СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Материял для учителей

Нажмите, чтобы узнать подробности

для учтелей. Это разработка как планировалии перейти нна латинском языке

Просмотр содержимого документа
«Материял для учителей»

Қазығұрт ауданы

білім бөлімінің

басшысы А.Уисимбаевқа





2017-2018 оқу жылындағы «Қазанның ххх жылдығы» жалпы орта мектебіндегі

«Латын әліпбиіне көшуді ілгерілету және талқылау» іс-шарасы

Мәлімет

«Қазанның ххх жылдығы» жалпы орта мектебінде Латын әліпбиіне көшуді ілгерілету және талқылауға арналған іс-шаралар жүргізілді. Іс-шара жұмыстарына мектеп ұжымы белсене қатынасып, жұмыла жұмыс жасады. Латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде өзге ұлт өкілдері мұғалімдері мен оқушылары да өз үлестерін қосты. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Б.Собитов іс-шараның жоспарымен таныстырды. Қыркүйек айының 13 жұлдызынан бастап,10-11 сынып жеткшілері Н.Ботбаева,Қ.Собитовтар «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелдер өткізді.Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшудің тиімділігі мен қиындығы жайында бірқатар пікірлер айтылып, өзара ой бөлісті. Сонымен қатар, мектептің барлық сыныптары арасында латын әліпбиіне көшу туралы талқылау мақсатында ашық сабақтар өтті. Сынып жетекшілер тынғылықты дайындалып, оқушыларға бағыт-бағдар беру арқылы олардың сыни көзқарастары мен латын әліпбиіне көшудің ілгерілеу жолдарын бірқатар атап өтті.Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары С.Бөрібеков пән мұғалімдерімен бірлескен түрде дөңгелек үстел өткізді. Бүгінгі таңда латын әліпбиіне көшу туралы бірнеше пікірлер айтылуда.Дегенмен қазақ тілі латын әліпбиіне көшеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдауында қазақ елініің болашақ даму стратегиясы айқындалды,соның ішінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшетіні туралы қорытынды пікірлер айтылғанын атап өтті. 9-11 сынып оқушылары арасында «Латын әліпбиін таңдау қаншалықты маңызды?» тақырыбында дебат өтті. 9-11 сынып оқушылары арасында өз пікірлерін еркін айтты. Әліпбиді латынмен алмастырғанда ұтатын және ұтылатын тұстарымыз қайсы? Латын әліпбиін қолданысқа енгізуде қандай кедергілер бар? деген сұрақтар төңірегінде пікір алмасты. Сондай-ақ, директор жанындағы отырыста латын әліпбиіне көшуді ілгерілету мен талқылау жайлы іс-шараның маңыздылығын директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары Г.Жамалова атап өтті. Ол өз сөзінде латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады деді. Түбі бір түркі дүниесі, негізінен,латынды қолданады. Бізде олармен рухани, мәден қарым-қатынаста латын әліпбиін қолдансақ жеңілдер еді деген ойларын білдірді. Елбасы салған дара жолдың, сара саясатын қолдау біз үшін мәртебе деп сөзін аяқтады. Аталған іс-шараларда оқушылар мен мұғалімдер ой түйіп, бірқатар сұрақтарына жауап алды.



Орындаған : Карнакбаева Ш