Квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын қолдана алу, квадрат үшмүшені толық квадратын бөліп алу арқылы көбейткішке жіктеуді үйрету
Білім алушылардың ой - өрісін кеңейтіп, қызығушылығы мен белсенділігін арттырып, есептеу дағдысын жетілдіре отырып танымдық қызығушылығын дамыту. Өз бетінше есептер шығара білуге, тез ойлап ойын жеткізуге және ізденуге, математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Математика пәнінен 8 - сыныпқа арналған "Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу" тақырыбындағы сабақ»
Сабақтың тақырыбы: Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың мақсаты: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын қолдана алу, квадрат үшмүшені толық квадратын бөліп алу арқылы көбейткішке жіктеуді үйрету
Білім алушылардың ой - өрісін кеңейтіп, қызығушылығы мен белсенділігін арттырып, есептеу дағдысын жетілдіре отырып танымдық қызығушылығын дамыту. Өз бетінше есептер шығара білуге, тез ойлап ойын жеткізуге және ізденуге, математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Оқыту әдіс-тәсілдері: Интербелсенді тақта, слайд, карточка
Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру бөлімі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІ. Мағынаны тану. Жаңа сабақ: ах2 +вх+с түріндегі көпмүше квадрат көпмүше деп аталады.
Квадрат үшмүшенің алдымен түбірлерін тауып аламыз, содан соң
көбейткіштерге жіктейміз.
Квадрат көпмүшенің көбейткіштерге жіктелуі: а(х-х1)(х-х2)
квадрат үшмүшені көбейткіштерге былайша жіктеуге болады:


Мыс: х2-17х+70 көбейткіштерге жіктеу. Түбірлері: x1=7 x2=10
х2-17х+70=(х-7)(х-10)
х2+px+q=х2-(х1+x2)х+х1∙x2=х2—х1х+х1x2=х(х-х1)-х2(х-х1)=(х-х1)(х-х2)теңдігін аламыз. Сонымен, егер х1 және х2 сандары х2+px+q квадрат үшмүшесінің түбірлері болса, онда х2+px+q=(х-х1)(х-х2) теңдігі орындалады.
Ал жалпы жағдайда, aх2+bx+c квадрат үшмүшесінің түбірлері aх2+bx+c=0 теңдеуінің немесе теңдеуінің түбірлерімен бірдей болады. Егер оның түбірлері х1,x2 болса, онда жоғарыдағы көрсетілгендей теңдігі орындалады. Сондықтан Сонымен, егер х1 және x2сандары aх2+bx+c квадрат үшмүшесінің түбірлері болса, онда aх2+bx+c=а(х-х1)(х-х2) теңдігі ор
«Кім жылдам» Деңгейлік тапсырмалар . (қолдану) | І деңгей . Коэффициенттерін жазыңдар. а) б)  ІІ деңгей . Түбірлерін табыңдар: 1) х2-4х+3 х1=1, х2=3 2) х2 +3х-10 х1=-5, х2=2
ІІІ деңгей . Көбейткіштерге жіктеңдер. 1) 15х2+х+2=15(х-1/3)(х+2/5) 2) 2х2-5х+2=2(х-2)(х-1/2)
|
ІІІ. Толғаныс.
Ребус шешу кезеңі. Жауабы: КВАДРАТ
Сөзжұмбақ шешу кезеңі.
Квадрат теңдеудің неше түрі бар? (үш)
ах2+bx+c=0 түріндегі квадрат теңдеудегі а-қандай коэффициент деп аталады? (бірінші)
b мен c нөлге тең болатын дербес жағдайлардағы квадрат теңдеу қалай аталады? (толымсыз)
Егер рационал теңдеудің екі жақ бөлігінде де бүтін өрнектер жазылса, онда оны қандай теңдеу деп атаймыз? (бүтін)
ах2+bx+c=0 түріндегі квадрат теңдеудегі b-қандай коэффициент деп аталады? (екінші)
Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтінділері бос мүшеге тең. Бұл қай теорема? (Виет).
ІV. Қорытындылау, бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды кері байланыс картасымен бағалау. Сабақ бойында жасалған жұмыстарға талдау
V. Үй тапсырмасы: №326, №330.