Мектепішілік «Әбіш оқуларының» бағдарламасы
«Әбіш оқуларының» негізгі мақсаты: Мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау; олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту; жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланғандүниетанымдары мен сана - сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру
ҚаҚҚҚҚҚҚҚйырлы кешЖүргізуші:
Қайырлы кеш, қымбатты қонақтар, жиналған қауым!
Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын- Алланың айрықша мейір- шапағаты түскен пендесіне қиял-ғажайып нұры. Ата күші, Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға қып қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі-жүректерді жан жылуымен ерітіп,проза әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген «Парасат»ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Ә.Кекілбаев
Қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың жалынды жырларын халық арасында кеңінен тарату мақсатына негізделген I Мектепішілік «Фариза оқулар» бастаймыз.
Байқа Аймақтық «Әбіш оқулары» бес бөлім бойынша өткізіледі.
у 3 кезе
Қ.
1. Үй тапсырмасы. Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер байқауы.
Қойылатын талаптар: Байқауға 1 оқушы қатысады. Жұмыс саны 3 -тен аспауы тиіс. Суреттің оң жақ бұрышында жұмыстың тақырыбы, оқушының аты - жөні, облысының атауы, мектебі, сыныбы мен жетекшісінің аты -жөні толық көрсетіліп жазылуы қажет.
Орындау техникасы: Жұмыс форматы - А3 түрінде. Кескіндеме (акварель, гуашь, акрил), графика (тушь, перо, қылқалам, түрлі - түсті қарындаштар және т.б). Рамаға салу міндетті емес.
2. Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан)мәнерлеп оқу байқауы.
Қойылатын талаптар: Байқауға 1 оқушы қатысады, өзі таңдаған
3 шығармасын мәнерлеп оқиды. Берілетін уақыт 5-7 минут.
3. Шығармашылық жұмыс.Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы.
Қойылатын талаптар:Байқауға 1 оқушы қатысады, оқушы жазушының тарихи тұлғалар, туған ел, жер туралы және сүйіспеншілік бағыттарында жазған еңбектерінен зерделеу жоба жұмысын қорғайды.
Жұмыс көлемі 10 беттен аспауы керек, мәтіні толық компьютерде теріліп (WORD, шрифт Times New Roman-14, 1,5 интервал, сол жақтан 2 см жол қалдыру), беттері нөмірленуі тиіс. Сондай-ақ:
титул парағы:
жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;
жұмыстың тақырыбы;
бағыты; (тарихи тұлгалар, туган ел, жер, сүйіспеншілік)
орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі, қаласы,);
жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, оқу дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);
жұмыстың орындалған уақыты;
- мазмұны
кіріспе - жұмыстың тиянақты сипаттамасы (екі беттен артық емес),мақсаты, жұмыстың жүзеге асырылған жері көрсетіледі;
жұмыстың негізгі бөлімі: 15 беттен артық емес жеке тараулардан, параграфтардан тұруы мүмкін;
қорытынды (1 беттен артық емес) жұмыстың негізінде жасалған қорытындыларын, нәтижелерін, ұсыныстарын келтіреді.
пайдаланылған әдебиеттер тізімі жұмыс соңында жалпы тізіммен беріледі.
Шығармашылық жұмыс арнайы дайындалған слайд арқылы қорғалады. Берілетін уақыт: 5-7 минут
4. «Жас дарындар» байқауы.
Қойылатын талаптар: Байқауға 1 оқушы қатысады. Ә.Кекілбаевтың өміріне, шығармашылық еңбегіне, қоғамдағы орны мен қызметіне орай арнау, эссе, ашық хат түрінде өз туындыларын орындайды. Берілетін уақыт 3-5 минут.
5. Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылымбайқауы.
Қойылатын талаптар:Байқауға топ құрамындағы 10 оқушының қатысу мүмкіндігі қаралады. Сахна мәдениеті өзін-өздері ұстауы, сахналық киімдері, сөйлеу мәнерлері мен тақырыпты толық аша білулері бағаланады. Берілетін уақыт 10 минут.
ңнен тұрады.
Қазылар алқасы үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:
– шығарманы оқу шеберлігіне;
– дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;
– шығарманы таңдау талғамына назар аударады.
Сайыскерлерді бағалайтын қазылар алқасымен таныс болайық.
1.Қайдар Нурия – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2.Тастемирова Әмина-жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
3.Баделова Шолпан-қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі жетекшісі
4.Койтанова Айгерим- мектепішілік «Жас ақындар» үйірмесінің жетекшісі
5.Абилхайрова Алтынай-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
(Сайыскерлер жеребе суырады.)
Жүргізуші:
Ақынның нәзік жүрегі
Самалдан тоңар гүл еді.
Халқының махаббатымен
ақсұңқар құстай түледі.
Ел ғана – тұғыр-тірегі,
Әділет үшін жан салып,
алдыңда тұрсын қанша алып –
шындыққа жетпей тынбайды,
қияметтерге қарсы ағып,
баурайды сонда бал шабыт.
Сұлулық пенен пәктіктен рақат күткен,
шығып кеткенше ақтық дем,
арпалысып өтер қасқайып күңкілмен, бұқпа сақтықпен.
Аялап туған ел, жерін, өнерін, тілін, ерлерін
қастерлер елдің туындай. Аяла, халқым, суынбай.
Бұқардың мұрагерлерін.
Байқауды бастаймыз.
(сайыскерлер кезегімен өнерлерін көрсетеді)
Жүргізуші: Құрметті, қауым!
Белгілі қаламгер Ә.Кекілбаевшығармашылығына арналған мектепішілік «Әбіш оқулары» мәресіне жетті. Сөз әділқазылар алқасына беріледі.
ҚҒӘО облыстық білім басқармасының 16.09.2016 жылы №1633 хатына сәйкес Қазақстан Республикасының халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Ә. Кекілбаевтың шығармашылығына арналған Әбіш оқуларының қалалық кезеңін өткізілетінін хабарлайды.
Байқаудың мақсаты: Ә.Кекілбаевтың шығармашылығының
көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы оқушылардың
ой - танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.
Ескерту: Әр мектептен 4 номинацияға («Иллюстрациялық сурет», «Мәнерлеп оқу», «Шығармашылық жұмыс», «Жас дарындар» номинациясының әрқайсысына)
1 оқушыдан, сахналық қойылымға 6 оқушы, барлығы - 10 оқушыдан тұратын 1 топты ұсынады.
Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасында аймақтық
Әбіш оқуларының байқауын дайындау және өткізу
ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Әбіш Кекілбаев - қазақ қоғамы өміріндегі түрлі саяси өзгерістерге, ұлт болмысындағы өміршеңдікке, алуан жайттарға қоғамдық санамызды қалыптастыруға күш салған қаламгерлердің бірі.
Осы ереже Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларының арасында өткізілетін аймақтық «Әбіш оқуларын» (бұдан әрі Әбіш оқулары) өткізу тәртібін айқындайды.
Аймақтық. «Әбіш оқуларының» негізгі мақсаты: Мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау; олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту; жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланғандүниетанымдары мен сана - сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру