Микроэволюция ілімі аясында қарапайым эволюция бірлігі ретінде қарапайым эволюциялық құбылыс, қарапайым эволюциялық материал және қарапайым эволюциялық факторлар деп бөледі. Эволюцияның қарапайым бірлігіне популяция жатады. Популяция (population деген француз сөзі) — бір түрге жататын бірнеше даралар жиынтығы, олар көп уақыттан (бірнеше үрпақтан бері) бері белгілі аумақты мекендейтін, өзара еркін шағылысып өсімтал ұрпақ беретін және өздеріне ұқсас түрлердің популяциясынан белгілі бір кедергілерге байланысты бір-бірінен оқшауланған түрді айтамыз. Түрдің құрамында бір немесе бірнеше (көп) популяциялар болуы мүмкін.
Просмотр содержимого документа
«Микроэволюция және популяция туралы ұғым.»
Микроэволюция және популяция туралы ұғым.
Микроэволюция ілімі аясында қарапайым эволюция бірлігі ретінде қарапайым эволюциялық құбылыс, қарапайым эволюциялық материал және қарапайым эволюциялық факторлар деп бөледі. Эволюцияның қарапайым бірлігіне популяция жатады. Популяция (population деген француз сөзі) — бір түрге жататын бірнеше даралар жиынтығы, олар көп уақыттан (бірнеше үрпақтан бері) бері белгілі аумақты мекендейтін, өзара еркін шағылысып өсімтал ұрпақ беретін және өздеріне ұқсас түрлердің популяциясынан белгілі бір кедергілерге байланысты бір-бірінен оқшауланған түрді айтамыз. Түрдің құрамында бір немесе бірнеше (көп) популяциялар болуы мүмкін.
Популяцияларға таралу аумағы (ареал), даралардың саны, даралардың санына байланысты кеңістіктегі мекендеу аумағы, жасы, жыныстық құрамы, генетикалық гетерогендігі сияқты көрсеткіштер тән. Популяцияның қарапайым эволюция бірлігі ретінде қабылдануы мынандай себептерге байланысты: жеке даралардың өзгеруі эволюциялық өзгеріске әсер етпейді. Эволюциялық өзгеріске жеке дара емес, популяцияны құрайтын даралардың топтары ұшырайды. Ал дараға келетін болсақ, ол табиғи сұрыпталу жүретін нысан болып саналады (төмендегіні қараңыз). Эволюциялық үрдістерде популяция бөлінбейтін бірлік, ол экологиялық, морфофизиологиялық және генетикалық біртұтастығымен ерекшеленеді. Қарапайым эволюция бірлігі (популяция) өзінің, тіршілікке тән дискретті оқтын-оқтын үзіктілік қасиетке тән.
Организмдерде гаметаларындағы аллельді формадағы барлық гендердің жиынтығы популяцияның қүрамында гендердің біртұтастығын білдірсе, онда популяциядағы барлық генотиптерінің жиынтығы генофонд деп аталады. Егер жеке диплоидты организмдегі кез келген аллельдердің кездесу жиілігі 100%, 50%, немесе 0% болуы мүмкін, бірақ организмдердің популяциясында осы аллельдің кездесу жиілігі осы геннің популяциядағы жеке дараның (индивидтің) (%) көрсеткіш қызметін атқарады. Сондықтан, популяциядағы организмдер аллельдердің кездесу жиілігі 0 ден 100%-ға дейін өзгереді. Генетикалық біртұтастықтың тұрақты болуы, гендердің қызметіне байланысты болмай гендердің кездесу жиілігі бірінен кейін бірі үнемі алмастырып тұратын барлық ұрпақтарда үнемі тұрақты.