СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Методическая разработка "Горячий цех" по предмету Организация производства на ПОП

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Методическая разработка "Горячий цех" по предмету Организация производства на ПОП»

Топтар

Ас-14-8



Күні





«Бекітемін»

Директордың ОІ

жөніндегі орынбасары

_________________Ұябаева Г.Ж.

«____»___________2016 ж.




САБАҚ ЖОСПАРЫ № 16,17


Пән «ҚТК-да өндірісті ұйымдастыру»

Сабақтың тақырыбы Ыстық цех. Өндірістік үрдістерді технологияландыру белгілері.

Жартылай өнімдердің дайындық дәрежелері. Дайындау цехындағы алғашқы аспаздық өңдеу. Дайындау цехындағы технологиялық үрдістер және жұмыс орындары

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқыту оқушыларды технология жөнінде негізгі түсініктермен, технологиялық үрдістер циклымен және ҚТК-ң негізгі түрлері мен маңызын оқытып-үйрету

  2. Дамыту Кәсіптік бағдар бағытында оқушылардың ғылыми көзқарастарын дамыту

  3. Тәрбиелік Оқушыларды жартылай өнімдерден тағам дайындауда құрал жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға, үнемділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі _ Жаңа білімді қалыптастыру



САБАҚТЫҢ ӨТІЛУІ


1. Ұйымдастыру сәті _Сәлемдесу, түгендеу


2. Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру 15 мин

1. Жұмыс орны деген не?

2. Өнімдерді аспаздық өңдеуде қандай үрдістер жүреді?

3. Жұмыс орнын ұйымдастыруда қойылатын талаптар

4. Салқын цехқа қажетті құралдар мен жабдықтар


3. Жаңа материалды түсіндіру

1. Ыстық цехқа жалпы сипаттама

2. Басқа цехтармен байланысы

3. Ыстық цехтың микроклиматы

3. Цехта қолданылатын құралдар мен жабдықтар

4. Цехта еңбекті ұйымдастыру


4. Жаңа материалды бекіту

1. Қандай кәспорындарды дайындау деп атайды?

2. Оған жататын кәсіпорындарды атаңыз

3. Ыстық цех қандай бөлімдерден тұрады?


5. Оқушының өзіндік жұмысы

ҚТК-дағы цехтардың құрылымын сызу


6. Қорытындылау

Баға қою


7. Үй тапсырмасын беру туралы мәлімет кезеңі 1 мин

Негізгі әдебиет бойынша 182 – 213 беттерден сабаққа дайындалу


8. Рефлексия кезеңі 1 мин

Білім беру тапсырмалары:

  1. Оқушылардың өзіңіздің эмоционалдық көңіл-күйіңізге, қызметіңізге қатысты рефлекстерін тудырту, оқушы мен оқытушы арасындағы өзара әрекеттесу.

Сабақ кезеңінің мазмұны:

  1. Оқушылардың рефлекстері бойынша байланыс.

«Ал, сабақ қалай өтті









Оқытушы ______________________ Кокимбекова Г.Д.




Жартылай өнімдердің дайындық дәрежесі


Сабақ жоспары:


  1. Өндірістік сауда бойынша кәсіпорын түрлері

  2. Дайындау цехындағы алғашқы аспаздық өңдеу

  3. Дайындау цехындағы технологиялық үрдістер



1.Қызмет көрсететін контингентіне байланысты кәсіпорын 2 топқа бөлінеді:

  • ұйымдастырылған контингентке қызмет көрсететін кәсіпорындар (жұмысшылар, өндіріс кәсіпорнының қызметтері, мекеме, оқу орнының оқушылары т.б.)

  • жалпы қолайлы кәсіпорындар.

Өндірістік сауда бойынша қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны дайындау, ас дайындау және толық циклды кәсіпорындар болып бөлінеді.

Дайындау кәсіпорны жартылай өнімдерді тұтынушыға қызмет көрсететін кәсіпорындарға тасымалдайтын кәсіпорындар жатады. Бұлар – дайындау фабрикалары, жартылай өнім комбинаттары, арнайы дайындаушы цехтар, дайын фасовкаланған тағамдарды дайындайтын цехтар, арнайыланған аспаздық және кондитерлік цехтар.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының негізгі түріне жататындар: жартылай өнім комбинаттары, дайындау фабрикалары, дайындау асханалары, ас үй фабрикалары, жартылай өнім шығаратын арнайы цехтар. Асхана, мейрамхана, кафелер, басытқыхана, буфет, сусын сататын арнайы кәсіпорындар, түскі асты үйге жіберетін кәсіпорындар, аспаздық дүкендер.

Дайындау фабрикасы – мұнда жоғары өндірісті құрал-жабдықтар істейді, сонымен қатар ет, балық, көкөністерді өңдейтін механикаландырылған желілер, қуатты тоңазытқыш құралдары, ет пен құсты ерітетін дефростерлер де жұмыс істейді.

Жартылай өнім комбинаттары – мұнда тек қана жартылай өнім шығарылады (еттен, құстан, балықтан, картоптан, көкөністерден). Мұндай кәсіпорындардың қуаттылығы тәулігіне 30-44 т шикізат шығарады.

Ас үй фабрикасы — бұл ірі кәсіпорындардың басқа кәсіпорындардан айырмашылығы, мұнда асхана, мейрамхана, кафе т.б. орналаса алады.

Қуаттылығы – бір ауысымда 10-15 000 тағамға дейін шығарады.

Арнайыланған аспаздық цех – ет комбинаттарында, балық зауыттарында, көкөніс сақтау қоймаларында ұйымдастырылады. Еттен, балықтан, көкөністерден дайындалатын ж/ө дайындап, оны тарату үшін арналған.

Қуаттылығы – тәулігіне 10 тоннадан аса.

Тамақтану комбинаты – ірі шаруашылық есептеу бірлестігі, құрамына дайындау фабрикасы, арнайыланған дайындау цехтары, аспаздық дүкендер кіреді.


2.

3.