Мотивациялық қозғаушылық | Кәне-кәне, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. - Балалар біз неге ұқсадық? - Күнге, киіз үйге, допқа ұқсадық па? - Балалар біз қандаймыз? - Шұғылалы таңдаймыз. - Балалар алақанымыздың жылуын сезіндік пе? - Кәне, ендеше апайларымызға, жақсы тілектерімізді айтайық Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Армысыздар қонақтар. | Балалар шаттық шеңберін құрып, көңілді күйде өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап қимылмен орындайды. |
Ұйымдастырушы ізденуші | - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Қазір қай ай? - Аптаның қай күні? - Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге Қуыршақ Айсана қонаққа келді. Ол өзімен бірге отбасының суретін ала келіпті. Ол өзінің отбасы туралы әңгімелеп берулеріңді өтініп отыр. - Айсанаға көмектесеміз бе? - Бұл суретті қалай атаймыз? Неліктен? - Айсананың отбасы қандай екен? Тату-тәтті. Отбасындағы әр адам өз ісімен айналысып жатыр. Сөздік жұмыс: отбасы, тату, мейірім Сергіту сәті: Саусақ жаттығуы: Бір үйде біз нешеуміз? Кел, ойнайық екеуміз. Бас бармағым - әкем, Балаң үйрек - анам. Ортан терек - ағам, Шылдыр шүмек - мен, Титтей бөбек - сен. - Балалар мен сендерге отбасыларың мен түскен фотоларыңды алып келіңдер деген болатынмын. Ендеше отбасыларына кезек берейік. Ал енді балалар өз отбасылық суретімізді бояық. Дидактикалық ойын: «Қай зат кімдікі?» Ойын шарты: мұнда балалар әжесіне, атасына,анасына, әкесіне, ағасына, апасына тиісті заттарды атауы керек) | -Күз - қазан - -Бейсенбі Балалар келісімдерін береді. отбасы Балалар назарларын суретке аударады. . Қайталайды: отбасы, тату, мейірім Мәтінге сәйкес қимылмен орындайды. Дайын отбасы үлгісіне балалар карандашпен , оң қолдарына алып, таңдаған түстерімен бояды Балалар ойынға қызыға қатысады |
Рефлексивті коррекциялаушы | - Бүгін бізге қонаққа кім келді? - Кімнің отбасымен таныстық? - Айсананың отбасы қандай екен? - Сен өз отбасыңды неге және не үшін жақсы көресің? - Балалар мына сызба кестеге назар аударып,бірге қайталайық. Сызба кесте: Күн дегенім анам, әкем, Ай дегенім әжем, атам, Жұлдыздарым әпкем, ағам, Амандығын олардың күнде тілеп жатамын. Сендердің отбасыларыңа татулық пен мейірімділік тілеймін. Балаларды мадақтау. | Қуыршақ Айсана келді. Айсананың отбасымен таныстық. Айсананың отбасы тату, мейірімді Балалар өз ойларымен жауап береді. Балалар сызба кестедегі суреттер бойынша айтып қайталайды. |