Просмотр содержимого документа
«Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі" Тақырыбы: Мен көмекшімін»
Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 05.02.20
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Пән: Өзін-өзі тану
Өтпелі тақырып: «Қыстың керемет шағы»
Тақырыбы: «Мен көмекшімін»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу
2.Дамытушылық: Бір-біріне көмектесе білу дағдыларын қалыптастыру.
3.Оқыту: Көмек, көмектесу ұғымдары туралы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.
Сөздік жұмыс: Қолғанат
Үштілділік: Көмектесу-помочь-to help
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І.Ұйымдастырушылық кезеңі
1.Шаттық шеңбері:
-Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрып,бір-бірімен амандасады.Бәрі бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен,
«Қайырлы таң!» деймін мен.
ІІ. Негізгі бөлімі.
1.Әңгімелесу
-Балалар, «өзін-өзі тану» әлеміне саяхат барысында адамдардың бір-біріне мейірімділікпен, қамқорлықпен қарап, шыншыл бала болу қажеттігін түсіндік.Енді бүгінгі сабақта «көмектесу» туралы әңгімелесеміз.
- Көмектесу дегенді қалай түсінесіңдер?
«Қолғанат»
- Жанар анасына қандай көмек корсеткісі келді?
- Анасы Жанардың бұл ісін қалай бағалады?
- Сендер ата-аналарыңа қандай көмек көрсете аласыңдар?.
Сөздік жұмыс: Қолғанат
Үштілділік: Көмектесу-помочь-to help
Дәйекөз
Тәрбиеші «Бала - ата-ананың қолғанаты» нақыл сөзін сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
Ойын – жаттығу. «Топтасып көрейік...».
Шеңбер бойындағы балалар бір-біріне төмендегі белгілері бойынша топтасады:
- кімнің мысығы бар...
- ақ көйлектілер ...
- тәттіні жақсы көретіндер...
- футболды жақсы көретіндер...
Балалар топтасқаннан соң, жүргізушінің нұсқауы бойынша үнсіз қимылмен төмндегі тапсырмаларды орындайды:
- ағаш аралау;
- алма жинау;
- суға түсу;
- әткеншек тебу;
- сурет салу;
- би билеу.
ІІІ. Қорытынды
- Балалар, бүгінгі сабағымызға үлкендерге, өзімізден кішілерге, бір-бірімізге қалай көмектесетініміз туралы әңгімелестік. Сендер кішкентай болсаңдар да үлкендерге көмек беру, қолқанат болудың жақсы қасиет екенін білесіңдер. Көмектің үлкен-кішісі жоқ. Сендердің әрбір көмектерің үлкендерді, ата-аналарыңды қуантады.