Просмотр содержимого документа
«"Менің кішкентай Отанымның тарихы" 9-сынып оқушысы Арыстанбек Ләйлә жетекшісі Байдулла Мөлдір»
МЕНІҢ КІШКЕНТАЙ
ОТАНЫМНЫҢ ТАРИХЫ
Орындаған: Арыстанбек Ләйлә
№ 221 негізгі орта мектебі
Жетекшісі : Байдулла Мөлдір Ерманқызы
Туған жерге,оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айырықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Н.Ә.Назарбаев
Жоспары
1.Географиялық атауы
2.Құрылу тарихы
3.Даму кезеңдері:
а) су мұнарасы;
ә) метеостанция
4.Табиғат, климат ерекшеліктері
5.Халық саны
6.Әлеуметтік-тұрмыстық салалары
7.Көрікті жерлері
Географиялық атауы
«Аққұм» аталу себебі Сырдария маңында ерекше үлкен, ақ құм төбенің болуына байланысты қойылған. Аққұм ауылының іргетасы 1902 жылы патша үкіметі тұсында ауа райын бақылайтын орталық ретінде қаланған. Ауылдың байырғы тұрғындары бір шақырым қашықтықтағы Сыр бойын мекен еткен.
Құрылуы тарихы
1904-1905 жылдары елімізде
Орынбор – Ташкент теміржолы салынғанда Жаңақорған, Төменарық, Бесарық бекетімен бірге Аққұм бекетінің іргесі қаланды. Бекетті салуға орыс инженерлері жетекшілік жасады. Негізгі қара жұмысқа ауыл халқы жұмылдырылды. Теміржол құрылысына тас Қосүйеңкі ауылынан тасымалданды.
Даму кезеңдері
Су мұнарасы
Ауылда 1904 - 1905 жылдары теміржолмен бірге салынған ескі вокзал үйі мен су мұнарасы бар. Су мұнарасы стансаға келіп тоқтаған паровоздарға су жеткізу қызметін атқарған. Ол су негізінен құбыр арқылы Сырдария өзенінен тартылған.
Метеостанса
Патша үкіметінің барлау жұмысы негізінде жоспарланған ауа райы бекеті жұмысын толық 1928 жылы 24 маусымда бастады. Теміржол бойындағы ауа райының мәліметін Сырдария суының деңгейін хабарлау мақсатында салынған.Алғашында Қаратау етегінен 50 км қашықтықта теміржолдың оңтүстік беткейінде орналасты. 1939 жылы ауыл ішіне орналастырылды. Метерологиялық стансия қазіргі күннің өзінде ауданымыздағы жалғыз бекет болып табылады.
Табиғат, климат ерекшеліктері
Жаңақорған ауданынан оңтүстік шығысқа қарай 23 шақырым жерде, Сырдария өзенінің сол жағалық аңғарында Аққұм ауылы орналасқан, жер көлемі 1319 га. Жер бедері төбелі,тегіс жазық болып келеді.
Аққұм бекеті Бөріойнақ, Талап разъездерінің арлығында орналасқан.
Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолы ауылдан 12 км қашықта .
Климаты қысы суық қар аз түседі, қаңтар айында -35-37 С, жазы ыстық құрғақ шілде айында 36-40 С. Жауын-шашын 100-180 мм. Жаз мезгілінде шаңды дауыл жиі тұрады.
Дәрілік өсімдіктер
Жусан
Мия
Адыраспан
493
Халық саны
463
360
Әлеуметтік-тұрмыстық салалар
1935 жыл – төртжылдық бастауыш мектеп ашылды
1936 жыл – байланыс торабы ашылды
2001 жыл қыркүйек айы - № 221 Аққұм негізгі мектебі ашылды
2001 жыл қазан айы – медпункт ашылды
2015 жыл – ойын алаңы ашылды
2016 жыл - Ақбұлақ бағдарламасы аясында су құбырлары тартылды
2017 жыл - медпункт ашылды
2017 ж - Аққұм мешіті салынды
2017 жыл - жаңа мектеп құрылысы басталды
2017 жыл - «Казатомпром» АҚ жетекшілігімен барлау жұмыстары жүргізілуде
№ 221 Аққұм негізгі мектебі
Аққұм фельдшерлік пункті
Аққұм мешіті
Ойын алаңы
Жаңа мектеп құрылысы
Барлау жұмыстары
Барлау мұнарасы
Туған өлкемнің көрікті жерлері
Аққұм бекетінің тарихи орындары
Назарларыңызға рахмет!