Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Өткізу күні: 18.10.2018 ж.
Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Қош келдің Алтын күз»
Тақырыбы: Міне күзде келді
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын дамыту
Оқыту: Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тақпақ жаттау:
Алма, алмұрт,қарбыз, қауын
Бәрі бақта піседі
Жапырақтар сусып-сусып
Жерге жаймен түседі
Қарандаршы, қарандаршы
Күз мезгілі керемет.
2. Негізгі бөлімі
Жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Күз мезгілі туралы түсінік беру. Күзде ауа – райы салқын болады, далада жаңбыр жауады. Адамдар жылы киінеді, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Балалар қараңдаршы ағаштар тербеліп тұр, бізде ендеше ағаштар сияқты тербеліп сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Суретпен жұмыс:
Суретте күз мезгілі, кімдерді көріп отырсыңдар? Балалар не теріп жатыр? Көкөніс тер мен жемістердің пайдаларын айтып түсіндіру.
3.Қорытынды
Дид ойын: Кім жылдам
Жемістер мен көкөністерді жинау. Балалар қызығушылық таныта отырып ойынға белсене қатысады.
Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 14.10.2018 ж.
Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Қош келдің Алтын күз»
Тақырыбы: Үлкен және кішкентай сәбіздер
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Қынасары түстерді бекіту, эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Оқыту: Балаларды әр түрлі көлемді көкөністерді сопақша пішінді үшкір қылып салуды үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Күз мезгілі туралы түсінік беру. Күзде ауа – райы салқын болады, далада жаңбыр жауады. Адамдар жылы киінеді, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
2. Негізгі бөлімі
Балалар менің қолымда не көріп отырсыңдар? Дұрыс сәбіздер, үлкен және кіші сәбіздер. Сәбіз бен аналарымыз әжелеріміз не істейді, тамақтарға салады, балалар бізге қонаққа қоян келіпті қоян бізде сәбізді жегенді өте жақсы көреді ендеше қояндарға арнап сәбіздің суретін саламыз. Балаларға көмектесу арқылы балалар сәбіздің суретін салады. Қоянға арнап тақпақ айтып берейік
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ , сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы ,қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
3.Қорытынды
Балалар қоянға арнап сәбіздің суретін салады, салған суреттерін көрсетеді, балаларды мадақтау.
Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Өткізу күні: 16.10.2018 ж.
Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Құрастыру
Өтпелі тақырып: «Қош келдің Алтын күз»
Тақырыбы: Күзгі орман
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Өсімдіктерді күтіп – баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы ой – өрісін дамыта отырып, есте сақтау мен тілін дамыту.
Оқыту: Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тақпақ жаттау:
Алма, алмұрт,қарбыз, қауын
Бәрі бақта піседі
Жапырақтар сусып-сусып
Жерге жаймен түседі
Қарандаршы, қарандаршы
Күз мезгілі керемет.
2. Негізгі бөлімі
Жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Күз мезгілі туралы түсінік беру. Күзде ауа – райы салқын болады, далада жаңбыр жауады. Адамдар жылы киінеді, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Балалар қараңдаршы ағаштар тербеліп тұр, бізде ендеше ағаштар сияқты тербеліп сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Суретпен жұмыс:
Суретте күз мезгілі, кімдерді көріп отырсыңдар? Балалар не теріп жатыр? Көкөніс тер мен жемістердің пайдаларын айтып түсіндіру.
3.Қорытынды
Дид ойын: Кім жылдам Жемістер мен көкөністерді жинау. Балалар қызығушылық таныта отырып ойынға белсене қатысады.
Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Өткізу күні: 14.10.2018 ж.
Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып: «Қош келдің Алтын күз»
Тақырыбы: Көкөністер мен жемістер Мақсаты: Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға , бақша өсімдіктерін баптап күтуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Табиғат байлығы , оның алуан түрлігі , балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін , есте сақтау қабілетін дамыту
Оқыту: Көкөністер мен жемістердің пайдасын айтып түсіндіру, көрсету. Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тақпақ жаттау:
Алма, алмұрт,қарбыз, қауын
Бәрі бақта піседі
Жапырақтар сусып-сусып
Жерге жаймен түседі
Қарандаршы, қарандаршы
Күз мезгілі керемет.
2. Негізгі бөлімі
Сонымен, балалар бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелейміз.
Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі. Жемістер мен көкөністерді қарайтын адамды бағбан дейміз.
Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім, шабдалы, өрік, шие.
Көкөністерге: картоп, қызылша, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ т. б. жатады.
Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар.
Көкөністерді тұқым себу арқылы өсіреміз көктем айында. Күз айында жинап аламыз.
Алманы көп жесеңдер түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады, шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.
Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.
Банан қан мөлшерінің бір қалыпты болуы мен қан қысымының өзгермеуіне ықпал етеді. Сүйек, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді.
Жемістерден тосап және компот қайнатады.
Көкөністерді тағам ретінде салаттар жасаймыз.
Ал көкөністердің пайдасы мысалы;
Қызанақ ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы. Екіншіден, қызанақта С дәрумені өте көп. Үшіншіден, жас қызанақ пен томат шырынының шипалық қасиеті жақсы. Асқазан
жарасы бар адамдар жас томат шырынын ішуге тиіс. Томат шырыны ағзадағы тастарды да ерітеді. Қызанақ бауыр ауыратындар үшін де өте пайдалы. Бақшада өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын микробтарды көреміз.
Жалпы жемістер мен көкөністер біріншіден дәрумен берсе, екіншіден тағам ретінде, ал үшіншіден дастарханға сән ретінде қоя аламыз.
Көкөністер. Сәбіз дің құрамында дәрумендер көп. Көп жесеңдер бойларың өседі.
Балалар енді «Сиқырлы қапшық» деген ойын ойнайық.
Шарты: Қолына алады, пішінін, дәмін, түсін, қолдануын айтады. Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
3.Қорытынды
Дид ойын: Кім жылдам Жемістер мен көкөністерді жинау. Балалар қызығушылық таныта отырып ойынға белсене қатысады.
Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 17.10.2018 ж.
Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Аппликация
Өтпелі тақырып: «Қош келдің Алтын күз»
Тақырыбы: Жапырақтар түседі
Мақсаты
Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Дамытушылық: Күз туралы түсініктерін кеңейту, жапсыру дағдыларын дамыту.
Оқыту: Күзгі жапырақтар туралы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балаларды шеңбер бойына тұрғызу.
Үлкенге де, Сіз,
Кішіге де, Сіз!
Барша жанды құрметтеп
Бас иеміз біз!
2. Негізгі бөлімі
(Күзгі ағаш көңіл күйі болмай кіреді)
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар, таныдыңдар ма, бұл күзгі ағаш. Күзгі ағаштың неге көңіл күйін болмай тұр?
Күзгі ағаш: Осы жерден өтіп бара жатыр едім. Менің жапырақтарым жайлы өлең айтылып жатқанын естіп қалып, осылай бет бұрдым. Менің бұтақтарымда өте әдемі жапырақтарым болған еді, қазір жоқ. Соны түсінбей мазам болмай тұр еді.
Тәрбиеші: Күзгі ағаш сен уайымдама, менде бүгінгіұйымдастырылған оқу қызметінде ағаш пен әртүрлі жапырақтары жайлы әңгімелеп бергелі жатыр едім. Сенде жоғары шық, төрлет!
Балалармен бірге мұқият тыңда.
Балалар қазір күз мезгілі, күз мезгілінде табиғатта көптеген өзгерістер мен құбылыстар болады. Күн суытады. Адамдар жылы киінеді. Жаңбыр жиі жауады. Ағаштардың жапырақтары жазда жасыл түсте болады. Күзде сары түске еніп, жерге үзіліп түседі. Балалар мен бірге қайталау.
Ағаш, жапырақ – жасыл, сары жапырақ.
Балалар енді бойымызды сергітіп алайық.
Тәрбиеші: Күзгі ағаш біз саған арнап жапырақтар жапсырып берейік.
Балалар жапырақты жапсырмас бұрын қауіпсіздік ережесімен танысайық. Желімді ауызға салуға, қолымызға, көзімізге жағуға болмайды. Жапырақты қағаздың ортасына жапсырамыз.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымыздан жел еседі
Кіп-кішкене ағаштар
Үлкен болып өседі.
Балалар жапырақты жапсырады. Балалар көмектесу.
Тәрбиеші:
Күзгі ағаш біздің балалармен бірге ойын ойнайсың ба?
Ол қандай ойын.
Ойын: «Кім жылдам» деп аталады.
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке, түстерді тануға үйрету.
Шарты: Менің қолымда екі себет бар. Бірінде – сары түсті жапырақ белгісі бар. Екіншісінде – жасыл түсті жапырақ белгісі бар. (ән әуені қосылғанда араластырған жапырақтарды түстеріне қарай ажыратып, себетке жинау қажет.) түсіндіңдер ме, дайынсыңдар ма?
Күзгі ағаш:
Балалар менің бойым бір сергіп, ойын ойнап көңілім көтеріліп қалды. Мен табиғаттың бір бөлшегімін, адамдарға таза ауа беремін, көлеңкемді сыйлаймын. Жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отыратынымды енді түсіндім. Енді ормандағы ағаштарыма барып, оларға да түсіңдірейін. Сау болыңдар балалар!
3.Қорытынд
Балалар, бізге қонаққа кім келді?
Бүгін немен таныстық?
Жарайсыңдар балалар!
Балаларды мақтап, мадақтау!
Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 15.10.2019ж.
Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Пән: Денешынықтыру
Өтпелі тақырып: «Қош келдің Алтын күз»
Тақырыбы: Түзу қойылған жіппен жүру.Еденге қойылған тақтайшадан алақанмен табанды тірек қыла отырып еңбектеу.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Шапшандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:Тепе-теңдікті сақтай отырып жіппен жүруге дағдыландыру.
Оқыту:Шектелген аумақты тірек бойынша алақанмен тізенің тірегі арқылы еңбектеуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Денсаулық технологиясы. Ойын технологиясы. Дамыту технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Доп
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Зал бойынша нұсқаушының артынан жүру сап бойынша, бірінің артынан бірі. Зал бойынша нұсқаушының артынан жүгіру. Шеңберге тұру
Қатармен жай жүріс, белгі бойынша бір-бірден тоқтау.
2.Негізгі бөлімі:
Түзу қойылған жіппен жүру. 2.Еденге қойылған тақтайшадан алақанмен табанды тірек қыла отырып еңбектеу.
3.Ойын: «Кім жылдам»
Еденде қатарынан жатқан екі үш арқаннан кезек-кезек секіріп өту.Еденде қойылған тақтаймен төрт тағандап жүру.Екі аяқпен ырғып ілгері жылжу.
Ойынның шартын айту .
Жаппай жүгіру, бір орында тұрып екі аяқпен ырғу. Еденде жатқан жіптен әрі-бері секіру, жүру.
Жеңіл басқышпен өрмелеу.көлбеу тақтаймен жүру.
Аттым, бастым,тұрдым, жаттым.
Куф, суф,
Шаршадым Уһ!
3рет-4 рет
3.Қорытынды:
Дем алатын жаттығулар, қатарға тұру, сапқа тұру, сабақты қорыту.
Балалармен құралдарды бірге жинау, сабақты қорыту.
Құралдарды жинап болғаннан кейін балалар өз пікірін сабақ туралы айтылады.
5 рет
Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 17.10.2019ж.
Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Пән: Денешынықтыру
Өтпелі тақырып: «Қош келдің Алтын күз»
Тақырыбы:Ирек болып қойылған жіппен жүру. Қолдарынан ұстап шеңбер бойымен жүгіру.Кеуде тұсынан екі қолмен допты лақтыру.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Шектелген аумақты тірек бойынша алақанмен тізенің тірегі арқылы еңбектеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шапшан жүгіруге дағдыландыру
Оқыту: Бір епкінмен ырғақты сақтай отырып қолдарынан ұстап шеңбер бойымен жүгіруді үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Денсаулық технологиясы. Ойын технологиясы. Дамыту технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Доп
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Зал бойынша нұсқаушының артынан жүру сап бойынша, бірінің артынан бірі. Зал бойынша нұсқаушының артынан жүгіру. Шеңберге тұру
Қатармен жай жүріс, белгі бойынша бір-бірден тоқтау.
2.Негізгі бөлімі:
1.Ирек болып қойылған жіппен жүру.
2.Қолдарынан ұстап шеңбер бойымен жүгіру. 3.Кеуде тұсынан екі қолмен допты лақтыру.
4.Ойын: «Кім шапшаң»
Ирек қойған жіппен,жолмен жүру.Оң және сол жақты білу. Допты түрегеліп тұрп қос қолмен төмендете алға лақтыру.Қос-қолдап бастан асыра лақтыру.
Ойынның шартын айту.
Еденде жатқан жіптен әрлі-бері ырғып жүру. Жеңіл басқышпен өрмелеу. Допты бір-біріне қарай домалату. Белгіленген орынға дейін жүгіру.
Көзім,көзім көз айна
Көзімде бар шоң айна.
Шоң айнасы кі еді,
Жұм көзіңді абайла.
3рет-4 рет
3.Қорытынды:
Дем алатын жаттығулар, қатарға тұру, сапқа тұру, сабақты қорыту.
Балалармен құралдарды бірге жинау, сабақты қорыту.
Құралдарды жинап болғаннан кейін балалар өз пікірін сабақ туралы айтылады.
5 рет
Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 18.10.2019ж.
Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Пән: Денешынықтыру
Өтпелі тақырып: «Қош келдің Алтын күз»
Тақырыбы: Орында тұрып ұзындыққа секіру (30 м арақашықтықта) жіпті ұстап шеңбер бойымен жүру. Заттарды арасынан жыланша иіріліп жүру.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Шапшандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Басқа балалардың қадам ырғағына сәйкес болу,заттардың арасынан «жылан иірім» жүруге жаттықтыру
Оқыту: Орында тұрып ұзындыққа секіруге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Денсаулық технологиясы. Ойын технологиясы. Дамыту технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Доп
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Зал бойынша нұсқаушының артынан жүру сап бойынша, бірінің артынан бірі. Зал бойынша нұсқаушының артынан жүгіру. Шеңберге тұру
Қатармен жай жүріс, белгі бойынша бір-бірден тоқтау.
2.Негізгі бөлімі:
1. Орында тұрып ұзындыққа секіру(30 м арақашықтықта) 2. Жіпті ұстап шеңбер бойымен жүру.заттарды арасынан жыланша иіріліп жүру.
3.Ойын: «Допты беру»
Бір орында тұрып екі сызықтан қайта-қайта секіру.Белгіленген орынға дейін жүру.Шеңбердің ішіне және шеңберден қос аяқтап секіру. Допты тәрбиешіге лақтыру және лақтырылған допты қағып алу.
Ойынның шартын түсіндіру.
Аюша қорбаңдап, тышқанша жорғалау, қоянша секеңдеу. Аюша жүру, доға арқылы еңбетеу, екі аяғымен секіре отырып алға жылжу.Допты бастан асыра алысқа қос қолдап лақтыру.
Түрлі-түсті доптарды тауып алып,корзинкаға жинау.
3рет-4 рет
3.Қорытынды:
Дем алатын жаттығулар, қатарға тұру, сапқа тұру, сабақты қорыту.
Балалармен құралдарды бірге жинау, сабақты қорыту.
Құралдарды жинап болғаннан кейін балалар өз пікірін сабақ туралы айтылады.
5 рет