СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Наурыздың күні керемет." (сынып сағаты)

Нажмите, чтобы узнать подробности

НАУРЫЗ - бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы.

Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. атап өтеді.

Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күніне сәйкес келеді.

Наурыз кезінде наурыз-көже дайындалады.

Просмотр содержимого документа
«"Наурыздың күні керемет." (сынып сағаты)»

Сабақтың тақырыбы: «Наурыз 2015»

Мақсаты:

Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру

Музыка. Мұғалім:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды.

Көргендер де арманда,

Көрмеген де арманда

Қызықтан тыс қалмаңыздар!


Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні –Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді.


НАУРЫЗ - бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы.

Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. атап өтеді.

Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күніне сәйкес келеді.

Наурыз кезінде наурыз-көже дайындалады.

Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Ал, балалар, тұрмайық

Әндетейік шырқайық

Ортамызды ашайық

Думандатып би билеп

Ән мен күйді төгітіп

Інжу – маржан шашайық


Мәнерлеп оқу.

1- оқушы:

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден

Құтты болсын, Наурыз!



2-оқушы:

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.


3-оқушы:

Ұлы күні кәрі- жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өсірген.

Наурыз той құтты болсын!


4-оқушы:

Сағынтып келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарқанға елімнің

Береке, ырыс сыйлашы.


5-оқушы:

Жыл басы – Наурыз, мереке!

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

Наурыз құтты болсын!


Мұғалім: Балалар бүгінгі мерекемізге алыстан қонақтарда келіп қалыпты.

Бейнеслайд.

НАУРЫЗ БЕЛГІЛЕРІ

Наурыз айында мал төлдей бастайды. Оны ешкімге сыйға бермейді, сатпайды. «Наурыз төл» деп атайды.

Наурыз күні ұшып келетін көктем құсы – «Наурызкөк».

«Наурыз шешек» - өте бағалы өсімдік. «Қызыл кітапқа» енген.

Наурыз күні қар жауса, нұр жауды, жаңа жыл жақсы болады, деп қуанған. «Наурызша» - деп атаған.

Бұл күні 7 түрлі дәмнен «Наурыз көже» пісіріледі

«Наурыз тілек.» Әр адам өзіне, от басына немесе жақын туыстары мен дос жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір бірінің үйіне кіріп дәм татады.

«Наурызнама»- шат шадыман ойын –сауық той. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.

«Наурыз бата.» - Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі- осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға бата беріледі.

Мұғалім:

Қазақ халқының салт-дәстүрінен көрініс. «Ат қояр», «Бесікке салар»

Қазақ халқының жақсы дәстүрінің бірі «Сүйінші». Жас нәресте дүниеге келгенде қуанышты хабар

болғанда, туған-туыс, дос-жаран бір бірінен сүйінші тілеп, мәз-мейрам болып жатады.

Сүйінші әже сүйінші!

Бөпем келді дүниеге.

Сүйінші ата сүйінші!

Батыр келді өмірге.

Әжелер айналайын бақытты болсын! Бауы берік болсын ! деп тілектер айтады.

Ата: Ал, балам бақытты бол, үлкен азамат бол.

Баланың құлағына «Сенің атың - Наурызбай» 3 рет айтады.

Әже:Баланы қолына алып бесікке салады.

Аулым көшіп барады,

Алмалыға кім көнбейді

Тағдырдың салғанына –ай

Әй-әй бөпем, кейін қалған елімді -2рет

Көрер мекен-ай.

Ал, балалар бүгінгі біздің кешімізге Тазша бала да келіпті.

Осы кезде «Тазша бала» келеді.

Құрметті қонақтар,балалар, сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Менің мына сандықшам сұраққа толы, ауыр болып тұрғаны, Менің сұрақтарымы жауап беріңдерші.

Балалар сандықшадан асықтарды алады.Асықтың нөмірлеріне сәйкес сұрақтарға жауап береді.

Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.

Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді.Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.Жүректер жылыуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын - Достық мерекесі.

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады.































Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты



















Сынып сағаты

Тақырыбы: «Наурыз 2015»










Сынып жетекшісі: Омаров Д.С

Жалжанов Н.Х.

Сыныбы: 9 «В»













Ақтау - 2015