Тәрбие сағатының тақырыбы: Тоқта, бағдаршам!
Тәрбие сағатының мақсаты:1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.
Көрнекілігі: Бағдаршам, көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан кестелер. Қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып, үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан
кескіні Жол белгілері.Интерактивті тақта.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
II.Негізгі кезең
Мұғалім :
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Сабағымызды бастаймыз сәлемменен
-Сәлеметсіздер ме,оқушылар!. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:
Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.
Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді
Қарап қалма маңайға дейді.
Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әманда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта!Сақтан!Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба!
Қимылды ойын: «Бағдаршам»
Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткеде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақтаймыз.
— Балаларға алдын-ала дайындалған дөңгелек, шеңбер, үшбұрыш және басқа да белгілерді көрсете отырып, олардың жол бойларында, көшелерде ілініп тұратын белгілерді барлықтарын көрдіңдер. Бұлар — жол белгілері.бұл белгілердің арнайы жарқырап тұратын, белгілердің тиімділігі — жол бойының нағыз хабарландырушысы екендігінде.
Мультфильм Айжұлдыз «Жолда жүру ережесі»
1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
2.Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол
3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
4.Көшеде жүру тәртібін не басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
6.Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.
7.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.
Көрініс:«ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК»
Қызыл телпек қыдырып...әжесіне бармақшы
Жету үшін орманға, белгіні еске алмақшы
Жету үшін адаспай ережені сақтайды
Жол белгісін білмесе, әженің үйін таппайды
ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК:
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Әжеме сапар шегу мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Бала:-Көмектесіңдерші, Көмектесіңдерші...
Жасырмай айтсам сырымды
Жол апатына тап болдым
Бағдаршамға қарамай
Жолда ойнап тап болдым
ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК:-Көрдің бе сен жол ережесін білмегендіктен жол апатына ұшырадың.Жол ережесі дұрыс өмір сүріп,абай болуды талап етеді.Мен сені жолда жүру ережелерімен таныстырайын.Тыңда....( жол белгілерімен таныстырады )
Мұғалім: Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
4.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді. ( Трамвай)
5.Арқаным тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
6.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар? (Велосипед)
«Көше ережелерін білейік» кезеңіне тоқталайық.
1.Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма,ол тоқтағанша,не өтіп кеткенше күте тұр.
2.Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3.Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді.
4.Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
5.Аялдамада тұрған автобустың артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.
«Белгілерді құрастыр және айтып бер»
Ойынның шарты: Алған жарты белгінің екіншісін тауып құрастыру , атауын айту.
Ойын: «Дұрыс-бұрыс» ойыны
Балалар дұрыс жауапқа қолдарын шапалақтайды.
§ Көшеден өткенде солға оңға қараймын.
§ Көшенің ортасында доп ойнаймын.
§ Жол ережесін сақтаймын.
§ Бағдаршамның сары көзі жанғанда дайындаламын.
§ Жасыл көзі жанғанда жүремін
(«Бағдаршам» ойынына барлық оқушы топпен қатысады.)
жүргізуші: Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.
Ойын шарты
1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде
балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын
қозғалысқа келтіреді.
2) Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
3) Қызыл көзін көрсеткенде бір орында
қозғалмай тұрып қалады.
Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:
— Ескерту белгілері, ұшбұрышты қызыл болумен көмкерілген бұл белгілер жол бойындажайсыз, қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.
— Тыйым салу белгілері дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.
— Көрсеткіш белгілер, дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.
Сақтандыру, ескерту белгісі:
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.
Асылхан Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар бағдарла , көз салып жан-жақта
Інкәр Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
Қарақат Нұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.
Еркеназ
Арманға алда көткен асығамыз
Біз өалай толқын атпай басылармыз
Жол жөру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз
Есіңе сақта.
• Көшеден өткенде арнаулы жерден, жасыл жанғанда ғана немесе реттеушінің белгісін күт.
• Жол қиылысында аса абай бол.
• Көшеден тек жаяу адамдар өтпелері бойынша жүр.
• Көшелер мен жолдарда шанамен сырғанап ойнама.
• Бағдаршамға қарауды ұмытпа.
• Жолдан өтер кезде алдымен сол жағына содан соң оң жағына қарап, арнайы жаяу жүру жолымен өт.
• Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілісіп кетпе.
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса, солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететінінің салдарынан бұзылады.Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Ал кейбіреулер өмірлік мүгедек болып қалады.
Бала:
-Енді мен бәрін білдім,жол ережесін бұзбаймын,Қызыл телпек, саған көп рахмет!
ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК:
-Ережені бұзбайық
Тәртіпті біз сақтайық
Бағдаршамға қарайық
Аман алып қалайық!
Ән:«Әрқашан күн сөнбесін»-әуеніне салып
1. Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата – ана .
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ- сы :
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !2.
Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
Хормен:
Көшеде біз сақ болайық,жас достар
Қаймықпасын ата-анамыз біз үшін
Сақтап жүру әрдайым жол ережесін
Жас өспірім атына сай болайық жас достар!
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: жолда жүрудің қауіпті екенін.
Нені игерді: жолда жүру ережесін.
Нені білді: бағдаршамның қызметін.
Қорытындылау
Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!