды : сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 13.03.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: Қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : Салт және фольклор
Апталық тақырып: 2.Нұр төккен,гүл көктем
Бөлімі: 4. Математикалық модельдеу
Бөлімше: 4. Математикалық модельдеу
Оқу мақсаты: 0.4.1.3. Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу.
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ
Тақырып: Жұмбақтар. Мысалдар шығарамын. Цифрларды бастырып жазамын.
Мақсаты: Берілген сан құрамына сандарды қоя отырып, есеп құрастыруға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік - Жалпыдан жекені бөлу
Дамытушылық – заңдылыққа сәйкес іздеу машықтарын дамыту.
Тәрбиелік - Шапшаң есеп шығаруға тәрбиелеу
Полилингвальды компонент: мереке- celebration , көктем- Spring
Тіл дағдылары: --есеп,мысал, қосу, алу.
Технологиялық қамтамасыз ету: Қағаздан жасалған шеңберлер. Əліппе-дəптер Жиынтық полотно, Суреттер
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім | Ынталандыру. ҰОҚ тақырыбына кіріспе ретінде педагог балаларға жұмбақтар жасыруды ұсынады.Оның жауаптарын тақтаға орналастырады. Педагог балаларға олар қандай да бір жұмбақтарды біле ме, естеріне түсіруді ұсынады. Жұмбақтар халық шығарған туындыларға жатады. Өзектендіру. Педагог 1- тапсырманы – жұмбақтарды шешіп, мысалдарды шығаруды ұсынады. Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Бүгін біз тек жұмбақтарды ғана шешіп қоймай, өзіміз математикалық мысалдарды құрастырамыз. Жаңалық ашу. (Т) Жиынтық полотномен жұмыс істей отырып, педагог санау үшін қажетті нысандарды таңдай алады. Əр сурет үшін жұмбақ келтіруге немесе балалардан оны өздері құрастыруын сұрауға болады. Содан кейін педагог жағдайлар келтіреді, онда сандарды қосу немесе азайту керек. Балалар өздерінің үстелдерінде карточкалармен мысалдар құрастырады. Педагог жұмбақоқиды Ақ тиін он жаңғақ тапты. Бесеуін қоймаға апарды. Нешеуі қалды? Қалай санаймыз? Тиінге жауапты кім береді? (10–5=5) Балалар жаңғақтардың орнына фигураларды немесе кез келген қосалқы материалды қолданып, үстелде санай алады. Одан кейін карточкалардан есеп құрастырады. | Үлестірмелі материал мен жиынтық полотноға назар аударады. | | |
Негізгі бөлім | Жаңаны қолдану. (Ж) 2 -тапсырма цифрды бастырып жазуға жəне қолды цифрларды жазуға дайындау жұмыстарына арналған. Сондықтан əліппе-дəптерде жазбаша цифрды бастырып жазуға арналған тапсырмалар болады. Балаларды цифрларды нүктеден бастап жазуға үйрету керек екеніне назар аударыңыз. Цифрды дұрыс жазу үшін дайындық жұмысын жүргізіңіз. Баланы математика пəніне арналған дəптерінде бейнеленген торшалардың орналасуында жақсы бағдарлануға үйрету қажет. Бұл жаттығулар үшін дəптер парағына тəн өлшемдерді сақтай отырып, үлкейтілген торшаны немесе жалпылама айтқанда шаршыны параққа басып шығару қажет. Бастапқы оқу кезеңінде баланы торша бөліктерінде жақсы бағдарлануға үйрету үшін осы парақты пайдаланған орынды. Көп таралған тəсілдер: ауада жазу, ірі торда маркермен жазу, саусақпен айналдыра бастырып сызу, ермексаздан жасау, цифр элементтерін сипаттау. Қағазда былай жазылған: 3 + 2 = 5. –Мұны қалай оқуға болады? Осы уақытқа дейін біз əдетте былай айтатынбыз: «Үш қосу екі – тең болады бес». –Бірақ басқаша айтуға да болады. Мысалы: –Үш жəне екі – бұл бес. –Үшке екіні қосса, бес болады. –Үш пен екіні қосамыз, нəтижесінде бесті аламыз. –Үшті екіге арттырса, бес болады. | Əліппе-дəптердегі тапсырмаларды орындайды | | |
Қорытынды бөлім | Рефлексия. Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады. Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады. | Балалар өз жетістіктерін бағалайды. | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: -көрнекіліктің негізінде қарапайым мысалдар мен есептерді оқиды жəне заттар тобын қайта санау арқылы шешеді.
Түсінеді: -қарапайым есептерді шығарады.
Қабылдайды : -көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды
шешеді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 13.03.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: Қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : Салт және фольклор
Апталық тақырып: 2.Нұр төккен,гүл көктем
Бөлімі: 2.Қарым –қатынас қуанышы
Бөлімше: 2.8 Жақсы көруді үйренеміз.
Оқу мақсаты: Балалардың достық қарым-қатынас , жақсылық ұғымдары түсінік беру.
Білім беру саласы: Әлеумет
Оқу іс-әрекеті: Өзін-өзі тану
Тақырып: Жақсы сөз жанды жадыратар
Мақсаты: Балаларға «жақсы сөздің» адамдарға әсері туралы түсіндіру.
Білімділік: - Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: - Өзіне деген сенімділігін дамыту
Тәрбиелік: - Өзін-өзі тани білуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Полилингвальды компонент: жақсы адам- good man , жақсы - good , дос- friend
Тіл дағдылары: жақсылық жасау, адамгершілік қасиеттер.
Технологиялық қамтамасыз ету: иллюстрациялық материал, əліппе-дəптер,түрлі түсті қарындаштар, суреттер,
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім Негізгі бөлім | Ә.Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңін балалармен бірге қосылып орындайды. -Балалар, қазір орындаған «Не деу керек?» өлеңінен не түсіндіңдер? -Ансар қандай сөз естідің? Ансар: -Сәлеметсіз бе деген сөзді естідім. -Мирсат, сен айта гой. -Аяна, қандай сөз естідің? -Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл өлеңнен сыпайлық және әдептілікті білдіретін сөздерді есімізге түсірдік. -Сендердің өлеңдегі бала сияқты жолдастарың бар ма? Болса оларға қандай ақыл айтасыңдар? -Әдепті сөйлеу керек деймін. -Отбастарыңда ата-аналарың немесе туысқандарың сендерге қандай жақсы, жылы сөздер айтады? -Біз бүгін сабағымызды халық даналық сөздерінен жалғасып келе жатқан «Жақсы сөз жанды жадыратады» деген сөзден бастағым келеді. Біздің әрбір сөзіміз айналамызға қалай әсер етендігі туралы, адамдармен қалай сөйлесу керектігі жөнінде әңгімелесеміз. Ғажайып сәт. -Балалар есік қағылады, бұл кім екен, қарайықшы? Бұл хат тасушы адам екен. Сәлеметсіз бе! Хат тасушы: -Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерге хат бар. Мінекей алыңыз. -Рахмет! Бұл хат кімнен келген екен қарайық. Балалар, бұл хат демалысқа кеткен Гүлнұр Тастанқызынан екен, сендерге оқып берейін. Хатты оқиды. -Сәлеметсіңдер ме, Құрметті балалар! Қалдарың қалай, мен сендерді сағындым. Сендер сабақтарыңды оқып жүрсіңдерме? Мен сендерге мынадай тапсырмаларды хат арқылы жібердім, сендер осы тапсырмаларды орындауға тырысыңдар. 1-тапсырма: «Сыпайы қоян» ертегісін сахналап беріңдер. -Ендеше, балалар сендермен бірге біз мына отырған қонақтарымызға «Сыпайы қоян» ертегісін оқып берейін, ол ертегіні сахналайтын балаларды ортаға шақырамын. Сыпайы қоян-Аяна, Түлкі-Алла, Жылан-Әсемай. -Қатерден қоянды не құтқарды? -Жылан неліктен қоянға тимеді? -Балалар, біздер тағы бұданда басқа қандай сыпайы сөздер білеміз. Осы біздер ойын арқылы айтып көрейік. Ойын. «Не деу керек?» Ойын шарты: Балалар шеңберге тұрады. Ойынға доп керек. Ойынды бастаған бала допты жолдасына лақтырып, қағып алған балаға күнделікті өмірден түрлі жағдайларды айтып сұрақ қояды. Ал қағып алған бала сол жағдайда айтылатын сыпайы сөздерді айтып, допты көршісіне ұсынады. Мысалы: Үйге қонақ келді, оған…-Сәлеметсіз бе, деймін. Адамдар жол жүргенде не айту керек?-Жолын болсын! -Жарайсыңдар, балалар. Енді бізге берілген ІІ тапсырманы орындайық. Бұл тапсырмада балалар сендер жақсы мен жамандық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер. Мақал-мәтелдер: Жаманмен жолдас болсаң, Қалдырады ұятқа. Жақсыменен жолдас болсаң, Жеткізер мұратқа. Жаман туыстан, Жақсы жолдас артық. Жақсының ісінен көрінер. Жаман жолдасын болғанша, Жақсы тұлпарын болсын. Аудио дискіден «Жақсы мен жаман» әңгімесі оқылады, балалар қимылмен көрсетеді. Тәрбиеші сұрақтар қою арқылы әңгіменің мазмұнын балаларға жеткізеді. -Гүлдің жабырқауына не себеп болды? Тәрбиеші: -Балалар, арам шөптің қылығы дұрыс па? Тәрбиеші: -Дұрыс, балалар, жақсы менен жаманның айырмашылықтарын түсіндік. Ендеше балалар, өздеріміздің берілген тапсырмамызға оралайық. Гүлнұр Тастанқызының ІІІ тапсырмасы «Түлкі мен қоян» ертегісін сахналап беріңдерші-дейді. | Балалар мұқият тыңдайды. -«Не деу керек?» өлеңінде Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, рахмет деген сөздерді естідік. Мирсат: -Кешіріңіз деген сөзді естідім. Аяна: -Кешіріңіз деген сөз естідім. Уалихан: -Менің апам әдепті бала дейді. Гүлжанат: -Ақылды, алтыным дейді. Дильназ: -Ботам, құлыным дейді.
Қоянды қатерден әдептілік мінезі құтқарды.
Өйткені, ол «кешіріңіз», «сәлеметсізбе» деген сыпайы сөздерді айтты.
-Арам шөп тек қана өзін ойлайды, басқа гүлдерге жақсылық тілемейді. -Гүлдің жабырқауына арам шөптің айтқан сөздері көңіл-күйін түсіріп жіберді. «Түлкі мен қоян» ертегісін сахналайды. | | |
| |
Қорытынды бөлім | -Біз бүгін сабақта бір-бірімізге жақсы сөз айтудың қажеттілігін ұғынып, жақсы сөздің адамға қуаныш, шаттық әкеліп, көңілін көтеретінін білдік. Сондықтан ылғи да әдепті сөйлеп, бір-бірімізге жақсы сөздер айтып жүрейік. Тәрбиеші: -Бүгінгі сабаққа келген қонақтарымызға біздің балаларымыз өздерінің сүйіспеншілік жүректерін әдепті сөздермен сыйлайды. - Көңілдеріңіз әрқашан көтеріңкі болсын! - Армандарыңыз алып шыңға көтерілсін! - Жүректеріңіздегі жылулық оты өшпесін! -«Жақсы сөз-жанға қуат береді» деп, біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізді «Біз өмірдің гүліміз» атты әдемі өлеңмен аяқтағымыз келеді. | Бала өзінің жұмысын таяқша арқылы бағалайды. | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: «Жақсылық» ұғымы туралы түсініктерін.
Түсінеді: адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін молайтады.
Қабылдайды : достық, сыйластық қасиеттерге баулу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 16.03.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: Қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : Салт және фольклор
Апталық тақырып: 2.Нұр төккен,гүл көктем
Бөлімі: 2. Жанды табиғат
Бөлімше: 1.3. Жануарлар әлемі.
Оқу мақсаты: 0.1.1.1 Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.
Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу іс-әрекеті: Драма
Тақырып: Алтын сақа
Мақсаты: Театрда балалар өздерін қалай ұстау керектігін үйрету. Алтын сақа ертегісі кейіпкерлерін атау.
Міндеттері:
Білімділік - Театр жайында мәлімет беру.
Дамытушылық -. Артикуляциялық жаттығу арқылы тілдерін дамыту.
Тәрбиелік- Ертегіні тыңдай білуге тәрбиелеу.
Полилингвальды компонент: бала- boy, әкесі- father
Тіл дағдылары: кебенек, малдас құру.
Технологиялық қамтамасыз ету: суреттер, ертегі кейіпкерлерінің бетперделері.
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | Есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім | -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Дұрыс,айтасыңдар қыс мезгілінің айларын айтайықшы. -Ал, көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? | Балалар педагогтың сұрақтарына жауап береді. | | |
Негізгі бөлім | Шал, қолында қамша, қой жайып жүреді. -Шек, әй, кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды, қой бақтым, қоңырау тақтым, сиыр бақтым, сидан қақтым, ешкі бақтым – еңіреп бақтым деген осы екен ғой. ( Уh, шаршадым деп, малдас құрып отыра кетеді, артынан келген мыстан кемпір шалды қылқындырады.) -Уh, бәлем, ұсталдың ба? Шал: -Ойбай, ойбай, жіберші, жіберші, жаным шығып барады. -Мыстан: -Сен маған не бересің? Шал: -Бір қора қой беремін. Мыстан: -Жоқ мен оған риза емеспін. Шал: -Барлық байлығымды берейін. Мыстан: -Жоқ , оған да риза емеспін. Шал: -Онда жалғыз Кенжебек деген ұлым бар, соны берейін. Мыстан: -Онда , келісемін оны қайтып бересің? Шал: -Баламның алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін, балам сақасын іздеп келгенде ұстап ал. Шал: -Онда міне, алтын сақа, деп қалтасынан алтын сақаны алып береді де өзі кетіп қалады. Мыстан кемпір алтын сақаның қасында отырады. Бала келеді. Бала: -Апа, апа, анау алтын сақаны маған қарай лақтырып жіберіңізші? Мыстан: -Ой балам, отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал Сонда бала: - Мен жастықтан түссем - міне алмаймын, мінсем - түсе алмаймын, - дейді. Сонда баланың тайы сақаның жанына жата қалады. Бала үзеңгіден аяғын суырмай, сақаны іліп алады. Тай тұра қашады. Жалмауыз кемпір тұра қуады. Бала қашып келеді. Әрі-бері қуып жете алмайтын болған соң кемпір бір тісін жұлып алып, атып жібергенде тайдын бір аяғын жұлып түсіреді. Тай үш аяғымен қашып, жеткізбейді. Кемпір тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі. Тай екі аяғымен шауып бара жатып, жолында бір бәйтерекке кез болады. Тай әлсірейін дейді. Терек жанына бара бергенде, бала тайынан секіріп түсіп, бәйтеректің басына шығып кетеді. Жалмауыз кемпір бәйтеректің түбін кешке дейін қазады. Бір кезде бір қызыл түлкі келеді де, кемпірге: - Шеше, шаршаған екенсің, мен қаза тұрайын, сен ұйықтап демал, - дейді. Кемпір жатады. Түлкі тісті суға атады да, қазған шұқырды қайта бітеп, өзі кетіп қалады. Кемпір тұра келсе, тісі де жоқ, түлкі де жоқ. Кемпір тағы бір тісін суырып алып, кетпен қылып, бәйтеректі каза береді. Бір уақытта тағы да бір түлкі келіп: - Шеше, кетпеніңді маған бере тұр, сен шаршаған шығарсың, мен қазайын, - дейді. Сонда жалмауыз кемпір: - Сен кетпенімді алып қашып кетесің, - дейді. Сонда түлкі: - Ол қырдың қызыл түлкісі, мен сайдың ақ түлкісімін. Баяғыда бұл баланың әкесі аң аулап жүргенде мені қуып, соға жаздаған болатын. Сондықтан бұл балада менің кегім бар, - дейді. Жалмауыз кемпір түлкінің сөзіне сеніп, тағы да кетпенді түлкіге беріп, өзі ұйқыға кіріседі. Түлкі тағы да кетпенін суға лақтырып жібереді де, шұқырды бітеп, өзі қашып кетеді. Кемпір тұрса, тағы да кетпені де жоқ, түлкі де жоқ. «Алда, ойбай-ай, алдаған екен ғой» деп, тағы да бір тісін суырып кетпен қылып, бәйтеректің түбін қаза береді. Сонда кемпір аузын ашса, бір-ақ тісі қалыпты. Кемпір бәйтеректің түбін қаза-қаза құлатуға жаақындайды. Бір заманда баланың төбесінен бір топ қарға өтеді. бала қарғаға: - Ау, қарғалар, қарғалар, қанатымен жорғалар. Жайлаудағы бес төбетіме хабар айта кет, мені жалмауыз кемпірден арашалап алсын, - дейді. Сонда қарғалар «қарқ-қарқ» етіп ұшып кетеді. Бір мезгілде үйректер төбеден ұшып өтеді, бала оларға да айтады. Олар да үндемей ұшып кете береді. Бір мезгілде бір қарлығаш бәйтеректің төбесінен әрлі-берлі ұшып жүреді де, баланың төбесіне келіп қонады. Бала қарлығашқа жылап тұрып, бұған да тапсырады. Бұрын бала қыстауындағы ұя салған қарлығаштың балапандарына тимей, бұларды жақсылап өсіріп, ұшырып жібереді екен. Сондықтан бала қарлығашпен дос екен. Сонымен, қарлығаш баланың төбеттеріне тапсырғанын айтып барады. «Осындай пәлен жердегі бәйтеректің басында бала тұр, бәйтеректің түбін жалмауыз кемпір қазып жақындатқан, енді құлатуға таяу тұр», - дейді қарлыгаш баланың төбеттеріне. Мұны естіген соң төбеттер шапқаннан шауып отырып, бәйтерекке келеді. Сол кезде бәйтерек те жерге құлайды. Баланың төбеттері, жалмауыз кемпірдің қолын қол, бұтын бұт қылып, жүн-жүнін шығарып, талап тастайды. Бала төбеттеріне кезек-кезек мініп, еліне аман-сау жетеді. Бала жалмауыздан аман-сау құтылып келгеніне әке-шешесіне қатты қуанып, ел-жұртын жиып, үлкен той қылады. | Ертегіні сахналау үшін тыңдайды, рөлдерге бөлінеді. | | |
Қорытынды бөлім | -Сендерге ертегі ұнады ма? -Қандай кейіпкер жақсы екен? | Балалар смайлдар арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді. | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: ертегі мазмұнынұғынады, сахналайды
Түсінеді:. Кейіпкерлердің мінез- құлқын сомдайды.
Қабылдайды : шығармашылықтарын арттырады.