Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне
арналған нұсқау.
Балалардың өмірі мен денсаулығын
қорғау.
1 . Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқау балабақшасының барлық тәрбиешілері орындауы үшін міндетті болып саналады. 2. Тәрбиешілердің балалардың өмірі мен денсаулығы үшін дербес жауапкершілікке ие. 3. Тәрбиешілер барлық күн тәртібі сәттерінде баланың бақылау жасайды. 4. Жараққатты профилактикалауға көңіл бөлу.
5. Балабақша бөлмелерімен қозғалу кезінде , балалар
бақшасы аумағынан тыс жерде, сондайақ техникалық оқыту құралдарын пайдалану кезінде қауыпсіздікті қамтамасыз ету,
балаларды балалар бақшасы аумағынан тыс
жерге жібермеу.
6. Бала өз бетінше кетіп қалған жағдайда, тәрбиеші бұл туралы әкімшілікке хабар беріп , оны жедел іздестіруді
ұйымдастыруға тиісті.
7. Балаларды үйге жалғыз жіберуге , бөтен адамдармен , мас адамдар қолына беруге тыйым
салынады.
8. Ата-анасымен алдын ала баланы жетуге сенім білдірген
адамға сенімхат рәсімдеу оған ата анасы мен сенім білдірген адамның қолы қойылған болуы тиіс.
9. Балалармен
сабақ өткізу кезінде қауыпсіздік техникасын сақтау , оларды қауыпсіздік еңбек әдістерін үйрету.
10.Сабақты сіреңке мен басқа да қауіпті материалдарды пайдаланбау.
11.Учаскелерде,топтарда,дәліздер мен
баспалдақ алаңдарында қауыпсіз жүріс тұрыс ережелері туралы балаларға ұдайы нұсқау беру.
12.Серуендеу кезінде балаларды топқа жалғыз
жібермеу.
13.Үнемі балалармен бірге болу.
Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне
арналған нұсқау.
Жаз мерзімінде балалардың өмірі мен
денсаулығын қорғау.
1. Балалардың
күні бойы топта болу кезінде ауа жылу тәртібін сақтау.
2. Балалар жоқ кезде ғана бөлмені жөндету .
3. Балаларды серуендеуге ұйымдасқан түрде шығару,баспалдақтан түсу кезінде қауіпсіздік
техникасын сақтау:балалар төменгі белдеуден ұстауы , бірін бірі итермеуі және бір бірінен озбауы тиіс.
4. Балалар серуендейтін жер алдын ала қуыпты заттар мен улы өсімдіктердің болу жағдайына арнап тексерілуі тиіс,учаскідегі жабдықтар ойнау
үшін қауіпсіз болуы , шегелердің шығып тұрмауы,тақтайлар сынуға дайын тұрмауы тиіс.
5. Құмдақтағы
құм таңғы және кешкі серуеннен соң міндетті түрде аударылып , конус тәрізді пішінге жинастырылуы тиіс.
6. Балалар құммен ойнаған кезде , құмды бір біріне лақтырмауын қадағалауы керек .
балаларға құм көзге түсуі мүмкін екендігін ескерту.
7. Балалар бассейінге қатаң кесте бойынша шомылуы керек.
8. Тәрбиеші және медициналық қызметкердің қатысуы мен ғана балалар суға шомылуы тиіс.
9. Балалар шомылған кезде шомылу мен демалуды кезек кезек жүргізу керек . Уақыт мөлшерін
сақтау керек
10.Ыстық уақытты күн өтуден сақтану үшін
балалардың жұмсақ әрі жеңіл бас киімдері болуы тиіс.
11.Балаларды әткеншек пен сырғанақ
тебу,арқанға ,баспалдаққа өрмелеу кезінде , міндетті түрде оларды сақтандыру
керек.
12.Ыстық уақытта су ішу тәртібін сақтау
қажет.
Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқау.
Табиғи материалдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
1. Өткір табиғи материалдармен,қалған жапырақтармен,ракушкамен,құрғақ бұтамен жұмыс
істеген кезде денені кесіп алмау үшін абай болу керек .
2. Ешқайда алаңдамай мұқият жұмыс істеу,тәрбиешіні тыңдау.
3. Жұмыс істеу кезінде үстелде тік отыру, айналмау,қолды сермемеу керек. өзінің немесе жолдасының көзіне тиіп кетпеуі тиіс.
4. Жұмыс істеу кезінде ауызға табиғи материалды еденге тастамау.
5. Жұмыстан соң жұмыс орнына қалдық материалды алып , қолды жуу керек.