Одағай
Одағай түрі нешеу екенін көрсетіңіз.
A) 2.
B) 3.
C) 4.
D) 1.
E) 5.
Дұрыс жауап: B
Көңіл-күй одағайын белгілеңіз.
A) Тәйт.
B) Тек.
C) Жә.
D) Ойпырмай.
E) Құрау-құрау.
Дұрыс жауап: D
Шақыру одағайын көрсетіңіз.
A) Моһ-моһ.
B) Уһ.
C) Қап.
D) Бәрекелді.
E) Пай-пай.
Дұрыс жауап: A
Шақыру одағайын белгілеңіз.
A) Түу.
B) Уһ.
C) Құр-құр.
D) Қап.
E) Пәлі.
Дұрыс жауап: C
Көңіл-күй одағайын көрсетіңіз.
A) Әттең.
B) Жә.
C) Тәйт.
D) Құрау-құрау.
E) Тек.
Дұрыс жауап: A
Шақыру одағайын табыңыз.
A) Пәлі.
B) Ойпырым-ай.
C) Шөре-шөре.
D) Бәрекелді.
E) Қап.
Дұрыс жауап: C
Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Абылғазы, қайдан келдің?
B) Әрине, бүгінгі жастарға білім керек-ақ!
C) Шіркін, қазақтың келіндері-ай!
D) Білімді адамды алған жөн.
E) Біздің халық, оның айтуынша, ақын халық екен.
Дұрыс жауап: C
Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
A) Түу, есім жаңа кірді ғой!
B) Ол дәмесі орнына да келді.
C) Біріншіден, ол дұрыс.
D) Өкінішке орай, олар кетіп қалды.
E) Қысқарта айтсақ, осымен іс бітті.
Дұрыс жауап: A
Одағай ерекшелігін көрсетіңіз.
A) Іс-қимылды білдіреді.
B) Мезгіл-мекенді білдіреді.
C) Лексикалық негізгі мағына болмайды.
D) Сын-қимылды білдіреді.
E) Заттың санын білдіреді.
Дұрыс жауап: C
Одағайды көрсетіңіз.
A) Сен не дедің?
B) Қой деймін, бала.
C) Өзімдікі болса игі еді.
D) Охо, өлкемдегі өмір қандай!
E) Достым, тыныш отыршы.
Дұрыс жауап: D
Одағайды белгілеңіз.
A) Найзағай жарқ етті.
B) Аһ, дүние-ай, өтеріңді білдім бе?
C) Қорыта айтсақ, оныкі дұрыс.
D) Түріме қарамай, сондай кесірмін.
E) Әке, айтқаныңыз дұрыс екен.
Дұрыс жауап: В
Тыныс белгісі дұрыс қойылған одағайды табыңыз.
A) Моһ моһ, менің асау тайым.
B) Мен не қылдым, япырмау?
C) Алма, алманы әкел.
D) Бәрекелді мынау, қызық екен.
E) Ей аққу, сәлем деші жолыққанда.
Дұрыс жауап: В
Тыныс белгісі дұрыс қойылмаған одағайды белгілеңіз.
A) Бәрекелді, мынау қызық екен.
B) Уа, шіркін, ән деп осыны айт!
C) Әттеген ай атын сұрамаппын ғой.
D) Беу-беу, туған жер, неткен келісті ең!
E) Бай-бай, Нұржан-ай, тілің қандай ащы!
Дұрыс жауап: С
Дұрыс жазылған одағайды табыңыз.
A) Құрметті достым; амансың ба?
B) Шіркін, ақын болсаң, осындай бол!
C) Әрине, оның айтқаны дұрыс.
D) Аллаңнан ойбайым тыныш.
E) Арылма, өлең, арылма.
Дұрыс жауап: В